close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
АҚШ-ТАҒЫ ЗЕРТТЕУ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАБАНДЫЛЫҒЫН
ДАМЫТУ
Кейбір оқушылар қиыншылыққа тап болған кезде неге бірден беріле салады немесе
басқалары қиындықты сенміділікпен жеңіп жатқанда бұлар жұмыстарын тастап кетеді
Керол Двек Калифорниядағы Стендфорд университетінің психология профессоры, көп
жылдар барысында оқушыларды бір нәрсені табандылықпен жеңуге ненің
құлшындыратыны туралы жаңашылдық теориясын жасап шығарды.
Оқушылар өздері туралы не ойлайды
Профессор Двек оқушылардан өздерінің ақыл-ой қабілеттері жөнінде
не
ойлайтындықтары туралы сауалнаманы толтыруды сұраған кезде, ол оқушылардың
жартысы «шектеулі дүниетаным» иелері екендіктерін білді. Олар өздерін шектеулі
ақыл-ой қабілеттері қорымен туғанбыз және оны әрі қарай дамытуға шамаларымыз
жетпейді деп ойлайды екен. Олар барлық мәселе дарында – бұл тұқымға байланысты
деп те ойлайды. Қиындыққа тап болған кезде олар бірден беріле салатын және
«менде ешқашан жақсы жады болған емес» «бұл менің қолымнан келмейді» деп
барлығын өздерінің зияткерлік қабілеттерінен көретін.
Алайда оқушылардың қалған жартысы «кең дүниетаным» иелері екен. Олар мүмкіндік
пен жетістік оқуға байланысты, оқу уақыт пен жігерді талап етеді деп ойлайды.
Қиындыққа тап болған кезде олар «мен қарқынды азайтып, мұны түсінуім керек» және
«мен мұны жаңа ғана түсіндім» деп жігерлене жұмыс істейді.
Двек барлығын тастау немесе бір нәрсеге табандылықпен қол жеткізу дағдының
шынайы деңгейіне байланысты болмайтындығын білгенде таң-тамаша болды.
Көптеген дайындықтары жақсы оқушылар бірден беріле салатын, күмәнданатын, ал
бұл кезде дайындықтары аздау оқушылар қиындықты құлшына және табанды жеңе
білді.
Ақыл-ой қабілеттері шектеулі деп ойлайтын оқушыларға қалай көмектесуге
болады?
Двек барлық оқушыларға тапсырманың сәтсіз орындалуын қарастыра отырып,
жеңілісті кері қабылдаудың орнына қажырлылық пен табандылықты жақсартуға
болатындай етіп ақыл-ой қабілеттерін ынталандыруды ұсынады. Ол «бұл жерде сен
мықтысың» деген сияқты тұлғаға бағытталған мақтаудан қашуды ұсынады, өйткені
бұл оның жеке қасиеттері есебінен жеткен жетістігін білдіреді де, оқушыларға
қиындықтарды өздерінің жеке әлсіздіктері ретінде қабылдауға үйретеді. Керісінше,
Двек «сен шынымен де тырыстың» немесе «мұны орындауда бұл жақсы тәсіл болды»
деген сияқты үдеріске бағытталған мақтауды ұсынады, өйткені ол жігерді шығындай
отырып, тиімді стратегияларды табуға, табысқа жетуге қажетті үдеріске басты көңіл
бөледі. Сонымен қатар ол «сенің тапсырмаң мұқият қаралды және сенің
қорытындыларыңның дәлелдері сапалы деректер береді» деген сияқты міндеттерге
бағытталған мақтауларды ұсынады.
Двек, кең зияткерлік қабілеттері бар оқушыларға қолданылатын ішкі диалогпен жұмыс
істей отырып, оқушыларда ұшырасатын қиындықтардың белгілі түрлері бойынша
айырықша тапсырмаларды шешуге стратегиялар ұсына отырып, мұғалімдерге
оқушылардың табандылығын қолдауды ұсынады. Ол сонымен қатар, мұғалімдерге
біріншіден, оқушылардың дағдыны үйрену кезінде уақыт пен жігерді шығындау
қажеттігін нақты түсіндіруді ұсынады, екіншіден, басындағы сәтсіздік бұл
тапсырманың жұмыс істеуге тұрарлық тапсырма екендігінің жақсы көрсеткіші болып
табылады.
Керол Двектің сауалнамасы
1-қосымшаны қараңыз.
Сілтеме
Dweck, C. (2000) Self-theories: Their role in motivation, personality and development.
Philadelphia: Taylor and Francis.
1-қосымша: Двек сұрақтары
Ақыл-ой қабілеттері шектеулі Толық
болып
табыла
ма?
Сіз келісемін
мұнымен келісесіз бе? Бір
пікірді таңдаңыз.
Сізде белгілі бір ақыл-ой
қабілеттерінің қоры бар ма және
сіз оны түбегейлі өзгерте аласыз
ба?
Сіздің ақыл-ой қабілеттеріңіз өте
қарапайым
және
сіз
оны
түбегейлі өзгерте аласыз ба?
Сіз бір жаңа нәрсені зеделей
аласыз, алайда сіз өзіңіздің ақылой
қабілеттеріңізді
өзгерте
алмайсыз.
Сіздің ақыл-ой қабілеттеріңіздің
деңгейі маңызды емес, сіз оны
аздап өзгерте аласыз.
Келісемін Келіспеймін Үзілдікесілді
келіспеймін
Сіз
өзіңіздің
ақыл-ой
қабілеттеріңізді едәуір өзгерте
аласыз
Жеке
қасиеттер.
таңдаңыз.
Біреуін Толық
келісемін
Сіз өте мейірімді адамсыз және
мұны
сіздің
айтарлықтай
өзгертуіңіз екіталай.
Сіздің қаншалықты мейірімді
адам екеніңіз маңызды емес, сіз
оны кез келген уақытта едәуір
өзгерте аласыз.
Сіз нәрселерді басқаша жасай
аласыз, бірақ
тұлғаңыздың
маңызды бөліктерінің өзгеруі
мүмкін емес.
Сіз өз мінезіңіздің негізгі
белгілерін кез келген уақытта
өзгерте аласыз.
Келісемін Келіспеймін Үзілдікесілді
келіспеймін
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа