close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
МЕКТЕПТІҢ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ МОДЕЛІ
Кіріспе
Мектепті дамытуды жоспарлау жай ғана жазбаша жоспар дайындау емес, ол іске
асыру, рефлексия және мониторинг сияқты сатылардан тұратын біртұтас үдеріс болып
табылады. Осы қосымша нұсқаулықта мектептің оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу
мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) Кембридж
университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы жалпы
білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан әрі –
Бағдарлама) аясында қолданылатын модель қарастырылады.
Мектептің дамуын жоспарлау үдерісі – мектеп директорына енгізілетін өзгерістерді
басқаруға көмектесу тәсілі. Сонымен қатар, ішкі эвалюация үдерісі директорға олардың неге
қол жеткізгенін және өзгеріс енгізу үдерісі мақсатқа сай және үйлесімді жолмен жүруі үшін
тағы не істеу керектігін анықтауға көмектеседі. Бұл үдеріс өзара сабақтас бірнеше
қадамдардан тұрады, олардың нәтижелері жазбаша баяндалған қорытындылары болмақ. Бұл
қорытындылар мектептегі оқыту мен оқуды дамытуға бағытталған Мектепті дамытудың
жалпы жоспарының бір бөлігі болып табылады. Төмендегі 1-суретте Білім беру факультеті
Орталық командасымен және тәжірибелі тренерлермен, мектеп директорларымен бірлесе
отырып әзірлеген модель ұсынылған. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының Бірінші деңгейі бойынша оқитын
мұғалімдер мен мектеп басшылары осы модельді қолданатын болады.
1-суретте нөмірленген ұяшықтар: 1) аудит; 2) стратегиялық басымдықтар; 3) ісшаралар, іске асыру және эвалюация жоспарлары; 4) мониторинг туралы есепті қамтитын
жазбаша нәтижелерді көрсетеді. Үдеріс диаграмма түрінде ұсынылып, ондағы қадамдардың
бір-бірімен байланысын көрсету үшін сызықтар қолданылған. Төмендегі тарауларда әрбір
саты толық талданады.
1. Ішкі эвалюация және аудит жүргізу
Ішкі эвалюация – директор өз мектебін жетілдіруге қызығушылық білдіретін
ойдағыдай дамып жатқан мектептердегі үздіксіз үдеріс. Бірақ директорлары өз күштеріне
сенімсіз және басшылары даму аясын анықтауда жайсыздық сезінетін мектептерде ішкі
эвалюация төмен бағаланады. Орталық қызметкерлері этикалық талаптарды сақтай отырып,
осы тектес қауіптерді біріктіруге тырысады. Этикалық талаптардың көздегені: бастапқы
аудиттің ішкі эвалюациясы, ең алдымен, директорларға өз мектептерінің дамытуды қажет
ететін салаларын анықтауға көмектесіп, бұл ақпаратты мектеп нәтижелерін талқылауда негіз
етіп қолдануға ықпал ету.
Бағдарламаның өнегелілік мақсаты балалар мен жасөспірімдерге табысты оқушы
болып қалыптасуына көмектесу болып табылады. Сондықтан, оқыту мен оқу тәжірибесіне
өзгеріс енгізердің алдында оқушылардың өз оқуы жайлы не ойлайтынын анықтап алу
маңызды. Сол себепті даму үдерісінің бірінші сатысы мектеп туралы дерек жинау болмақ.
1-сурет. Оқыту мен оқуды дамытуға бағытталған Педагогикалық шеберлік орталығының
Мектепті дамыту жоспарының моделі
a) Мектептің ішкі эвалюациясы
Бағдарламада ішкі эвалюация шешім табуға көмектесетін ақпаратты жинақтауды
көздейтін Курсалды тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, мектеп
жағдайында шешім қабылдау үдерісіне көмектесетін кез келген ақпаратты немесе ойтұжырымды эвалюация нысаны деп санауға болады. Ішкі эвалюацияға мұғалімдер мен
мектепті басқаруға үлес қосатын басқа да адамдар қатысады. Ішкі эвалюация
қорытындысында мектеп басымдықтарын белгілеу барысында шешім қабылдауға арналған
мәліметтер ұсынылады. Бұндай эвалюация көп уақыт алып, көп күш пен ресурсты қажет етуі
мүмкін, алайда ол өзгеріс енгізудің маңызды тетігі болып табылады.
ә) Құндылықтарымызды бағамдау
«Біз жеңіл өлшей алатынымызды
бағалауды қойып, құндылықтарымызды
өлшеп үйренуіміз керек».
(АҚШ Конгресінің баяндамасы, 1992)
Егер біз «құндылықтарымызды өлшеп үйренетін болсақ», «біз» дегенде бөгде
сарапшыларды, саясаткерлер мен мектеп әкімшілігін емес, бүкіл қауым құндылықтарын
меңзеуіміз маңызды. Бұл сұрақ сондай-ақ, оқытуды жақсартуға тікелей үлес қосатын және
оқытудағы қателіктер ең қымбат түсетін адамдарға да, атап айтқанда, оқушылар,
мұғалімдер және ата-аналарға да қатысты болуы тиіс.
Мектептің өз міндеттерін орындау сапасы туралы алынған ақпарат күн сайын мектеп
өміріне белсене араласатын осы маңызды «мүдделі тұлғалардың» басымдықтарын мейлінше
анық көрсетеді. Тиісінше, Курсалды тапсырмалардың міндеті оқушылардан, ата-аналар
мен мұғалімдерден кеңес алу болып табылады. Олардың пікірлері оқушылардың үлгерімі
туралы жалпы мектеп деректерімен бірге қолданылып, осы үдеріс белгілі бір өзгеріс
енгізердің алдындағы мектептің бастапқы аудиті болмақ.
c) Аудит жүргізу
Соңғы аудит жазбаша есеп түрінде жасалады, оған мектеп туралы деректердің егжейтегжейлі талдауы мен мектепті дамытудың негізгі бағыттары туралы ұсыныс қамтылған ішкі
эвалюацияның түйінді нәтижелері кіреді. Мектептің стратегиялық басымдықтарына қатысты
келесі тарау да даму үдерісін басқаруда пайдалы болмақ.
2. Мектептің стратегиялық басымдықтары
Өзгеріс енгізу салаларын анықтау
Мектептің нәтижелілігі мұғалімдердің балаларға беретін білімінің сапасымен,
олардың оқушыларға қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ «олардағы ең үздік
қасиеттерді анықтау» қабілетімен өлшенеді. Үздіктерді анықтау – бұл табысты
мұғалімдердің ісі. Оқушылардың мектепте алатын тәжірибесі өте маңызды болып табылады.
Олардың оқуына не ықпал етіп, қолдау көрсетеді деген сұраққа балалар бірінші орында
мұғалімінің дағдылары мен оқыту сапасын атады. Курсалды тапсырмаларды орындау
барысында жинақталған мектеп туралы деректер мектеп директорына стратегиялық
басымдықтарды белгілеуге көмектесетін тәжірибе негізінде алынған дәлелдер болып
табылады.
Тағы бір маңызды шара табысты мектептің қандай болатынын, табысты мектепте
мұғалімдердің не істейтінін және оқушылар табысты оқыту мен оқу жайлы не дейтінін
анықтау болмақ. 1-қосымшада мектептер өзгеріс енгізудің бастапқы сатысында және алдағы
даму мақсаттарын белгілеу үшін пайдалана алатын даму бағыттары берілген. 2-қосымшада
мектептегі жағымды өзара қарым-қатынас көрсеткіштері, ал 3-қосымшада сыныптағы
жағымды ахуалдың дәлелдері ұсынылған.
3. Мектептің даму жоспары
Мектептің даму жоспары – бұл мектепті дамытуға бағытталған болашақ әрекеттер
қарастырылатын құжат.
Жалпы жоспар әдетте үш бөлімнен тұрады. Мектепте өзгеріс енгізуге бағытталған
қандай іс-шаралар әзірленеді (жоспарланады), қандай шаралар іске асырылады және даму
үдерісін бағалау үшін қандай дәлелдер жинақталады. Кейде бұл үш тармақты қосып ісшаралар жоспары деп атайды, сөйтіп адамдарды шатыстырады. Бағдарлама аясында
қолданылатын модельде біз жоспарды негізгі үш бөлімге бөлдік.
a) Іс-шаралар жоспары
Іс-шаралар жоспарын жасау барысында шынайы және өлшеуге болатын мақсат қою
аса маңызды. Тиімді жоспарда алға ілгерілеудің бар екендігін тексеру мерзімі де көрсетіледі.
Сонымен қатар жоспарда қол жеткізілген табыс қалай өлшенетіні, қандай іс-шаралар
қабылданатыны және келешекте не істеу керектігі жазылады.
1) өзіңіздің жоспарлы мақсаттарыңыз бен табыс критерийлеріңізді анықтаудан
бастаңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
 Табыс дегеніміз не?
 Әзірлеу барысы аяқталғанын қайдан білемін?
 Бұл жұмыстың табысты болғанын қайдан білемін?
 Бұл әрекеттердің барлығын қалай өлшеуге болады?
2) Іс-шаралар жоспарын әзірлеуде кеңінен қолданылатын техниканың бірі – алға
қойған мақсат-міндеттеріңіздің SMART талаптарына сәйкес келетіндігін анықтау. Ал
SMART дегеніміз не?
Specific (арнайы, нақты)
Сіздің мақсаттарыңыз нақты ма?
S
Табыс критерийлері қандай? Сіздің мақсаттарыңыздың
M Measurable (өлшеуге
болады)
ауқымы қандай және күткен нәтижеге қол жеткізгеніңізді
қалай түсінуге болады?
Алға қойған мақсаттарға жетуге қажетті ресурстар бар ма?
A Attainable (қолжетімді)
Realistic
(шындыққа
сай)
Сіздің шектелген уақытыңыз бен ресурстарды есепке
R
алғанда, мақсаттарыңыз шын мәнінде қол жеткізерлік пе?
Timed (белгілі бір уақыт
Шектеулі уақыт деген не? Тағы не істеу қажет, оны кім
T
аралығымен шектелген)
және қандай уақытта істеу керек?
Төмендегі кестеде Сізге мақсат қою барысында пайдалы болатын құрылым ұсынылған.
SMART мақсаттар
Басшы
Қатысушылар
Мақсат
Орындалатын ісЖауаптылар
Орындалатын Жұмыс нәтижелері
шаралар
мерзімі
ә) Іске асыру жоспары
Келесі саты Сіз өз іс-шаралар жоспарыңызда белгілеген өзгерістерді қалай
енгізетініңізді егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді.
Бастапқы жоспарлау
1. Өзгеріс енгізу тобына кімдер кіреді?
2. Жобаның ауқымы мен мақсаттарын келісіңіз.
3. Жұмыс кестесін жасаңыз.
4. Жобаның бюджетін анықтаңыз.
5. Жобаның қандай уақытқа созылатынын анықтаңыз.
6. Табысқа жету үшін жобаға кім қатысу керектігін шешіңіз.
Жоба құрылымы
7. Өз тобыңызбен бірлесіп, жобаны іске асыруға қатысты әрекеттеріңіздің құрылымын
жасаңыз.
Ілгерілеуді қолдау
8. Кесте бойынша жобаның мерзімдік тексерістерін анықтаңыз.
9. Бүкіл топтың жұмысқа асқан қызығушылықпен қатысуына ықпал ету үшін қандай
стратегияларды қолданатыныңызды шешіңіз.
Төмендегі сияқты кестені әрбір сатыда қолдану пайдалы болмақ.
Мысал: Іске асыру жоспарын бақылау парағы
Іс-шаралар
Өзгеріс енгізу тобына мүше етіп алу мақсатында талантты және дарынды
мұғалімдерді анықтау, ол топта директордың орынбасары немесе Бірінші деңгей
бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімнің болуы міндетті
Мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне назар аудара отырып, стратегиялық даму
басымдықтарын анықтау
Сізбен бірге өзгеріс енгізу тобында жұмыс істеуі үшін директорға/ директордың
орынбасарына немесе Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімге
тәлімгерлік ету. Топпен бірлесіп өзгеріс енгізуге бағытталған ақылды мақсаттар
белгілеу
Мұғалімдердің шағын тобының жұмысына қолдау көрсету мақсатында коучинг
жоспарын әзірлеп, енгізу үшін курс тыңдаушысы директормен/ директордың
орынбасарымен жұмыс істейді
Мұғалімдерге жеті модульді қамтитын тізбектелген сабақтар топтамасын (орта
мерзімді жоспарды) дайындауға көмектесу үшін Екінші деңгей бағдарламасы
бойынша оқыған мұғалімдер мен әдіскерлерден тұратын топқа арнап коучинг
жүргізу. Курс тыңдаушылары осы үдерістің алға жылжу қарқынын және оның
нәтижелерін қадағалайды
Кім?
Мерзі
мі
Бірінші деңгей
бағдарламасын
игерген мұғалім
немесе
директордың
орынбасары
Кездесулердің
жазбалары
ДИРЕКТОР
Тәлімгерлік
Аудио таспалар
Тәжірибелі
мұғалім
Фотосуреттер
Рефлексиялық
күнделік
Мұғалім
немесе Екінші
деңгей
бағдарламасын
игерген мұғалім
Бейнежазбалар
Коучинг
жоспарлары
немесе Үшінші
деңгей
бағдарламасын
игерген мұғалім
Мұғалім
Қадағалау
Балалар
Портфолиоға
қосылады
Балалар
немесе Әдіскер
Сабақтарды
қадағалау
Кездесулердің
жазбалары
немесе Үшінші
деңгей
бағдарламасын
игерген мұғалім
Мұғалім
Балалар
Орта мерзімді
жоспарлар
немесе Үшінші
деңгей
бағдарламасын
игерген мұғалім
Мұғалім
Сабақтарды
эвалюациялау
Lesson study
бойынша сұхбат
Балалар
Оқушының
көзқарасы
Коучинг
Балалар
Оқушының
жұмысы
Балалар
Ата-аналардың
пікірі
2-сурет. Нәтижелерді эвалюациялауға арналған дереккөздер
Балалар
б) Эвалюация жоспары
Эвалюация жоспарланып отырған өзгерістерге қатысты бұл даму үдерісі
пайдалы ма екендігін анықтау жолын қарастырады. Дегенмен, тиімді эвалюацияның
арқасында басқа да маңызды сұрақтарға жауап алуға болады.
Эвалюация өзгерісті енгізгеннен кейін бірден бұл өзгерістерді өлшеу үшін және
бұл өзгерістің шын мәнінде қабылданған шаралардың салдарынан болғанын анықтау
үшін қолданылады.
Нәтижеге бағытталған эвалюация мынадай сұрақтарға сүйенеді:
 Қандай нәтижелер өлшенеді (мысалы, мінез-құлықтың өзгеруі немесе білімі
мен түсінігінің өзгеруі) және неліктен?
 Осы нәтижелерді нақты қалай өлшеуге болады?
 Өзгеріс енгізу нәтижесіндегі өзгеретін қатысушылардың күтілетін саны
қандай? Осы көлемге қол жеткізуге бола ма?
Бұл өзгеріс енгізу үдерісі табысты болу үшін күтілетін нәтижені өлшеу үшін
қолданылатын көрсеткіштер туралы толық ақпарат қажет. 2-суретте Сіз Мектептің
даму жоспарын жүзеге асыру аясында енгізілген өзгерістерді бағалау үшін
жинақтайтын деректердің түрлері келтірілген.
4-қосымшада оқыту тәжірибесіне эвалюация жасауға арналған сұрақтар тізімі
ұсынылған. 5-қосымшада дерек жинау әдістері туралы толық ақпарат баяндалған. 6
және 7-қосымшаларда сыныпты қадағалау парақтарының үлгілері берілген. Соңғы 8қосымшада мектепті дамыту жоспарының үлгісі ұсынылған.
4. Мониторинг туралы есеп
Үдерістің соңында өзіңіздің бағалауға арналған портфолиоңызға қосу үшін
жазбаша есеп дайындауыңыз қажет. Жалпы есеп нақты, анық және оны оқыған
адамдар үшін түсінікті болуы тиіс және төмендегілерді қамтиды:
 Эвалюацияның түйінді нәтижелері ұсынылған қорытынды;
 Эвалюация жасалған өзгерістің нақты сипаттамасы;
 Эвалюация мақсатын және оның қалай өлшенетінін сипаттау (мысалы,
мінез-құлықтың, түсінудің өзгеруі);
 Дерек жинау әдістерін қоса алғанда, қолданылған әдістемелердің нақты
түсініктемесі;
 Нәтижелер, олар әдетте өзгеріс енгізудің мақсатымен байланысты, оның іске
асырылуы осы мақсаттарға қарай бағаланады (бұл жерде оның себебіне және
болжамды қауіп-қатерге назар аударған жөн);
 Қорытынды, алынған тәжірибені талдау және ұсынымдар;
 Қосымшалар, өзгеріс енгізу немесе эвалюация үдерісіне қатысты қызықты
болуы мүмкін кез келген анықтамалық ақпарат (мысалы, пайдаланылған әдебиет,
сауалнама жүргізілген адамдар тізімі және қарастырылған құжаттар).
Сандық нәтижелер:
 Кесте түрінде келтірілген сандық деректер (мысалы, пайыздар мен
рейтингілер). Кестелер арқылы нәтижелерді толығырақ қарастыруға болады әрі
айырмашылықтар мен ұқсастықтар анық көрінеді.
 Нәтижені өлшеуге арналған «ия» және «жоқ» деген жауаптарды біріктіріп,
ортақ сан алуға болатындай етіп көбейту қажет.
 Көрсеткіштер мен есеп ұсынған респонденттердің нәтижелерін әр сұраққа
берілген орташа жауапты есептеу арқылы шығарған жөн. Сондай-ақ, қанша адам
бірдей жауап бергенін санау қажет болады.
 Өзгеріс енгізу үдерісі ұзақ мерзім бойы бақыланса, оның қарқын алу және
төмендеуін анықтау үшін пайызды қолдануға болады.
 Егер іріктелетін ақпарат көлемі үлкен болса, қосымша статистикалық есептер
жүргізуге болады, мысалы, орташа мәннен ауытқу. Бұл нәтижелер жауаптардың ішінен
неше нұсқаны санауға болатынын және олардың орташа мәннен қалай ауытқитынын
көрсетеді.
Сапалық нәтижелер:
 Сан мен көрсеткіш түрінде ұсынылмаған жауаптарды топтастыру үшін ортақ
тақырыптар мен топтарды анықтаудың басқа жолдарын табу қажет. Мысалы, фокустоптың нәтижелерін дәйексөз түрінде құрып, оларды ұқсас жауаптар мен санаттар
бойынша топтарға біріктіруге болады.
 Жауаптардың арасынан құрылымды анықтау қажет: Әр түрлі тақырыптар
бойынша жауап берген респонденттердің ойлары бір арнаға түйісе ме? Олардың
реакциясы және/немесе қызығушылықтары ұқсас па?
 Нәтижелерге түсініктеме беріп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
ескеру арқылы бірнеше жауапты біріктіру және тақырып беру.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа