close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Сингапур тәжірибесінен
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНА КІРІСПЕ
Білім алушылардың кәсіби қоғамдастығы (БКҚ) ретінде мектептің мәні
қандай?
Білім алушылардың кәсіби қоғамдастығында мұғалімдер мектеп мақсатына сәйкес
оқушыларға жоғары сапалы білім беріп, оқушылардың жақсы нәтижелеріне қол жеткізу
туралы командаларды оқыту үшін бірлесіп жұмыс істейді. Оқытушы командалар –
оқушыларды оқытуда жағымды өзгеріс енгізу үшін үнемі кездесіп тұратын (айталық,
кестемен белгіленген уақыт ішінде) және бірлесіп жұмыс істейтін 4-8 адамнан тұратын топ.
Оқытушы командада мұғалімдер сабақ жоспары мен материалдарын жақсарту саласында
да, сонымен бірге оқыту әдістемесі мен бағалау тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша
да бірлесіп әрекет етеді. Осы салалардағы қызметтерді ортақтастыру арқылы мұғалімдер
ұжымдық үздіксіз рефлексия циклына тартылып, бұл жалпы тәжірибенің негізінде
тереңдетілген топтық оқытуға ықпал етеді.
Мектептерге арналған БКҚ моделі
Төмендегі диаграммада мектептерге арналған БКҚ моделі ұсынылған, онда БКҚ
ретінде жұмыс істейтін мектептің маңызды элеметтері анық көрсетілген.
Мектеп мақсатына қол жеткізу
Оқу нәтижесін жақсарту
Тереңдетілген педагогика
Оқу тәжірибесін
жетілдіру
Жүйелілік
Бейімделген
Дюфор моделі
Мектепте оқу
мәдениетін
қалыптастыру
Негізгі үш идея
Төрт маңызды сұрақ
- Мазмұны
- Педагогика
- Құрылым
- Үдерістер
Білім
алушы топ
Білім
алушы топ
Білім
алушы топ
- Дереккөздер
Мектеп басшылығы
Бірлескен команда
Мектеп миссиясы, ұстанымы, құндылықтары
БКҚ ретінде жұмыс істейтін мектептің жетістігі Майкл Фуллан «Жетістік
үшбұрышында» атап көрсеткен үш фактормен бір қатарда тұрады [1].
1. Мектеп басшылығы. Мектеп басшылары мектептің миссиясы, ұстанымы мен
құндылықтарына негіздей отырып, оның мақсаттары мен даму бағыттарын белгілеген кезде
әр мектептің БКҚ күшін қалай қолдануға болатынын ескереді. Олар БКҚ бірлескен
командасының артында тұрып, Білім алушы командаға өз мақсаттарына қол жеткізуге
қолдау көрсету арқылы олардың алға жылжуына ықпал ететін күш болып табылады.
2. Жүйелілік. Мектеп басшылары сонымен бірге өз ұжымы арасында тұрақты оқу
мәдениетін құрған кезде өз мектебі үшін дұрыс ахуал құру үшін жауапты. Қажетті қормен
қамтамасыз ете отырып және қажетті құрылым мен үдерістерді қолға ала отырып, мектеп
басшылары бірлескен жұмыс пен ұзақ мерзімді кәсіби оқу қанат жая алатын ахуалды
құруға көмектеседі.
3. Тереңдетілген педагогика. БКҚ-ның негізгі құрылыс блоктары Білім алушы
командалар болып табылады, олар бірлескен жұмыс жүргізу үшін талаптарға негізделген
тұрақты құралдарды пайдаланады, айталық, мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін
жетілдіруге көмектесу үшін Lesson Study стратегиясын қолданады. Бүкіл білім беру
жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Білім алушы командалардың мақсаты
мектептің мақсатымен және оқытудың басқа да маңызды салаларымен сабақтасып жатады.
Қажетті педагогикалық және ақпараттық сараптаманы қамтамасыз ететін Академияның
Кәсіптік бөлімі және белгілі бір пәндерге арналған тарауларымен қатар Білім алушы
команда мұғалімдерге олардың теориялық-тәжірибелік дайындығындағы ақтаңдақтарды
жойып, өз білімдерін сыныпта толығымен және ұтымды пайдалануға көмектесу үшін
кәсіби дамуды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың үлгерімін жақсартып,
мектептің өз мақсаттарына жетуге септігін тигізеді.
Бұл «Жетістік үшбұрышы» 2008 жылғы 1-3 желтоқсанда Мельбурнда (Австралияда)
өткен Халықаралық Білім беру көшбасшылары диалогінде талқыланды, ол жерде Майкл
Фуллан үйлестіруші ретінде сөз сөйлеп, табысты мектеп жүйесін құрудағы ең маңызды үш
фактор Мектеп басшылығы, Жүйелілік, және Тереңдетілген педагогика екендігі туралы
пікір ұсынған.
Негізгі үш идея: БКҚ-ның негізгі үш идеясы Ричард Дюфор, Ребекки Дюфор
және Роберт Икер жұмысынан алынды.
http://www.academyofsingaporeteachers.moe.gov.sg/cos/o.x?c=/ast/pagetree&func=view
&rid=1069395 2013 жылғы шілдеден қол жетімді
НЕГІЗГІ ҮШ ИДЕЯ
Негізгі үш идея БКҚ-ның осы моделін іске асыруда басшылыққа алатын негізгі
қағидаттар болып табылады және мектептерге БКҚ-ға саяхат жасауға түрткі болатын күш
десе болады.
Негізгі үш идея:
1. Оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету. БКҚ әр оқушының білім алуына
назар аударады. Сондықтан, БКҚ-ның негізгі сұрағы «Бұны саған үйтетті ме?» дегеннен
гөрі, «Бұны сен үйрендің бе?» деу орынды болар. Бұлайша сұрақты өзгерту БКҚ жұмысын
қуаттайды. Оқушылардың үлгерімін жақсартудың жоғары деңгейлі кәсіби сараптамасын
әзірлеу үшін БКҚ-да мектеп басшылары және мұғалімдер бірлесіп жұмыс істейді.
2. Ынтымақтастық мәдениетін құру. БКҚ өзара әрекет ету мәдениетіне
негізделген, онда барлығын оқыту деген жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін мектеп
мұғалімдері мен басшылары бірлесіп жұмыс істейді. Бұл үшін қолданылатын құрылым мен
үдерістер ынтымақтастық мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Осындай маңызды
құрылымдардың бірі Білім алушы команда болып табылады, бұл жағдайда әрбір мұғалім
осындай команданың мүшесі болмақ. Әр оқушының оқуына көңіл аудара отырып, әрбір
Білім алушы команда жыл бойы белгіленген уақытта кездесіп отырады. Мұғалімдер
командада білім алып, жұмыс істегенде, бүкіл ұжымда ортақ мақсат пен ұжымшылдық
сезімі қалыптасады. БКҚ-дағы мұғалімдер өз оқушылары үшін бәрі жауап береді,
сондықтан ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істейді.
3. Оқушылардың оқу нәтижелерін назарда ұстау. БКҚ өзінің тиімділігін
оқушыларының толыққанды дамуына қатысты нәтижелерге қарап бағалайды. Әр Білім
алушы команда оқыту мен оқу тәжірибесін үнемі жетілдіру, сол арқылы оқушылардың
үлгерімін жақсарту мақсатында маңызды деректерді үздіксіз қолданады. Егер (a)
салыстыруға болатын негіз және (b) оқушының оқуына игі ықпал ететін немесе кедергі
болатын саланы анықтауға көмектесетін ақпарат бар болса, деректер мұғалім қызметін
жақсартуға түрткі болатын тетік ретінде жұмсала алады. Маңызды деректермен қаруланған
мұғалімдер кейіннен тиісті стратегияны уақтылы қолдануға мүмкіндік алады.
Төрт шешуші сұрақ
Төрт шешуші сұрақ Білім алушы команданы оқыту мен оқу тәжірибесін жақсартуға
назар аударуға бағыттайды. Төрт шешуші сұрақ «Оқушылардың білім алуын қамтамасыз
ету» деп аталатын бірінші Негізгі идеяны қуаттайды. Төрт шешуші сұрақ мыналар:
1. Біздің оқушылар нені игергенін қалаймыз?
2. Олардың бұны игергенін біз қайдан білеміз?
3. Олар бұны игере алмаса, біз қандай шара қабылдаймыз?
4. Олар бұны бған дейін білетін болса, біз қандай шара қабылдаймыз?
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа