close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
13.02..15.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Нөкенованың
қысқа мерзімдік жоспары
Ашық сабақ жоспары
Сәбит Мұқанов «Лашын»- 2 сағат
2-сағаты
Қазақ әдебиеті
5- сынып
Сабақ тақырыбы:
Сәбит Мұқановтың «Лашын» әңгімесін талқылау
Жалпы мақсат:
Оқушылар «Лашын» әңгімесін талқылау арқылы қазақтың құсбегілік
өнерінен хабардар болады. Құс салу өнерінің өзіндік ерекшеліктерін
тамашалаған оқушылар жазушының жазу шеберлігіне, сөз қолданысына
мән беріп, сөз өнеріне де үңіледі; сөйтіп шығарманың құндылығы жазушы
тілінің шеберлігімен тікелей байланысты екенін сезінеді.
Сілтеме:
Оқу нәтижесі:
Қалыптан тыс сабақ
Мемуарлық шығарма, этнография, этнографиялық бұйым, құрал туралы
түсінік алады, тіліне талдау жасап, құстар суреттемелерін, теңеу, тұрақты
тіркестерді табу арқылы жазушы тілінің шебер болуы керектігін түсінеді.
Сабақта
қолданылатын
материалдар:
Оқыту әдістері:
Оқулық
Жұмыс дәптері
АКТ. Құстар суреттері, жазба, сызба - слайдтар
Жаңа тәсілдер
Топтық жұмыс.
Жылдамдық сұрақтары
АКТ
Талқылау жұмыстары
СТО. «Тұжырым кестесі»
Бағалау
5-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы. «Атамұра» 2010 жыл.
Ә.Дайыр. Қ.Айтқалиев, Ш.Беркембаева, Г.Құрманбай
I.Қызығушылықты ояту-15 минут
1. Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп отырғызу. Алфавит бойынша
алдыңғы сабақтағы топтарымен отырады.
2. Үй тапсырмасын «Жылдамдық сұрақтарымен» сұрау. Сұрау кезінде
АКТ арқылы өткен сабақта көрсетілген лашын, үйрек, қаз, дуадақ
суреттері пайдаланылады.-15 минут. 1 сұраққа – 1 минут.
- Оқиға болған ауылдың аты?
- Сәбитке ұнаған адамның аты?
- Ол немен айналысады?
- Лашынды не үшін асырайды?
- Үйрек алу мен қаз алудың қайсысы оңай?
- Қалай оңай?
- Қаз алудың қиындығы неде?
- Лашын дуадаққа неге жоламай кетеді?
- Құстар отқа қай кезде шығады?
- Құсытың ең сезімтал мүшесі?
- Ең топас мүшесі?
- Жазушы құстарды неге алаңғасар деп есептейді?
- Лашынды қай кезде ұшырады?
- Құстарға атылған лашынды неге ұқсатты?
ІІ. Мағынаны ашу бөлімі.
Оқушыларға тақырыптың соңындағы сұрақтарды аштыру.
Консультацияның 2 сөйлемін оқыту. Түсінік беру: АКТ арқылы: -5 минут
1.Мемуарлық роман – жазушының өз өмірбаяны бойынша жазылған
шығарма.
Дерек көздері:
Сабақ жүрісі:
2.Этнография –халықтың тұрмыс-салтын зерттейтін сала.
3. Этнографиялық бұйым немесе құрал – байырғы тұрмыс-салтта
қолданылатын заттар.
! Әдебиет теориясы бойынша түсінік:
1. Идиомалар, яғни фразеологизмдер – тұрақты сөз тіркестері.
Мысалы: көз көрім жер
2. Теңеулер – бір затты екінші затпен салыстыру. –дай, -дей,-тай,
-тей жұрнақтары арқылы немесе сияқты, секілді, ұқсас ,
тәрізді сөздерімен жасалады. Мысалы: жұдырықтай.
3. Суреттеме – жанды-жансыз заттарды сипаттау. (Портрет
сияқты)
Топтарға тапсырма: 10 минут.
Топтарға А-4 парақтарын тарату, Өткен сабақта жұмыс жасаған
бөліктерінен осы аталған көркемдегіш құралдардың қай кездескенін
табу; қай жерде екенін соған түртіп алады, сөйлемдерді кітаптан
оқиды: Тұрмыс-салтқа қатысты сөздер, идиомалар, теңеулер және
суреттемелер
ІІІ.Ой толғау бөлімі. «Тұжырым кестесі» бойынша кейіпкерлерді
бағалау:
Кейіпкердің
Іс-әрекеті
Өмірге
Кейіпкер
аты
қызығушылығы әрекетіне баға
Ахмет
Сәбит
Үйге тапсырма:
Рефлекцивтік есеп:
У. Бағалау. Фишкалар арқылы формативті және сумативті баға.
УІ. Кері байланыс. «Тілек ағашы»
Сәбит Мұқанов «Лашын» әңгімесі бойынша халықтың аңшылық,
құсбегілік кәсібіне , өнеріне сәйкес келетін мақал-мәтел, нақыл сөз,
тұрмыс-салт өлеңдерін тауып келу.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа