close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Жаппасбай Нұрсейітов
(1923-1997)
Кеңес Одағының Батыры Жаппасбай Нұрсейітов 1923 жылы Қызылорда облы- сы
Сырдария ауданы Шіркейлі ауылында (бұрынғы Тереңөзек ауданы Қурайлы
колхозы) қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Әкеден жастайынан айырылып, өмірдің қиыншылығын көрген Жаппасбай ерте есейеді. 1939 жылы жетінші
сыныпты бітіргеннен кейін анасы Айшамен бірге колхозда жұмыс жасайды. Ол мал
дәрігері болуды армандаған. 1940 жылға дейін колхозда еңбек етіп, Отан алдындағы
борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылғанша Қызылорда қаласында теміржол
бойында қатардағы жұмысшы болып жұмыс жасаған. Шіркейлі ауылынан Ұлы Отан
соғысына 300-дей ер азамат аттанса, сол батырлардың жартысы елге оралмады.
Екінші дүниежүзілік соғыста шіркейлілік ер азаматтардың арасынан он сегіз жасында майданға аттанған Жаппасбай Нұрсейітов соғысқа бастан аяқ қатысып,
ержүрек батырлығымен көзге түскен. Сұрапыл соғыс «Мал дәрігері болсам» деген
батырды арманына жеткізбейді. Ол 1942 жылы 39-шы айрықша башқұрт әскер
дивизиясына қосылған. 1943 жылы Ж.Нұрсейітов солтүстік теңізшілер тобында
болып, полк мектебінде оқиды. Мұны бітіріп, аға сержант атағын алғаннан соң, 1943
жылдың наурыз айынан бастап жас жауынгер ұрыс даласына аттанады. Соғыста
Воронеж майданындағы 27 армияның 436-атқыштар полкінің 155-ші атқыштар
дивизиясының құрамында болған. Батыр Днепрден өту кезінде жанқиярлық ерлік,
қаһармандық көрсеткен. Ол осы шайқаста үш күн бойы өзінің майдандастарымен
150-ге жуық неміс сарбаздары мен офицерін жойып, жаудың 13 шабуылына тойтарыс
беруге атсалысқан. Осыған орай, Днепр өзенінен өтуде көрсеткен ерлігі үшін Жаппасбай Нұрсейітов КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944
жылдың 10 қаңтарында Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Қаһарман екінші
дүниежүзілік соғыс жылдарында Киев, Харьков қалаларын, Румыния мен Венгрияны
жаудан азат етуге қатысқан. Кеңес Одағының Батыры Жаппасбай Нұрсейітовтың
құрметіне сүңгуір кеме жасалған. Қазір бұл кеменің қалдықтары Ресейдің Мурманск
қаласындағы Солтүстік флоттың әскери-теңіз музейінде сақтаулы тұр. 1945 жылы
соғыс аяқталғаннан кейін Ж.Нұрсейітов елге оралады. Отанына кай- тып оралып,
елмен қауышқаннан кейін ол Өзбекстан, Тәжікстанда әр түрлі қызметтер атқарады.
Қызылорда қаласында да жемісті жұмыс жасап, еңбек демалысына шыққан. 1995
жылы 28 сәуірде Кеңес Одағының Батырына «Қызылорда қаласының Құрметті
азаматы» атағы беріледі. Қаһарман «Ленин», «Алтын Жұлдыз» секілді бірнеше орден
және медальдармен марапатталған.
«Тт-ақпарат»
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа