close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
6 «А» сынып
09.02.2015ж
Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік асыл -қасиет».
Сабақтың мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық»
құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері
Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара
Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы жалпы адамзаттық рухани
құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі
адамгершілік - рухани білім берудің дамуына өлшеусіз үлесі, сонымен қоса
жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен
сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, өзін - өзі тану
әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке және өзін қоршаған
ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.
- Сара Алпыс қызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың
жүрегіндегі өмірге, ата - анасына ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға
деген бауырмалдық, сүйіспеншілік махаббат, достық секілді ізгілік
қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: бейнефильм, слайдтар, оқулық, дәптер суреттер.
Сабақтың барысы:
- Қайырлы күн, құрметті оқушылар!
Дәйексөз
«Мейірімділікті анадан үйрен»
халык даналығы
«Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де
ананың ақ сүтінен тарайды».
Н. Назарбаев
Бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты «Мейрімділіқ-асыл қасиет»
жақсылық жасау, қөмек қөрсету, адамды сыйлау, үлкенге қомек, кішіге ізет
қөрсету, өз отаныңа адал қызмет ету, анаңды сыйлау қүрметтеу т.б.
Тыныштық сәті:
Балалар денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып
отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар. Денелеріңді бос
ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып
жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толғанын
сезініңдер. (Видео көрсетілім)
Жүрегіміз қуанышқа толды. Сабағымызды бастайық.
1 топ «Күн сәулесі»
2 топ «Жылы жүрек»
1 топ оқушыларына сұрақтар беріледі. Балалар «алтын жүректі» және
«үлкен жүректі» деген сөздер қандай мағынада айтылады?
- Алтын жүректі», «үлкен жүректі» адамдар деп кімдерді айтамыз?
2 топ оқушыларына сұрақтар беріледі.
Айналадағы адамдардың жақсылығын, мейірін сезіп, байқап бағалайсыздар
ма?
Мейрімділік, мейірбан, мерейлі сөздері туралы біз не білеміз?
Ол сөзді қалай түсінеміз?
Оқушылардың жауабы тыңдалып, қосымша толық мәліметтер беріледі.
Мәнерлеп оқу
Оқушылар арасында Сара Алпысқызына арналған өлеңдерден мәнерлеп оқу
ұйымдастырды.
Күн сәулесі топ
1 - оқушы:
Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы.
Алпыс аға бөбегі, Нұрағаңның Сарасы.
Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,
Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.
Қиындықсыз өмір жоқ қиындықтан өт ептеп,
Дейді бізге Сарамыз, дегеніне нанамыз.
2 - оқушы:
Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан
Баспана боп оларға келе жатсың болып нан,
Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз - түн.
Аяп көрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.
«Жылы жүрек» тобы
1-оқушы:
Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтұғын арман да асыл жол да алыс,
Шешек жару, гүл ату – Жер ананың төл ісі.
Жылығанды жұбату - Ел – Анадан қалған іс.
2- оқушы.
Осының бәрін кішкентайдан үйреткен
Мейіріммен сәбилерге нұр төккен
Біз тілейміз Сара апаға денсаулық
Шаттыққа толы жүрекпен.
Сергіту сәті: Видео көрсетілім
Оқушы:
Сара Алпысқызы «Бөбек»қайырымдылық қорының негізін қалаушы».
«Бөбек»қайырымдылық қорының Президенті С. Назарбаеваның жетім
балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім
балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып. Елімізде тұңғыш
«SOS Киндердорф»балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды.
Оқушы:
«Бөбектің»анасы атанған Сара Алпысқызының көптеген игі істерге ұйтқы
болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына,
қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салысып келеді.
Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып 1999 жылы «SOS
Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медальмен, 2002 жылы
ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын.
Оқушы: Сара Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
И. Дограмачи атындағы және «Юнита»халықаралық сыйлығының лауреаты
болып табылады. Қазақстанның бірінші ханымы бастамасымен елімізде
жетім балаларды қорғау туралы заң қабылданды.
Оқушы:
2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет
атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды.
2012 жылы С. А. Назарбаеваға аналар мен балаларды қорғаудағы
Қазақстанның жас ұрпағына рухани - тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін
«Достастық» жұлдызы сыйлығы табыс етілді.
мұғалім
Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз
Құтты болсын туған күніңіз Алтын жүрек анамыз.
Сара Алпысқызы туралы кино фильмнен үзінді көрсетіледі.
Шығармашылық жұмыс. Оқушылар Сара Алпысқызы Назарбаеваға
арналған жылы лебіздері мен тілектері туралы құттықтау хаттарын жасау.
Мұғалім:
Құрметті оқушылар, және ұстаздар! Бүгінгі сабағымызды Сара
Алпысқызының ұрпақтарына арнап айтқан ғибаратты тілегімен
қорытындылайық.
Сара Алпысқызы:
Қымбатты балалар, мен – Анамын, әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі
барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін
ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға
мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда
сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде
өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік
бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек
тілеймін».
Жаңаөзен қаласы №2 орта мектеп мемлекеттік мекеме
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік асыл-қасиет»
6 «а» сынып
Өзін-өзі тану пән мұғалімі: Кемеева З.С
2014/2015 оқу жылы
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа