close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінде ұзақ жыл ұстаздық
етіп, шебер басшы қызметін атқарған Түпқараған ауданының
«Құрметті азаматы» Әзен Мәткеровтің 80 жылдығына орай еске
алуға арналған тәрбиелік кездесу кешінің жоспары
Қалдырған ізі мәңгілік
Ұйымдастырушы – Көшербай Т.
7-сынып оқушылары
Уақыты – 02.2015ж.
Өтетін орны – М.Әбдіхалықов орта мектебінің акт залы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінде ұзақ жыл ұстаздық етіп, шебер
басшы қызметін атқарған Түпқараған ауданының «Құрметті азаматы»
Әзен Мәткеровтің 80 жылдығына орай еске алуға арналған тәрбиелік
кездесу кешінің жоспары
Қалдырған ізі мәңгілік
Уақыты –02.2015ж.
Өтетін орны – М.Әбдіхалықов орта мектебінің акт залы
Мақсаты – оқушыларға мектепті ұзақ жылдар басқарған шебер басшы әрі
ұстаз Ә.Маткеров еңбегін таныту, ұстаздық қызметті ұлықтау, мектептегі
ардагер ұстаздардың даналық ойларынан сабақ алу.
Түрі: кездесу, ой алмасу
Әдісі: сұхбат, сұрақ-жауап, кеңес беру
Көрнекілігі: безендірілген сахнадағы ұстаз туралы сөздер: «Әр ұстаз өз
шәкіртінің жүрегінде Әз-ағадай із қалдыра алса- арманы
не!..»(Қ.Нөкенова, «Үш қиян» газеті,2001ж.), «Сабақ берудегі
нақтылықты және теория мен практиканы ұштастыруды Маткеров Әзен
ұстаздан үйреніп, бойыма дарыттым»(Арапаева Г. «Білім бәйтерегі»
2013ж.), даналық ағашы
Жүргізуші:
- Өмірде әр адам баласының ұзақ тарихында рухани, мәдени қазынасы,
қымбатқа түскен тәжірибесі осының бәрі «көрегендік» қасиетпен
ұрпақтан ұрпаққа ұстаздық - шәкірттік үрдіс арқылы беріліп, жалғасын
тауып жатыр.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп, Абай атамыз да жырлаған. Мектебіміздің
тарихынан орын алған, өз ғұмырын мектебіне арнаған, тамаша талапшыл
басшы ретінде М.Әбдіхалықов атындағы мектебімізді 22 жыл үзбей
басқарған, биология-химия және география пәнінің шебер мұғалімі Әзен
Маткеровті еске алуға бағытталған «Қалдырған ізі мәңгілік» атты
тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! (музыка ойналады) Аудиожазба
мектеп туралы. Сахналық қойылым:1943 жылы Ақшұқыр аулында
тұңғыш ашылған бастауыш сыныпқа 6 бала қабылданған-ды, олардың
бірінің жасы – 9 бен 13 жас аралығында болатын.
Сахнаға 6 оқушы 1-сынып оқушылары болып шығады партаға отырады,
артынан ер мұғалім кіреді де:
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлеметсіз бе? Сабаққа түгел келдік пе? Қане, түгендеп жіберейін:
Әбуов Әбен, Өткілбаев Сауамадин, Өтебаев Көшен, Садақбаев Тәуекел,
Шырақбаев Сауытбай, Мәткеров Әзен. Жарайды. Қазір есеп сабағы,
сұрақ қоямын: Айдар атай Бесқаладан 5 қап тары әкелді, ал келесі айда
ол одан 2-ге артығын ала келді. Ендеше Айдар атай барлығы қанша қап
тары әкелгенін кім айтады.
-Ағай, мен айтайыншы!- деп Әзен қолын көтерді. - 5 қапқа 2 қап
қосамыз, сонда 7 қап тары әкелген екен.
-Өте жақсы, Әзен. Енді жазуға дайындалайық. Қоңырауға шыға
қойыңдар.
Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келген балалық шақтағы қиындықтар
әрине, сол кездегі Әзендей балаларға оңайға түспегені анық. Бір кездегі
бұл балалар тұтас өңірге танылып, ел игілігі үшін қызмет ете алды.
Олардың бірі – Маткеров Әзен атамыз еді. Бүгінгі шарамызға
атамыздың көзін көрген ардагер ұстаздарымыз қатысып отыр.
Тәрбиелік шарамызға қатысушы мектебіміздің ардагер ұстаздарын сахна
төріне шақырамыз!
Әбетова Шолпан - мектебімізде 40 жылдан астам уақыт қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінен сабақ беріп, талай білімді шәкірттерге білім берген,
бүгінде Аязханов Сұңқар, Қалабаева Лаура секілді олимпис дарындарды
даярлап жүрген аяулы ұстазымыз.
Бекова Күлән – мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі, талай
шәкірттерге білім беріп, тамаша медицина қызметкерлерін даярлап,
оқушылардың ғылым жолына түсуге ықпал етуден талмайтын, Айтқазы
Дана, Жазбаев Дәуіт секілді дарындардың қабілетін ашуда аянбайтын
шебер ұстаз.
Абдирахманов Оңайбай- мектебіміздің директоры, математика пәнінен
сабақ беретін аға мұғалім, Түпқараған ауданының Құрметті азаматы,
ардагер ұстаз.
Жүргізуші:
-Ұстаз. Ұстаз сөзінің ұғымы кең.Иә, оның негізгі мәні жақсылықта,
өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуді үйретуге
тәрбиелейтіндігінде. Ұстаздық ұғымының астары адамгершілікпен, әдеп
- инабаттылықпен, ізет - құрметпен, білім - парасатпен байланысып
жатыр.
«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық, мұғалім - мектептің жүрегі» деп
Ыбырай Алтынсарин айтқандай, тәрбиелік шарамыздың өтуіне себепкер
болған басшы әрі ұстазымыздың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі
сақталады. Ұстаз өмірінен дерек. Аудиожазбасы бар өмірбаян слайды.
Жүргізуші:
-Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Құрметті Тәжімағанбет Кезбайұлы! Сізге төрімізге қош келдіңіз дей
отырып, жас буын жастарға, болашақ ел тірегі оқушыларға қандай
естелігіңіз бар екенін айта кетсеңіз. Әзен ағаймен жұмыстас болдыңыз.
Сыр шерте отырыңыз.
Күй Машырықов Мұрат
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы
-Құрметті қонақтар! Сөз кезегін ардагер ұстаздарға берсек дейміз.
Өйткені Әзен атамыз туралы олардан артық білетін адамдар кемде-кем.
Әзен ағайдың ұстаз ретіндегі тұлғасын ашуға сөзді Әбетова Шолпан
апайға береміз.
Көтеріп жүктің салмағын,
Жолыңда өмір талмадың.
Мейірің қандай шуақты,
Ұстазым - асыл арманым!
Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым.
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Әсем әнді тыңдасақ: Бақытова Айдана
Ұстаз, шәкірт сөздері - біздің халқымызға өте қадірменді, қастерлі ұғым.
Олар білімділік, әдептілік, көрегендік, имандылық, кішіпейілділік,
даналық, парасаттылық мағынасында түсіндіріліп, қабылданып келген.
Ежелгі грек философы, данышпан ойшыл Аристотельдің «Бірінші ұстаз»,
өзіміздің арғы бабамыз Фарабтан (Отырардан) шыққан кемеңгер, ойшыл,
әмбебап ғұлама Әбу Насыр әл - Фарабиді «Екінші ұстаз» атануынан
халқымызға қаншалықты баға берілгенін көреміз.
Осы орайда Әзен ағайдың басшылық саласындағы тұлғасын ашу үшін сөз
кезегін Бекова Күлән апайға береміз.
Көрермендерден сұрақтар болса, қоюларыңызды сұраймыз.
Ұстазға арнауын Жұмаханова Айида, Жолдыбаева Раушан, Алпанова
Фарида оқиды.
Жүргізуші: «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы
Абай айтқандай, ұстаздық атаққа азапты еңбек, шынайы шеберлік арқылы
қол жеткізуге болады. Ұстаз жолындағы еңбектеріңізге қажымас қайрат,
асқан шеберлік тілеймін.Өткен заманның ғалымдарының бірі айтқандай,
«Жақсы мұғалім жақсы шәкірт жасайды». Демек, сонда ғана ол шын ұстаз
бола алады.
Енді барлығымыз алдымыздағы өркен жайып, биікке қол созған зәулім
даналық ағашына өз тілектерімізді жапсырып, оның көктеуіне ықпал
етейік. Яғни бүгінгі шара кезінде қандай сезімде болдық, кейінгі толқын
жастарға қандай тілек айтамыз, мектептің дамуы үшін қалай қызмет ету
керек, бүгінгі кездесуден не ұқтық, оларға қандай тілек білдіргіміз келеді.
Сол орайда парақшаларға тілектерімізді жазамыз.
Жүргізуші:
Есімде мәңгі қалдың да,
Жүректе ән боп жаңдың ба?
Есейіп бүгін кетсем де,
Шәкіртпін ұстаз алдында!
Білім - ойдың сұлуын,
Жүрегіннің жылуын,
Шашу еткен – Ұстазым!
«Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті»,- деп
К.Д.Ушинский айтқан. Осы жер жүзіне сәуле шашқан күндей Сіздерді
біздің құдіретті сәулеміздей болуларыңызға тілектеспіз. Еңбектеріңізге
табыс тілейміз. Қонақтарымызға естелік сыйлығын табыс етеміз!
«Ұстазым» әні- хормен орындарынан тұрып орындайды.
Құрметті шараға қатысушы көрермендер, қадірлі қонақтар! Ұстаз Әзен
ағайымыздың өмірінен аз да болса мәлімет алып, өткенді жаңғыртып,
сабақ ретінде өмірге қажет тұстарын пайдалануға уақыт тауып, өнеге
жиып отырмыз. Ендеше өз еліміздің, өз өңіріміздің талантты тұлғаларын
тани жүріп, патриоттық сезімімізді лаулатып, жарқын болашаққа қол
созайық дегім келеді. Қош сау болыңыздар!
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа