close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ИНСТИТУТЫ
«ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Кәсіпорын экономикасы»
Тақырыбы: «Кәсіпорынның инновациялық қызметі».
Орындаған:
Тексерген:
Алматы қаласы, 2013ж
Жоспар.
Кіріспе....................................................................................................................3
I БӨЛІМ. ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.
1.1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері..............................................5
1.2. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері................................................7
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу................................................12
II БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ
МЕН ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.
2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары......17
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру...............................20
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық
қызметі.................................................................................................................25
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА ЖОЛДАРЫ.
3.1. ҚР-ның инновациялық қызметінің маңызы және саясаты......................29
3.2. ҚР-ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі......................................34
3.3. Инновациялық қызметтерді басқарудағы жаңа тәсілдері.......................37
Қорытынды..........................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................42
Кіріспе.
Инновация:
1)
техникалар
мен
технологиялардың
ауысуымен
қамтамасыз етуге байланысты экономикаға қаржы жұмсау;
2) ғылыми техникалық прогрестің жетістігі нәтижесінде жаңа техника мен
технология. Инновацияны анықтайтын фактор ─ ол өнертапқыштық,
оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып табылады.
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция
арқылы жаңа құрылыстарды салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта
құруды қамтамсыз етеді. Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке
меншігіндегі
қаржыларына
Инновациялық менеджмент
және
қарыз
қаражаттарынан
құралады.
банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша және
тауарлар нарығына сүйеніп, іс жасайды. Инвестицияны қатыстыра отырып,
өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатынастардың тиімділігін
белгілеу: өндірістік субъектілермен, инвесторлармен (тапсырыс беруші),
жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалау жөніндегі
қызметін үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын
мәселе ─ оның нәтижелілігін бағалау.
Инновациялық қызмет ─ бұл әр түрлі тәсілдердің, факторлардың өзара
әрекет етуі және ғылыми зерттеулермен, жаңа өнім түрлерін жасаумен, еңбек
құралдары мен құрал-жабдықтарды жетілдірумен, ғылым мен техниканың
жаңа
жетістеріне
сәйкес
технологиялық
процестер
мен
өндірісті
ұйымдастыру формаларымен, жоспарлаумен, қаржыландырумен және ҒТПтің басқаруымен, экономикалық тетіктер мен стимулдарды жетілдірумен
айналысатын басқару органдарының күрделі динамикалық жүйесі; ҒТП-тің
интенсивті дамуын жеделдетуге және оның әлеуметтік-экономикалық
тиімділігін көтеруге бағытталған өзара шарттастырылған кешендерді
реттеудегі шаралар бойынша өңдеу жүйесі болып табылады.
Инновациялық қызмет көпшілік жағдайда ғылыми, техникалық
идеялардың жүзеге асырылуымен, нарық сұранысына сәйкес нақты өнім мен
технологиялардың өңдеулерімен байланысты болып келеді. Нарықтық
экономика жағдайында инновациялық қызметті басқару механизмінің
экономикалық
жетілдіруді
қалыптастырудың
қажетті
инновациялық кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.
негізгі
шарты
I Бөлім. Инновацияның жалпы мазмұны және классификациясы.
1.1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері.
Инновация сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі «жаңғыру немесе
жаңару» әлде «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағыналарды білдіретін,
«innovacyon» сөзінен пайда болған.
Инновация дегеніміз ─ ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің
нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың
(өндірістік қорлардың) жаңаруын қамтиды.
Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынадай
жағдайларға байланысты:
 жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы
ғылымның айрықша рөлі;
 өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;
 жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың
қажеттілігі;
 өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы, олардың
ғылыми техникалық прогресті экономиканың барлық саласында
қолданылуына ықпал жасауы;
 ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын
дамыту;
 жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорындардың шығындарының көбейіп,
экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;
 техника мен технологияның тез арада моральдық тозуы;
 жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі
және т.б.
Инновациялық қызмет кәсіпорынның жұмыстары мен кезеңдерінің
орындалуын
қарастырады.
Осы
жұмыстардың
көлемі
мен
мазмұны
инновацияның түрлеріне және кәсіпорынның бар әлеуетіне байланысты.
Инновацияның негізгі белгілерін қарастырайық:
Жаңалық (новизна). Бұл белгі негізінен өзгеру процесін сипаттайды.
Жаңалық деңгейі жоғары болған сайын, материалды-заттай және адам
ресурстарына инвестициялар көлемі үлкен болады.
Белгісіздік және теуекелділіктер. Сонымен қатар жаңалық деңгейі
белгісіздік дәрежесін анықтайды, бұл жеткіліксіз тәжірибе мен жаңа
идеяларды жүзеге асырудағы сәтсіздікпен түсіндіріледі. Тәуекелділік ең
алдымен мынадан тұрады: нәтижелер тіпті жүзеге аспайды немесе кеш
жүзеге асады және бұл бірінші кезекте кәсіпорынның имиджне әсер етеді.
Нәтижелердің жүзеге асурылуы кезінде нақты шығандар елеулі түрде
жоспардан артуы мүмкін, соңында бұл өнімнің бәсеке қабілеттілік деңгейін
төмендетеді және нарықтағы орнын жоғалтады.
Жиынтылық. Инновацияларды жекеленген шаралар ретінде қарастыруға
болмайды. Әр түрлі қатысушылардың жұмысын басқарушы қажеттілігі және
инновациялық процестің бөлек кезеңдері жиынтылықтың белгісі болып
табылады және бұл инновациялық процесстерді басқару бойынша дербес
ұйымдық құрылымын қажет етеді.
Жанжалдық. Жоғарыда қарастырылған инновация белгілері тұлғааралық
және іскерлік жанжалдардың себептері болып табылады. Негізінен көпшілік
жағдайда жанжалдар кәсіпорын қызметкерлері жаңалықтар енгізу кезінде
өзінің жұмыс міндеттерінен басқа жаңа қызметтер мен қосымша міндеттерді
орындау уақытында пайда болады.
Инновацияның мынадай түрлері болады:
1. Жаңалығына байланысты:
 базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады;
 жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске
асырады;
 жалған инновация, техника мен технологияның ескірген
бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.
2. Қолданылуына байланысты:
 өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға
бағытталған;
 технологиялық
инновациялар
─
жаңа
технологияларды
шығарып, қолдануға бағытталған;
 әлеуметтік
инновациялар,
жаңа
құрылымдарды
құруға
бағытталған;
 нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен
қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
3. Шығу көздеріне байланысты.
 ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;
 өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;
 нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
4. Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:
 тұтыну инновациялары;
 инвестициялық инновациялар.
5. Масштабына байланысты:
 күрделі инновациялар;
 жай инновациялар.
Инновациялардың
классификациясына
қарай
отырып,
жаңа
енгізілімдердің көп түрлі болатынын байқаймыз.
1.2. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері.
Инновациялық процесті идеяның тауарға айналу реттілік процесі ретінде
қарастыруға болады және іргелі, қолданбалы зерттеулер, конструкторлық
өңдеулер, маркетинг, өндіріс, өтім кезеңдерінен өтудегі ─ технологияларды
коммерциализациялау процесі.
Инновациялық процесс әр түрлі жағдайлардан және әр түрлі дәрежедегі
нақтылаудан қарастырылуы мүмкін.
Біріншіден,
ғылыми-зерттеудің,
ғылыми-техникалықтың,
инновациялықтың, өндірістік қызметтің және маркетингтің параллельдіреттілік түрдегі жүзеге асырылуы.
Екіншіден, жаңалықтың өмірлік циклның идеяның пайда болуынан
бастап оның өңдеуі мен таратуындағы уақытша кезеңдері ретінде.
Үшіншіден, жаңа өнім түрі мен қызмет көрсетуді өңдеу мен таратудағы
қаржыландыру мен инвестициялау процесі ретінде.
Жалпы
инновациялық
процесс
жаңа
табыстарын
алудан
және
коммерциализациялаудан, жаңа технологиялардан, өнім және қызмет
түрлерінен, өндірістік, қаржылық, әкімшілділік немесе басқа сипаттағы және
басқа интеллектуалдық қызметтің нәтижелерінен тұрады.
«Изменение характера инновационного процесса» атты еңбегінің авторы
Рой Росвелл инновациялық процестің бірнеше модель буынын ұсынды.
Инновациялық процестің мәнінің желілік жолын ол 1950 және 1960
жылдардың ортасына жатқызады, яғни инновациялық процестің бірінші
буынына, бұл технологиялардың әсерлерінен алға жылжып отырады. (1сурет).
Фундаментальды
зерттеулер
Қолданбалы
зерттеулер
Тәжірибелі
нұсқа
Маркетинг
Өнеркәсіпті
нұсқа
Өндіріс
Өтім
1-сурет. Инновациялық процестің бірінші буыны.
Росвелл бойынша, инновациялық процестің екінші буыны 1960
жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басына жатады деген. Бұл да желіліктізбектілік
модель,
бірақ
нарық
маңыздылығына
тіреледі
және
қажеттіліктерге ҒЗТКЖ әрекет етуді. (2-сурет).
Жаңалық ашу
Мүмкіндік
Идеялар
Өнім іздеу
Пайдалану
Жаңа орта
Идеялар
Қажеттілік
2-сурет. Инновациялық процестің екінші буыны.
Үшінші буын: 1970 жылдардың басы ─ 1980 жылдардың ортасы. Түйіндес
модель. Маңызды түрде
бірінші мен екінші буындардың қиыстырылуы
технологиялық қабілеттер мен нарық қажеттіліктері мен мүмкіндігіне
байланысты. (3-сурет).
Жаңа
қажеттілік
Идеялар
концепциясы
Жаңа технология
мүмкіндіктері
Қоғам қажеттіліктері және нарық
Іздеу
Өндіріс
Нарық
Маркетинг,
сауда
Технология мен өндірістің даму
деңгейлері
3-сурет. Инновациялық процестің үшінші буыны. Инновациялық процестің
интерактивті моделі.
Төртінші буын: 1980 жылдардың ортасы ─ қазіргі уақыт. Бұл алдыңғы
қатарлы жапондық модель. Интегралданған топтың параллельді қызметіне
және сыртқы көлденең және тік байланыстарға
назар аударуымен
ерекшеленеді. Мұнда параллельді қызмет маңызды. Әр түрлі бағыттардағы
іс-әрекетті орындау негізінде бірнеше топ мамандары бойынша бір уақытта
жұмыс жасау қарастырылады. Бұл тапсырмаларды шешуді тездетеді.
Бесінші буын: қазіргі уақыт ─ болашақ. Бұл стратегиялық тораптар,
стратегиялық интеграция, байланысты орнату моделі. Бұның басқалардан
ерекшелігі, параллельді процеске жаңа функциялардың қосылуында. Бұл
есептеу техника жүйесін, информатиканы қолданудағы ҒЗТКЖ-нің енгізу
процесі және солардың көмегімен стратегиялық байланыстар орнатылады.
Инновациялық идеялардың пайда болуы жаңа ғылыми нәтижелерді
пайдалану
мүмкіндігі
фундаментальды
кезеңде
және
іздестірушілік
зерттеулерінде, қолданбалы зерттеулерде, өңдеулерде жүзеге асады.
Жаңа техниканы жасау және меңгеру процесі жаңа ғылыми білімдерді
алуға бағытталған фундаментальды зерттеулерден (ФЗ) басталады. ФЗ-ның
мақсаты ─ құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды ашу, табиғаттың
даму заңдылықтарын түсіну. ФЗ теоретикалыққа және іздестірушілікке
бөлінеді.
Теоретикалық зерттеулердің нәтижелері ғылыми жаңалықтарда , жаңа
түсініктерді ұсыну мен дәлелдеуде, жаңа теорияларды жасауда көрініс
табады.
Іздестірушілікке
технологиялардың
жаңа
негізгі
міндетті
прициптерін
қамтитын
ашудағы
идеялар
зерттеулер
мен
жатады.
Іздестірушілік ФЗ қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа
әдістерін экспериментальдік тексерумен және дәлелдеумен аяқталады.
Барлық іздестірушілік ФЗ академиялық мекемелерде, ЖОО-да, сонымен
қатар ірі ғылыми-техникалық өнеркәсіптік ұйымдардағы жоғары ғылыми
білікті персоналдарында жүргізіледі.
Инновациялық процестің келесі кезеңі ─ қолданбалы ғылымизерттеушілік жұмыстар. Олардың орындалуы теріс нәтижелерді алумен
байланысты болып келеді. Қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды
жүргізуге құралдарды салу кезінде тәуекелділік пайда болады. Егер
инвестициялар инновацияда тәуекелділік сипатта болғанда, олар тәуекелді
инвестициялар деп аталады.
Тәжірибелі-конструкторлық
және
конструкторлы-жобалау
жұмыс
кезеңдері жаңа өнім түрін өңдеумен байланысты. Ол эскизді-техникалық
жобалауды,
жұмыстық
конструкторлық
құжаттамалауды
шығаруды,
тәжірибелі нұсқаларды сынауды және жасауды қарастырады.
Тәжірибелі-конструкторлық
материалдардың,
жұмыстар
технологиялардың
жаңа
(ТКЖ)
нұсқаларын
техникалардың,
жасау
үшін
қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін қолдануда көрініс табады. ТКЖ ─
бұл ғылыми зерттеулердің қорытынды сатысы және зертханалық жағдайлар
мен экспериментальдық өндірістерден өнеркәсіптік өндіріске өзгеше түрде
өтуі.
ТКЖ-ға
мыналар
жатады:
инженерлік
объектінің
белгілі
конструкциясын өңдеу, жаңа объектінің нұсқаларын және идеяларды өңдеу,
технологиялық процестерді өңдеу.
Инновациялық жобаның күрделілігіне байланысты (жаңа өнім түрін
меңгеру және өңдеу) инновациялық қызметтің бастапқы кезеңінде шешілетін
міндеттер әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ірі инновациялық жобаларды
меңгеру және өңдеу кезінде ғылыми-зерттеулер жұмыс нәтижелерінің
жүйелік интеграциясы жүзеге асады.
Бастапқы кезеңдегі жұмысты атқарушылары болып ғалымдардың
шығармашылық ұжымдары, ЖОО-дың, университеттердің, институттардың,
мемлекеттік және ғылыми-техникалық орталықтардың (ҒТО) инженерлітехникалық жұмысшылары табылады.
Инновациялық қызметтің нәтижесінің тәжірибелік жұмысын жасау
нарықтық кезеңде жүзеге асады, бұл нарыққа енгізуді, нарықты кеңейтуді,
өнімнің жетілуін және төмендеуін қамтиды.
Өндірістің алдын алу сатысында тәжірибелі және экспериментальды
жұмыстар жүргізіледі. Ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді жүргізуге қажетті
экспериментальдық жұмыстар арнайы құрал-жабдықтарды қамтамасыз етуге,
жасауға, жөндеуге бағытталған.
Өнеркәсіптік өндіріс сатысы екі кезеңнен тұрады: жаңа өнім өндірісі
және оны тұтынушыларға жеткізу. Біріншісі ─ бұл тұтынушылардың
сұранысымен
анықталатын,
материалданған
жетістіктердің
ғылыми-
техникалық өңдеудегі тікелей қоғамдық өндірісі. Екіншісі ─ жаңа өнімді
тұтынушыға жеткізу.
Инновациялық процестің ҒТП-тен айырмашылығы, ол енгізумен
аяқталмайды, яғни жаңа өнімнің нарықта бірінші пайда болуы және қызмет
көрсетуі. Бұл процесс енгізуден кейін де тоқтамайды, өйткені тарату
(диффузия) шаралары бойынша жаңалық әбден жетіледі, тиімдірек болады,
бұрын белгілі болмаған тұтынушылық қасиетті иемденеді. Бұл оған жаңа
нарық пен қолдану саласына және жаңа тұтынушыларға жол ашады.
Осылайша, бұл процесс нарық талап ететін өнімдерді жасауға, қызмет
көрсетулерге бағытталған және тығыз біртұтас ортада жүзеге асатын: оның
бағыттылығы,
қарқындылығы,
мақсаттары
әлеуметтік-экономикалық
жағдайларға байланысты және онда ол қызмет атқарады, дамиды.
Инновациялық ортаның әр түрлі деңгейлерінде пайда болатын
диффузды процестердің мәні жаңалықтар мен жаңалық енгізудің тепе-теңдік
күйде таралуының ғылыми-техникалық, өндірістік, ұйымдық-экономикалық
қызметтердің
іскерлік
циклмен
және
қызмет
көрсету
сферасымен
анықталады. Соңында диффузды процестер қоғамдық өндірістегі жаңа
технологиялық тәртіптерге басымдылық жағдайды алуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге экономиканың құрылымдық қайта құрылуы жүзеге асады.
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу.
Инновацияның әсерлеріне техникалық, экономикалық, әлеуметтік,
экологиялық және инновациялық процестің басқа нәтижелері жатады.
Инновация әсерлері мен инновациялық процестің тиімділігін бағалау
келесі шектеулер мен рұқсаттамаларға негізделген:
 инновация әсерлері бөлек кәсіпорын деңгейлерінде бағаланады
және өлшенеді;
 өлшеуде экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық
және т.б. әсер түрлері қарастырылады;
 кәсіпорын инновациялық жобаға инвестицияланған құралдарды
қайтарып алуға сенеді, яғни қаржылық нәтиже инновация
табыстылығының соңғы белгісі болып табылады;
 әсерлерді
өлшеу
үшін
сапалық
және
мөлшерлік
әдістер
қолданылады;
 әсерлер инновациялық процестің барлық кезеңдері бойынша
өлшенеді және бағаланады, инновация идеяларынан бастап
коммерциялық іске асырудың бастапқы кезеңімен аяқталады;
 инновациялық процестің барлық қатысушылары жағынан кезең
бойынша әсерлерді өлшеу мен бағалау жүзеге асады;
 алынған инновация нәтижелерін салыстыру үшін өлшенетін
көлемдердің барлығы қарастырылады.
Инновацияны жүзеге асыру кезінде пайда болатын нәтижелер әр түрлі
деңгейлер мен бағыттарда өлшенуі мүмкін. Жалпы екі негізгі деңгейді
қарастыруға болады: микро және макродеңгейде. Микродеңгейде, яғни
кәсіпорын деңгейінде, бөлек инновациялық жоба бағаланады, бұл жаңа өнім
жасауды, енгізуді немесе қызмет көрсетуді, технологияларды, жоспарлау
жүйелерін, есептеуді және т.б. қарастырады. Бір кәсіпорын деңгейінде жүзеге
асатын кешенді жобалар сериялары бағаланатын болса, онда макродеңгейлік
бағалауды айтуға болады. Бұл жерде, саладағы лидердер болып табылатын
ірі кәсіпорындар туралы айтылған.
Макродеңгейге әр түрлі саладағы
кәсіпорындар мен кооперация шеңберінде іске асатын инновациялық
жобалардың кешендерін жүзеге асыру нәтижелері жатады. Салалық немесе
халықшаруашылық бағытындағы инновациялардың іске асуы кезінде пайда
болатын әсерлер макродеңгейде бағалануы және өлшенуі керек.
Макро және микродеңгейлер арасындағы аралық кәсіпорын деңгейінде
бірнеше техникалық тектес және өзара байланысты синергетикалық
әсерлердің жетістіктерін қамтамасыз ететін инновациялық жобалардың
өңделу нәтижелері болып табылады.
Инновациялық қызметтерден әсерлер.
Техникалық әсерлер
Экономикалық әсерлер
Басқа әсерлер
Тікелей
Тікелей
емес
Тікелей
Тікелей
емес
Объект
бірлікте
рі үшін
ерекше
түрде
анықтал
ады
жаңа
технология
ларды
меңгеру,
оқу
айналыс
ты
жоғарлат
у
бәсекелест экологиял ғылыми
ердегі сату ық
қабылдау
көлемінің
төмендеуі
ноу-хау
табысты
көбейту
әсекелесте әлеуметті
рдегі
к
шығындар
дың көбеюі
патенттер,
артықшыл
ықтар
шығынд
арды
төмендет
у
Жүйелікт
ер
басқаруш
ылық
әлсіз
нарықты
орындарды ң
өсім
табу
үлесі
4-сурет. Инновациялық қызмет әсерлерінің түрлері.
Индивиду
алды
өзін
таныту
Жоғарыда айтылғандай, инновация процесінің барлық нәтижелер
түрлері бағалану және өлшену қажет.
Техникалық әсерлер. Инновациялық жобалардың әр қайсысына
техникалық әсерлердің өзіндік ерекше өлшеуіштері анықталуы керек.
Мысалы, техникалық инновация процесі кезінде сенімділік, беріктілік,
тезқозғалғыштық, уақыт мерзімдік және т.б. берілген сипаттамалар жүзеге
асуы мүмкін.
Басқарушылық
инновация
сферасындағы
техникалық
әсерлерге,
мысалы, шығындардың пайда болу орындарына байланысты олардың дәл
есептеулерін көтеру, құжат айналым уақыттарын қысқарту және т.б.
жатқызуға болады. Тікелей техникалық әсерлерді объективті бағалау
зерттеушілердің,
инженерлердің,
технологтардың
және
инновацияның
объектісі бойынша басқа мамандардың көмегі арқылы алынуы мүмкін.
Тікелей әсерлермен қатар тікелей емес әсерлер болады. Тіпті егер
инновация жоспарланған техникалық әсерлерге жетпесе, жаңа өнім, қызмет,
әдістер мен амалдарды меңгеру аймағында оқытулық әсерлер пайда болады.
Сонымен қатар, бөлек ноу-хау және артықшылықтарды тіркеуді патенттеу
жүзеге асуы мүмкін, сонымен бірге техникадағы әлсіз орындарды,
технологияларды, кәсіпорын ұйымдарын білу қарастырылады.
Экономикалық әсерлер. Шешім қабылдау сатысында инновацияның
экономикалық тиімділігін бағалау есептемелерін және инновацияның жүзеге
асудағы коммерцияның бастапқы фазасында бағаланатын экономикалық
әсерлерден айырып білу керек. Біріншілері ─ инновацияның ең қолайлы
баламаларын таңдауда қолданылады, екіншілері ─ кәсіпорын қызметтерінің
нақты жағдайларын қоса алғанда, таңдалған баламаларды жүзеге асырудағы
нәтижелерді бағалау үшін қолданылады.
Экономикалық әсерлерді техникалық әсерлер сияқты тікелей және
тікелей емес деп бөлуге болады. Тікелей әсерлерге пайда өсімін, айналыстың
жоғарлауын, нарық өсімін, шығындардың төмендеуін және т.б. жатқызуға
болады. Қарастырылған экономикалық әсерлер түрлерін белгілі уақыт
аралығында және де өнім бірлігінде де өлшеуге болады. Өлшеу әдісін таңдау
инновацияның түріне байланысты.
Тікелей емес экономикалық әсерлер ең алдымен бәсеке аймағында
көрініс табады: бәсекелестердегі сату көлемінің төмендеуі, бәсекелестердегі
шығындардың жоғарлауы және т.б.
Басқа әсерлер. Жүйелік және индивидуалды аймақтағы әсерлерді
бағалай және тани білу керек. Инноваторлардың сәттілігінің индивидуалды
аспектілерінде маңызды орынды жариялауда қабылдау, беделді премия алу
және т.б. алады. Қазіргі кезде жаңа өнімдерді және технологияларды жасау
саласында қоршаған ортаға зиянды әсер етудің төмендеуі инновацияның
сәттілік көрсеткіші болып табылады.
Инновацияның жүзеге асырудың әлеуметтік нәтижелері ретінде жаңа
жұмыс орындарын жасауды, жұмыс жағдайын жақсартуды, жаңа басқару
әдістерін енгізу арқылы ұжым арасында адамдық қатынастарды жасауды
айтуға болады.
«Инновация
қорытындының
табысты
дұрыстығы
ма
немесе
табыс
табысты
көрсеткішінің
емес
пе?»
қандай
деген
уақытта
өлшенгендігіне байланысты. Мысалы, инновациялық процестің жүзеге
асырылуындағы тікелей экономикалық әсерлер өлшенетін болса, онда өнімді
шығарғаннан кейін өлшеуді жүргізу керек. Бұл жерде жыл ішінде белгілі бір
сату көлеміне жеткеннен кейін өлшеуді бір жылдан, екі жылдан кейін
жүргізу керек.
Инновациялық әсерлерді өлшеу мен бағалауда маңызды орынды
бағалау субъектісін таңдау алады. Оның сайма-сайлығы, толықтылығы,
аспектілері, әділдік деңгейін
бағалауды кім жүргізгеніне
байланысты.
Инновацияның табыстылығын бағалау субъектілерінің түрлері 5-суретте
көрсетілген.
Бағалау субъектілері
Индивидуумдар
Кәсіпорын
қызметкерлер
і
Мамандар
Инженерлер
технологтар
Топтар
Жақтас
тұлғалар
Генералистер
Экономистер,
финансистер
Құрылымдандыры
лған бағалау
жүйелерін
иемденбейтіндер
Ішкі топ
мамандары
Құрылымдандыр
ылған бағалау
жүйелерін
иемденетіндер
Сыртқы топ
консультанттар
5-сурет. Инновацияның табыстылығын бағалау субъектілерінің түрлері.
Инновация әсерлерін өлшеу концепциясы инновациялық процестің
барлық кезеңдерін реттілік түрде қамтуына негізделген. Осы концепцияға сай
өлшеуді процесс алып жүреді, ал нәтижелер басқарушылық шешім қабылдау
үшін қолданылады. Кезеңнің аты, аралық нәтижелердің түрлері, сандық
өлшеуіш, бағалау субъектілері 1-кестеде көрсетілген.
1- кесте.
Инновациялық процестің кезеңдері бойынша бағалау және өлшеу.
Кезеңнің аты.
Аралық
Нәтижелердің
нәтижелердің түрі сандық өлшеуі
Бағалау
субъектісі
(сатыны
бағалаушы)
Өнім(қызмет)
идеясы
Бірнеше өңделген Идеялар
саны, Техника
идея
мен альтернативалар
бойынша
ұсынысты
эксперттер
сипаттайтын
хаттама
Зерттеулер,
өңдеулер
Конструкциялар, Өндірістіліктің
Техника
прототиптер,
өсімі,
жылдық бойынша
экспериментальды өнімнің шығуы, эксперттер
ресурс
қондырғылар
шығындарының
төмендеуі,
техниканы
дамыту
Жаңалық ашу
Патенттер,
публикация,
премия
Аталған
нәтижелердің
саны
Ғылыми
қызметкерлер
Инвестициялар,
шығару,
маркетинг
Нарықтық
өнімдер, жүзеге
асырылатын
технологиялар
Техникалыэкономикалық
жақсарулардың
толық
сипаттамасы
Маркетинг
бойынша
менеджерлер,
инженерлер
Инновацияларды Айналым,
нарыққа немесе шығындарды
өндіріске шығару экономдау, пайда
Ақша
құралдарының
абсолютті сомасы,
индекстер, уақыт
Ағымдық сауда Нарық,
шығын,
бойынша
немесе қолдану
пайдалар үлесінің
салыстыру көлемі,
өзгеруі
бағалы қағаздар
курсының өсімі
Маркетинг,
өндіріс
бөлімдері,
тексерушілер,
сала
бойынша
эксперттер,
банкирлер
II БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ
МӘНІ МЕН ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.
2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі ─ бұл жаңа немесе өнімнің
жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану
мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар
жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға
қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
 өнімділік;

үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбейгейлі өнімділігі
ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияларға
негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологиялардың жаңа түрін
пайдаланып ұштастырады.
Процестік инновация ─ бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін
және
технологияны
едәуір
жетілдіру,
жабдықтарды
және
өндірісті
ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновациялар негізінде жаңа, яғни өткен отандық
және
шетелдік
практикада ұқсастығы
жоқ
және
жаңа нәрселердің
салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталды. Негізінде өнімнің жаңа түрлері,
технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие
болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі
өзара байланысты процестің және
жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның
өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келгеннен өндірістік
өткізуден
алып
анықталады.
тастағанға
дейінгі
инновациялық
өнімнің
негізінде
Кәсіпорынның
инновациялық
қызметін
әзірлеуде,
енгізуде,
жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
 жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар,
өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін,
жаңа конструкцияның және бұйымдарды дайындауда ғылымизерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
 өнімнің
жаңа
түрлерін
дайындау
үшін
шикізаттар
мен
материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
 жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
 қажетті өнімді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтардан
өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
 жаңалықтарды
іс
жүзіне
асыруға
бағытталған
ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және
енгізу;
 қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
 қажетті ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстарды
жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және
қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
 лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе
қажетті құжаттарды алу;
 инновацияны жетілдіруді
ұйымдастыру және маркетингтік
зерттеулерді жүргізу.
Әлемнің дамыған елдерінің басты мақсаттарының бірі ұзақ мерзімді
экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылады. Мұнда үлкен
көлемдегі өндіріс, жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер туралы айтылады.
Экономикалық
өсім
өндіріс
тиімділігінің
жоғарлауымен,
жұмыссыздықты азайтумен, баға мен қаржылардың тұрақтылығымен,
сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюімен және басқа да оң
нәтижелі экономикалық, әлеуметтік процестермен бірге жүреді.
Экономикалық өсім ұлттық экономика және өнеркәсіптің
барлық
салаларындағы кәсіпорындардың табысты қызметінің нәтижесі болып
табылады.
Ресейлік
Эксперттік
институтының
экономистері
өнеркәсіп
саясатының мәселелерін зерттеу барысында мынадай қорытынды жасады:
экономикалық өсімнің негізіне екі процесс жатады. Олар:
1. технологиялық укладтың ауысымы, бұл жаңа тауарлар өндірісін
жасауға және бұрын меңгерілген тауарлардың өндіріс тиімділігін
көтеруге ықпал жасайды;
2. елде технологиялық укладқа негізделген өндіріс өсімі ─ тауар
мен қызмет өндірісінің техникалық тәсілдер жиынтығы және
оларға
шаруашылық
қызметтегі
ұйымды-экономикалық
формаларының неғұрлым тепе-тең болуы.
Технологиялық укладтың концепциясы соңғы үш ғасыр кезеңінде
технология эволюциясында бес толқулар болып өтуіне негізделген.
Осылардың
әрқайсысы
технологиялық
укладтың
белгілі
типін
қалыптастырды.
Бірінші уклад (1785-1835) текстильді өнеркәсіпте жаңа технологиялар
және су энергиясын қолдану негізінде қалыптасты.
Екінші уклад (1830-1890) теміржол транспортының және бу двигателін
қолдану негізіндегі барлық өнім түрлерін өндірістік механикаландырудың
дамуымен байланысты. Сонымен қатар шағын фирмалармен бірге мыңнан
астам жұмыс орны бар ірі кәсіпорындар дамыды және кәсіпкерліктің жаңа
формалары, акционерлік қоғамдар пайда бола бастады.
Үшінші уклад (1880-1940) өнеркәсіптік өндірісте электроэнергияларды
қолдануға, ауыр машина жасау және электротехникалық өнеркәсіптің
дамуына, химия және химиялық кешен саласындағы жаңалықтардың
дамуына негізделген. Үлкен фирмалар, картельдер,
трестер,
шағын
компаниялар дамыды, шағын компаниялар үлкейе бастады және орта
буынды басқаратын басқарушылар пайда болды. Нарықта үстемдік жағдайға
монополиялар мен олигополиялар ие болды, бірақ сонымен бірге мемлекет
не бақылау жасайды, не мемлекет толық табиғи монополияларға ие болды
және мемлекет қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етті. Банктік және
қаржылық капиталдардың шоғырлануы жүзеге аса бастады.
Төртінші
уклад
(1930-1990).
Оның
негізіне
─
келешектегі
энергетиканың дамуына және негізінен мұнайды, мұнай өнімі және газды,
байланыс құралдарын, жаңа синтетикалық материалдарды
қолдануға
негізделген. Бұл ─ көптеп өндіру кезеңі. Шапшаң автомагистральдар,
әуежайлар құрыла бастады. Содан кейін кең көлемде компьютерлер таратыла
бастады және оларға қажетті бағдарламалық өнімдер, радарлар, атомдар, бұл
әскери мақсаттарда, содан кейін бейбітшілік мақсатта қолданылды. Нарықта
олигополиялық бәсеке үстемдік етті, әр түрлі елдер нарығында тікелей
инвестицияларды жүгезе асыратын және сонда өздерінің өндірістерін
қалыптастыратын трансұлттық корпорациялар пайда болды.
Бесінші уклад 80-ші жылдардың ортасынан бастап қалыптаса бастады.
Оның негізі болып микроэлектроника, информатика, биотехнология, жаңа
энергия түрлері, ғарыштық кеңістікті меңгеру, байланыс спутниктерінің
жетістігіне және т.б. табылады. Бұл кезеңде өнімнің сапасын бақылау,
инвестицияларды жоспарлау, технология саласында тығыз қарым-қатынастар
орнатыла бастады.
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру.
Инновациялық қызметтің келесі негізгі ұйым формалары бар:
 ғылыми
орталықтар
және
корпоративтік
құрылымдар
құрамындағы зертханалар. Олар ғылыми-зерттеушілік және
тәжірибелі-конструкторлық
жұмыстарды
(ҒЗТКЖ)
жүзеге
асыруға, жаңа өнім мен қызметтер өндірісін және меңгеруді
ұйымдастыруға бейімделген;
 уақытша шығармашылық ғылыми ұжымдар немес орталықтар,
бұлар белігілі бір ірі және оригиналды ғылыми-техникалық
мәселелерді
шешу
үшін
құрылады.
Қойылған
мақсатқа
жеткеннен кейін осы ұжымдар немесе орталықтар тарап кетеді
немесе қайта құрылады.
 мемлекеттік ғылыми орталықтар (МҒО) ─ мемлекеттік ғылыми
ұйымдардың
ерекше
бейімделген,
бір
типі,
жағынан,
келісуді
қамтамасыз
мемлекеттің
ұзақ
етуге
мерзімдік
стратегиялық басымдылықтарының ғылым мен техника маңызды
бағыттарын
дамыту,
екінші
жағынан,
ғылыми-техникалық
қызметтің экономикалық және әлеуметтік мүдделерінің нақты
субъектілері;
 технопарктік құрылымдағы әр түрлі формалары (ғылыми
технологиялық
және
зерттеушілік
инновациялы-технологиялық
және
парктер,
инновациялық,
бизнес-инновациялық
орталықтар, бизнес инкубаторлары, технополистер).
Технопарктар ─ бұл ғылыми-өндірістік территориялық кешендер,
бұлардың мақсаты шағын және орта ғылымды қажетсінетін инновациялық
фирма-клиенттерінің дамуына қажетті жақсы ортаны қалыптастыру болып
табылады. Технопарктің құрылымында информациялы-технологиялық, оқу,
консультациялық, информациялық, маркетингтік орталықтар, сонымен қатар
өнеркәсіптік зоналар болуы мүмкін. Осы орталықтардың әрқайсысы
маманданған қызмет жиынтығын ұсынады, мысалы, іздеу бойынша қызмет
және белгілі бір технология бойынша информацияны жіберу, мамандарды
қайта даярлау бойынша қызметтер, әр түрлі сипаттағы консультациялар және
т.б.
Мысал ретінде Зеленоградтық ғылыми-технологиялық парк, Пермдық
ғылыми-технологиялық парк және т.б. келтіруге болады.
Бизнес-инкубатор
─
жаңа
кәсіпкерлер
өзінің
ісін
атқарудағы
дағдыларын алады, бұнда оларға құқықтық, экономикалық консультативтік
көмек көрсетіледі.
Технополистер заман талабына сай ірі ғылыми-өнеркәсіптік кешендер,
сонымен қатар университеттер және басқа да жоғары оқу орындары,
ғылыми-зерттеушілік институттар болып табылады. Бұл жерде жаңа ғылыми
бағыттар және ғылымды қажетсінетін өндірістердің дамуына жақсы
жағдайларды
Обнинскідегі,
қамтамасыз
етуді
Пущинедегі
жүзеге
асырылады.
технополистер
келтіруге
Мысал
болады.
ретінде
Бұлар
альтернативті фирмалар және жаңалықтарды меңгеруге, ноу-хау, жаңа өнім
және қызмет түрлерінің аз көлемдегі серияларының өндірісін меңгеруге
маманданған.
Инновациялық қызметті жүзеге асыруда үлкен маңызды орынды оның
анықтылық және өз уақытындағы қаржыландыруы алады. Бұл қызмет үлкен
дәрежелі белгісіздік пен тәуекелділіктік сипатта болғандықтан, оның
қаржылық
реттелуіне
қаржылық
көздерінің
көптілігі,
инновациялық
процестердің тез ауысатын ортасына икемділік пен бейімділік маңызды.
Ресейде инновациялық қызметтің негізгі қаржыландыру көздері ─
бюджеттік және бюджеттен тыс құралдар болып табылады.
Бюджеттік
құралдарға
федералды
бюджет,
РФ
субъектілерінің
бюджеттері және жергілікті бюджеттерді жатқызуға болады. Ірі масштабты
ғылыми-техникалық
мәселелерді,
шағын
және
орта
инновациялық
бизнестерді қаржыландыру бюджеттік құралдар есебінен жүзеге асырылады.
Бюджеттен тыс құралдарға: 1) инновациялық қызметті жүзеге
асыратын
кәсіпорындар
мен
ұйымдардың
өздерінің
құралдары;
2)
инвесторлардың құралдары.
1. инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған кәсіпорындар
мен ұйымдардың
өзінің құралдарының құрамына пайдадан аударымдар,
амортизациялық аударымдар қорлары, өндірісті дамыту қорлары кіруі
мүмкін.
Амортизациялық
аударымдар
амортизациялық
қорларда
шоғырландырылады. Бұл қор инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті
жаңа құрал-жабдықтарды алудағы, жаңа технологияларды енгізудегі негізгі
көзі болып табылады.
Өндірісті дамыту қоры кәсіпорынның билігінде қалатын пайдалардан
қалыптасады. Бұл қордың құралдарына құрал-жабдықтарды алуға, өндірісті
қайта
құруды
жүзеге
асыруға,
жаңа
объектілердің
құрылысын
қаржыландыруға болады.
2. Инновациялық қызметке инвесторлардың құралдары тартылады. Бұл
мыналар болуы мүмкін: ақша түріндегі, бағалық қағаздар түріндегі тікелей
салымдар, құрал-жабдықтар, негізгі қорлардың басқа түрлері, несиелік
инвестициялар, акциялардағы инвестициялар, облигациялар, вексельдер және
т.б.
Инновацияны жүзеге асыруға қажетті жалға беру сипатындағы қымбат
құрал-жабдықтарды, энергетикалық қондырғыларды, компьютерлік және
телекоммуникациялық
техникалар
алуға
немесе
қолдануға
инвестициялаудың прогрессивті формасына, яғни лизингке жүгінеді.
Лизинг ─ машиналар мен құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға
беру, жалға берушімен сатып алынған жалға алушы үшін инвестициялық
мақсаттағы басқа тауарлар.
Экономикалық жағынан лизинг несиемен ұқсас. Басқаша айтқанда,
егер лизингті жеделдік, қайтарымдылық, төлемділік шарттарына негізделген
меншікті уақытша қолдануға беру құралы ретінде қарастырсақ, онда оны
негізгі қорларға тауарлық несие ретінде классификациялауға болады,
сонымен қатар олардың активті бөлігіне ─ құрал-жабдықтар жатады. Бірақ
лизинг дәстүрлі банктік несиелеуден тартымдырақ, әсіресе тез дамытын
шағын және орта кәсіпорындарға.
Лизингтік компаниялар, көпшілік жағдайда бір уақытта лизинг беруші
─ кәсіпорындарға, жиі жеке тұлғаларға құрал-жабдықтарды жалға беруді
қамтамсыз ететін мамандандырылған мекеме. Лизингтік компанияның негізгі
мақсаты өздерінің клиенттеріне қажетті бұйымдарды алуға және оларды
алдын ала белгілі бір
табылады.
төлемге сай
белгілі уақытқа жалға беру болып
Жалгерлік аяқталғаннан кейін материалдық құндылықтарды
жалға алушы фирма лизингтік компанияға қайтарып береді, не келісім
шарттың уақытын ұзартады немесе қалдық құны бойынша оны сатып алады.
Лизингтің тиімділігі сонда, ол арқылы жалға алушы қазіргі техниканы
сатып алуға көп ақша жұмсамайды. Бұл жалгерлік форма шағын және орта
кәсіпорындар үшін тартымды. Лизинг тұтынушылардың ғылым мен
техниканың жаңа жетістіктеріне жол ашады.
Лизингтің экономикалық мазмұны және оның жалға беруден (аренда)
айырмашылығы
келесілерден
тұрады.
Белгілі
бір
материалды
құндылықтарды жалға алу кезінде жалға алушы олардың иесі болмайды және
осы меншікке байланысты құқықтық міндеттерге ие болмайды. Лизингті
алушы меншік құқықтарына байланысты міндеттерді өзіне жүктейді.
Лизингті беруші жалға беруші сияқты лизинг объектісінің иесі болып
қалады. Лизинг объектісін жойылуы немесе қолдану мүмкін емес жағдайда
лизингті алушы қарызды өтеу міндеттерінен босатылмайды.
Кей кезде, лизингтің жалға беруден айырмашылығы тек қана құқықтық
аспектілерде және келісу жағдайларына байланысты деп қарастырады. Бірақ,
шын
мәнінде
бұл
олай
емес.
айырмашылығы,
ол
лизинг
амортизациялық
аударымдардың
Лизинг
берушіге
толық
алушы
ай
сайын
сомасын
жалға
берушіден
ақы
төлемейді,
төлейді.
Лизинг
объектісінде дефектер болған жағдайда лизинг алушы объектіні жеткізушіге
наразылық білдіреді, ал лизинг беруші кепілділік міндеттерінен толықтай
босатылады. Жалпы жалгерлік келісімдік қатынастар сатып алу сату
қатынастырына ауыстырылады, бірақ меншік құқығы берілмейді. Осыдан,
келісімнің бастапқы уақытында лизинг объектісі біршама үлкен сомаға
амортизацияланады,
бұл
амортизация
нормаларына
сәйкес
жүзеге
асырылады. Жалға алу кезінде және ол бойынша төлемдерді төлеу көлемі
нарық конъюнктурасына (сұраныс пен ұсынысқа) байланысты. Лизингтің
жалгерліктен айырмашылығы лизингті алушы келісімнің аяқталу уақытында
алдын ала келісілген бағамен өз меншігіне ала алады. Лизингтік компания
мен лизингті алушылардың арасында жалға беру уақыты, оның үзілмеуі,
жалгерлік төлемдердің көлемі, оларды төлеу кезеңі, лизинг объектісін
сақтандыру жағдайлары, жалгерлік аяқталған уақытта мүлікті иемдену
мүмкіндіктері туралы өзара келісімге келіп, қол қояды. Жалгерліктің
уақытына байланысты лизингтер былай бөлінеді: рейтинг ─ бірнеше күннен
бастап бір айға дейін жалға беру, хайринг ─ бірнеше айдан бастап бір жылға
дейін, лизинг тегінде ─ бір жылдан бастап бірнеше жылға дейін.
Халықаралық тәжірибе бойынша лизинг уақыты құрал-жабдықтардың
амортизация периодына байланысты. Әдетте лизинг уақыты мына периодтан
аз:
Амортизация периоды, жыл
3 4 5 6-7 8 9-10
Лизингтің минималды уақыты, жыл
3 3 4 5 6
7
Машиналар мен құрал-жабдықтарды жалға алудың орташа уақыты 5-8
жыл,
жылжымайтын мүлікті жалға алу уақыты 10-20 жыл аралықтарын
қамтиды. Лизингтің уақыты әр түрлі елдерде әр түрлі нормативтік
құжаттармен анықталады. Шетелдік әдебиеттерде лизингтің мәні ─
жалгерлік пен банктік несие элементтерінің бірігуінде деп тұжырымдалған.
Оның жалгерлікпен туыстыратын меншік құқық қатынастыры, ал несиемен ─
жеделдік және қайтарымдылық. Қалған жағдайлар салықтық, азаматтық,
сауда заңдылықтарының ерекшеліктеріне байланысты. Олар лизингтің
экономикалық мәнін өзгертпейді, тек қана оған ұлттық ерекшелік береді.
Лизингтік
операциялардың көлемі бойынша әлемдік лидер АҚШ,
Еуропада ─ Ұлыбритания саналады. Инвестициялық қызметті қаржыландыру
мен ұйым формасын таңдар алдында, инновациялық жобаның тиімділігіне
қаржылық-экономикалық талдау жасау қажет.
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық
қызметі.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі жаңа өнім мен технологиялар
өндірісін ұлғайтуға, отандық тауарлардың өтім көлемінің ұлғаюына
бағытталуы керек, бұл инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын
талап етеді.
Инновацияға
байланысты
кәсіпкерлік
екі
модельге
бөлінеді:
классикалық, инновациялық.
Классикалық модель ─ дәстүрлі, өсімпаздық, ескішілдік кәсіпкерлік.
Осы
модель
шеңберінде
кәсіпкер
пайданы
көбейту
мақсатында
кәсіпорынның ішкі резервтерін қозғалысқа әкеледі және рентабельділікті
көтереді. Осы модель бойынша кәсіпкерліктің табыстылығы көп жағдайда
федералдық
үкімет
және
аймақтық
билік
органдарының
жағынан
субсидиялау, протекционизммен ілеседі.
Екінші модель инновациялық (өнімді немесе жемісті) кәсіпкерлікпен
қарастырылады. Сонымен қатар, кәсіпорынның даму жолдарын іздестіруді
қарастырылады,
оның
негізіне
соңғы
қолдану
кезеңіне
жеткізілген
инновациялар немесе жаңалықтар жатқызылады.
Кәсіпорындағы
инновацияның
дамуына
түрткі
болатын
себеп
кәсіпкерлік қызметтің шығындарын төмендету ынтасы және нарықтық
бәсекенің қатты жағдайында пайданың көлемін ұлғайту болып табылады.
Ескірген технология мен техниканы қолдану процесінде шығындар
орташадан жоғары деңгейде қалыптасады және кәсіпкерлік шығынды болуы
мүмкін, егер бәсекелестер өндіріс шығындарын төмендету және ұсынылатын
өнім мен қызметтердің төмен бағасының негізінде нарықтағы өтімділік
табысына жету жолдарын тапқан болса.
Осыдан әр бір кәсіпорында бәсекелік басымдылықты жасау қажеттігі
пайда болады, бұны жүзеге асыру үшін инновацияларды қолдану керек.
Сонымен бірге, неғұрлым инновациялық процесс тез жүрсе, соғұрлым
табысты қызметтің болуы ықтимал. Өнімді жаңарту және оны дер кезінде
нарыққа шығару қосымша пайда алу ықтималдығын жоғарлатады, бұл
ғылыми-техникалық рента деп аталады.
Осылайша кәсіпорын инновацияны қолдану арқылы шығындарды
төмендетеді, өндіріс көлемін өсіреді, нарықтың өтімділік табысына жетеді,
пайда көлемін көбейтеді, кәсіпкерліктің тиімділігін көтеруге және ұлттық
экономиканың дамуына ықпал жасайды. Идеяның пайда болуынан бастап
жаңалықты практикалық түрде
енгізуге дейінгі
уақыт периоды
инновацияның өмірлік цикл деп аталады. Өмірлік цикл 4 этаптан тұрады.
Ол 6- суретте көрсетілген.
Фундаментальд
ы ғылыми
зерттеулер
Қолданбалы және
экспериментті
өңдеулер
Тәжірибелі
өндіріс
Жаңалықты
коммерциали
зациялау
6-сурет. Инновациялық процестің функционалды реттілігі.
Бірінші этапта фундаментальды зерттеулер ғылыми ұйымдарда жүзеге
асырылады, соның нәтижесінде жаңа ғылыми танымдар қалыптасады.
Екінші этап практикалық бағыты бар қолданбалы және эксперименттік
зерттеулермен сипатталады. Бұл этапта теріс нәтижелер алу ықтималдығы
жоғары, сондықтан жаңалықты өңдеу жиі тәуекелділік сипатта болады.
Үшінші
этапта
конструкторлы-технологиялық
құжаттамалар
дайындалады, ал инновацияның аралық нәтижелері жаңа өнімдердің
тәжірибелі үлгілерін және жаңа технологиялардың тәжірибелі қолдануын
көрсетеді.
Төртінші этап ─ жаңалықты коммерциализациялау ─ оны өндіріске
жіберу уақытынан нарықта тауар ретінде пайда болғанға дейін жалғасады.
Тауардың өмірлік циклы осы тауардың нарық өтімінен жоғалып кетуімен
аяқталады. Сату көлемінің тауардың өмірлік циклына тәуелділігі 7-суретте
көрсетілген.
Кәсіпорынның қызметі табысты болу үшін бизнес-жоспарды өңдеген
кезде, өндірілетін өнімнің өмірлік циклдың қандай кезеңінде болуын ескеру
керек, бәсекелестердің әрекетін қадағалап,
инновацияларды жүзеге асыру
және жаңа өнімдердің жетілген модельдерінің сату көлемін келешекте
ұлғайта беруді қамтамасыз ету.
Инновациялық процестің дамуына әр түрлі факторлар тобы әсер етеді:
экономикалық,
технологиялық,
саясаттық,
құқықтық,
ұйымдық-
басқарушылық, әлеуметтік-психологиялық, мәдениеттік. Кейбір факторлар
инновациялық қызметке оң әсер етді, ал басқалары кедергі жасайды.
Мысалы, экономикалық және технологиялық факторлар тобы кәсіпорынның
инновациялық қызметіне оң әсер етеді, яғни қажетті қаржы ресурстарын,
материалды-техникалық құралдар, прогрессивті технологиялар,шаруашылық
және ғылыми-техникалық ішкі құрылымның болуын көрсетеді. Осы
факторлар тобы инвестиция үшін құралдардың жетіспеушілігі немесе
жоқтығы, материалдық, ғылыми-техникалық базаның әлсіздігі және т.б.
инновациялық қызметке кедергі келтіреді.
Кәсіпорын-инноватор инновациялық жобаны өзінің құрылымдық
бөлімшелерінде
дайындайды
немесе
инновациялық
кәсіпкерлікке
маманданған ұйымды келісім шарт негізінде қатыстырады.
Кәсіпорын-инноватор
инновациялық
кәсіпкермен
инновациялық
өңдеулерді жүзеге асыру бойынша келісім шартқа отырады. Келісім шарт
тапсырыстың белгілі төлемі аванс түрінде қарастырылуы мүмкін.
Инновациялық кәсіпкер төлемге сәйкес тапсырысты орындау үшін
қажетті материалдарды сатып алады немесе негізгі құралдарды жалға алады,
ғылыми-техникалық кадрларды қатыстырады. Тапсырыс берушіге аяқталған
өңдеулерді одан әрі қарай қолдануға беріледі.
Инновацияларды
қаржыландыру
кез
келген
инвестицияларды
қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады, яғни өзіндік қаржыландыру,
несиелік құралдар, басқа аралас немесе дәстүрлі емес көздер, бюджеттен тыс
қорлар, әр түрлі деңгейдегі бюджеттер.
сату көлемі
уақыт
Енгізу
өсім
жетілу құлдырау жойылып кету
7-сурет. Сату көлемінің тауардың өмірлік циклына тәуелділігі.
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА ЖОЛДАРЫ.
3.1. Қазақстанның инновациялық қызметінің маңызы және саясаты.
Қазақстан Республикасының
туралы» қабылданған заңының
2002 жылғы «Инновациялық қызмет
қазіргі ғылыми-техникалық саясатты
жетілдіруде орны ерекше. Осы заң негізінде бүгінде елімізде инновациялық
қызметті қоғамға енгізу мен оны әрі қарай жетілдіру бірінші кезекте тұр.
Инновациялық қызметті қоғамда, ғылымда, әлеуметтік өмірде, саяси жүйеде,
өмірдің тағы басқа салаларында да кеңінен қолдануға болады. Жаңа
жетістіктерге қол жеткізу жолындағы ізденіс және оларды дамыту
барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану заман талабынан туындап отыр.
Инновациялық процестерге бет бұру дегеніміз ─ бұрынғы даму жолдарын
өзгерту, қоғамның барлық саласының даму динамикасын жаңарту, ғылымитехникалық дамуға жаңа стимул беру мақсатында жұмыс істеу. Мұның өзі
ғылым мен өндірісті тоқайластыру деген сөз.
Осы мақсатта қабылданған еліміздегі «Инновациялық қызмет туралы»
заң қоғамның, экономиканың дамуына жаңа сипат беруде. Бұл заңның
негіздеріне сүйенетін болсақ, мұнда негізінен инновациялық саясат ─
мемлекеттік саясаттың құрамдас бір бөлігі әлеуметтік-экономикалық саланы
дамытуда осы бағытты басшылыққа алу керек. Бұл процесс бәсекеге
қабілетті экономиканың қарышты қадам басуына ерекше әсер етеді.
Инновациялық жаңа ғылыми идеялар озық технологияны қолдануға барлық
жағдайлар жасау қажет екенін көрсетеді. Жаңа жетілдіргіш ақпараттық
технологиялық процестер үрдісін қоғамды басқару саласынан бастап,
өндірістің барлық салаларында қолдану керек екенін өмірдің өзі дәлелдеп
отыр. Ғылым мен техниканың жетістіктері арқылы өз экономикасын алға
жылжытып, дүниежүзілік рынокта алдыңғы қатарлы елдер қатарына шыққан
көптеген мемлекеттер бар екенін тарихтан жақсы білеміз. Осыдан бірнеше
онжылдықтар бұрын әлемдегі кедей мемлекеттер қатарында болған Оңтүстік
Шығыс Азия мемлекеттерінің тез арада дамып кетуі бұған нақты мысал бола
алады. Бүгінде электрондық әлемде беделді орын алып отырған Жапония,
Корея,
Қытай
ғылыми-техникалық
жетістіктерге қол жеткізді.
саясаттың
нәтижесінде
осындай
Сондықтан да ғылыми-техникалық саясат
мәселесін толыққанды зерттеу, бұл саясаттың шет елдерде жүзеге асыру
тәжірибесімен танысу Қазақстан сияқты жас, ғылыми, өндірістік әлеуеті
жоғары мемлекет үшін өте өзекті мәселе болмақ. Осы тұрғыдан келгенде,
еліміздегі инновациялық саясатты жетілдіру қазақстандағы ғылымды
дамытумен тікелей байланысты. Әлеуметтік экономикалық өркендеудегі
жетістіктерінің бәрі де жақсы ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде
жүзеге асырылады. Осындай алдыңғы қатарлы елдерге жақын болу үшін,
инновациялық қызметті одан әрі
жетілдіру, инновациялық саясатты әрі
қарай
Инновациялық
өркендету
мәселесі
тұр.
жоба,
инновациялық
инфрақұрылым, инновациялық қор толық түрде мемлекет тарапынан қолдау
табуы тиіс.
Ғылым мен техниканың жедел түрде сапалы дамуы тікелей
мемлекеттік саясатпен байланысты екендігі ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда,
ғылыми-техникалық прогресті жаңа жағдайда мемлекеттік реттеу қолға
алынуы тиіс.
Мемлекетік инновациялық саясат қоғамның бар саласын
қамтитын бағыттарда жұмыс істейді. Ғылым мен техниканың жетістіктерін
пайдалану мен іске қосу мақсатында жасалатын істердің бағдарламасы мен
жүзеге асырушы мамандар іріктеліп, олар конкурстық негізде қабылдануы
керек.
Инновациялық жобаны іске асыру үшін ең алдымен жобаның
формалары мен әдістері анықталуы тиіс. Инновациялық қызметті жүзеге
асыратын және оны толық қамтамасыз ететін құқықтық-нормативтік базаны
толық түрде кеңейту басты шарт.
Келесі ерекше бір еске алатын мәселе, инновациялық қызметті жүзеге
асыратын субъект мемлекет тарапынан қолдау табуы қажет. Бірінші кезекте
әсіресе
эксперименттік
зерттеулердің
санын
өсіру
және
олардың
материалдық шығындарын өтейтіндей, инновациялық қорды мемлекет өз
қамқорлығына алса, бұл нақты бастамалардың бірі болар еді. Қазақстан
Республикасының кешегі, бүгінгі, ертеңгі даму үрдістерін жан-жақты
қарастыра отырып, қазіргі кезеңдегі ғылым мен техника жетістіктерін
өндірістік пайдаланудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасында осы
мәселелер кеңінен көрсетілген, алайда оны жүзеге асыруда көптеген
кемшіліктер болып жатыр. Әрине, бұл енді ғана инновациялық даму
саясатына аяқ басқан ел үшін табиғи құбылыс. Алайда осы процестерді
жүзеге асыруға қызығушылық танытушылар саны көбеймей отыр. Осы
орайда арнайы орталықтар мен маман кадрларды жұмысты ұйымдастыруда
өркениетті елдер тәжірибесіне сүйенуді үйрету керек, келісімділік негізінде
жұмыс істеу екі жаққа да қолайлы болуы тиіс.
Бұл саясаттың мәні барлық қажеттілікті қамтамасыз ету жолындағы
өзгерістер арқылы қоғам мен әлеуметтік ортаны жаңа жағдайға бейімдеу
деген ұғымға келіп саяды. Полиэтникалы Қазақстанның егеменді ел ретінде
қалыптасуы мен саяси тұрақтылығы демократиялық жаңа принциптер
негізінде жүргізілетін ғылыми-техникалық саясатпен тығыз байланысты.
Осы негізде іске асырылып отырған инновациялық қызмет қоғамның барлық
саласындағы технологиялық процестердің жаңа жетістіктерін жүзеге асыру,
сол арқылы қоғамдық қатынастағы әлеуметтік-экономикалық, қаржылық,
құқықтық салада өзгеру ғана емес, ғылыми негіздегі жаңалықты қолданысқа
енгізу болып табылады.
Инновациялық саясаттың басты мақсаты ─ отандық өнімдердің
бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің әл-ауқатын
көтеру және қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз
ету. Сондықтан да жаһандық процесс туғызған инновациялық қызмет кез
келген мемлекеттің даму тарихында ерекше орынға ие. Еліміздегі ішкі және
сыртқы
геосаяси
және
экономикалық
жағдайдың
тұрақтануы
мен
инновациялық қызметтің, ғылыми-техникалық саясаттың даму қарқыны да
өзгеруде. Осы орайда жоғарыда айтылған ҚР-ның «Инновациялық қызмет
туралы» қабылданған заңының саяси-әлеуметтік маңызы өте зор, себебі әр
бір елдің экономикасы мен интеллектуалдық потенциалы жоғары деңгейде
көрінуінде ғылым
мен техника басты өзек болуы тиіс. Еліміздің басты
бағыттарындағы негізгі ядро болып отырған инновациялық қызметті
қабылдау мен оны енгізу ─ бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның кезек күттірмейтін
өзекті мәселелерінің бірі.
ҚР-ның Инновациялық қызмет туралы заңында инновациялық қызметті
жетілдірудің басты бағыттары көрсетілген. Ендігі міндет осы басым
бағыттарды жүзеге асыру механизмін жетілдіру болып отыр. Қазіргі
кезеңдегі инновациялық қызметті жетілдірудің басты жолы ─ бұл нақты
саясаттың алғышарттарын қалыптастыру мен шынайы инновациялық қызмет
субъектілерін ұйымдастырудан басталуы тиіс. Бұл мәселелерді шешу, ең
алдымен, елімізде Ұлттық инновациялық орталық құрылуымен және барлық
істерге сол орталық басшылық жасауымен аяқталу тиіс деген ойдамыз.
Жоғары оқу орындарында арнайы инновациялық бағыттағы мамандықтар
ашу керек ─ ол инновациялық саясатты жетілдіру субъектілерін кеңейтуге
жол ашады.
Инновациялық қызметтің дамуы ең алдымен, ғылыми-техникалық
ақпараттанумен өзара байланысты, сондықтан кез келген мекемеде, оқу
орындарында
ақпараттық-технологиялық орталықтар жұмыс істеуі керек.
Инновациялық қызмет негізінде ғылыми-техникалық прогресс жатыр. Ғылым
мен техника адам өмірінің дамуымен қатар жүреді. Елімізде осы мәселені
өркендету мен дамыту барысында көптеген заңдық-құқықтық актілерге қол
қойылды, алайда бұл қабылданған құжаттар оны жүзеге асыру және орындау
талаптарымен үндеспей жатыр, осы олқылықтың орнын толтыру шарт. Ол
үшін жаңа кредиттік технология осы саясатты әрі қарай дамыту мақсатында
жүзеге асырылуы тиіс.
Мемлекеттік инновациялық қызметтің стратегиялық мақсатының өзі
өндірістің барлық саласында жаңа ғылыми жетістіктердің енгізілуі болып
табылады. Оның жетістіктері
экономикалық өркендеу мен
бәсекеге
қабілеттілікке пайдаланылады. Инновациялық қызметті жетілдірудің ең
оңтайлы
тәсілі
ұштастырылуында.
─
ғылым
мен
техника,
өндіріс
бірлестігінің
ҚР-ның ішкі саясатында жаңа қоғамды одан әрі тереңірек топтастыруға
тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті, жаңа рухани келісімді дамытуға,
мемлекетті және оның интституттарын қалыптастыру мен нығайтуға,
халықтың
әл-ауқатын
көтеруге
бағытталған
болса,
сыртқы
саясаты
республиканың көп векторлы және көп деңгейлі интеграциялық іс-әрекетіне,
аймақтық және әлемдік қауіпсіздікті нығайтуға, әлемдік қауымдастықта
еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, жоғары технологияны
пайдалана отырып, экономикалық өсуге бағытталған. Осы екі саясат
саласында да инновациялық қызмет үрдістерін жетілдіру, оны бүгінгі күнмен
қабыстыру мақсаты көзделген.
Инновациялық саясаттың басты ерекшелігі ─ оның әрдайым мемлекет
назарында болуы. Қызықтысы, ғылым мен техника нарық жағдайында басқа
салалар сияқты өз алдына дербес дами беруге кейде қабілетсіз болып келеді.
Алайда ғылым жеке меншік өндіріске жұмыс істеген жағдайда, оның
нарықтық сұраныс пен ұсыныс заңдылығы арқылы даму мүмкіндігі жоғары
екені сөзсіз. Мұны қазіргі күні АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты
елдердің тәжірибелері толықтай дәлелдеп отыр.
Инновациялық саясатты жүзеге асыру барысында өндіріс өнімінің
көлемін ұлғайту тұрғысында сападан алшақтамау бірінші кезектегі мәселе
болары сөзсіз. Тек шикізат орталығымен ғана шектеліп қоймай, «өндірістен
─ өндіріске» принципін ұстанған абзал дейді зерттеушілер. Мұның мәні ─
шикізат өндіре отырып, одан дайын өнім шығаруға ұмтылу. «Өндірістен ─
өндіріске» қағидасы бүгінгі күні Қазақстан үшін ең қажет принциптердің бірі
болып отыр. Бұл принцип өндірісте шығынды жағы өте жоғары әрі сапасыз
артық өнім шығарудан сақтандырады. Осындай адамзат үшін өте тиімді
және оңтайлы болып отырған инновациялық саясаттың негізгі бағыттары
төмендегідей болып келеді:
 жоғары
бәсекелестікке
ұмтылған,
шығыны
аз,
керісінше,
пайдаланатын ресурстарды қолданудың сапалы, жаңа деңгейін
қалыптастыру. Ресурстарды үнемдеу арқылы өндіріс өзінің
өсімін көбейтеді;
 елдердің
техникалық
артта
қалуын
тоқтатып,
жаңа
технологияларға қол жеткізу;
 өнім өндірмейтін салалардағы құрылымдық алға жылжу, яғни
технологиялық негізде қамтамасыз ету;
 әр аймаққа икемделген аз күш жұмсалатын өндіріс орындарын
ашып, олардың өндіріс қауіпсіздігін және қоршаған ортаның
ластанбауын қамтамасыз ете алатын жаңа технология жүйелерін
тарату
арқылы
ғылыми-техникалық
прогрестің
әлеуметтік
тиімділігіне қол жеткізу. Әлеуметтік нормативтер жүйесін
дайындау жаңа технологияларға негізделуі керек.
3.2. ҚР-ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі.
Инновациялық қызметтің субъектілері және олардың материалдық
құндылықтары әр түрлі қауіптіліктерге ұшырауы мүмкін, бұл инновациялық
өнімді тиімді жасауға кедергі келтіреді. Бұл қауіптіліктер (жағдайлар) ұлттық
шаруашылық
жүйенің
экономикалық,
қоғамдық,
саясаттық
ұйым
тәсілдерімен байланысты және табиғи, техногенді факторларды құрайтын
физикалық
болуы
мүмкін.
Инновация
сферасының
қауіптіліктерге
ұшырауының барлығын есепке алу мен бейтараптау мүмкін емес, себебі
инновациялық қызметтен табыстарды толық алмау және шығындардың
пайда болу тәуекелділіктері болады. Тәуекелділік барлық ұйымдыққұқықтық формадағы кәсіпкерліктерге тән.
Қазақстандағы кәсіпкерлік
инициативаны бірқалыпсыз салық ауыртпалығы, заңдардың өзгеруі т.б.
сияқты факторлар тежейді, ал инновациялық сферадағы жағдайды жоғары
тәуекелділіктер күшейтеді. Осылардың әсерінен инновациялық жобаларға
құралдарды инвестициялау, инновациялық қызметке нәтижелерді енгізу
кезінде тиімсіз болады. Инвестициялық процестің табысты жүзеге асырылуы
және оның нәтижелерін өндірістік қызметке енгізудегі міндетті шарты
тәуекелділікті басқару болып табылады. Тәуекелділікті басқаруға сақтандыру
қорғанысының әдістері, сонымен қатар мүмкін болатын алдын ала
сақтандыру шаралары жатады. Инновациялық қызметте интеллектуалдық
меншіктерді қорғаудағы құқықтық әдістерді қолдану, сенімді патенттік
қызметтерді қолдану, жаңалықты өнеркәсіптік қолдану алдында маркетингтік
және патенттік зерттеулерді жүргізу, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары және
т.б. болуы мүмкін. Тәуекелділікті толықтай немесе оның белгілі бір бөлігін
сақтандыруға болады. Осындай қорғаныс механизмін таңдау кезінде
сақтандырылған тәуекелділік бойынша
залалдарды тұрақтандыру жүзеге
асады, бұлар жиынтық түрде сақтандыру жарналардың сомасына тең болуы
керек.
Осындай
залалдарды
өтеудегі
жауапкершілікті
сақтандыру
компаниясына өзіне алады.
Сақтандыру қызметі үш түрге бөлінеді (оларға шығындардың үш түрі
сәйкес келеді): алдын ала сақтандыру (предупреждение), алдын ала
шараларды
қолдану
(пресечение),
шаруашылық
залалды
өтеу.
Коммерциялық сақтандыру тәуекелділік факторлардың әрекет етуінің
әсерінен болатын күйзелістік залалдарды алдын алу үшін шаруашылық
субъектілердің құралдарын уақытында жұмсауға негізделеді.
Кәсіпорын өзінің мүлігін мемлекеттегі кең ауқымды сақтандыру
бағдарламасы
негізінде
тәуекелділіктері
сақтандыра
сақтандырылуы
алады.
мүмкін
және
Әрине,
жауапкершілік
сақтандырылуы
қажет
сонымен қатар, персоналдың, тұтынушылардың, үшінші жақтың өмірі мен
денсаулығына және қоршаған ортаға, басқа да мүліктік, қаржылық
тәуекелділіктерге зиян келтірудегі жауапкершілікті қоса алғанда. Өнімнің,
қызметтің сапасына деген
жауапкершілік сақтандырылуы керек. Осы
сипаттағы жауапкершілікті сақтандыру полисінің болуы ─ еуропалық
нарықта тауарларды өткізудегі міндетті шарт.
Жаңа техника мен технологиялардың объектілерін енгізу кезінде
кәсіпорын
материалдық және қаржылық активтерді, инновацияларға
құралдарды жұмсауда
тәуекелділікке барады.
Кәсіпорынның басқа да
активтерімен, өзіне жауапкершілікті алумен байланысты залалдарға тап
болмауды қамтамасыз ететін қосымша сақтандыру кепілділіктерін тарту
керек.
Жаңа техниканы енгізу жиі күтпеген қолайсыз зардаптармен
байланысты, бұлар өздерінің артынан қосымша шығындарға алып келуі
мүмкін, әр түрлі себептерге байланысты жоспарланған пайданы алмаумен
сонымен қатар өндірістің тоқтап қалуымен байланысты. Қазақстандық
сақтандырушылар жоғары сападағы қаржылық тәуекелділіктер сипаттағы
осы сақтандыру қызмет түрін ұсыныла алады, бірақ кәсіпкер өзінің
қаржылық тәуекелділіктерін сақтандыру кезінде ол тексеріске тап болады,
яғни сақтандырушы компания оның бизнесін тексереді. Сақтандырушының
қауіпсіздікті сақтау қызметі кәсіпорынның бүкіл қызметін, оның қызметін
реттемелеуші құжаттарын, регистрация жөніндегі куәлігін, қызметті жүзеге
асырудағы құқық беретін лицензиялар немесе патенттерді, аудиторлардың,
қадағалау органдардың қорытындыларын, мүмкін болған жағдайда салықтық
тексерулерді қарастыруға талаптанады. Сақтандырушының негізгі ынтасы
кәсіпорынның несие тарихына және өткен сот істерімен байланыстылығына
негізделген. Потенциалды сақтаушының кәсіпорынын тексеру процесінде
оның басқа инновациялық жобаларын енгізу нәтижелері қарастырылады.
Кейінге
қалдырылған
өндірістегі
инновациялық
қызметтің
тәуекелділіктерін қолдану туралы шешім қабылдаған кәсіпкер үшін енгізу
этапында және содан кейінгіде маңыздырақ болып аварияларға, жаңа техника
бойынша күтпеген жағдайларға, бұзылған құрал-жабдықтарға және т.б.
байланысты өндірістің тоқтап қалу тәуекелділіктері табылады.
Өндірісте үзілістер болғандықтан, залалдарды сақтандыру айтарлықтай
кең таралған. Жаңа техниканың нәтижелерін енгізу кезінде қолайсыз
жағдайлардың, барлық өндірістің тоқтап қалуына ұшырататын сонымен
қатар,
жаңа
байланысты
техниканың
немесе
тәуекелділіктерін
ескеру
технологиялардың
қажет.
объектілерімен
Сондықтан
техникалық
жаңалықтарды, прогресті өндірістік процестерді және т.б. енгізу туралы
шешім қабылдаған кәсіпкер өндіріс үзілістеріне байланысты залалдарды
сақтандыруды ойлау қажет. Өрттің салдарынан, сонымен қатар машиналар
мен механизмдердің бұзылуынан болатын залалдарды
сақтандыруға
(көптеген сақтандыру компанияларында осы тәуекел мүліктік сақтандыру
келісімінде енгізіледі) болады.
Жаңа техниканы немесе технологияны енгізу кезінде кепілді қызмет
көрсетудің болуын қадағалау қажет, ал кейбір жағдайларда ─ кепілді
міндеттердің іске асырылуынан кейін жаңа техниканы жеткізуші фирмадан
сақтандыру полисінің болуын талап ету қажет.
Инновациялық қызметпен айналысатын көпшілік кәсіпкерлер маңызды
қаржылық және материалдық шығындар тәуекелділіктеріне тап болады.
Сондықтан олар дұрыс және уақытында
сақтандыру қорғанысының
механизмін қолдану қажет. Олар барлық мүмкіндіктерді қолданып және
өзінің контрагенттерден соны талап ету керек. Кәсіпкер үшін маңызды
тәуекелділіктерден сақтандыру қорғанысты қамтамасыз ету үшін, олар
сақтандыру негізінде тәуекелдің бүкіл пакетін ұсыну қажет. Сонымен қатар
өнідірістегі үзілістер, құрал-жабдықтардың бұзылуы салдарынан болатын
залалдарды тек қана соған сәйкес мүліктік сақтандыру келісім болған
жағдайда
сақтандыру мүмкін болады. Тәуекелділікті бағалау және
сақтандыру келісімінің мақсатты сәйкестілік қорытындысын анықтау үшін
сонымен қатар, қайта сақтандыру қажет болған жағдайда келіссөздерді
жеңілдету
үшін
тәуекелділіктерді
сақтандыру
бағалауға
компаниялары
мамандырылған
экспертизаға
сақтандыру
берілген
сюрвейер-
компанияны тарта алады.
Объектілерді және зиялы меншікті жасау мен қолдануға, инновациялық
қызметке байланысты тәуекелділіктерді сақтандыру ережелерін енгізуде
қызығушылық көрсетілуде. Өкінішке орай, осындай қызмет түрін іске
асыратын
кәсіпорында
көпшілік
жағдайда
қаржыландыру
бойынша
проблемалар болады. Барлық сақтандыру нарығының жалпы проблемасы
потенциалды сақтаушылардың төлем қабілеттілігінің төмен деңгейі болып
табылады.
Инновациялық
қызметпен
және
зиялы
меншіктің
объектілерін
қолданумен байланысты сақтандыру бағдарламасын өңдеуде бірнеше
тенденциялар бар.
3.3 Инновациялық қызметтерді басқарудағы жаңа тәсілдері.
Инновациялық процестерді басқару проблемасы оның кең ауқымды
өсімі бойынша объективті түрде күрделенуде. Қазіргі қоғамның нарықтық
қатынастары инновацияларды басқару жүйесіне қатты талаптарды қоюда.
19-20 ғасырларда басқару тапсырмаларының сандық өсуі ғана емес, сонымен
қатар олардың сапалық күрделенуі көрініс тапты. Инновацияны басқару
саласындағы жұмыс табысты болған сайын, басқару объектінің сандық және
сапалық өзгеруі тезірек болады. Ғылымды дамыту диалектикасы және
инновацияларды басқару тәжірибесі жаңа ұйымдық проблемаларды үнемі
айқындау қажеттілігінен, оларды шешудегі құралдарын және әдістерді
іздеуден тұрады.
Нарықтық жағдайда инновацияларды басқару жүйесі негізгі түрде
қалыптасады. Шаруашылық өмір жағдайларының барлық кешендеріне
өзгерістер қажет ─ өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық, қаржылықэкономикалық. Нарықтық экономикаға көшу кезінде инновацияларды
басқарудың
ұйымдық
құрылымдары,
қайта
өндіру
процесінің
қатысушыларының өзара әрекет ету формалары жаңа көрініс табады, салалар
арасында
шектер
бұзылады,
инновациялық
процестердің
әр
түрлі
стадияларының шоғырлануы дамиды.
Қазақстан Республикасындағы іске асып жатқан инновацияларды
басқару механизмінің басты проблемасы болып ғылым мен өндірістің
арасындағы өзара байланыстылығының және өзара әрекет етуінің тиімді
тізбегінің болмауы табылады. Микро- және макро - экономикалық
мүдделерді сәйкестендіретін және осыған жауапты болатын біртұтастылық
ұжымдық жүйе жоқ.
Соңғы 20 жылда инновацияларды басқару көптеген өзгерістерге
ұшырады. Бұрынғы басқару жүйесі бойынша кәсіпорын жабық жүйе ретінде
қарастырылды, ал оның қызметінің табысы негізінен ауыспалы ішкі ортаның
әсеріне байланысты болады. Осындай басқару жүйесінде мақсаттар мен
міндеттер ұзақ уақытқа алдын ала белгіленген және тұрақты деп есептелген.
Отандық
экономиканың
тиімді
экономикалық
қайта
құрулары
инновацияларды басқару жүйесін және жаңғыртуды талап етті. Осыған
байланысты, қазіргі этапта басқару парадигмасының мағынасы қайта
қаралды, бұл әр түрлі елдерде жүзеге асырылатын ғылым мен техника
саласындағы әлемдік қайта құру әсеріне байланысты. Қоғам ақпаратты ашық,
сонымен бірге инновацияларды басқарудың мағынасы мен рөлді түсінудегі
түбегейлі жаңаруы бола бастады, яғни оның әлеуметтік уағдалы, кең
ауқымдылығы, тиімділігі.
Нарықтық механизмдерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған
Қазақстан экономикасының қайта құрылуы инновацияларды басқарудағы
теоретикалық концепциялардың қайта қаралуын талап етті. Қазіргі жағдайда
Қазақстанға инновацияларды басқарудағы жаңа концептуалды модель қажет.
Осыған байланысты, инновацияларды басқарудағы жаңа парадигманы
жасауға қажеттілік туады. Жаңалық енгізудің басқару жүйесінің мазмұны
бойынша мыналарды қамтиды:
 жиын жүйесі, ғылыми-техникалық және басқарушылық ақпаратты
өңдеу мен талдау;
 басқарудың ұжымдық құрылымы ─ билік пен жауапкершілікті бөлу,
барлық деңгейдегі міндеттер мен құқықтардың теңдігі;
 шешімдерді қабылдау механизмі, олардың атқарушыларға жеткізілуі
және атқаруды бақылау;
 кадрларды іріктеу мен орналастыру жүйесі, оларды жаңалық енгізудегі
басқару процесіне қатыстыру.
Инновацияларды басқарудағы
ұсынылған парадигма жағдайлық,
жүйелік, инновациялық тәсілдерге және стратегиялық басқаруды қолдануға
негізделген. Кәсіпорын оны «ашық жүйе» ретінде қарастырады, қызмет
тиімділігінің алғышарттары оның инвестициялық белсенділігіне негізделеді.
Жүйелік
тәсіл қазіргі түсінікте
инновацияларды басқарудағы
тиімділігін, ұйымдастырушылығын, сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Жүйелік тәсіл басқарудың философиясы және нарықтық экономика
жағдайында
тіршілікке
қабілетті
әдісі
болып
табылады.
Бірақ,
инновацияларды басқаруда барлық жағдайларда қолданылатын бір ғана
принцип жиынтығы жоқ. Кәсіпорынның әрбір жағдайы талдануы және соған
сәйкес сипатта басқарылуы керек.
Берілген тәсіл әр бір ерекше жағдайларда инновацияларды енгізуде
баламалы негізді жасайды. Басқарудағы инновациялық тәсілдің мағынасы
республика экономикасының ісі инновацияллық қызметті қарқындатуға
бағытталған, бұл экономиканың және басқару жүйесінің дамуының
қозғаушысы болып табылады. Сонымен бірге өндіріс факторлар және
инвестициялар ғылыми негізделген қызметтің құралдары болуы керек.
Бұл тәсілдің артықшылығы жоғары ұйымдастырушылық ортаның
әрқашанда өзгеруін мойындауды жорамалдайды және экономика осы ортада
қызмет атқарады. Сондықтан, болып жатқан өзгерістермен есептесу және
соларға бейімделу қажет.
Жаңа парадигма инновацияларды басқару принциптерінің қайта
қаралуын талап етті, себебі бұрынғылары жаңа жағдайларға сәйкес келмеді.
Инновациялық қызметті басқарудың мақсаты ұйымның ғылымитехникалық және өндірістік қызметінің негізгі бағыттарын анықтауға
негізделген, яғни жаңа өнім мен технологияларды өңдеу мен енгізу,
шығарылатын өнім мен технологияларды жаңарту, жетілдіру, өнімнің
дәстүрлі түрлер өнідірісінің келешекте дамуы, моральды түрде ескірген
өнімдер өндірісін тоқтату.
Инновациялық
қызметті
басқарудың
жаңа
парадигмасы
инновациялардың экономикалық жүйеде әркелкі, яғни кластерлер түрлерінде
пайда болады дегенге негізделген. Кластер ─ белгілі бір уақыт пен белгілі бір
экономикалық кеңістікке негізделген базистік инновациялардың жиынтығы
(жаңа өнімдер мен технологиялардың біртұтас жүйесі).
Қорытынды.
Инновациялық қызмет ─ нарыққа енгізілген идея-инновацияның жаңа
жетілдірілген өнімге ауысуымен байланысты қызмет түрі. Инновациялық
қызмет
ғылыми,
техникалық,
ұйымдық,
қаржылық,
коммерциялық
шаралардың барлық кешенін қарастырады. Инновациялық қызметтің негізгі
түрлері
ерекшеленеді:
ұйымдастыру,
өндірісті
инструментальды
жүргізу
және
даярлау
өндіріс
технологиялық процестер мен өнімнің өзгеруін,
қолдану
негізінде
персоналды
қайта
және
өндірісті
алдындағы
өңдеулер,
жаңа технологияларды
даярлауды,
жаңа
өнімдердің
маркетингін, технологиялардың патент, лицензия, ноу-хау, сауда маркалары,
модельдерінің конструкциясы түрінде алуды, инновацияларды енгізілуімен
байланысты машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алуды, өңдеуге
қажетті өндірістік жобалауды және жаңа тауарлар мен қызметтерді, басқару
құрылымын қайта ұйымдастыруды қамтиды.
Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тәсілдер мен бағытты
таңдауы кәсіпорынның ресурстық және ғылыми-техникалық потенциалына,
нарықтық талаптарына, техника мен технологияның өмірлік циклының
стадиясына, салалық жабдықтардың ерекшеліктеріне байланысты болады.
Инновацияларды жобалау, өңдеу, енгізу кезінде оларды жүзеге
асырудағы шығындарды, мүмкін болатын қаржыландыру көздерін анықтау
және инновацияны енгізудегі экономикалық тиімділігін бағалау, шығындар
мен табыстарды салыстыру жолымен әр түрлі инновациялардың тиімділігін
салыстыру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы ─ Алматы:
Экономика, 2002. ─ 109 бет.
2. Мейірбеков А.К., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы
─ Алматы: Экономика, 2003─ 252 бет.
3. Экономика предприятия и отрасли промышленности. 3-е изд., перераб.
и доп. ─ Ростов н/Д: «Феникс», 1999 ─ 608 с.
4. Экономика предприятия: Учебник для вузов / И.Э. Берзинь, С.А.
Пикунова, Н.Н. Савченко, С.Г. Фалько: Под ред. С.Г. Фалько ─ М.:
Дрофа, 2003 ─ 368 с.
5. Экономика предприятия: Учебник для вузов / Под ред. проф. В.Я.
Горфинкеля, проф. В.А. Швандара ─ 4-е изд., перераб. и доп. ─ М.:
ЮНИТИ─ДАНА, 2004 ─ 670 с.
6. Экономика предприятия: Учебник для вузов / Под ред. П.П. Табурчака
и В.М. Тумина. Ростов-н/Д: «Феникс», 2002─ 320 с.
7. Экономика предприятия: Учебник / Под ред. проф. Н.А. Сафронова ─
М.: Юристъ, 2003─ 608 с.
8. Инновационный менеджмент: Учебник / Под ред. В.А. Швандара,
проф. В.Я. Горфинкеля ─ М.: Вузовский учебник, 2004 ─ 302 с.
9. Медынский В.Г. Инновационный менеджмент: Учебник ─ М.:
ИНФРА-М, 2002 ─ 295 с.
10. «Аль-Пари». Экономический журнал. 2005 – 2.
11. «Аль-Пари». Экономический журнал. 2004 – 2,3.
12. «Қаржы-қаражат ─ финансы Казахстана», 2005 -1.
13. «Саясат». Информационно-аналитический журнал. 2005-3.
14. Статистический ежегодник Казахстана: Статистический сборник/ Под.
ред. К.С. Абдиева ─ Алматы: Агенство РК по статистике, 2004─ 598 с.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа