close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы
Құрметті әріптестер!
Сіздерді «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру
орталығы 2015 жылдың 28 - 30 сәуір күндері өтетін «Рухани-адамгершілік
құндылықтар – балалар мен жасөспірімдерді оқытудың, тәрбиелеудің және
сауықтырудың негізі» атты Республикалық семинарға қатысуға шақырады.
Семинардың мақсаты рухани-адамгершілік шеңберіндегі педагогикалық
тәжірибені, дәстүрлерді, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру-басқару ісәрекетін талдап жинақтау және тарату болып табылады.
Семинар жұмысының негізгі бағыттары:
1. Қазіргі
кезеңдегі
рухани-адамгершілік
тәрбие:сұрақтар
мен
перспективалары;
2. Рухани-адамгершілік тәрбиеге жаңаша бағыттар;
3. Білім беру-тәрбиелік ортаның ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
4. Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарын анықтау;
5. Сауықтыру орталықтарындағы баланы медициналық-психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу.
Сондай-ақ, семинар аясында «Сауықтыру орталықтарындағы руханиадамгершілік тәрбие: тәжірибе және инновациялар» тақырыбында дөңгелек үстел
және «Білім беру-сауықтыру кеңістігі жағдайында рухани-адамгершілік білім
беруді әлеуметтік-педагогикалық жобалау» атты көрме өткізу жоспарлануда.
Семинар мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді.
Семинар жұмысына ҚР БҒМ, республикалық білім және денсаулық сақтау
ұйымдары, облыстық және Астана, Алматы ққ. білім басқармалары, оқу-сауықтыру
орталықтары, әдістемелік бірлестіктер өкілдері, педагогтар, әдіскерлер,
психологтар,
педагог-ұйымдастырушылар,
тәрбиешілер,
медициналық
қызметкерлер, дене шынықтыру мамандары және өзге де қызығушылық танытқан
адамдар шақырылады.
Ұйымдастыру комитеті республикалық семинар жұмысына қатысу туралы
өтінімдерді 2015 жылдың 23 сәуіріне дейін [email protected] электронды
поштасына «Семинар, қатысушы фамилиясы» белгісімен қабылдайды.
Семинар-практикум қатысушыларына:
- сертификат;
- теориялық және практикалық материалдар;
- үш реттік тамақтану;
- саяхаттар;
- мәдени бағдарлама;
- спорттық-сауықтыру іс-шаралары ұсынылады.
Семинарға қатысу жарнасы 8500 тенге. Іс-сапар шығыны қатысушылар
есебінен. Семинар қатысушыларын Орталықтың қонақ үйлері мен жайлы тұрғын
корпустарына орналастырамыз (прейскурантта бойынша).
Анықтама үшін семинардың Ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады:
«Бөбек» ҰҒПББСО оқу-сауықтыру кешені: тел./факс: 8-727 247 24 86; 247 24 10;
87472284634; [email protected]
Семинардың өткізілу орны: Алматы қ., «Дарын-1» мик., Аскаров 47, «Бөбек»
ҰҒПББСО.
Толық мәліметті Орталықтың www.bobek.kz сайтынан ала аласыз.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа