close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

Thinking about your classroom practice

код для вставкиСкачать
Оқыту үшін бағалауды пайдалану
3-тәсіл
СЫНЫПТАСТАРМЕН ӨЗАРА БАҒАЛАУҒА КӨМЕКТЕСУ
Оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауға
қарағанда, өзара бағалау және өзін-өзі бағалаудың мәні анағұрлым зор. Бұл
үдерістің мақсаты олардың назарын өз жұмысының сапасына аудару және
жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады.
Нәтижесінде бұл оқушыларды оқытуды дамытуда жауапкершіліктің жалғыз
мұғалімге ғана жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын
жеңілдетуі тиіс.
Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни
бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен
талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін-бірі сынауға мүмкіндік
береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға
ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін
жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
«Баға қоюдан» басқа оқушыларды өзара бағалау үдерісіне тартудың
көптеген тәсілі бар. Өзін-өзі бағалаудың барлық стратегиясына ортақ нәрсе
түрлі критерийлердің қолданылуы болып табылады. Ол атқарылған
жұмысқа қолданылатын сабақтың табыс критерийлері (2-деңгей, ОдО 1стратегия қараңыз) немесе жай ғана тиісті сұрақтарды құрастыру болуы
мүмкін, кейіннен таныстырылым барысында құрбы-құрдастарына осы
сұрақтарды қоя алады.
Жазбаша жұмысты өзара бағалауға келер болсақ, ол мұғалім
жұмыстарды тексеруді толығымен тоқтатады деген сөз емес; мұғалімге
жұмыстарды қарап шығып, өзінің пікірлері мен ескертулерін айту қажеттігі
сөзсіз. Жұмыстың белгілі-бір бөлігін мұғалімнің бағалауына дейін өзара
бағалау болады немесе кей кездері мұғалімнің тексеруінің орнына өзара
Пол Варвик және Элейн Уилсон
Кембридж Университеті Білім беру факультеті
Оқыту үшін бағалауды пайдалану
бағалауды қолдануға болады. Дегенмен де, бұл үдерістің мақсаты мұғалімді
алмастыру емес, оқушыларды өз жұмысын жақсарту жолдарын тануға
көмектесу болып табылатындығын ұмытпау керек.
Енді мұны өз сабақтарыңызда қолданып көріңіз
Өзара бағалауды дамытуға ықпал ететін көптеген стратегиялар бар.
Төменде екі нұсқасы келтірілген. Бір рет қолданғаннан стратегияның
әлеуетін
толыққанды
бағалауға
мүмкіндік
болмайтынын
естеріңізде
сақтаңыздар, сондықтан таңдап алынған стратегияны кем дегенде екі
сабақта
қолданып
көру
қажет
(асылы,
оны
сыныпта
қолданатын
тәсілдеріңіздің қатарына қосқан дұрыс).
N.B. Бұл стратегиялар оқушыларға оқытудың мақсаттарын және
алға қойылған нәтижелерін тұрақты негізде айтып отыруды
көздейді. Олай болмаған жағдайда, 2-деңгей тапсырмасы үшін ОдО 1стратегияны
қолданған
жөн
(Оқыту
мақсаты
және
Табыс
критерийлері). Алдағы уақытта сіз 3-деңгей үшін жұмыстың негізі
ретінде бұл стратегияларды сынап көре аласыз.
Пол Варвик және Элейн Уилсон
Кембридж Университеті Білім беру факультеті
Оқыту үшін бағалауды пайдалану
1) Оқушылардың жетекшілігімен жүргізілген пікірталас
Егер де сіз әдетте сабақты қорытынды шығарып, өткен материалға
қысқаша шолумен аяқтайтын болсаңыз, онда бұған балама ретінде оқыту
мақсатын айтып, оқушылар қол жеткізген жетістіктерді қарау және алдағы
қадамдарды талқылау үшін оқушылардың шағын тобын тағайындау тәсілін
қолдана аласыз (егер оқушыларда бұған дейін мұндай тапсырмаларды
орындау тәжірибесі болмаса, онда сізге оның мақсаттары мен міндеттерін
бүкіл сыныпқа түсіндіріп, алғашқы топға пікірталасты жүргізудің бірнеше
тәсілдерін ұсыну қажет).
Төменде қолдануға болатын бірнеше нұсқалар келтірілген:
1. Оқушыларға алдағы уақытта пікірталас жүргізу ұсынылатындығын және
оның қалай өтетіндігін түсіндіретініңізді хабарлаңыз.
2. Пайдалануға болатын тіркестер мен сөйлемдерге мысал келтіріңіз,
олардың материалды меңгеру деңгейін және де жақсартуды, дамытуды
талап
ететін
салаларды
анықтауға
қалай
көмектесе
алатындығын
түсіндіріңіз.
3. Пікірталас жүргізуді сеніп тапсыратын топты алдын-ала ескертіңіз.
4. Әрбір жаңа пікірталастан кейін жекелеген оқушының өз күшіне деген
сенімінің артуын қадағалаңыз.
5. Оқушылардан өз топтарында жетекші топ ұсынған қорытындылармен
келісетінін/ келіспейтінін қысқаша талқылауды сұраңыз.
6. Оқушыларға қосымша көзқарас білдіруді ұсыныңыз.
7. Талқылауды басқарып отырған оқушылардың сіздің тарапыңыздан толық
қолдау көріп отырғандығына көз жеткізіңіз.
(UK DfES AfL материалдары бойынша)
2) Жазбаша жұмыстарды топтық бағалау
Бұл тапсырма бір-бірінің жұмысын бағалау үшін оқушыларды жұпқа
бөлер алдындағы дайындық кезеңі ретінде қаралуы мүмкін. Ол
Пол Варвик және Элейн Уилсон
Кембридж Университеті Білім беру факультеті
Оқыту үшін бағалауды пайдалану
бағалайтындарға да, сондай-ақ бағаланатындарға да барынша аз жүк
салады.
Сабақтан бірнеше жұмысты таңдап алыңыз – ол кез келген нәрсе
болуы мүмкін, мәселен, сурет немесе жазбаша жұмыс, т.б., дегенмен
аталған кезеңде сіздің пікіріңіз бойынша осы сабақ үшін табыс критерийіне
барынша жауап беретін жұмысты таңдау маңызды. Жұмыстың авторы кім
екені белгісіз екендігіне көз жеткізіңіз. Егер де сізде жұмысты барлық
сыныпқа көрсетуге мүмкіндік болса, онда оқушыларға оны көрсетіңіз және
жұппен жұмыс істей отырып, өз идеяларын ұсынуды сұраңыз. Бұл мүмкін
болмаса, онда 4 адамнан тұратын топтарға жұмыстың көшірмелерін
таратасыз. Оқушыларға өз пікірлерін айтуға және ұсынылған жұмысқа
қатысты пікірлерді талқылауға уақыт берген маңызды.
Оқушыларға сіздің тәлімгерлігіңіз қажет болады:
- осы сабақ үшін оқытудың мақсаттары және табыс критерийлері туралы
естеріне салыңыз (немесе алға қойылған нәтижелер туралы);
- неге назар аудару қажет екендігін көрсетіңіз. Бұл жағдайда нақты жұмыс
бойынша ерекше мысалдар келтіруге болады, бірақ олардың жұмысты әрбір
табыс критерийіне сәйкес қалай бағалайтынын естіген әсіресе маңызды.
- Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін (одан ерте емес), сіз олардан
жұмыс сапасына жалпы баға беруді сұрай аласыз.
- Оқушылардың осы пән немесе тақырып бойынша алдағы жұмысты
жақсарту үшін нені қолдану қажеттігін нақты көруі ерекше маңызды.
Бұл өте қиын тапсырма және оқушыларға тиісті нұсқаулықтар мен
ақыл-кеңес беруді қажет етеді, әсіресе олар жұмысты тек мұғалім ғана
бағалай алады деп есептейтін болса, оларға қолдау қажет болады.
Үдерістің мәні – нәтижесінде бұл тәжірибе оқушылар өз жұмысын орындау
барысында пайдалану үшін оқушыларға жұмысты жақсартудың жолдары
мен амалдарын талқылауға мүмкіндік беру.
Пол Варвик және Элейн Уилсон
Кембридж Университеті Білім беру факультеті
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа