close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Фотографиялық материалдар
Фото – (грек) жарық, графо – сызу, жазу деген мағынаны береді. Ерте
заманда адамдар күн сәулесiнiң қараңғы бөлмеге әлдебiр дененiң көлеңкесiн
қаз-қалпында түсiретiнiн байқаған. Бұл жаңалықты ең алғаш рет аңғарған бiздiң
дәуiрiмiзге дейiнгi IV ғасырда өмiр сүрген ұлы ойшыл Аристотель.
Фотография фотосезгіш
материалдарда кескінді алудың
және
физикалық немесе басқа процестер кезіндегі сәулеленулердітіркеудің тәсілдері.
Фотография процесі төмендегідей кезеңдерден тұрады: ЖСҚ-тың кескінін не
сигнал әсеріне сәйкес жарықталынуы; түскен жарық әсерінен ЖСҚ–та
химиялық не физикалық өзгерістердің күшейе түсуі;алынған кескінді( не
сигналды) ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін өзгерістердің
тұрақтануы;алынған кескінді тексеру, санау, өлшеу, т.б. Фотография
кинемотография мен түрлі түсті фтографияның пайда болуына жол ашты.
Мұның өзі фотографияның адам өміріндегі рөлі мен мәнін арттырды. Ақпарат
пен құжат дайындауда,кино өнерінде, полиграфияда және ғылым мен
техниканың көптеген саласында фотография негізгі құрал ретінде
пайдаланылады.
Фотографиялық аппарат
Фотоаппарат (фотокамера)– нәрсенің оптикалық кескінін фотопленканың,
фотопластинканың не басқа фотоматериалдың жарық сезгіш қабатына түсіруге
арналған оптикалық–механаникалық құрылғы. Оның әуесқойлық,кәсіби және
арнаулы түрлері бар. Әуесқойлық және кәсіби фотографиялық аппаратпен
адам, портрет, табиғат көріністері мен спорт жарыстары суретке түсіріледі.
Фотографиялық
аппараттың
арнаулы
түрі
фототехникалық
жұмыстарда,аэрофототүсіруде,микрофотографияда,
т.б.
қолданылады.
Фотографиялық аппарат жарық өткізбейтін камера,фокустау тетігі бар линзалы
не айналы–линзалы суретке түсіргіш объектив, кескін іздеуіш, фотографиялық
жапқы,кассета және фотопленканы кері орау механизмінен құралады. Жарық
өткізбейтін камера фотографиялық аппараттың қалған бөліктерінен тұтастырып
біріктіретін
қорап
түрінде
болады.
Суретке
түсіргіш
объектив
фотоматериалдың жарық сезгіш қабатына нәрсенің оптикалық нақты кескін
түсіреді. Кейбір фотографиялық аппараттар алмалы-салмалы объективтермен
(фокус аралығы айнымалы болып келетін) жабдықталады. Объективті фокустау
арнайы сақинаны бұрау,объектив жиегінде межеленген индексті қашықтықты
көрсететін шкала мен үйлестіру немесе бұлыңғыр шыныдағы нәрсе кескінін
кмера ішіндегі нәрсе кескінімен дәл беттестіру арқылы да жүзеге асырылады.
Кескін іздеуіш суретке түсірілетін нәрсенің кадрдағы орналасу қалпын анықтау
үшін пайданалынады. Фотографиялық жапқы жарық сезгіш қабатқа белгілі бір
уақыт аралығында жарық шоғын жіберіп отырады. Мұны сезгіш қабатқа
ұзақтығы әртүрлі жарық шоғын автоматты түрде түсіру үшін фотографиялық
жапқы арнаулы құрылғанымен( кідірту механизмі деп аталатын)
жабдықталады.
Инфрақызыл фотография - инфрақызыл сәуле көмегімен анаулы
фотографиялық материалға бейне түсіру. Ол аэросурет түсіруде, археологияда,
астрономияда, физикада, биологияда, медицинада, криминалистикада т.б. жай
көзге көрінбейтін объектілерді және олардың жекелеген детальдарын анықтау
үшін пайдаланылады. Инфрақызыл фотоға түсіру үшін толқын ұзындығы 7000 13000А сәуле сезгіштігі бар фотографиялық материалдар қажет. Сыртқы жарық
әсері тимеу үшін тек 7000А - нен жоғары сәуле өткізетін жарық сүзгі
қолданылады. Кескін айқындығын белгілеу қызыл түсті жарық сүзгі немесе
фокусқа келтіру әдісі арқылы іске асырылады. Осы тәсілмен суретке түсіру
кезінде объектив диафрагмасы толық ашылып қойылады. Әйтпесе бейне айқын
көрінбейді.
Аэрофотосурет - ұшақтан немесе басқа ұшатын аппараттан алынған
жергілікті жердің суретке түсірілген бейнесі. Геометриялық жағынан
Аэрофотосурет орталық (немесе басқа) проекциялы болып саналады, оның
проекциялау
ортасы аэрофотоаппарат объективінің
артқы торап
нүктесі болады.
Аэрофототүсіріс
түріне, аэрофототүсіріс жүргізілген
аэрофотоаппараттың типіне және Аэрофотосуреттерді келесі өндеуге
байланысты аэрофотосуреттердің мынадай атаулары қарасрастырылады.

горизонталь аэрофотосурет - аэрофотоаппаратгьгң оптикалық өсінің
бұлжымайтын тік жағдайында алынған аэрофосурет. Жазық және еңістігі жоқ
жергілікті жер жағдайында горизонталь аэрофотосурет масштабы барлық аудан
бойынша тұрақты.

түрлі түсті аэрофотосурет - жергілікті жер табиғи жағдайына жақын
түспен
бейнеленген
аэрофотосурет.
Қара-ақ
аэрофотосуреттермен
салыстырғанда, түрлі түстіде қосымша бажайлаулық белгі — түс пайда болады.
Түрлі түсті аэрофотосуретте өсімдік жамылғысы, өзендер, батпақтар, елді
мекендер және жергілікті жердің басқа да объекгілері жеңіл, толық және анық
бажайланады. Түрлі түсті аэрофотосуретті алу үшін арнайы үш қабатты
фотографиялық материалдарды пайдаланады.

спектрзоналық аэрофотосурет - түрлі түсті аэрофотосурет; онда
жергілікті жердің объектілері өздеріне тән табиғи емес, бірінен-бірі күрт өзгеше
шартты, мысалы, ал кызыл және көгілдір, қызыл және көк түстерде
бейнеленеді. Осының нәтижесінде әр түрлі объектілер бір-бірінен өздерінің
бояуымен анық ерекшеленеді. Спектрзоналық аэрофотосуреттер бүкпеленіп
қалған объектілерді, ағаш түрлерін, топырақ типтерін және тағы да басқалары
жеңіл табуға мүмкіндік береді. Спектрзоналық аэрофотосуреттерді алу үшін
жергілікті
жердегі
объектілердің
кереғарлығы
ең
көп спектрлік
зоналарды суретке түсіруге мүмкіндік беретін, көбінесе екі қабатты
арнайы фотографиялық материалдар пайдаланылады.

топографиялық
аэрофотосурет
топографиялық
аэрофотоаппаратпен алынған аэрофотосурет. Топографиялық аэрофотосурет
шешу қабілеті көп (ортасында, шамамен, 40 лин/мм) және бейнені салудың
жоғары долдігімен ерекшеленеді. Топографиялық аэрофотосуреттерде
координаталық
таңбалар
және
координаталык
нүкге,
аэрофотоаппараттың фокустық
қашықтық шамасы,
деңгей,
суреттің
деформациясын ескеруге мүмкіндік беретін бақылау торының қиылысы немесе
таңбалары, суретке түсіру күні, сурет нөмірі және аэрофотосуреттерді
фотограметриялық өңдеу кезінде маңызы бар баска да мәліметтер тіркеледі.

панорамалық аэрофотосурет - панорамалық аэрофотоаппаратпен
алынған аэрофотосурет. Геометриялық қасиеттері бойынша перспективалық
сурет болып саналады, оның орта бөлігіндегі масштабы пландыққа жақын және
бейне горизонтқа жақындаған сайын ұсақтай түседі. Ұшу сызығына көлденең
панорамалық аэрофотосуреттің мөлшері сканирлеу бұрышы шамасына және
аэрофотоаппараттың
фокустық
қашықтығына
байланысты
болады. Картографиялау үшін панорамалық аэрофотосурет пайдаланылмайды.

саңылаулы аэрофотосурет - саңылаулы аэрофотоаппаратпен
алынған аэрофотосурет; ол кассетаның сыйымдылығына байланысты ұзындығы
60 м немесе 120 м тұтас болып саналады (жеке кадрларға бөлінбеген).
Геометриялық қасиеттері бойынша саңылаулы аэрофотосурет пландық
аэрофотосуреттерге жақын. Картографиялау мақсатында пайдаланылмайды.

ортогональдық аэрофотосурет (ортофотосурет) — жергілікті жердің
ортогональдық проекциядағы суретке түсірілген бейнесі. Ол саңылаулы
фототрансформаторда, ортофотопроекторда немесе саңылау
арқылы
проекциялауға арналған құрылғымен жабдықталған басқа фотограмметриялық
аспаптарда дифференциалдық өзгеру жолымен алынады.

өзгертілген аэрофотосурет - өзгерту арқылы горизонтальға
келтірілген пландық немесе перспективалық аэрофотосурет.
Пландық немесе перспективалы аэрофотосуреттерді горизонтальдыққа
өзгерту. Өзгерту процесіне, сондай-ақ аэрофотосуреттерді берілген масштабқа
келтіру және жергілікті жер бедері ссбеп болған бүрмалануды азайту енеді.
Aэрофотосурет өзгертудің мынадай әдістері бар.

фотохимиялық әдіс. Мұнда Aэрофотосурет өзгерту төрт тірек
нүктелері бойынша фототрансформаторда орындалады. Тірек нүктелері бар
планшетті экранға жайғастырып, оған аэрофотосуретті проекциялайды.
Өзгертудің мәні экран мен негативті немесе экран мен объсктивті айналдырып,
экранға проекцияланған аэрофотосуреттің сәйкес нүктелерімен планшеттегі
тірек нүктелерінің беттесу жағдайына жету болады. Осындай жағдайға жетіп,
проекцияланган бейнені фотоқағазға белгілейді де, өзгертілген аэрофотосуретті
алады. Егер жер төбелі болса, онда тірек нүктелерінің орындарына жер бедері
үшін түзетулер енгізіледі. Өзгертілген аэрофотосуреттерден фотоплан
жасалады.

талдау әдісі - фототриангуляция торабын құрғанда көп
қолданылады. Бұл одіспен барлық аэрофотосурет өзгертілмейді, тек қана
торапқа кіретін нүктелер өзгертіледі. Осы нүктелердің координаталары көлбеу
аэрофотосуреттерде өлшенеді, содан соң аэрофотосуреттер горизонталь болған
жағдайдағы координаталары көлбеу және горизонталь аэрофотосуреттер
арасындағы тәуелділік формулалары арқылы есептеледі.

оптикалық - графикалық әдіс. Бұл әдісте Aэрофотосурет өзгерту
фотомеханикалық әдістегі сияқты трансформаторда жасалады, бірақ экранға
проекцияланған
негативтегі
бейнені
фотоқағазға
белгілемей,планшетке жасалатын картаның шартты белгілерімен сызады.
Фотографиялық материалдар жарық сезгіш материалдар және олар
фотографиялық сурет алу ға негізделген. Фотографиялық материалдар ретінде
жиі қолданылатыны галоген күміс қосылысы. Онда жарық сезгіш материал Аg
болып табылады. Егер күміс болмаса оның орнына жарық сезгіш элементтер
Fe, Cr, диазон тұздары пайдаланылады.
Галоген
күмісті
фотографиялық
туындылар
әр
түрлі
классификацияланады: кәсіпқой немесе әуесқой фотолар, кәсіпқой және
әуесқой киноматография, қолданылу саласы бойынша (өндірісте, ғылыми
жұмыста,фототехникада,
радиографияда,
аэротүсірілімдерде,
астрофотографияда, голографияда, микрофильмирлеуде және т.б.); түсірілген
суреттің түсіне байланысты (қара-ақ, түрлі түсті, монохроматты, яғни, бір түсті
боялған сурет); қолданылуы бойынша – негативті, позитивті; полимерлі
заттарға шығарған кезде – фото және кинопленкада; қатты негізді пайдалану
арқылы (фотопластинкалар, олар шыныдан немесе керамика, металдан
жасалады); қағазда, форматы бойынша – қағазды және рулонда.
Фотографиялық материалдар сенситометриялы (жалпы және эффектілі
жарық сезгіштік, оптикалық тығыздығы), физикалық қасиетімен сипатталады.
Сенситометрлі қасиетін тәжірибе арқылы табады. Ол сенситограммалы
графиктен анықталады. График lgH және оптикалық тығыздығының көрсеткіші
арқылы сызылады. Оптикалық тығыздық металл күмістің түзілгендігін және
түстің қараюы арқылы өзгереді.
Тәжірибе стандартты жағдайда өткізіледі және онда ең басты фактор
түстің температурасы. Ол арқылы жарықтың спектралді құрамын білуге
болады. Ол Кельвинмен есептеледі. Сеситометрлі өлшеу кезінде үш түстің
температурасы қолданылады. Олар 2850К – қағазды фотоларды сынағанда,
3200К – позитивті кинопленкаларда, 6500К – негативті фото материалдар үшін.
Оптикалық тығыздықтың экспозицияға тәуелді өзгерісі.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа