Проект от 10

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы «___»______________
№ ____ қаулысымен бекітілген
Бастауыш білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты
Жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан Республикасының білім беру
саясаты білім берудің құндылық мәнін толығымен күшейтуге және оның әрбір
адам тағдырындағы үлесін арттыруға, жас ұрпақты жаңа, ақпараттық қоғамның
талаптарына сай тәрбиелеуге бағытталған.
Сауатты, зияткер, рухани мықты адам тәрбиелеу адамгершілік
құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді бекіту және ұрпақтар
сабақтастығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Өзіне, басқаларға
және әлемге деген құндылық қатынасын дамыту негізінде тұлғаның үйлесімді
қалыптасуы бейбітшілік пен келісімнің нығаюының алғышартына, ашық қоғам
қалыптастыруға бағытталған ұлттық басымдылықтардың жүзеге асуының
жасампаз күшіне айналады.
Қазақстанның білім беру саласындағы ізденістері өскелең жаңа буынды
21-ғасырдың өмір талаптарына сай сапалы дайындау мақсатында дұрыс
шешімдер қабылдауға бағытталған. Әлемдік білім беру тәжірибесінде білім
берудің күтілетін нәтижесі ретінде қарастырылатын құзіреттіліктер шеңбері
айқындалған (ЮНЕСКО, 1996). Еліміздегі білім беру реформасы әр адамның
табысты жұмыс істеуіне, өмір бойы оқып-үйренуіне қажетті тұлғалық
қабілеттерін дамытуға бағытталған әлемдік тәжірибеге негізделеді. Демек, білім
беру жүйесінің түлектері функционалдық жағынан сауатты болып қана қоймай,
кез-келген өмірлік мәселені шешуге, қойылған мақсатқа жетуге қажетті
құралдар, әдістер мен жолдар таңдауда рухани және адамгершілік қуатын
көрсетуге қабілетті, өзінің қоғам алдындағы парызын саналы түрде атқаруға
дайын болуы тиіс.
Орта білім беру, оның ішінде бастауыш білім беру қазақстандық санасезім мен мәдени сәйкестік негізінде Отан үшін жауапты болуға қабілетті
зияткер және рухани-адамгершілік жағынан жоғары тұлға дамытуға
2
бағытталған. Мектеп Қазақстан халықтарын біріктіретін жалпы ұлттық
«Мәңгілік ел», «Қазақстан – ортақ үйіміз», «Қазақстан – менің Отаным»
идеяларын жүзеге асыруға үлес қосады. Осы идеяларды ұстану оқушыларда
Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, тіл, мәдениет пен салтдәстүрлерді сақтауға және өз елінің жарқын, мейірімді азаматтары болуға
мүмкіндік береді.
Орта білім берудің жаңа қызмет параметрлері ақпараттық оқытудан
фундаменталдық білім, принциптер, құндылықтар, әлеуметтік маңызы бар
қабілеттер, іс-әрекет түрлерін, қарым-қатынас тәсілдерін, мінез-құлық
нормаларын инновациялық оқыту әдістерін қолдануға көшуді қарастырады. Бұл
оқушыларға оқуда да, болашақ еңбек іс-әрекетінде де бәсекелік
артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(әрі қарай – Стандарт) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
«Білім туралы» Заңының 56-бабына сәйкес әзірленген және оқушылардың
дайындық деңгейіне, бастауыш білім беру мазмұнына, оқушылардың ең жоғары
оқу жүктемесіне қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Бастауыш білім беру орта білім берудің құрамдас бөлігі ретінде оның
ортақ Құндылықтары мен Мақсаттарына негізделеді.
Орта білім беру құндылықтары оқушы тұлғасының мінез-құлқы мен
жасампаздық іс-әрекетін ынталандыратын тұрақты өмірлік бағдар болып
табылады. Орта білім беру құндылықтары өзін танытып, өз өмірі мен қоршаған
ортаның сапасын жақсарта алатын адам тұлғасын қалыптастырудағы жетекші
факторға айналады.
3. Орта білім беру құндылықтарына:
Құрмет
Ынтымақтастық
Ашықтық
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік
Өмір бойы білім алу жатады.
3
4. Орта білім беру құндылықтары оқушылардың келесі қабілеттерінде
көрінуі тиіс:
дұрыс шешім қабылдау және қоғам өміріне жасампаздықпен араласу,
өзгерістерге икемділік пен даярлықты көрсету үшін шығармашылық және сын
тұрғысынан ойлау;
ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалану арқылы кез-келген
тілдік ортада ұжыммен жұмыс істеу үшін коммуникативті болу;
қоршаған болмысты объективті бейнелеу үшін мәдениеттер мен
пікірлерге құрмет білдіру;
Отан алдындағы өз міндеттерін атқару және Қазақстанның дамуына үлес
қосу үшін жауапты болу, белсенді азаматтық ұстанымын көрсету;
басқаларға құрметпен қарау үшін жылы шырайлы және қамқоршыл болу;
кез-келген өмір жағдаятында өз танымы мен еңбек жолындағы
мансабының жоғарылау үдерісін өз бетінше реттеу үшін өмір бойы оқуға дайын
болу.
5. Анықталған Құндылықтар шеңберінде орта білім берудің Мақсаты
төмендегі кең ауқымды дағдыларға ие оқушы тұлғасын үйлесімді қалыптастыру
және дамыту үшін қолайлы білім беру ортасын ұйымдастыру болып табылады:
1) білімді шығармашылық тұрғыдан пайдалану;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын орындау;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ)
қолдану;
5) коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік
дағдыларды қолдану;
6) топпен бірге және дербес жұмыс істей білу.
Кең ауқымды дағдылар мектептен «шығу» кезіндегі нәтижелер ретінде
оқушыларға жалпыадами және этномәдени құндылықтарды үйлесімді
біріктіруге, кез-келген өмір жағдаятында функционалдық сауаттылық пен
бәсекеге қабілеттілікті көрсетуге, сонымен қатар оқу мен өмірлік сипаттағы
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
6. Бастауыш білім берудің негізгі міндеттері:
адам, табиғат пен қоғам туралы пропедевтикалық білім қалыптастыру;
рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту;
функционалдық оқу дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын
логикалық түрде жеткізу, себеп-салдар байланыстарын анықтау;
4
дербес және ұжымдық жұмысты нәтижелі ұйымдастырудың негізі ретінде
ақпарат іздеу, талдау және түсіндіру дағдыларын жас мүмкіншіліктеріне қарай
дамыту.
7. Бастауыш білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын
білім беру ұйымдары (әрі қарай – білім беру ұйымдары) меншік түріне және
ведомстволық бағыныштылығына, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан білім
беру іс-әрекетін:
1) осы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына;
2) оқу бағдарламалары мен үлгілік (типтік) оқу жоспарларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы өкілетті органы
белгіленген тәртіп бойынша бекіткен басқа да нормативтік және құқықтық
актілерге сәйкес жүзеге асырады.
8. Стандарт бастауыш тұлға, қоғам мен мемлекеттің білім берудегі
келісілген мүдделерін көрсетеді.
9. Стандартты қолдану:
күтілетін оқыту нәтижелері түрінде ұсынылған бастауыш білім берудің
мақсаттар жүйесін айқындау есебінен оқыту сапасын жоғарылатуға;
білім беру үдерісін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру
үшін қажетті жағдайды жасау арқылы үштілді білім беру саясатын жүзеге
асыруға;
оқушылардың ғылыми зерттеу әдістері мен танымдық әдістер туралы
ілімді меңгеруін меңзейтін бастауыш білім берудің академиялық және
тәжірибелік бағыттылығын үйлестіруге;
оқушылардың жас мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оқу пәндері
мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен
дағдыларды сатылап арттыруға;
орта білім беру құндылықтары мен мақсаттарына, күнделікті білім беру
үдерісінің мазмұндық негізін айқындайтын білім беру салалары бойынша
күтілетін оқыту нәтижелерінің жүйесіне негізделген оқыту мен тәрбие бірлігі
принципін жүзеге асыруға;
балалар денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету және тұлғаны толықтай
дамыту, балалардың айрықша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру,
сонымен қатар оқушылардың қосымша білім алу қажеттілігін қанағаттандыру
үшін қолайлы жағдай туғызуға;
орта білім беру ұйымдарының
типі мен түрінің алуантүрлілігі
жағдайында бастауыш білім беру баламалылығын қамтамасыз етуге;
5
білім беру ұйымдарында инновациялық тәжірибені қолдауға және
дамытуға;
білім беру ұйымдарының білім беру сапасын қамтамасыз етудегі ісәрекетін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
10. Стандарт:
алуан типті және түрлі білім беру ұйымдарына, оның ішінде ақыл-ес
кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептерден өзге арнайы білім беру
ұйымдарына арналған үлгілік (типтік) оқу жоспарын;
бастауыш білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;
оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;
оқу пәндері бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған
критерийлерді;
білім беру ұйымдарында күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді
қамтамасыз ететін басқару жүйелерін;
білім беру мекемелерінің білім беру үдерісіне мониторинг жасау жүйесін;
білім беру мекемелерінің білім беру үдерісін материалдық-техникалық,
ақпараттық қамсыздандыруға қойылатын ортақ талаптарды;
білім беру ұйымдарының білім беру сапасын қамтамасыз етудегі ісәрекетін бағалау параметрлерін әзірлеуге негіз болып табылады.
11. Білім беру ұйымдары тәрбие, оқыту мен дамытудың түрлі әдістері,
формалары мен педагогикалық технологияларын пайдалану арқылы
оқушылардың Стандартта айқындалған күтілетін оқыту нәтижелеріне қол
жеткізуі үшін салауатты орта қалыптастырады.
12. Стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына
сәйкес терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады. Оларға
қосымша келесі терминдер мен олардың анықтамалары енгізілген:
1) бастауыш білім берудің базалық мазмұны – білім беру ұйымдарында
меншік нысанына, типі мен түріне, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан
меңгерілуге міндетті, білім берудің келесі деңгейлерінде білім алуды
жалғастыруға жеткілікті, білім беру мақсаттары мен күтілетін оқыту
нәтижелеріне қол жеткізу құралы болып табылатын бастауыш білім беру
мазмұнының құрамы, құрылымы және көлемі;
2) сабақтан тыс іс-әрекет – білім беру ұйымындағы толыққанды оқутәрбие үдерісінің құрамдас бөлігі, оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың
бір формасы;
6
3) элективті курстар (таңдау бойынша курстар) – білім берудің оқу
бағдарламаларын қызығушылықтарға қарай жүзеге асырудың ұйымдастыру
формасы, оқушылардың білім алу даярлығын кеңейтуге бағытталған оқу
жоспарының вариативті компонентінің құрамдас бөлігі;
4) күтілетін оқу нәтижелері – оқушылардың даму көрсеткіштері болып
табылатын және тұлға, қоғам мен мемлекеттің үміттерін бейнелейтін,
оқушылардың жалпы білім беру мақсаттарына қарай ілгерілеуі барысындағы
оқу жетістіктерін бақылауға мүмкіндік беретін бастауыш білім берудің (оқыту
және тәрбие) ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттар жүйесі.
5) білім беру аясы – бір-біріне жақын оқу пәндері жиынтығынан тұратын
білім берудің базалық мазмұнының құрамдас бөлігі;
6) критериалды бағалау – айқындалған, бірге даярланған, үдерістің
барлық қатысушыларына (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері,
педагогикалық персонал, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер) алдын-ала
белгілі, бастауыш білім беру мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен
оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген бағалау үдерісі;
7) бағалау – даярланған критерийлер бойынша оқушының қол жеткізген
оқыту нәтижелерін күтілетін оқыту нәтижелерімен салыстыру үдерісі;
8) формативті (ағымдық) бағалау – сабақтағы және/не үйдегі күнделікті
жұмыс барысындағы білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдық деңгейін
айқындайды және оқыту кезінде оқушы мен педагог арасында жедел өзара
байланысты жүзеге асырады, оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде
тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, оқу мақсатына қол жеткізгендігін
түсінуге мүмкіндік береді;
9) ішкі жиынтық бағалау – сынып бойынша оқу материалдарының үлкен
тарауын не бөлімін оқығаннан кейін меңгерілген білім мен қалыптасқан
дағдылар деңгейін айқындайды;
10) сыртқы жиынтық бағалау – негізгі орта және жалпы орта білім беру
соңындағы меңгерілген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін айқындайды;
11) білім беру үдерісіне мониторинг жасау – білім беру ұйымдарында
білім беру үдерісін жүзеге асыру нәтижелері мен шарттарын жүйелі бақылау,
диагностика жасау, талдау, бағалау және жағдайы мен өзгеріс динамикасын
болжау;
12) үлгілік (типтік) оқу жоспары – оқу пәндерінің тізімін реттейтін және
тиісті білім беру деңгейіндегі оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті
компоненттер көлемін айқындайтын құжат;
7
13) оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарының
меншік нысанына, типі мен түріне, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан
барлық оқушылардың меңгеруі міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік
(типтік) оқу жоспарының құрамдас компоненті;
14) оқу жүктемесінің вариативті компоненті – білім беру ұйымы меншік
нысанына, типі мен түріне, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан
оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне қарай айқындайтын үлгілік (типтік)
оқу жоспарының құрамдас компоненті;
15) білім беру құндылықтары – оқушының өз әлеуетін өзі үшін және
қоғам мен мемлекетің дамуына бағыттауы үшін оқушы тұлғасының қалыптасуы
мен дамуындағы білім берудің ролін айқындайтын бағдарлар;
16) жиынтық жұмыс – белгілі бір оқу кезеңіндегі (тоқсан, жартыжылдық,
жыл) оқушының оқу жетістіктерін анықтауға арналған оқушы жұмысы.
17) инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі (дене және/не ақыл-ес
кемістігі бар) барлық балаларды жалпы білім беру үрдісіне толықтай тартуға,
жанұяның белсенді қатысуы, баланың дербес қажеттіліктерін коррекциялықпедагогикалық және әлеуметтік қолдау, ортаны балалардың дербес
ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған мемлекет
саясаты;
18) айрықша білім алу қажеттіліктері – белгілі бір себептермен білім
алуда қиналатын балалар, оның ішінде дене және ақыл-ес кемістігі бар балалар,
әлеуметтік-экономикалық, мәдени, діни, ұлттық, тілдік, географиялық немесе
басқа да факторларға байланысты білім алуда тұрақты не уақытша қиындықтар
көретін балалардың қажеттіліктері.
8
2. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын тараптар
2.1. Білім беру аялары бойынша күтілетін оқыту нәтижелері
13. Білім беру аялары бойынша күтілетін оқыту нәтижелері – бұл әр білім
аясы бойынша бекітілген бастауыш білім берудің ұзақ мерзімді сипаттағы
мақсаттар жүйесі.
14. Білім беру аясы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері бастауыш білім
берудің базалық мазмұнын анықтауға, оқушылардың
әртүрлі білім алу
қажеттілік деңгейлеріне қарай, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін
пәндер бойынша бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларының түрлі
нұсқаларын құрастыруға негіз болып табылады.
15. Бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларында күтілетін оқыту
нәтижелері сынып пен әрбір тарау бойынша белгілі бір оқу пәнінің оқыту
мақсаты түрінде нақтыланады.
16. Күтілетін оқыту нәтижелерінің жүйесі оқушылардың дербес даму
траекториясын жасауға және орта білім беру ұйымынан «шығу» кезінде ұзақ
мерзімді оқыту мақсаттарына қарай сатылап ілгерілеуіне мүмкіндік туғызады.
17. Күтілетін оқыту нәтижелері бір-біріне жақын бірнеше оқу пәндерін
біріктіретін әрбір білім аясының ерекшелігін есепке ала отырып жоспарланған:
«Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану»,
«Адам және қоғам», «Өнер», «Дене шынықтыру».
18. «Тіл мен әдебиет» білім аясы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері.
бастауыш мектептің 4-сыныбын бітіргенде оқушы:
тыңдалым және айтылым:
оқылған немесе тыңдалған мәтінді, әңгімені түсінеді, негізгі ойы мен
мазмұнын баяндайды, түрлі көзқарастарды анықтайды, ой түйіндейді;
ақпараттық мәтіннің мазмұнын баяндайды; әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп
оқиды; оқылған материалды талдайды және баға береді; аудиовизуалды мәтін
негізінде өз пікірін білдіруге дәлелдер келтіреді; тақырыпты түсінеді және
сөйлеу нормаларын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; диалог
жүргізудің түрлі формаларын түсінеді; сөйлеушінің көзқарасын талдайды және
бағалайды (бірінші тіл, әдебиет );
ауызша мәтіндегі сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсінеді;
аудиовизуалды материалдың мазмұнын түсінеді (оқиғалар, кейіпкерлердің
әрекеттері); шағын көлемдегі ауызша мәтіндерге қарапайым талдау жасайды;
9
шағын көлемдегі аудиовизуалды материал мазмұнындағы негізгі кезеңдерін
анықтайды; әңгімені қолдау үшін қажетті сөздерді пайдаланады; қысқа
әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды; оқылған материалды талдайды және
баға береді; мәтін негізінде өз пікірін білдіруге дәлелдер келтіреді; тыңдалған
немесе оқылған материал бойынша негізгі ойды анықтайды, негізгі кезеңдерін
талдайды және түсіндіреді; басқалардың пікірлеріне өз келісімін не қарсылығын
білдіріп, баға береді (екінші тіл);
өзі туралы сұрақтардың мағынасын, жалпы оқу тақырыбы, арнайы
ақпарат бойынша анық жеткізілетін әңгіменің негізгі мазмұнын және шағын
ауызша хабарлама немесе мәтіннің мағынасын түсінеді; мазмұндық
нұсқамаларды пайдалана алады; жеке дыбыстар мен қысқа сөздерді таниды;
таныс сөздерді, қысқа сөз орамдары мен жай сөйлемдерді айтады; өзі, қазіргі
тәжірибесі, заттар туралы негізгі хабарлама мен пікірді жеткізеді; жұппен және
топпен жұмыс барысында өз ойын білдіріп, басқалармен әңгімелеседі; жалпы
оқу тақырыбы бойынша өте қысқа әңгімелер мен оқиғаларды әңгімелейді
(үшінші тіл);
оқылым:
оқиды және кейіпкерлердің «іс-әрекетіне қарап, олардың мінез-құлқын
анықтайды талдайды, түрлі мәтіндердің (көркем және көркем емес)
құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды; мазмұнына қарай сөздің лексикалық
мағынасын анықтайды; зер салып оқу арқылы нақты ақпаратты табады; түрлі
мәтіндерден ақпарат тауып, мәтін түрлерін салыстырып, тани алады: әңгімелеу,
сипаттау және пайымдау (бірінші тіл, әдебиет );
қарапайым қысқа мәтіндегі басты ақпаратты түсінеді; көркем және көркем
емес мәтіндерді ажыратады; оқу үшін кітап таңдайды және өз таңдауын
түсіндіреді; түрлі дерек көздерінен қалай ақпарат табуды біледі; кейіпкерлердің
іс-әрекеттерінің идеясын, оқиғасы мен себептерін түсінгендігін көрсетеді
(екінші тіл);
оқиды және таныс бұйрықтарды орындайды; жалпы оқу тақырыбы
бойынша өте қысқа қарапайым әдеби және әдеби емес мәтіндерді оқиды;
қарапайым бейнелі сөздікті пайдаланады; қысқа қарапайым мәтіндердің басты
идеяларын анықтайды; қысқа қарапайым мәтіндердегі айрықша ақпарат пен
деталін анықтайды (үшінші тіл);
жазылым:
өз жұмысын жазу үшін хабарлы және хабарлы емес сипаттағы түрлі
формаларды таңдайды; өзара байланысқан абзацтардан мәтін құрайды; мәтін
10
мазмұнының негізінде дәлелдер табады және қолданады; басқаларды сендіру
үшін дәйектер пайдаланып, мәтін жазады; көркем емес мәтіндердегі сюжет пен
композицияны салыстырады; өз мәтінін түзетеді; өз көзқарасын ұсынып, әңгіме
жазады; меңгерілген грамматикалық, пунктуациялық және орфографиялық
нормаларға сай сөйлемдер құрастырады (бірінші тіл, әдебиет );
оқиға орнын, уақыты мен кейіпкерлерін білдіретін тілдік құралдарды
қолданып, хабарлы/хабарлы емес сипатта мәтіндер құрастырады; тыңдалған,
оқылған және көрілген материал бойынша қысқаша жазбалар жасайды
(тақырыптар, деректер, пікірлер); сөз таптарының грамматикалық мағыналары
мен грамматикалық категорияларын (зат есім мен сын есімнің түрлері,
етістіктің шақтары) ескере отырып, сөйлемдер құрайды, орфографиялық
ережелерді біледі және қолданады; дербес түрде шағын шығармашылық еңбек
жазады (өлең, ән не қысқа оқиға, әңгіме) (екінші тіл);
жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сөйлемдер жоспарлайды, таңдап
алады және жазады; кіші және бас әріптермен қысқа сөйлемдер, аттар мен жер
атауларын айту арқылы дұрыс жазады; таныс және көп қолданылатын сөздерді
айту арқылы дұрыс жазады; жай және таныс сөйлемдердің аяғында нүктелерді
айту арқылы дұрыс қояды (үшінші тіл);
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітіргенде оқушы:
тыңдалым және айтылым:
оқылған немесе тыңдалған мәтінді, әңгімені түсінеді, негізгі ойы мен
мазмұнын баяндайды, түрлі көзқарастарды анықтайды, ой түйіндейді;
ақпараттық мәтіннің мазмұнын баяндайды; тақырыпты түсінеді және сөйлеу
нормаларын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; диалог жүргізудің түрлі
формаларын түсінеді; сөйлеушінің көзқарасын талдайды және бағалайды
сұрақтар қояды, айтылған ойларды түсіндіреді не қарсы болады; әңгімелеу және
сипаттау мәтіндерінің мазмұнын әңгімелеудің түрлі формаларын қолданады;
логикалық бірізділікті қадағалап, өз көзқарасына дәйек келтіреді; диалогқа
сөйлеуші және тыңдаушы ретінде қатысады; түсіндіру, нандыру, ой таластыру
үшін сөйлеуші қолданған басты әдістерді анықтайды (бірінші тіл, әдебиет );
ресми және бейресми қарым-қатынас стилінің ерекшеліктерін
айқындайды; тыңдаған мәтініндегі бейтаныс сөздер мен сөз орамдарының
мағынасын түсінеді, мәтін мазмұнын түсінеді; шағын көлемдегі ауызша
тыңдаған мәтіндерге қарапайым талдау жасайды; аудиовизуалды материалдың,
телевизиялық бағдарламалар үзіндісінің мағынасын түсінеді; қарым-қатынас
11
орны мен жағдайы, қатысушылардың ерекшелігіне (коммуникация) қарай
сөйлеу стилінің қалай өзгеретіндігін түсінеді; мәтіннің стилін ескере отырып,
сұрақтар қояды; алдын-ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдаланып
әңгіме, оқиға мазмұнын әңгімелейді; оқыған, тыңдаған материал туралы өз
пікірін білдіреді; берілген тақырып бойынша өз бетінше талқылайды, оқыған,
тыңдаған және көрген материалы негізінде қорытынды жасайды (екінші тіл);
жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сұхбаттың негізгі мазмұнын, шағын
әңгіменің мағынасын түсінеді; дыбыстарды, дыбыс тіркесімдерін және
дыбысталуы оқушының ана тіліндегі сөздерге ұқсас сөздерді таниды; жалпы
оқу тақырыбы бойынша қысқа сұхбаттың мазмұны мен мағынасын болжау үшін
мазмұндық нұсқауды пайдаланады; өзі туралы негізгі хабарламалар мен
пікірлер, қазіргі және өткен тәжірибе туралы сұрақтар мен жауаптар, таныс
сөздер мен қысқа сөз тіркестерін құрастырады; тиісті сөздерді, сөз орамдары
мен сөйлемдерді қолданып, жұппен және топпен жұмыс істеу барысында
әңгімелеседі; жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа әңгімелер мен оқиғаларды
айтады (үшінші тіл);
оқылым:
оқиды және жазушылардың өз кейіпкерлеріне деген көзқарасы туралы
қорытынды жасайды; көркем және көркем емес мәтіндердің негізгі идеясы мен
композициясын анықтайды; кейіпкер образын жасау үшін автордың қолданған
көркем-мәнерлі құралдарын айқындайды; белгілі бір міндетті орындау үшін
қажетті ақпаратты табады; мәтін түрлерін бағалайды және мәтін түрлерін
таниды (әңгімелеу, сипаттау және пайымдау); берілген мәтін түрлерін түрлі
дерек көздерінен табады (бірінші тіл, әдебиет );
анықтамалық материалды қарап, қысқа мәтіндегі бейтаныс сөздер мен сөз
орамдарының мағынасын оқиды және анықтайды; мәтінді ұйымдастыру
ерекшеліктерін таниды және бейнелейді (мысалы: әліпби реті, сұлба,
диаграммалар, суреттер мен олардың жазбалары, т.б.); оқылған материал
бойынша маңызды кезеңдерді түсіндіріп, әсерімен бөліседі; оқылған
материалды түсінгендігін бейнелеу арқылы көрсетеді (кейіпкерлер мен
оқиғаларды көрсету); түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты қалай таңдап
алуды біледі; оқылған не тыңдалған материал негізінде өз келісімін не
қарсылығын білдіреді; түрлі көзқарастарды түсіндіреді, пайымдайды және ой
таластырады (екінші тіл);
12
жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа қарапайым көркем және көркем
емес мәтіндерді оқиды; қысқа қарапайым мәтіндердегі ойларды таниды;
сыныпта және мектеп кітапханасында кітаптар, материалдар мен басқа да баспа
өнімдерін табады; қысқа қарапайым мәтіндердің басты идеяларын анықтайды;
қысқа қарапайым мәтіндердегі айрықша ақпарат пен деталін айқындайды
(үшінші тіл);
жазылым:
«түрлі көркем сөздерді пайдаланып, белгілі бір стильде (хабарлы және
хабарлы емес) мәтін жазады; композицияны сақтап, абзацтардан мәтін құрайды;
тыңдалым, оқылым материалдарын, сонымен қатар аудиовизуалды материалды
қолданып, мазмұндама жазады; мәтін түрлері туралы біліміне сүйеніп, тиісті
стиль мен форманы таңдап, дәйекті мәтін жазады; бір тақырыптың түрлі
жанрдағы мәтіндерде (поэзия, проза) қалай ұсынылғанын салыстырады; өз
мәтінін түзетеді; оқырманға бағытталған мәтінді өзі жазады және ұсынады;
сөйлемдерді мәтін түрлеріне қарай бейімдейді; қарапайым күрделі сөйлемдерде
(екі грамматикалық негізден тұратын) тыныс белгілерін қолданады, төл сөз бен
төлеусөз тыныс белгілерін қадағалайды; таныс сөздерді дұрыс жазады, қиын
және бейтаныс сөздерді жазу үшін меңгерілген орфографиялық ережелерді тіл
нормаларына сәйкес пайдаланады (бірінші тіл, әдебиет );
тілдік құралдарды қолданып, хабарлы/хабарлы емес сипатта мәтіндер
құрастырады; тыңдалған, оқылған және көрілген материал бойынша қысқаша
жазбалар жасайды (тақырыптар, деректер, пікірлер); сөз таптарының
грамматикалық мағыналары мен грамматикалық категорияларын (зат есім мен
сын есімнің түрлері, етістіктің шақтары) ескере отырып, сөйлемдер құрайды,
орфографиялық ережелерді біледі және қолданады; дербес түрде шағын
шығармашылық еңбек жазады (өлең, ән не қысқа оқиға, әңгіме)мәтінді, оның
ішінде презентация жасауға арналған, АКТ қолданған мәтінді абзацтарға бөледі;
контекст (мазмұн) пен кейіпкер жасау тәсілдерін (эпитет, теңеу және метафора)
қолданады; түрлі дерек көздерінен алынған аудиовизуалды материал негізінде
идеяларды жинақтайды; грамматикалық нормаларды ескере отырып, сөйлем
құрастырады; жалпы орфография ережелерін біледі және қолданады; тиісті
пунктуация нормаларын пайдаланады; түрлі жанрдағы мәтіндерді (хат, ертегі,
өлең, әңгіме) өзі құрастырады (екінші тіл);
жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сөйлемдер жоспарлайды, таңдап
алады және жазады; өзі туралы бірнеше жүйелі сөйлем жазады; сөйлемдерді
өзара байланыстырады және келістіреді; өз бетінше қысқа сөйлемдерді, есімдер
13
мен жер атауларын тиісті кіші және бас әріптермен дұрыс жазады; таныс және
көп қолданылатын сөздерді өзі дұрыс жазады; жай және таныс сөйлемдердің
соңында нүкте мен сұрақ белгіні айту арқылы дұрыс қояды (үшінші тіл).
19. «Математика және информатика» білім беру аясы бойынша
күтілетін оқу нәтижелері:
бастауыш мектептің 4-сыныбын бітіргенде оқушы::
«санау», «цифр» және «сан» ұғымдарын; ондық санау жүйесіндегі разряд
бірлік мәндерін; «координаталық сәуле» ұғымы, санның бөлшегі, санның
берілген разрядқа дейін дөңгеленетіндігі туралы; «санды өрнек», «теңдік» және
«теңсіздік» ұғымдарын; қарапайым геометриялық пішіндерді; тікбұрышты
үшбұрыш қабырғаларының атауларын, шеңбер элементтерін (центр, радиус,
диаметр); квадрат пен тік төртбұрыш периметрі мен ауданын есептеу
формулаларын;
«деректер», «ақпарат», «нысан», «модель», «алгоритм», «орындаушы»
ұғымдарын; ақпаратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін; компьютердің
негізгі құрылғыларын; қолданбалы және сервистік программалардың қызметін;
файл мен деректерді ұйымдастырудың файлдық жүйесінің (папка, иерархиялық
құрылым, файл атауы, файл түрі) түсінігін; «Ғаламтор», «веб-мекенжай», «вебсайт», «веб-бет» ұғымдарын; компьютерде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік
техника ережелерін; «меншік» және «авторлық» ұғымдарының мағынасын
біледі;
натурал сандарға, шамаларға және олардың арасындағы байланысқа
қатысты арифметикалық амалдардың мәнін; қарапайым функционалдық
тәуелділік пен арифметикалық заңдылықты ;
ақпаратты кодтау тәсілдерін; ақпаратты компьютерде ұсыну үшін сандар
қолдануды; компьютердің негізгі ішкі компоненттерінің функциясын;
міндеттерді атқаруда алгоритмге бағыну қажеттілігін; жергілікті және ауқымды
желілер арасындағы айырмашылықты; сандық деректер мен құрылымдарға зиян
келтіретін программалардан қорғау маңыздылығын түсінеді;
өрнектер жазуда, санды өрнектерді түрлендіруде, сонымен қатар
есептерді шығаруда математикалық символдарды, амалдар мен қасиеттерді;
натурал сандар мен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша түрде;
шамалардың стандартты және стандартты емес өлшем бірліктерін; мәтінді
есептерді шешуде санды және әріпті өрнектер, теңсіздіктер мен теңдеулер
құруды; есеп шарттарын жазуда математикалық тілді; периметр мен аудан
(квадрат, тік төртбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш) есептеу формулаларын;
14
көптеген элементтер арасындағы қатынастарды көрсету үшін Венн
диаграммасын; шамаларды (ұзындық, масса, сұйықтық көлемі, уақыт) өлшеу
үшін құралдарды; калькулятормен есептеуді;
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ құралдарын; мәтін,
сурет, аудио видеоматериалмен жұмыс істеу үшін программалық
қосымшаларды; ақпаратты тиімді сақтау үшін файлдар мен бумаларды;
Ғаламтордан қажетті ақпаратты табу үшін іздеу жүйелері мен негізгі сөздерді;
компьютерде жұмыс істеу кезінде еңбек тәртібі мен демалыс ережелерін
қолданады;
ауызша санаудың тиімді тәсілдерін; қарапайым геометриялық
фигураларды жіктеп; санды және айнымалысы бар өрнектердің мәндерін
салыстыруды; әртүрлі шамалар (мән, мөлшер, құн, жылдамдық, уақыт,
қашықтық, еңбек өнімділігі, жұмыс ұзақтығы, жұмыс көлемі) арасындағы
функционалды байланысты; геометриялық түрлендірулер мен симметрия
элементтерін қолдану арқылы есептерді шығаруға байланысты ахуалды;
заңдылықты, тізбектің жетіспейтін элементтерін табуды және берілген
заңдылық бойынша тізбекті құруды; күрделі емес комбинаторикалық және
логикалық есептерді (оның ішінде шығарылуы ықтимал нұсқаларын таңдау
қажеттілігіне байланысты есептер); көптеген заттарды берілген белгілері
бойынша жіктеп және жіктеу негіздерін анықтай отырып,; есеп шартын және
тиісті шығару әдісін; санау және өлшеуге байланысты деректер мен
нәтижелерді;
түрлі дерек көздерінен жиналған мәліметтерді;қорытынды жасайды;
ақпараттың өз талаптарына сәйкестігін; алуан түрлі ақпаратпен жұмыс істеу
үшін қолданбалы программалардың қызметтік мүмкіншіліктерін; шынайы және
қиялдағы жағдайларда не болып жатқанын зерттеу үшін тұтас модельдерді;
компьютерде есеп шығарудың негізгі кезеңдерін талдайды;
заттарды белгілері мен кеңістіктегі орналасуына қарай біріктіріп; шамалар
арасындағы байланысты математикалық моделін құрып; шынайы әлемдегі
нақты объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдерін бейнелер мен
сызбалар түрінде жасап;
мәтіндік, графикалық, дыбыстық, видео ақпараттарға; шынайы әлемнің
қарапайым обьектілері мен жағдайларына; қойылған міндеттерді орындау үшін
сызықтық, тармақталу және циклді алгоритмдерге; бар командалар жүйесі
негізінде шынайы орындаушы үшін проблемаларды шешуге синтез жасайды;
15
өлшем бірліктер мен құралдарын пайдаланып өлшеу нәтижесін; сандар,
шамалар, геометриялық пішіндер туралы қарапайым тұжырымдарды ақиқат
немесе жалған деп;
ақпараттың сапасын, қажеттілігі мен нақтылығын;жинақталған
мәліметтерге алғашқы талдау жасау және қорытынды шығару; жиналған
ақпарат негізінде түрлі оқиғалар мен деректердің болжамы мен түсіндіруін;
компьютерлік модельдің жобаға сәйкестігін; компьютерде жұмыс істеу
барысында санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын бағалайды;
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітіргенде оқушы:
«санау», «цифр» және «санды»; ондық санау жүйесіндегі разряд бірлік
мәндерін; «координаталық сәуле» ұғымы, санның бөлшегі, санның берілген
разрядқа дейін дөңгеленетіндігі туралы; «санды өрнек», «теңдеу» және
«теңсіздік» ұғымдарын; қарапайым геометриялық пішіндерді; тікбұрышты
үшбұрыш қабырғаларының атауларын, шеңбер элементтерін (центр, радиус,
диаметр); «координаталық бұрыш», «абсциссалар осі» және «ординаталар осі»
ұғымдарын; квадрат пен тік төртбұрыш периметрі мен ауданын есептеуге
арналған формулаларды; жай бөлшекті; пайыз түсінігін; бөлшектермен
арифметикалық амал ережелерін; «бұрыштың градустық өлшемі», «бұрыштың
биссектрисасы», «жазыңқы бұрыш», «сыбайлас бұрыш» ұғымдарын;
«деректер», «ақпарат», «нысан», «модель», «алгоритм», «орындаушы»
ұғымдарын; ақпаратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін; компьютердің
негізгі құрылғыларын; қолданбалы, сервистік программалар мен операциялық
жүйе қызметтерін; файл мен деректерді ұйымдастырудың файлдық жүйесі
(папка, иерархиялық құрылым, файл атауы, файл түрі) түсінігін; «Ғаламтор»,
«веб-мекенжай», «веб-сайт», «веб-бет» ұғымдарын; компьютерде жұмыс істеу
барысында қауіпсіздік техника ережелері; «меншік» және «авторлық»
ұғымдарының мағынасын біледі;
натурал сандарға, шамаларға және олардың арасындағы байланысқа
қатысты арифметикалық амалдардың мәнін; қарапайым функционалдық
тәуелділікті;
пайызды бөлшектерге, бөлшектерді пайызға айналдыруды;
тұрақты және айнымалы шамалар арасындағы айырмашылықты;
ақпаратты кодтау тәсілдерін; компьютерде өңдеу және сақтау үшін
деректерді екілі кодқа айналдыруды; компьютердің негізгі ішкі
компоненттерінің функциясын, файлдық сервердің міндетін; міндеттерді
атқаруда алгоритмге бағыну қажеттілігін; орындаушының бұйрықтарды
16
орындауының ресмилігін; жергілікті және ауқымды желілер арасындағы
айырмашылықты; сандық деректер мен құрылғыларға зиян келтіретін
бағдарламалардан қорғау маңыздылығын түсінеді;
есептерді жазуда, сандық есептерді түрлендіруде, сонымен қатар
есептерді шығаруда математикалық символдарды, амалдар мен қасиеттерді;
натурал сандармен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша түрде;
шамаларды түрлендірудің стандартты және стандартты емес бірліктерін;
мәтіндік есептерді шешуде санды және әріпті өрнектерді, теңсіздіктер мен
теңдеулердіқұрастыру тәсілдерін; есеп шарттарын жазуда математикалық тіл
мен графикалық модельдерді; периметр мен аудан (квадрат, тік төртбұрыш, тік
үшбұрыш) есептеу формулаларын; көптеген элементтер арасындағы
қатынастарды ұсыну үшін Венн диаграммасын; шамаларды (ұзындық, масса,
сұйықтық көлемі, уақыт) өлшеу үшін құралдарды; практикалық есептерді
шығару үшін калькуляторды; теңдіктер мен бөлшек сандардан тұратын
теңсіздіктерді, берілген шарттардағы екі теңсіздікті шешу алгоритмін; санның
бөлігін және оның бөлігінен санды табуды; бұрыштарды өлшеу үшін
транспортирді;
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ құралдарын; мәтін,
сурет,
аудио-видеоматериалмен
жұмыс
істеу
үшін
программалық
қосымшаларды; ақпаратты тиімді сақтау үшін файлдар мен бумаларды;
алгоритмді бағдарламалау тілінде ұсыну үшін абстрактілі орындаушының
бұйрықтар жүйесін; Ғаламтордан ақпарат іздеу үшін басты сөздерді;
компьютерде жұмыс істеу барысында еңбек және демалыс режимінің
ережелерін қолданады;
ауызша санаудың тиімді тәсілдерін; қарапайым геометриялық
фигураларды жіктеп; санды және айнымалысы бар өрнектердің мәндерін
салыстыруды; әртүрлі шамалар (мән, мөлшер, құн, жылдамдық, уақыт,
қашықтық, еңбек өнімділігі, жұмыс ұзақтығы, жұмыс көлемі) арасындағы
функционалды байланысты; геометриялық түрлендірулер мен симметрия
элементтерін қолдану арқылы есептерді шығаруға байланысты ахуалды;
заңдылықты, тізбектің жетіспейтін элементтерін табуды және берілген
заңдылық бойынша тізбекті құруды; күрделі емес комбинаторикалық және
логикалық есептерді (оның ішінде шығарылуы ықтимал нұсқаларын таңдау
қажеттілігіне байланысты есептер); көптеген заттарды берілген белгілері
бойынша жіктеп және жіктеу негіздерін анықтай отырып; есеп шартын және
17
тиісті шығару әдісін; санау және өлшеуге байланысты деректер мен
нәтижелерді;
үшбұрыш белгілерін қабырғалары мен бұрыштарына қарай;
симметриялық және симметриялық емес жазық және кеңістік фигураларды
ажыратады; есеп шартын сурет, сұлба, сызба (қозғалыс бағытын көрсететін),
кесте түрінде жазады; санаумен, өлшеумен байланысты деректер мен
нәтижелерді;
компьютерлердің адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларындағы қолданысын;
түрлі дерек көздерінен жиналған мәліметтерді талдайды және қорытынды
жасайды;
ақпараттың өз талаптарына сәйкестігін; алуан түрлі ақпаратпен
жұмыс істеу үшін қолданбалы программалардың қызметтік мүмкіншіліктерін;
шынайы және қиялдағы жағдайларда не болып жатқанын зерттеу үшін тұтас
модельдерді; компьютерде есеп шығарудың негізгі кезеңдерін; желідегі
этикалық және құқықтық нормаларды бұзу салдарларын талдайды;
заттарды белгілері мен кеңістіктегі орналасуына қарай біріктіріп; шамалар
арасындағы байланысты математикалық моделін құрып; шынайы әлемдегі
нақты объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдерін бейнелер мен
сызбалар түрінде жасап; математикалық модель бойынша дұрыс және кері
есептер құрастырып;
компьютерлік техниканың дамуын болжау үшін өз біліміне; мәтіндік,
графикалық, дыбыстық, бейне және біріктірілген ақпаратқа; абстрактілі нысан
мен жағдай модельдеріне; абстрактілі орындаушылар үшін желілік, сағалық
және циклді алгоритмдерге; қалыптасқан бұйрықтар жүйесі негізінде шынайы
орындаушы үшін проблеманың шешіміне; Интернетте ақпаратты тиімді іздеу
үшін бетперделерге синтез жасайды;
өлшем бірліктері мен құралдарын пайдаланып, өлшеу нәтижесін; сандар,
шамалар, геометриялық фигуралар туралы қарапайым ойларды шынайы не
жалған деп; кестелер, диаграммалар, жиынтық диаграммалар түрінде
ұсынылған деректерді;
ақпарат сапасы, пайдасы мен нанымдылығын; қорытындының қойылған
мақсаттар мен қолдағы деректерге сәйкестігін; жиналған ақпарат негізінде түрлі
оқиғалар мен деректерді болжайды және түсіндіреді; компьютерлік модельдің
жобаға сәйкестігін; санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын; сонымен
қатар компьютрмен жұмыс істеу барысында өз уақытының бөлінісін
бағалайды.
18
20. «Жаратылыстану» білім беру аясы бойынша күтілетін оқыту
нәтижелері
бастауыш мектептің 4-сыныбын бітіргенде оқушы:
қоршаған орта туралы дүниетанымдық түсініктерді қалыптастырудағы
пәннің маңыздылығын; Жер және оның табиғаты, ғалам туралы негізгі
жаратылыстану түсініктерін; табиғи құбылыстар кезінде әрекет жасау
ережелерін; табиғатты ғылыми зерттеу әдістерін (бақылау, эксперимент,
тәжірибе); зерттеулерді жоспарлау және жүргізу кезіндегі қауіпсіздік
техникасының негіздерін; өсімдіктердің негізгі бөліктерінің құрылымы мен
орналасу ерекшеліктерін және олардың мәнін; тіршілік ортасына қарай
өсімдіктер мен жануарлардың жіктелуін; фотосинтез үдерісінің негіздерін;;
жануарлардың негізгі қоректену түрлерін; ас қорыту, қан айналымы, тыныс алу,
жүйке жүйесіне кіретін органдарды және олардың ролін; Қазақстанның
қорғалатын табиғи аймақтарын; фильтрлеу үдерісін қолдану салаларын;
жарықтың кейбір қасиеттерін: тура түсуін, шағылысуын,сіңірілуін; қарапайым
электр тізбекетерін және олардың компонентттерін біледі;
макро және микроәлем түсінігін; ғаламшарда экологияны сақтау
маңыздылығын; тірі ағзалар үшін су мен ауаның маңыздылығын; ағзалардың
алуан түрлілігі мен айырмашылықтарын; тірі ағзалардың Жер бетінде
таралуының күн энергиясына және олардың әрекеттерінің мекендеген тіршілік
ортасындағы шарттарға тәуелділігін; қанның тамыр бойымен қозғалысын; жеке
гигиенаны сақтау қажеттілігін; ағзаның инфекциялар мен аурулардан қорғану
функцияларын; пайдалы қазбаларды қолданудың кейбір салалары мен оларды
өндіру тәсілдерін; пайдалы қазбаларды ұқыпты пайдалану мен сақтау
қажеттілігін; энергия түрлерін; масса мен күшті өлшеу бірліктерін; судың үш
агрегаттық күйін түсінеді;
стандартты бірліктерді, өзі немесе мұғалімнің бақылауымен нұсқаулыққа
сәйкес қарапайым құралдар көмегімен түрлі өлшеулерді; өз идеяларын тексеру
үшін бақылауды; жүргізілген бақылауды түсіндіру үшін ғылыми
терминологияны қолданады;
бақылаулар
мен
зерттеулер
нәтижелерін
талдайды
және
айырмашылықтарын түсіндіреді; түрлі тіршілік орталарының ұқсас және өзгеше
сипаттарын; өсімдіктерді қорғау тәсілдерін; тәулік ішіндегі адамның су тұтыну
көлемін; сыртқы келбетіне байланысты өсімдіктердің тіршілік формаларын,
органикалық және бейорганикалық заттарды талдайды;
19
ағзалар туралы ақпаратты негізгі белгілері бойынша жалпылайды;
идеяларды тексеру, растау немесе жоққа шығару үшін қарапайым зерттеулер
мен бақылаулар жасайды; жазба, сурет, кесте, гистограмма түріндегі салыстыру
нәтижелеріне синтез жасайды;
темекі шегу мысалы арқылы жаман әдеттерді және ластанған ауаның адам
денсаулығына әсерін; табиғи саябақтар, қорықтар құру идеяларын; ғаламшарда
биологиялық алуан түрлілік пен орта шарттарын сақтау маңыздылығын,
адамның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-әрекетін бағалайды;
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітіргенде оқушы:
қоршаған орта туралы дүниетанымдық түсініктерді қалыптастырудағы
пәннің маңыздылығын; табиғатты ғылыми зерттеу әдістерін: бақылау,
эксперимент, тәжірибе; зерттеулерді жоспарлау және жүргізу кезіндегі
қауіпсіздік техникасының негіздерін; Жер және оның табиғаты, ғалам туралы
негізгі жаратылыстану түсініктерін;
өсімдіктердің өмір циклін (тозаңдану, ұрықтандыру, тұқым өндіру, тұқым
шашу және өсу), өсімдіктердің негізгі бөліктерінің құрылымы мен орналасу
ерекшеліктерін;
тіршілік ортасына қарай өсімдіктер мен жануарлардың жіктелуін;
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын; фотосинтез үрдісінің
негіздерін; жануарлардың негізгі қоректену түрлерін; ас қорыту, қан айналымы,
тыныс алу, жүйке жүйелеріне кіретін органдарды және олардың ролін;
фильтрлеу үдерісін қолдану саласын; жарықтың кейбір қасиеттерін: тура
түсуі, шағылысу, сіңірілуін; қарапайым электр тізбектерін және олардың
компонентттерін; физикалық күштердің кейбір түрлерінің туындау себептерін;
Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалардың негізгі кен
орындарын; жанғыш пайдалы қазбалардың түрлері, негізгі қасиеттері мен
өнімдерін; кен түсінігі мен оның түрлерін, сондай-ақ қорытпалар түсінігін; ауа
құрамын; табиғаттағы су айналымын; астрономия саласындағы кейбір
ғалымдардың өмірбаяны мен ашқан жаңалықтарын; Күн жүйесінде
ғаламшарлардың орналасуын; зерттеулерді жоспарлау мен жүргізу кезінде
қауіпсіздік техникасының негіздерін біледі;
макро және микроәлем түсінігін; ғаламшарда экологияны сақтау
маңыздылығын; өсімдіктердің алуан түрлілігін сақтау маңыздылығын; тұқым
түзілу үрдісінің негіздерін; жеке гигиенаны сақтау қажеттілігін; ағзаның
инфекция мен аурулардан қорғану функцияларын; өсімдіктерді қорек тізбегінің
20
бөлігі ретінде; «өндіруші», «тұтынушы», «жыртқыш» және «олжа»
ұғымдарының мәнін; ауаның тірі ағзалар үшін маңызын; омыртқалы және
омыртқасыз жануарлардың қарапайым айырмашылықтарын; жануарлардың Күн
энергиясына және олардың әрекеттерінің мекендеген ортаға тәуелділігін;
қанның тамыр бойымен қозғалысын; Жердегі тіршілікті қорғау үшін атмосфера
қабатының мәнін; ауаны ластайтын заттардың түзілуі және олардың тигізетін
зиянын; пайдалы қазбаларды ұқыпты пайдалану мен сақтау қажеттілігін;
металдар, пайдалы қазбаларды қолданудың кейбір салаларын және оларды
игеру тәсілдерін; энергияның кейбір түрлерін; түрлі денелердің жылу және
электр өткізгіштігін және оларды қолданудың кейбір салаларын; масса мен
күшті өлшеу бірліктерін; судың үш агрегаттық күйін түсінеді;
өлшеудің стандартты бірліктер жүйесін, нұсқаулыққа сәйкес қарапайым
құралдар көмегімен өлшеу тәсілдерін; нақты деректер алу үшін ғылыми
қағидаттарға сәйкес қайта өлшеулерді; өз идеяларын тексеру үшін бақылау
әдістерін; жүргізілген бақылауды түсіндіру үшін ғылыми терминологияны;
өзінің тұрғылықты жеріндегі өсімдіктер мен жануарлардың жіктеу үшін
олардың түрлерінің қарапайым белгілері туралы білімді; қорек тізбегінің
сұлбаларын; компасты; Жердің айналу үрдісінің модельдерін қолданады;
алынған нәтижелердің жасалған болжамдарға сәйкестігін талдайды және
оларды ғылыми білім мен түсінік көмегімен түсіндіреді; түрлі мекендеу
орталарының ұқсас және өзгеше сипаттарын; өсімдіктер мен жануарларды
қорғау тәсілдерін; тәулік ішіндегі адамның су қажеттілігін; өсімдіктер
формаларын, органикалық және бейорганикалық заттарды; кейбір денелердің
жылу өткізгіштігін; металл қасиеттеріне сүйеніп, түсті металдардан жасалған
бұйымдарды талдайды;
тұрғылықты жеріндегі өсімдік түрлерінің негізгі белгілеріне; қарапайым
объективті зерттеулер жүргізеді; идеяларды тексеру, растау немесе жоққа
шығару үшін бақылаулар жүргізеді; болжамдарға және оларды ғылыми білім
мен түсінікке негізделген тексеру тәсілдеріне; жинақталуы тиіс дәлелдерге
(жазба, сурет, кесте, гистрограммалар); Қазақстанның экологиялық
проблемалары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен өз бақылауларының
деректеріне; қоршаған ортаны адамзат іс-әрекетінің ықпалынан қорғау
тәсілдеріне синтез жасайды.
өсімдіктердің өсуіне әсер ететін факторларды; темекі шегу мысалы
арқылы жаман әдеттерді және ластанған ауаның адам денсаулығына әсерін;
пайдалы қазбалардың шектелгендігі мәселесін; табиғи саябақтар, қорықтар құру
21
идеяларын; қоршаған ортаны ластау көздерінің зиянын; ғаламшарда
биологиялық алуан түрлілік пен орта шарттарын сақтау маңыздылығын,
адамның қоршаған ортаны сақтау жөніндегі іс-әрекетін бағалайды.
21. «Адам және қоғам» білім беру аясы бойынша күтілетін оқыту
нәтижелері:
бастауыш мектептің 4-сыныбын бітірген оқушы:
Қазақстан туралы бастапқы мәліметтерді, қазақ халқы мен Қазақстан
халықтарының дәстүрлері мен фольклорын, отбасы, мектеп қоғамы, күнделікті
өмірі өтетін басқа да салалардың құрылымын, құрамы мен қызметін; адамның
әлеуметтік қызметтері туралы қарапайым мәліметтерді, тұтынатын өнімдердің
негізгі түрлерін, олардың құрамын, қасиеттері мен көздерін; қоршаған әлем
туралы қарапайым мәліметтерді; «адам-қоғам» өзара байланысы туралы
қарапайым мәліметтерді, саяхат мәні мен түрлерін, «қауіпсіздік» және
«денсаулық» ұғымдарын және олардың негізгі нышандарын біледі;
Қазақстанның орналасқан жерінің ерекшеліктерін, мемлекеттік нышандар
туралы бастапқы түсініктер мен олардың мәнін, туған өлке мен Қазақстанның
көрнекі орындарын; қазақ халқы мен Қазақстан халықының мәдениеті туралы
алғашқы түсініктерді, адамның ішкі дүниесі мен сыртқы әлеммен өзара
байланысы, оның табиғатпен бірлігі, дене мен рухани денсаулықтың өзара
тәуелділігін; өмірге деген оң көзқарастың маңыздылығын, айналадағыларға
сабырлық көзқарасының қажеттілігін;
қауіпсіздік және денсаулық
проблемаларын түсінеді;
қоршаған ортамен байланыс жасауда жағдайды талдау, бағалау және
шешім қабылдау үшін білімін; кеңістікте қозғалу, бағдарлау үшін қарапайым
құралдарды (карта, компас); денсаулық жағдайын анықтау үшін қарапайым
құралды (градусник); қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қарапайым
құралдарды; саяхат туралы, сатып алулар мен қарапайым қаржылық қарымқатынастар саласында жеке тәжірибесі мен білімін, қауіпсіздік пен
денсаулықтың қарапайым мәселелерін шешу үшін жеке тәжірибе мен білімін;
ақпарат беруге арналған шартты белгілер мен нышандарды, қоғам орнында өзін
ұстау ережелерін; қоршаған ортаға бейімделуде өз және қоғам тәжірибесін
қолданады;
Қазақстанның орналасқан орнын; қазақ халқы мен Қазақстанда тұратын
басқа
ұлт
өкілдерінің
салт-дәстүрлеріндегі
ұқсастықтар
мен
айырмашылықтарды; денсаулық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі
22
тәжірибені; отбасы, мектеп қоғамы, қоғам мен қоршаған әлем құрылымын,
олардың қызметі мен байқалу заңдылықтарын; зерттелетін нысандар,
құбылыстар мен үрдістер ролін талдайды;
өзінің жеке мәселелеріне, отбасы, тұлғааралық және қоғамдық салаларда
қарым-қатынасты жетілдіру проблемаларына, денсаулық пен қауіпсіздік
саласында, саяхаттарды ұйымдастыру мен қарапайым қаржы қарымқатынастарына қатысты өз шешім табуда, баламаларын іздестіру, мәселелерді
жүйеге келтіруде өз білімдеріне синтез жасайды;
адамгершілік нормалар тұрғысынан өзінің мінез-құлқын; ел, қоғам,
отбасы, қоршаған орта, фольклор, тұтынатын өнімдердің мәні- мен
маңыздылығын; өзінің даму және білім алудағы ілгерілуін бағалайды.
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітірген оқушы:
«адам-қоғам» жүйелерінде жеке тұлға-отбасы-мектеп қоғамдастығықоғам-жеке тұлға желісі бойынша өзара байланыс туралы қарапайым
мәліметтерді, олардың сапа белгілерін; қоршаған орта компоненттерінің
құрылымдық байланыстарын; жеке тұлға, отбасы, қоғамдастықтар мен
қоғамның адам өміріндегі жалпы мәні мен ролін ерекшеліктерін; Қазақстанның
әлемдегі ролі мен орнын; қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа ұлт
өкілдерінің фольклорының жанрлары мен бағыттарын, ерекшеліктері мен
айырмашылықтарын; саяхат себепті негізі мен түрлерін, олардың өмір мен
экономикадағы көрінісін; салауатты өмір салтының негіздерін біледі;
ұлттық салт-дәстүрлердің құндылығы мен мәнін, нәсілдік-этникалық
тиесілігіне сәйкес адам тұлғасында сыртқы нышандардың себептік негізделуі,
тұлғаның ішкі әлемі, құндылықтар, өмір салты, әрекеттер, қоршаған ортасына
сәйкес мінезі мен көңіл-күйін; түрлі тұрғылықты жерлердің қызметтік және
құрылымдық ерекшеліктерін; өзін Қазақстанның жас азаматы ретінде сезіну
және нақты бір ұлтқа тиесілігін сезіну түріндегі өзінің азаматтық бірегейлігін;
өзінің отбасы, туған жері туралы құндылықтарын ; көп ұлтты
қазақстандыққоғамның құндылықтары туралы бастапқы және жалпы түсінікті
(Қазақстанның өз Отаны екенін); Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің мәнмағынасын; адамның жақсы қасиеттерін; адамның қоғамдағы адамгершілік
нормаларын; адамның өзін тану және өзін дамыту қажеттілігін; ел, қала, ауыл,
мектеп өміріне өзінің қатысын; қоғамға қызмет ету мәнін; ой, сөз және әрекеттің
сәйкес болу қажеттілігін, оларға жауапкершілігін; Қазақстан фольклорының
23
негізгі жанрларын; саяхат түрлерін; денсаулық сақтау әдістері мен құралдарын
түсінеді;
оқу тапсырмаларын орындау кезінде, шығармашылық, танымдық, зерттеу,
жобалау сипатын орындау кезінде, қосымша ақпаратты жалпылау және қажетті
материалдарды іріктеу кезінде, табиғи және қоғамдық нысандардың, үдерістер
мен құбылыстардың қасиеттерін, олардың белгілерін, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтау кезінде, табиғат пен қоғам құбылыстары,
үрдістері мен нысандарын бақылау кезінде білім мен дағдыларды; құралдар,
жұмыс тәсілдері, құралдарды пайдалану ережелері, еңбек қауіпсіздігі техникасы
мен жеке тазалық ережелерін; қоршаған ортаны зерттеудің қарапайым ғылыми
әдістерін (қарапайым сұлбалар мен графиктерді жүйелеу, әзірлеу, оқиғалар мен
құбылыстарды «бұрын-қазір» уақыткеңістігінде орналастыру); жер карталары
мен жоспарлары, компас, навигация құралдарын; практикалық қызметте
техника-технологиялық тәсілдерін; салауатты өмір салты, жеке тазалық,
тамақтану және күн тәртібі нормаларын сақтау білімін; жарақат алу кезінде
алғашқы медициналық көмек көрсетуді білімі мен іскерлігін; жарақат алу
кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуде қарапайым білімін
қолданады;
Қазақстанның әлемдегі ролі мен орнын; Қазақстан халықының салтдәстүрлері мен ауыз әдебиетінің адамгершілік қызметтерін, құндылықтарын;
жеке тұлға, отбасы, мектеп қоғамының, күнделікті өмірі өтетін басқа да
салалардың даму факторларын; күнделікті өмірдегі негізгі ресурстарды қызмет,
генезис, экологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктеу; денсаулық пен қауіпсіздік
факторларын талдайды;
зерттелетін құбылыстар, нысандар мен үдерістерді жіктеу, жүйелеу,
жалпылау және дифференциялау үшін алған білімдері, дағдылар мен білік,
түсініктерін; пәннің тақырыптық бөлімдерінің мәселелері мен өз дамуының
барынша өзекті проблемаларын шешуді іздестіру бойынша өзінің танымдық
қызметін әртараптандыру үшін синтез жасайды;
сабақта өз жұмысына қанағаттану дәрежесін; тиімділік тұрғысынан
сабақтағы өз әрекетін, жалпы белгілі алгоритмен салыстыру негізінде сабақтағы
өз жұмысын; өздері меңгерген/анықтаған критерийлер негізінде пән мен
тақырыптық бөлімдер бойынша, саяхат, демалыс, сатып алу, қауіпсіздік және
денсаулық мәселелері бойынша өзінің даму деңгейін; өзінің нәтижелері мен
жалпы белгілі нәтижелер арасындағы сәйкестікті; бағаланатын үрдістер,
24
құбылыстар мен нысандарды әрі қарай жетілдіру үшін бағалау нәтижелерін
бағалайды.
22. «Өнер» білім беру аясы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері:
бастауыш мектептің 4-сыныбын бітірген оқушы:
сызықтардың негізгі түрлерін (түзу, ирек, қисық), материалдардың
қасиеттері мен сапаларын (форма, көлем, сипат, текстура); көкжиек деңгейлері,
заттарды бейнелеу перспективаларын; негізгі және қосалқы түстерді (құрамдас,
жылы және суық), түстердің араласуын, түстік колоритті; сурет салу және
көркем жұмыс үшін қарапайым материалдар (қасиеттері, сапасы) мен
құралдарды; бейнелеу өнерінің негізгі түрлері (сурет, графика, мүсін, көркем
құрастыру, дизайн, сәулет, декоративті-қолданбалы өнер) мен жанрларын
(пейзаж, пейзаж түрлері, натюрморт, анималист, ертегі-жыр); сурет салу және
көркем жұмыс бойынша қарапайым зерттеу және тәжірибелік жұмыс тәсілдерін;
материал (табиғи материалдар, ермексаз, сым, қағаз, картон, тоқыма, киіз,
иірілген жіп, жіп, т.б.), орындау техникасы (коллаж, сомдау, аппликация,
оригами, жазба, тігу, кестелеп тігу, басып шығару, құрастыру, модельдеу, т.б.),
функционалдық нышандарына (ойыншықтар, киім, бас киім, әшекейлер) қарай
декоративті-қолданбалы өнер жұмыстарының қарапайым техникасын; түрлі
өнер салаларындағы қарапайым жұмыс техникасын; қарапайым көркем жұмыс
құрастыру үшін қарапайым сандық компьютерлік технологияларды;
негізгі музыкалық мәнерлілік құралдарын; қарапайым музыка
формаларын; музыкалық грамотаның негіздерін; музыкалық және шу дыбысы
түсініктерін; қарапайым вокалдық жанрларды; ансамбль және ансамбль түрлері,
хор және хор түрлері түсініктерін; дирижерлеу кестесін, қарапайым дирижерлік
ишараларды;
музыкалық белгілерді; «композитор-орындаушы-тыңдаушы»
моделінің өзара байланысын; халық және композитор музыкасын; музыкалық
шу аспаптарын; қазақ халық аспаптарын; қазақ халық музыкасының, Қазақстан
мен әлемнің басқа да елдерінің композиторларының әндік және аспаптық
репертуар үлгілерін; музыкалық импровизация жасау үшін қарапайым зерттеу
және тәжірибелік, оның ішінде сандық компьютерлік технологияларды
пайдаланып жұмыс істеу тәсілдерін біледі;
Қазақстан мен әлемдегі басқа да халықтардың өнер, қолөнер, дизайн,
мәдениет туындыларының мәнін; көркем шығарма идеяларын, оларда берілетін
сезімдерді, күйзеліс пен эмоциялық жағдайды; түс, сызықтар, формаларды
25
қолдана отырып, сезім мен эмоцияны жеткізу тәсілдерін; қазақ халқы мен
әлемдегі басқа да халықтар мәдениетінің көркем құндылығын;
қазақ халқы мен әлемдегі басқа да халықтардың ұлттық музыкалық салтдәстүрлерінің мәнін; адамның қоршаған ортадағы дыбыстардың алуан
түрлілігімен өзара байланысының мәні; музыкалық шығармаларда берілетін
идеялар, сезімдер, күйзелістер мен эмоциялық жағдайларды; халық және
композитор музыкасының ерекшеліктерін түсінеді;
визуалды және басқа да ақпаратты жинау, іріктеу және өңдеудің бастапқы
дағдыларын; қарапайым көркем жұмыстар жасау үшін шығармашылық идеялар
мен материалдарды, оның ішінде АКТ арқылы; негізгі сызық түрлерін,
материалдардың қасиеттері мен сапасын есепке ала отырып, бейне жасау үшін
тиісті құралдарды, техниканы; көркем және техникалық жұмыс бойынша
қарапайым материалдармен түрлі жұмыс істеу техникасын; шығармашылық
жұмысты орындау барысында көркем шығарма түрлері мен жанрлары туралы
білімін;
қарапайым
көркем
жұмыстар
жасау
үшін
жоспарлау,
құрастыру/модельдеуді қолданады және өзі орындаған жұмыстарды ұсынады;
қауіпсіздік техникасы ережелерін;
дыбыстық ақпаратты, оның ішінде АКТ арқылы жинау мен іріктеудің
бастапқы дағдыларын; музыкалық мәнерлілікті ескере отырып, қарапайым
музыка формаларын жасау үшін шығармашылық идеяларды, балаларға
арналған музыкалық аспаптарды; өздік шығармашылық жұмысты орындау
барысында музыкалық шығарма түрлері мен жанрлары туралы білімін;
шығармашылық тәжірибе мен қысқа импровизация жасау үшін музыкалық
аспаптарды, сандық технологияларды, графикалық белгілерді; музыкалық
аспаптарда ән салу, орындау, музыкалық үзінділерді жасау үшін аранжировка
дағдыларын қолданады;
Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен
жанрларындағы өнер туындыларын; түрлі ақпарат пен оның көздерін; қолөнер
және дизайн бойынша суреттер мен жұмыстарды; қазақ халқы мен әлемдегі
басқа да халықтардың өнер стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын;
Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен
жанрларындағы музыка туындыларын; халық және композитор музыкаларының
стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын;
музыкалық мәнерлілікті ескере отырып, музыкалық шығармалар туралы түрлі
ақпаратты талдайды;
26
жеке көркем жұмыстарын орындау, шығармашылық жоба жасау үшін,
оның ішінде АКТ қолдана отырып, білімі мен дағдыларына; түрлі материалдар
мен құралдарды пайдалана отырып, басты және аралас техника бойынша жұмыс
істеу тәсілдері мен жолдарына;
үндесіп және партиямен ән шырқау, музыкалық шу аспаптарында ойнау,
қарапайым музыкалық шығармалар мен түрлі жобалар жасау үшін алған
біліміне, іскерліктері мен дағдыларына; музыкалық сөйлемдер құрастыру және
импровизациялау, балалардың музыкалық аспаптарымен ән салу және ойнау
үшін білім, дағдылар мен шығармашылық идеяларға синтез жасайды;
өнер туындыларын (пейзаж, натюрморт, графика, мүсін, декоративтіқолданбалы өнер); көркем және техникалық еңбек бойынша өзі жасаған
жұмыстары мен басқалардың жұмыстарын бағалайды және оларды жақсарту
мақсатында пікір білдіреді;
негізгі стильдер мен жанрлардағы музыкалық өнер туындыларын; өзі
шығарған музыкалық шығармаларды, балалардың түрлі музыкалық аспаптарын
қолдана отырып, импровизация мен сахналауды; оларды жақсарту мақсатында
пікір білдіреді; тыңдау үшін ән материалы мен репертуарды; түрлі жанрлар мен
стильдердегі музыкалық шығармалардың құрылу логикасын бағалайды.
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітірген оқушы:
сызықтардың негізгі түрлерін (түзу, ирек, қисық); материалдардың
қасиеттері мен сапаларын (форма, көлем, сипат, текстура); көкжиек деңгейлері,
заттарды бейнелеу перспективаларын; негізгі және қосалқы түстерді (құрамдас,
жылы және суық), түстердің араласуын, түстік колоритті; сурет салу және
көркем жұмыс үшін қарапайым материалдар (қасиеттері, сапасы) мен
құралдарды; жазық және көлемді жұмыстар жасауға арналған материалдардың
айырмашылықтары мен ұқсастықтарын; бейнелеу өнерінің негізгі түрлері
(сурет, графика, мүсін, көркем құрастыру, дизайн, сәулет, декоративтіқолданбалы өнер) мен жанрларын (пейзаж, пейзаж түрлері, натюрморт,
анималист, ертегі-жыр); сурет салу және көркем жұмыс бойынша қарапайым
зерттеу және тәжірибелік жұмыс тәсілдерін; материал (табиғи материалдар,
ермексаз, сым, қағаз, картон, тоқыма, киіз, иірілген жіп, жіп, т.б.), орындау
техникасы (коллаж, сомдау, аппликация, оригами, жазба, тігу, кестелеп тігу,
басып шығару, құрастыру, модельдеу, т.б.), функционалдық нышандарына
(ойыншықтар, киім, бас киім, әшекейлер) қарай декоративті-қолданбалы өнер
жұмыстарының техникасын; түрлі өнер салаларындағы негізгі жұмыс
27
техникасын; қарапайым көркем жұмыс құрастыру үшін сандық компьютерлік
технологияларды;
негізгі музыкалық мәнерлілік құралдарын (мотив, әуен, лейтмотив, ырғақ,
метр, қарапайым музыкалық өлшемдер, мәнер, мажор, минор, темп, тембр,
динамика); қарапайым музыка формаларын (сөз орамы, сөйлем, кезең, бөлік);
музыкалық грамотаның негіздерін (дыбыс, регистр, дыбыс шегі, нота, нота
белгілері, нота ұзақтығы, дыбыс қатары, интервал, үш дыбыстылық, нота
сызықтары, скрипка кілті, үзіліс және үзіліс түрлері, такт, такт артықтығы, такт
сызығы); музыкалық және шу дыбысы түсініктерін; қарапайым вокалдық
жанрларды; ансамбль және ансамбль түрлері, хор және хор түрлері түсініктерін;
дирижерлеу кестесін, қарапайым дирижерлік ишараларды;
музыкалық
белгілерді (унисон, легато, стакатто, нон легато); халық және композитор
музыкасының ерекшеліктерін; музыкалық шу аспаптарын; қазақ халық
аспаптарын; қазақ халық музыкасының, Қазақстан мен әлемнің басқа да
елдерінің композиторларының әндік және аспаптық репертуар үлгілерін; жеке
музыкалық импровизация жасау үшін зерттеу және тәжірибелік, оның ішінде
сандық компьютерлік технологияларды пайдаланып жұмыс істеу тәсілдерін
біледі;
Қазақстан мен әлемдегі басқа да халықтардың өнер, қолөнер, дизайн,
мәдениет туындыларының мәнін; көркем шығармадаңы бейненәі мағыналыө
мәнін, идеяларды, сезімдерді, күйзеліс пен эмоциялық жағдайды және оларды
бейнелеу өнерінің тілі арқылы өзгерту тәсілдерін; қазақ халқы мен әлемдегі
басқа да халықтардың дәстүрлері мен мәдениетінің көркем құндылығы мен
маңыздылығын;
музыка өнерінің өмірмен байланысын; қазақ халқы мен әлемдегі басқа да
халықтардың ұлттық музыкалық салт-дәстүрлерін; адамның қоршаған ортадағы
дыбыстардың алуан түрлілігімен өзара байланысының мәнін; музыкалық
шығармаларда берілетін идеялар, сезімдер, күйзелістер мен эмоциялық
жағдайларды; халық және композитор музыкасының ерекшеліктерін түсінеді;
қарапайым көркем жұмыстар жасау үшін шығармашылық идеялар мен
материалдарды, оның ішінде АКТ арқылы; негізгі сызық түрлерін,
материалдардың қасиеттері мен сапасын есепке ала отырып, бейне жасау үшін
тиісті құралдарды, техниканы; көркем және техникалық жұмыс бойынша
қарапайым материалдармен түрлі жұмыс істеу техникасын; шығармашылық
жұмысты орындау барысында көркем шығарма түрлері мен жанрлары туралы
білімін;
қарапайым
көркем
жұмыстар
жасау
үшін
жоспарлау,
28
құрастыру/модельдеуді қолданады және өзі орындаған жұмыстарды ұсынады;
қауіпсіздік техникасы ережелерін; көркем іс-әрекетте өзінің әсерлерін,
сезімдерін, эмоцияларын жеткізу үшін өз ойын көрсетудің түрлі тәсілдері мен
дағдыларын; көркем және техникалық еңбектің түрлі техникасында балама
жұмыс тәсілдерін; қауіпсіздік техникасын сенімді және өздігінен;
музыка формасы мен жанрын анықтау үшін білімі мен дағдыларын;
музыкалық дыбыстың биіктігі, ұзақтығы, қаттылығы мен тембріне қарай негізгі
қасиеттерін тану тәсілдерін; қарапайым вокалдық және
аспаптық
импровизациялар мен аранжировкаларды жасау үшін музыкалық мәнерлілік
құралдарын; дыбыстық ақпаратты, оның ішінде АКТ арқылы жинау, іріктеу
және өңдеудің бастапқы дағдыларын; музыкалық мәнерлілікті ескере отырып,
қарапайым музыка формаларын жасау үшін шығармашылық идеяларды,
балаларға арналған музыкалық аспаптарды; өздік шығармашылық жұмысты
орындау барысында музыкалық шығарма түрлері мен жанрлары туралы білімін;
шығармашылық тәжірибе мен қысқа импровизация, аранжировка және
композиция жасау үшін музыкалық аспаптарды, сандық технологияларды,
графикалық белгілерді; үйлесіп ән салуды; музыка ерекшеліктерін дәл бейнелеу
және онымен әрекет жасау үшін терминологияны қолданады;
Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен
жанрларындағы өнер туындыларын; қолөнер және дизайн бойынша жеке
жұмысын ұйымдастыру үшін сан алаун өнер түрлері туралы түрлі ақпаратты;
қазақ халқы мен әлемдегі басқа да халықтардың өнер стильдері мен
жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын; тәжірибе, зерттеу
жұмыстарын өткізу үшін материалдар мен құралдардың қасиеттері мен
сапасын; бейнелеу өнері, техникалық және көрке еңбек бойынша
шығармашылық жобалар жасау тәсілдері мен жолдарын;
Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен
жанрларындағы музыка туындыларын; халық және композитор музыкаларының
стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын;
музыкалық мәнерлілікті ескере отырып, музыкалық шығармалар туралы түрлі
ақпаратты; қарапайым тәжірибе, зерттеу жұмыстарын жүргізу, музыкалық
импровизация мен сахналау үшін музыка және шу дыбыстарын;
шығармашылық жоба жасау өз сезімдерін эмоциялары мен күйзелістерін
орындау музыкаландыру және жеткізу үшін дыбыстық және музыкалық
ақпаратты талдайды;
29
бейнелеу өнері, техникалық және көркем еңбек бойынша анағұрлым
күрделі көркем жұмыстар мен түрлі композицияларды орындау,
шығармашылық жобаларды, оның ішінде АКТ арқылы жасау үшін білімі мен
дағдыларына; түрлі материалдар мен құралдарды пайдалана отырып, басты
және аралас техника бойынша жұмыс істеу тәсілдері мен жолдарына;
үндесіп және партиямен ән шырқау, музыкалық шу аспаптарында ойнау,
қарапайым музыкалық шығармалар мен түрлі жобалар жасау үшін алған
біліміне, іскерліктері мен дағдыларына; музыкалық сөйлемдер құрастыру және
импровизациялау, балалардың музыкалық аспаптарымен ән салу және ойнау
үшін білім, дағдылар мен шығармашылық идеяларға; музыкалық
шығармалардың стилі мен жанрын анықтау үшін музыкалық формалардың
құрылымы туралы біліміне; музыкалық импровизацияларды жасау үшін
шығармашылық идеяларға; дыбыстық және музыкалық ақпаратты жинау және
іріктеу үшін әрекет тәсілдері туралы біліміне синтез жасайды;
өнер туындыларын (пейзаж, натюрморт, графика, мүсін, декоративтіқолданбалы өнер); көркем және техникалық еңбек бойынша өзі жасаған
жұмыстары мен басқалардың жұмыстарын бағалайды және оларды жақсарту
мақсатында пікір білдіреді; көркем жұмыстардың жасалу кезеңдері мен
олардың құрылымының негізгі ойын;
негізгі стильдер мен жанрлардағы музыкалық өнер туындыларын; өзі
шығарған музыкалық шығармаларды, балалардың түрлі музыкалық аспаптарын
қолдана отырып, импровизация мен сахналауды; оларды жақсарту мақсатында
пікір білдіреді; тыңдау үшін ән материалы мен репертуарды; түрлі жанрлар мен
стильдердегі музыкалық шығармалардың құрылу логикасын бағалайды.
23. «Дене шынықтыру» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер:
бастауыш мектептің 4-сыныбын бітірген оқушы:
дене жаттығуларын орындау техникасын, ағзадағы дене өзгерістерін,
тыныс алуды бақылау негіздерін; қозғалыс ептілігі, жылдамдығы, тепе-теңдігі,
үйлесімі секілді қабілеттерді дамытуға арналған негізгі дене жаттығуларын;
ағзаның дамуына септігін тигізетін алуан түрлі дене жаттығуларын; дене
жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі;
дене қыздыру және салқындату қажеттілігін; дене және психикалық
денсаулықты сақтау маңыздылығын; орындалатын жаттығулардың қиындық
деңгейін; қимылдарды орындау мерзімі, кеңістігі мен бірқалыптылығы түсінігін
көрсете отырып, жаттығулардың нәтижелілігі мен бірізділігін; өзіне, басқа
30
адамдарға және қоғамға деген құрмет қажеттілігін; елдің дамуы мен
мақтанышты қалыптастырудағы спорттың ролін түсінеді;
дене қимылдарына қатысты қиындықтарды жеңуге және тиісінше әрекет
етуге қажетті дағдыларды; басшылықты кезекпен бөлісе отырып, келісілген
мақсаттарға қол жеткізу үшін жеке және ортақ жұмысты орындау дағдыларын;
өзінің және басқалардың шығармашылық жұмыстарын талдау үшін
конструктивті тәсілдерді ұсыну туралы білімін; бірқатар жаттығуларға қатысу
барысында ережелер мен композициялық тәсілдер туралы білімін қолданады;
мектеп ішінде және мектептен тыс жерде дене шынықтыруды дамытуға
бағытталған іс-шараларға қатысу мүмкіндігін; кеңістік, ресурстар мен ойларды
бөлісу кезіндегі өзінің тәртібін; денсаулықты күшейтуге бағытталған тактикалар
мен стратегияларды қойылған оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін өзгерте
отырып талдайды;
айрықша тақырып, көңіл-күй не сезімді жеткізу үшін бірқатар
композициялық идеяларға; дене қимылдарының инновациялық (жаңа) үрдістері
мен міндеттерін қалыптастыру үшін түрлі шығармашылық дағдыларға; білім
мен дағдыларды спорттық жобаларға; қимыл түрлерін белгілі бір қимылдар
жиынтығына; сонымен қатар түрлі спорт тактикаларын стратегияға синтез
жасайды;
денсаулықты нығайтуға бағытталған түрлі дене жүктемелерін орындау
барысында туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; жеке және топтық
тапсырмаларды орындау барысында әріптестік және әділ сайыс өткізу
ережелерін; дене жаттығулары аясындағы мәселелерді зерттеу және шешу үшін
шығармашылық білімі мен сыни тұрғыдан ойлау құралдарын; түрлі
жағдаяттарда оларға деген құрмет қалыптастыру үшін өзінің және басқалардың
тәртібін бағалайды;
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітірген оқушы:
дене жаттығуларын орындау техникасын; қозғалыс ептілігі, жылдамдығы,
тепе-теңдігі, үйлесімі секілді қабілеттерді дамытуға арналған негізгі дене
жаттығуларын; ағзаның дамуына септігін тигізетін алуан түрлі дене
жаттығуларын; сабақ алдында дене салқындату және қыздыру ережелерін, дене
жаттығулары кезінде ағзадағы дене өзгерістерін (тыныс алу, жүрек қағысының
жиілігі, дене қызуы) бақылау тәсілдерін; дене даярлығын жақсарту мақсатында
дене бөліктері мен бұлшықеттерді дамыту тәсілдерін; дене жаттығуларын
орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі;
31
орындалатын
жаттығулардың
қиындық
деңгейін;
түрлі
дене
жүктемелерінің қажетті қарқындылығына қол жеткізу қажеттілігін; дене,
психикалық және эмоционалдық денсаулықты сақтау маңыздылығын; түрлі
дене жүктемелерін орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді;
дене іс-әрекетінің денсаулыққа, дене шынықтыру мен ауқаттылыққа қатысты
мәнін; мемлекеттің даму мақсаттары үшін дене дамуы мүмкіндігін; өзіне, басқа
адамдарға және қоғамға деген құрмет қажеттілігін; елдің дамуы мен
мақтанышты қалыптастырудағы спорттың ролін түсінеді;
басшылықты кезекпен бөлісе отырып, келісілген мақсаттарға қол жеткізу
үшін жеке және ортақ жұмысты орындау дағдыларын; өзінің және басқалардың
шығармашылық жұмыстарын талдау үшін конструктивті тәсілдерді ұсыну
туралы білімін; бірқатар жаттығуларға қатысу барысында ережелер мен
композициялық тәсілдер туралы білімін; дене қимылын үйлестіруді;
қимылдарды орындау мерзімі, кеңістігі мен бірқалыптылығы түсінігін көрсете
отырып, дене жаттығуларын дұрыс біріздікпен орындау туралы білімін;
кемшіліктер мен тәуекелдер ықтималдығын жою үшін сатылап дайындайтын
арнайы жаттығуларды; дұрыс тамақтану және қозғалу режимінің басты
қағидаттарын; бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық
тәсілдерді қолданады;
мектеп ішінде және мектептен тыс жерде дене шынықтыруды дамытуға
бағытталған іс-шараларға қатысу мүмкіндігін; рефлекстеу және әрекеттер,
динамика, байланыс пен кеңістікті бағалау қабілетін талдайды, бұл өзінің және
басқалардың іс-әрекетін жақсартуға жетелейді; топтағы болашақ оқуы мен
тәртібін бақылау үшін дене жаттығуларындағы бұрынғы жетістіктері мен
тәжірибесін; түрлі дене іс-әрекеттеріндегі жеке қабілеттері мен сенімділігінің
артуын; дене белсенділігіне бағытталған топтық тапсырмаларды орындау
барысында ынтымақтастық, патриотизм сезімін қалыптастыру жағдаяттарын
және әділ сайысу ережелерін талдайды;
айрықша тақырып, көңіл-күй не сезімді жеткізу үшін бірқатар
композициялық идеяларға; дене қимылдарының инновациялық (жаңа) үрдістері
мен міндеттерін қалыптастыру үшін түрлі шығармашылық дағдыларға; білім
мен дағдыларды спорттық жобаларға; қимыл түрлерін белгілі бір қимылдар
жиынтығына, сонымен қатар түрлі спорт тактикаларын стратегияға; түрлі
жағдаяттар мен бірқатар дене іс-әрекеттеріне бейімдеу бағдарламаларын әзірлеу
үшін білім мен дағдыларға; балама әрекеттерді зерттеп, іс жүзіндегі дене
қозғалыстарына қатысты стратегиялар мен жоспарларға; жаттығуларды
32
орындау кезінде жіберілген қателіктерді жою мәселелерін шешу үшін өз
әрекеттеріне; түрлі өмір шарттарындағы шығармашылық іс-әрекет пен сыни
тұрғыдан ойлау құндылықтарына синтез жасайды;
денсаулықты нығайтуға бағытталған түрлі дене жүктемелерін орындау
барысында туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; жеке және топтық
тапсырмаларды орындау барысында әріптестік және әділ сайыс өткізу
ережелерін; дене жаттығулары аясындағы мәселелерді зерттеу және шешу үшін
шығармашылық білімі мен сыни тұрғыдан ойлау құралдарын; әрекеттер,
динамика, байланыс пен кеңістікті бағалайды, бұл өзінің және басқалардың ісәрекетін жақсартуға жетелейді; өзінің және басқалардың дене қимылдарының
күшін, кемшіліктері мен әлеуетін; топтық бірлескен не бәсекелес дене қимылы
тапсырмаларын орындау барысында басқалардан көмек сұрау үшін
жағдаяттарды; дене белсенділігі кезінде қандай дене бөліктерінің
қолданылатындығын және олардың жұмысының дене даярлығына қалай
септігін тигізетіндігін; салауатты өмір салтын жетілдіру үшін өзінің дене бітімін
бағалайды.
3. Бастауыш білім мазмұнына қойылатын талаптар
3.1. Бастауыш білімнің базалық мазмұны
24. Бастауыш білімнің базалық мазмұны екі ұстанымның біріктірілуінің
негізінде жасалған: оқушылардың академиялық даярлығы және оқу, жобалау
және зерттеу іс-әрекеттерін үйлестіру негізінде олардың дербес жұмыс істеуін
дамыту.
25. Бастауыш білімнің базалық мазмұны орта білім Мақсатына қол
жеткізу құралы болып табылады және келесі бағдарларды ескере отырып
айқындалады:
1) заманауи қоғамның қарқынды сұраныстарына сәйкестік;
2) сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту қажеттілігі;
3) оқу пәндерінің санын азайту үшін пәнаралық сипаттағы мазмұнды
кіріктіруді жүзеге асырудың орындылығы;
4) оқу, тәрбие және дамыту бірлігін қамтамасыз ету.
26. Білім беруді ұйымдастыруда міндетті оқу пәндерімен қатар жоба
жұмыстары, элективті курстар, сыныптан тыс сабақтар жүргізу қарастырылған.
33
Жоба жұмысын енгізу оқушылар бойында зерттеу дағдыларын, ынтымақтастық
және сыни тұрғыдан ойлау, презентация жасау дағдыларын дамытатын болады.
27. Бастауыш білімнің базалық мазмұны үш тілде білім беру саясаты
аясында іске асырылады. Үш тілде оқытудың мақсаты – кем дегенде үш тіл
меңгерген, түрлі іс-әрекет салаларында еркін әңгімелесе алатын, өз халқының
мәдениетін бағалап, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін түсінетін және
құрметтейтін көптілді тұлға – Қазақстан азаматын қалыптастыру.
Үш тілде оқыту іс жүзінде мына жолдармен іске асырылады:
1) қазақ, орыс және шетел тілдерінің деңгейлік меңгерілуін халықаралық
стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;
2) оқыту тіліне қарамастан белгілі бір пәндердің қазақ, орыс және шетел
тілдерінде пәндердің оқытылуын ұйымдастыру;
3) сабақтан тыс іс-әрекеттерді қазақ, орыс және шетел тілдерінде
ұйымдастыру.
28. Білім беру ұйымдарында әрбір білім аялары бойынша бастауыш
білімнің базалық мазмұны бастауыш білім берудің негізгі миссиясына сәйкес
анықталған, оған сәйкес оқушыны оқытып қана қоймай, оның бойына руханият
пен әлеуметтік мәні бар дағдылардың негіздерін сіңіру қажет.
Оқу материалдарын құрастырудың заманауи үрдістерін ескере отырып,
бастауыш білім берудің базалық мазмұнында жеке оқу пәндері мен білім беру
аяларын кіріктіру орынды. Мысалы: «Технология» білім беру аясының мазмұны
«Өнер» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәндерінің
мазмұнына кіріктірілген.
29. «Тіл және әдебиет» білім беру аясының мазмұны келесі оқу
пәндерінде жүзеге асырылады:
1) қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі»,
«Әдеби оқу» және орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін
«Орыс тілі», «Әдеби оқу» пәндері;
2) орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі»
және қазақ тілінде тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін «Орыс
тілі»;
3) аз ұлттардың тілі мен әдебиеті жалпы білім беру ұйымдарында
жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша үлгілік (типтік) оқу
жоспарының вариативті компоненті есебінен қосымша оқытылады. Сыныпта
белгілі бір аз ұлт өкілдерінен 10 және одан артық оқушы оқыған жағдайда тіл
мен әдебиеттің кіріктірілген курсы оқытылады.
34
4) «Ағылшын тілі».
30. «Тіл және әдебиет» білім беру аясы пәндерінің мазмұнында дәстүрлі
түрде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің грамматикалық құрылымын
оқытудан оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға көшу
қарастырылған. Қазақ /орыс тілі мен әдебиеттің әрбір пән аясында кіріктірілуі
оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, түрлі мәтін түрлерімен жеке жұмыс
істеу дағдыларын дамыту үшін әдеби мәтіндерді пайдалануға негізделген. Осы
пәндердің мазмұны таныс тақырыптарға ақпарат алмасу, күнделікті өмірдің
негізгі аспектілерін сипаттау, әдеби мәтіндерді сыни тұрғыдан бағалау, өзге
мәдениеттерге мейірбан көзқарас пен құрмет көрсету іскерліктерін дамытуға
бағытталған.
Екінші (мектепте оқыту тіліне қарай орыс/қазақ) және үшінші тілді
(ағылшын) оқыту тілді деңгейлік меңгеруді ұйымдастыруға бағытталған. Осы
оқу пәндерінің білім беру мазмұны ойын және танымдық іс-әрекет арқылы
оқушыларда тілдерді үйренуге деген қызығушылық пен оң көзқарасты
дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу үшін бастапқы коммуникативтік
дағдыларды, мәтінмен тілдік материал ретінде жұмыс істей білу, сөз тіркестері
мен сөйлемдер мәнін түсіну және оларды нақты жағдайларда пайдалана білуін
қалыптастыруға бағытталған.
31. «Математика және информатика» білім беру аясының мазмұны
«Математика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәндерінде
іске асырылады.
32. «Математика және информатика» білім беру аясының мазмұны
оқушыларда қоршаған болмыстың түрлі нысандары мен құбылыстарын
сипаттауға қажетті математика тілінің бастапқы негіздерін қалыптастыруға;
арифметикалық амалдар орындауға, ауызша және жазбаша есептеу
алгоритмдерін меңгеруге, сандық есептерді шығаруға, сөз есептер шығаруға;
есептер шығарудың жалпы тәсілдерін, өлшеу және есептеу дағдылары негізінде
логикалық
тұжырымдама
жасай
білу,
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың қарапайым құралдарын пайдалана білу, ақпаратты іздестіру,
таңдау мен жеткізуге, нысандар мен үдерістерді жобалау, деректерді ұсыну,
талдау және түсіндіру үшін кестелер, сызбалар, графиктер және
диаграммалармен жұмыс істеудің қарапайым әдістерін қолдана білуді дамытуға
бағытталған.
33. «Жаратылыстану» білім беру аясының мазмұны «Ғылымға кіріспе»
оқу пәнінде іске асырылады.
35
34. «Жаратылыстану» білім беру аясының мазмұны негізінен «АдамТабиғат» жүйесі шеңберіндегі қарапайым ғылыми білім деңгейін қамтамасыз
етуді көздейді. Осы пән оқушылардың табиғи құмарлығын, зерттеу дағдыларын
дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсінуі мен көре білуін дамытуға
бағытталған. Пән мазмұны «жеңілден күрделіге қарай», «таныстан бейтанысқа
қарай» қағидаты бойынша құрылған. Тірі және өлі табиғаттағы қарапайым
құбылыстар мен үдерістердің себептерін ұғыну, қоршаған ортаның алуан
түрлілігі мен күрделілігін сезіну, ондағы құбылыстар мен үдерістердің өзара
байланысын түсіну оқушылардың дүние туралы ой-өрісін кеңейтеді. «Ғылымға
кіріспе» пәні дербес «Биология», «Физика» және «Химия» пәндері ғана емес,
ғылымның кез-келген саласында маңызы бар қарапайым зерттеу әдістерін
үйренудің де пропедевтикалық курсы болып табылады.
35. «Адам және қоғам» білім беру аясы пәндерінің мазмұны «Дүниетану»,
«Өзін-өзі тану» пәндерінде іске асырылады.
36. «Адам және қоғам» білім беру аясы пәндерінің мазмұны негізінен
«Адам-Қоғам» жүйесі аясындағы пропедевтикалық біліммен қамтамасыз етуге
бағытталған. Пән мазмұны өткен өмір деректерін және оның қазіргі заманға
әсерін, адамдардың отбасы мен қоғамдағы өзара қарым-қатынастарын
зерттеуге; өз Отанына деген шаттық сезімін қалыптастыруға, жанұя, жергілікті,
аймақтық, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын ұғынуға,
қазақстандық қоғам құндылықтары мен жалпы адамзат құндылықтарын
түсінуге; әр оқушының өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін
көрсетуіне, өзінің және басқа халықтардың мәдениетіне деген құрмет сезімін, өз
әрекеттері үшін жеке жауапкершілігін дамытуға, басқа адамдар сезімін түсінуге
және оларға қолдау көрсетуге, адамға деген мейірбан көзқарасты тәрбиелеуге
бағытталған.
37. «Өнер» білім беру аясының мазмұны «Бейнелеу өнері» және
«Музыка» пәндері арқылы берілген. «Бейнелеу өнері» пәнінің мазмұнына
көркем және техникалық еңбек компоненттері кіріктірілген.
38. «Өнер» білім беру аясы пәндерінің мазмұны адам өміріндегі бейнелеу
өнері мен музыканың ролі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыруға, қазақ
ұлттық өнері, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына және басқа да әлем
халықтарының өнеріне құрмет көрсетуге; бейнелеу өнері, техникалық және
көркем еңбек (сурет, бейнелеу өнері, қолөнер, көркем құрастыру) бойынша
көркемдік іс-әрекет түрлерін, оның ішінде АКТ қолдану арқылы орындау
іскерліктері мен дағдыларын дамытуға; бастапқы вокалдық және аспаптық
36
дағдыларды (оның ішінде түрлі музыкалық технологиялар мен АКТ) дамытуға;
түрлі визуалдық-тактильдік және музыкалық құралдар арқылы дүнинеі танып
білу тәсілдерін меңгеруге бағытталған.
39. «Дене шынықтыру» білім беру аясының мазмұны «Дене шынықтыру»
оқу пәнінде іске асырылады.
40. «Дене шынықтыру» білім беру аясының мазмұны адам өміріндегі дене
шынықтырудың ролі туралы түсінікті қалыптастыруға; спорт, ұлттық спорт
түрлері туралы ақпаратты дербес іздеп табуға және оны денсаулықты нығайту
үшін пайдалана білуге; физикалық қасиеттерін, жалпы дамытатын
жаттығуларды орындауға, жеке гигиена мен салауатты өмір салтын сақтауға
қызығушылығын қалыптастыруға; өзін-өзі жетілдіруге, оқу, ойын және сайыс
іс-әрекеттері шеңберіңде өз құрбыларымен қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыруға бағытталған.
3.2. Білім беру ұйымының оқушыларының білім жетістіктерін
бағалау
41. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды бағалау арқылы
жүзеге асырылады. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін нақты
айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдынала белгілі, білім беру ұйымының білім беру мақсаттары мен мазмұнына сай
критерийлермен салыстыруға негізделген.
42. Критериалды бағалау жеке оқушының оқу іс-әрекетінің табыстылығы
мен бүкіл сынып үлгерімін анықтаудың айқын және объективті құралы болып
табылады.
Бағалау әрбір тақырыптық бөлім бойынша оқушылардың оқу
жетістіктерін бақылау негізінде нақты оқу пәні бойынша оқу жоспарларында
берілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл сынып
бойынша мақсаттарға сатылап жетуде оқушылардың алға жылжуының
объективті көрінісін байқауға мүмкіндік береді. Оқушылардың барлық оқу
жылдары (тақырып бөлімдері – тоқсан – сынып – білім деңгейі) бойындағы оқу
жетістіктерінің қарқыны оқушылардың білім берудің ұзақ мерзімді
мақсаттарына, орта білім беру ұйымынан «шығу» кезіндегі нәтижелерге
жетудегі ілгерілеуді бағалауға мүмкіндік береді.
43. Оқу үдерісінде келесі бағалау формалары пайдаланылады:
37
формативті (ағымдық) бағалау;
ішкі жиынтық бағалау
сыртқы жиынтық бағалау.
44. Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау формативті және ішкі
жиынтық бағалауды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш білім беру
деңгейінде сыртқы жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Ішкі жиынтық бағалау білім беру ұйымының педагогтары тарапынан
жүзеге асырылады. Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар есептік оқу
кезеңдері үшін қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.
45. Бастауыш білім беру деңгейінде қарастырылатын бағалау:
«Математика», «Қазақ/Орыс тілі және әдебиеті», «Қазақ/Орыс тілі»,
«Ағылшын тілі», «Ғылымға кіріспе», «АКТ», «Дүниетану», «Бейнелеу өнері»,
«Музыка» «Дене шынықтыру» пәндері бойынша формативті (ағымдық) бағалау;
«Математика», «Қазақ/Орыс тілі және әдебиеті», «Қазақ/Орыс тілі»,
«Ағылшын тілі», «Бейнелеу өнері», «Музыка», «Ғылымға кіріспе» пәндері
бойынша ішкі жиынтық бағалау;
«Өзін-өзі тану» пәні бағаланбайды.
4. Оқушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын
талаптар
4.1. Оқу жүктемесіне қойылатын талаптар
46. Оқушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі білім
беру ұйымында 29 сағаттан аспауы керек.
47. Инвариантты және вариативті компоненттерді құрайтын
оқушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша
апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік (типтік) оқу жоспарында
белгіленеді.
Апталық оқу жүктемесі сыныптағы (элективті курстар) және сыныптан
тыс (дербес сабақтар мен үйірме жұмыстары) оқу жұмысының барлық
түрлерін қамтиды. Жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу
жоспарларында білім алушылардың дамуындағы кемістіктер түріне сәйкес
міндетті коррекциялық компонент қарастырылған. Жалпы білім беретін
арнайы мектептердің оқу жоспарларында инвариантты, коррекциялық және
38
вариативті компоненттер оқушылардың айрықша білім алу қажеттіліктерін
ескере отырып бекітіледі.
48. Оқу жылында демалыс уақытының ұзақтығы 30 күннен кем болмауы
тиіс. Демалыстар оқу жылында 3 рет беріледі – күзде, қыста және көктемде.
Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс
беріледі.
49. Қалалық жалпы білім беру ұйымдарында сыныпта 24-тен астам, ал
ауылды жерде – 20-дан астам оқушы болған жағдайда сыныпты 2 топқа бөлу
мына пәндерде жүзеге асырылады:
оқыту қазақ тілінде емес мектептерде «Қазақ тілі» ;
оқыту орыс тілінде емес мектептерде «Орыс тілі»;
«Шетел тілі»;
«АКТ»;
50. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында аз ұлт
өкілдерінің тілін үйрену бастауыш білім берудің үлгілік (типтік) оқу
жоспарының вариативті компоненті есебінен жүзеге асырылады және жергілікті
бюджет бөлетін қаржы есебінен қаржыландырылады. Аз ұлт өкілдерін ана
тілінде оқыту білім беру ұйымындағы топта кемі 10 адам болған жағдайда
жүзеге асырылады.
4.2. Білім беру үдерісіне қойылатын талаптар
51. Білім беру ұйымының білім беру үдерісінде орта білім беру
Құндылықтары мен Мақсаттарына негізделген оқыту мен тәрбие бірлігінің
қағидаты іске асырылады, ол мектептен «шығу» кезіндегі күтілетін оқу
нәтижелері және білім беру салалары бойынша күтілетін оқу нәтижелері
жүйесінде байқалады. Күтілетін оқу нәтижелері оқушыларды оқыту мен
тәрбиелеудің мазмұндық негізін құрайды.
52. Оқыту барысында әрбір оқу пәні арқылы тәрбие мәселесі шешіледі.
Тәрбие жұмысының барлық түрлері оқушылардың субъективті жаңа білімді
танып білу мен меңгеру мәселелерін шешуге, заманауи өмірдегі
қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлері, мәдениеті мен құндылықтарын
зерттеуге бағытталған.
53. Сабақтан тыс түрлі іс-әрекет формаларын ұйымдастыру
оқушылардың
азаматтық-патриоттық,
рухани-адамгершілік,
көркемэстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз етеді.
39
Тәрбиені іс жүзінде жүзеге асыру түрлі оқушылар қоғамдастығы,
өлкетану зерттеу экспедицияларының іс-әрекеттері, жазғы әлеуметтік
тәжірибелер, әлеуметтік акциялар, тәрбие сипатындағы жобалар, сондай-ақ
сыныптан тыс бастамашыл іс-шаралар, қосымша білім беру түрлері (үйірме,
секция, студия), ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралардың
шеңберінде жүзеге асырылады.
54. Білім беру үдерісі барлық қатысушылардың «субъект-субъект»
қатынасымен сипатталады: оқушы – өз танымының субъектісі, мұғалім –
оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы. Толыққанды білім беру
үдерісінің бөлігі түрінде оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушылардың
жетекші іс-әрекеті ретінде оқуға басты роль беріледі. Оқу оқушылардың
ізденуге, мәселелерді талқылаудағы белсенділігіне, көзқарасын дәлелдеуде,
конструктивті шешім қабылдауда ынтасын таныту арқылы тәжірибе игеруді
ұйымдастыруға негізделген интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды
қарастырады.
55. Оқушылардың жоба және зерттеу іс-әрекетін дамытуда жүйелілікті
қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін ұйымдастырудың
негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.
Оқушылардың жоба іс-әрекеті ұйымдастыру жағынан жеке дербес жұмыс,
шағын топтарда, топтық жобалар жұмысында, әлеуметтік бағыттағы ірі жобалар
түрінде жүзеге асырылады. Оқушылардың жоба іс-әрекеті мазмұндық жағынан
пәндік, пәнаралық сипатқа ие бола алады. Жобалар оқу жоба іс-әрекеті түрінде
ғана емес, тәрбие сипатындағы жоба іс-әрекеті түрінде де жүзеге асырыла
алады.
Жоба және зерттеу іс-әрекетінің негізінде оқушылар міндетті оқу пәндері
аясында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс іс-әрекет ұйымдастыру
барысында да жаңа білім алады.
56. Оқушылардың денсаулығын жақсарту және қимыл белсенділігін
арттыру мақсатында жергілікті атқару органдары сабақтан тыс жұмыс түрінде
спорттық секция дәрістерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
57. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойына білім беру ұйымына
келе алмайтын оқушылар үйінде немесе емдеу мекемелерінде жеке тегін
оқытумен қамтамасыз етіледі.
58. Даму жағынан мүмкіндіктері шектеулі оқушылар үшін олардың
айрықша білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім алу, дамуындағы
кемістікті түзету және әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті жағдайлар жасалады.
40
4.3. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасына
қойылатын талаптар
59. Білім беру ұйымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай
материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі тиіс.
60. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы:
1) сабақтар және сабақтан тыс іс-әрекет өткізу, демалу, тамақтану,
медициналық қызмет көрсету, спортпен айналысу, бұқаралық мәдени шаралар
өткізу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қауіпсіз және
қолайлы жағдайлар қамтамасыз ететін және санитарлық-эпидемиологиялық
талаптарға сай келетін тиісті инфрақұрылымды ғимараттардан;
2) заманауи құралдармен жабдықталған оқу кабинеттерінен (байланыс
және коммуникация, желілік өзара әрекет құралдары, кең таспалы интернет,
аудио-бейне техника, компьютерлік, мультимедиялық, интерактивті және
зияткерлік жабдықтар);
3) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай қажетті жарық және ауажылу режимі бар бөлмелер, киім ілгіш, санитарлық тораптар және жеке гигиена
бөлмелерінен;
4) мүмкіндіктері шектеулі оқушылар үшін ғимараттарда арнайы жасалған
шарттардан (логопед, арнайы психолог, арнайы педагогтың жекелей және
топпен жұмысына арналған кабинеттер);
5) оқушылардың мектеп-интернат шарттарында тұруы, тамақтануы және
демалуына арналған ғимараттардан, мектеп жанындағы жер телімінен тұрады.
61. Білім беру ұйымы білім беру ұйымының оқушылары үшін арнайы
ойын аймақтарымен жабдықталуы керек.
62 Білім беру ұйымының оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз
етілуі керек.
63. Білім беру ұйымдарын қаржыландыру:
1) жалпыға қол жетімді, тегін, кепілді бастауыш білім алу;
2) білім беру ұйымында қажетті материалдық-техникалық базаны құру;
3) оқушылар өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау шарттарын
жасау;
4) дамуы жағынан мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды логопед, арнайы
психолог,
арнайы
педагог
тарапынан
психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы керек.