close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Коучинг тақырыбы:
Бірлескен топтық жұмыс.
Топтарда жұмыс жүргізу
әдістемесі.
Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары:
Әлеуметтік
• Тәжірибемен
және
идеялармен
алмасу
• Мәселені
бірлесіп
шешудің
амалын табу
• Барынша
жоғары
ұжымдық
нәтижелергет
қол жеткізу
Танымдық
•Жұмыстың
баламалы амалдары
туралы идеяларды
ұсыну және пікір
алмасу
•Маңызды
дағдыларды және
түсініктерді дамыту
Эмоционалдық
•Топтың жекелеген
мүшелерінің білімі
мен тәжірибесіне
сүйену
•Күрделі
тапсырмаларды
орындау үшін
қолайлы ортаны
қамтамасыз ету
Топтық жұмыс барысындағы дамитын
дағдылар
•Қарым-қатынас:
жазбаша және ауызша әңгімелесу,
тыңдау, ым мен қимылды пайдалану
•Өзін-өзі таныту:
үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа
белсенді қатысу үшін өзіне –өзі сенімді болу
•Басқаларды қолдау:
топтың қызметіне үстемдік
жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен
жағдайларды шешу
•Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар
болу:
Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас
барысында ықылас таныту
Топтың көлемі
Үлкен топтар
Шағын топтар
•4-6 оқушыдан
тұратын топтық
жұмыстың көптеген
түрлерінде және
топта бір оқушының
үстемділігін әлсірету
үшін тиімді
•Топ мүшелерінің
кейбіреулері үшін аз
жұмыс істеуге көп
мүмкіндік береді.
•Тыныш, салмақты
оқушылар сабаққа аз
қатысқысы келуі
мүмкін
Жұптар
•Жұп болып жұмыс
істеу жоғары
деңгейлі
тапсырмаларды
бірлесе
орындауда(мысалы,
шешім қабылдауда,
мәселелерді
шешуде) және
құрбы-құрдастарын
оқыту үшін тиімді
•7-10 оқушыдан
құралған үлкен
топтар мәселені
талқылау барысында
көптеген
көзқарастарды
қарастыру
мақсатында тиімді
болуы мүмкін.
•Топ мүшелері көп
болған сайын ондағы
жұмысты
ұйымдастыру,
жоспарлау,рөлдер мен
арадағы қарымқатынас және сөз
сөйлеу қиындайды.
Топтарға бөлінудің тәсілдері
1. «Қағаз қиындылары». Бірнеше ақ парақтарды топ құрамындағы оқушылар
саны бойынша (төртке,беске) бөліп,оларды араластырып,оқушыларға таратады.
Оқушылар қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайды.
2. «Сап түзеу».
а) Оқушылар алфавит бойынша сапқа тұрады:алдымен есімдері «А»-дан
басталатындар тұрып,қалғандары олардың артынан тізіледі. Сол бойынша топқа
бірігеді
б)Оқушылар туған айлары мен күндері бойынша сапқа тұрады,алдымен
қаңтарда туғандар, ал ең соңында желтоқсан айында дүниеге келгендер. Сол
құрамда топқа бірігеді
3. «Жұбыңды тап»
Әр оқушының арқасына түйрегішпен А-4 форматындағы қағаз
бекітіледі.Қағаздарда жұптары бар ертегі немесе әдеби кейіпкерлердің бір есімі
жазылады.
Оқушылар сыныптың ішін аралап жүріп,өз жұптарын табуға тырысады. Өз жұбын
білу үшін әр оқушы басқаларға сұрақтар қояды. Сол бойынша топқа бірігеді
Топтарға бөлінудің тәсілдері
4.«Жануарлар» Оқушыларға жан-жануарлардың аттары жазылған карточкалар
таратып беріледі. Олар карточкада жазылған жануардың қылықтарын қайталап
отырып, бірін-бірі тауып,шағын топтарға бірігеді. Оқушыларға дыбыс шығаруға
болмайтындығы ескертіледі.
5. «Заттар бойынша бөліну» Бұл заттар портфельге салынып,әр партаға төрттөрттен ретсіз түрде қойылады. Әр оқушы өзінің бір ұсақ
затын(қаламсабын,дәптерін,кілтін,көзілдірігін т.б.)оқытушыға тапсырады.
Оқушылар өзінің заты қойылған парталарға отыруы керек.
6. «Өлең жолдары» Әр оқушыға бір өлең жолы жазылған карточка беріледі.
Оқушылар сыныпты аралап, тармақтардан шумақ құап, сол құрамда топқа
бөлінеді.
7.”Конфеттер” арқылы топқа бөлу.
8.”Мақал-мәтелдер” арқылы топқа бөлу
9.«Автомашина таңдау»(“Қала таңдау”Тақтаға қала атаулары жазылады.)Тақтаға 5
автомашина аттары жазылады. Мерседес», «Тойота», «Опель», «Лексус».
Оқушылар орындарынан тұрып әр автомашина астына өз аттарын жазады. Оларға
әр топ құрамы төрт адамнан аспауы туралы ескертіледі. Сол құрамда топқа бірігеді
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа