close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
1. Қазақстанда қалаларында қолөнер мен сауданың дамуы
Қолөнер мен сауданың орталығы ретінде қалалар болды. Олардың
пайда болуы мен дамуы ежелгі орта ғасырлық Қазақстанның әлеуметтікэкономикалық өмірінде аса маңызды орын алды.
Қалалар мен елді мекендердің қалыптасуы ҮІ-ҮІІ ғасырлардың өзінде
Жетісу өлкесінде жоғары қарқынмен өсті. Оған біріншіден, қолайлы табиғи
жағдайлар, өзен-көл молшылығы, сондай-ақ, Жетісудың Қытай, Иран және
басқа да араб елдерін Соғдианамен, сондай-ақ, Үндістанмен, Византиямен
өзара байланыстарын алтын көпір ретінде болуы ..... көп керуен жолдары
дәлелдейді, үлкен мүмкіндіктер туады.
ІХ ғасырдан бастап бұрыңғы кішігірім Баласағұн елді мекені өркендеп,
уақыт өте келе астаналық қала мәртебесіне көтеріледі.
Жетісудың аса ірі қаласы – саяси, экономикалық және мәдени өмірдің
орталығы, Қазақстанның өте ежелгі қалаларының бірі – Тараз еді. Қала
қарлұқтар мен қараханидтер тұсында (ІХ-ХІІ ғғ.) өркендеген. Таразды біраз
шағын қалалар мен елді мекендер – Құлан, Мерке, Аспара, Хамкент, Жікіл
және тағы басқалары қоршап жатқан.
Ежелгі отырықшылық мәдениетінің аса маңызды аймақтарының бірі
Оңтүстік Қазақстан болды, мұнда сол уақыттағы сауда және қолөнері
дамыған Отырар (Фараб), Исфиджаб, Сайрам, Сығанақ, Сауран, Жаркент
сияқты ірі қалалар болған.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда салынған барлық қалалардың
феодалдық дәуірдегі қалаларға тән сипаттары болған. Бұл қалалардың
сыртқы көрінісі феодалдық қоғамның құрылымын бейнелеген. Қалалар
негізгі үш құрамдас бөліктерден тұрған: қамал, шахрстан және рабад.
Қаланың орталығы қамал-қала мен аймақ қожасының мекені болған. Онда
әміршінің сарайы, қамба-қоймалар мен ат қоралары орналасқан. Әміршіден
басқа қамалда оның жақын туыстары мен қарауыл әскери қызметшілер
тұрған. Шахрстанда немесе ішкі қалада шонжарлар мен көпестер, сондай-ақ,
жоғары дін басшылары тұрақтанған. Мұнда сауда ғимараттары, қоймалар,
мешіттер, моншалар мен басқа да құрылыстар болған. Қала экономикасының
өсуіне және оның халқының артуына қарай қала тіршілігінің орталығы
рабадқа (сыртқы қала) ауысқан. Үлкен қалаларда рабад шахрстанды барлық
жағынан қоршап тұрған, кейде оның мұнаралары дуалдары болған. Онда
тұратын халықтар әр түрлі болып келген. Бұлардың басым көпшілігі
қолөнершілер, ұсақ нарық саудагерлері, егіншілер еді. Рабадта ғимараттар,
сауда орталықтары (базарлар), керуен-сарайлар мен тұрғын үйлер
орналасқан.
Қазақстан аумағындағы қалалар үшін, әсіресе көшпенділермен
байланыстың үлкен маңызы болды. Көшпенділер егіншілердің өніміне
мұқтаж болса, ал егін шаруашылығының ауқымы көбінесе көшпенділер
сұранысымен анықталды. Аймақтың өзгешілігі көшпенділердің егіншілік пен
қолөнер кәсібіне ауысып, отырықшы халықтың қатарын үнемі толықтырып
отырумен де ерекшеленеді. Феодализм жағдайында, қала өмірі шапшаң
дамып, қала мен дала арасындағы сауданың ролі артқан тұста қала малшылар
мен егіншілер арасында заттай (натуралды) айырбастың орталығы ретінде
қоғамның ішкі байланысын қамтамасыз етті.
Ежелгі ортағасырлық қалалар экономикасында қолөнер мен сауда
ерекше рөл атқарды.
Қаладағы қолөнердің жетекші салалары ретінде қыштан бұйым
жасайтын өндірісті, шыны өнеркәсібін, металды өңдеу және балқытумен
байланысты, мысалға, ұсталық, зергерлік кәсібін атауға болады. Көптеген
қолөнер кәсіпшілігі ауыл шаруашылық шикізатын өңдеумен байланысты
болды.
Қазақстанның ежелгі орта ғасырдағы қалалар сипатын сауда анықтаған.
Қолжазбалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византиямен,
Иранмен, Орта Азиямен, Кавказбен, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен
тығыз сауда байланыстары жөнінде дәлелдейді.
Орта Азиядан әйнек, әр түрлі бағалы заттар, қолданбалы өнер
бұйымдары, ал Қытайдан – жібек, қыш әкелінді. Сыртқа мал және мал
шаруашылығының өнімдерін, сондай-ақ, ер-тоқымдар, садақ, қорамсақ,
маталар, темір мен семсер шығарды. Аса маңызды керуен-сауда жолдарында
керуен сарайлар орналасты, құдықтар болды. Өзендер арқылы көпірлер
салынды. Қала мен дала арасындағы сауда барынша қыза түседі. Қала халқы
жылқы, ірі қара малын, жүн, шикізат, тері, киіз, сүт өнімдерін сатып алатын
болса, көшпенділер есесіне мата, нан, ыдыс-аяқтар алды.
ХІ-ХІІ ғасырларда тауар-ақша қатынастарының дамуы заттай
(натуралды) айырбасты ығыстырды. Исфиджабта, Отырар, Тараз бен Яссыда
теңге сарайы жұмыс істей бастады. Айналымда өте әрқилы теңгелер болды,
бірақ кең таралғаны дирхема еді. Қала халқының өсуі ауыл шаруашылығы
тауарлылығының артуын талап етті, осыған байланысты қолдан суландыру
жүйесі жетілдірілді. Бау-бақшамен айналысу, жүзім өсіру, диқаншылық,
үйдегі мал шаруашылығы қалалықтардың шаруашылығында маңызды рөл
атқарды. Қазақстанда айқындалған дамудың табиғи барысын моңғол
шапқыншылығының күйзелістері үзіп жіберді.
Феодализмнің одан арғы даму барысының тежелу себебі – егіншілік
пен қала мәдениетінің күрт құлдырауы мен шаруашылықта экстенсивті
көшпелі мал шаруашылығы үлесінің артуы болды.
ХІҮ ғасырда экономикалық қайта өрлеу, феодалдық қатынастардың
нығаюы жағдайында Алтын Орда мен Шағатай болысында жергілікті түрік
билеуші топтарының бағыты күшейе түсті, олар бұл елдерде өз биліктерін
құру үшін күрес жүргізді, бұл түпкі нәтижесінде олардың ыдырауының бір
себебі болды. Олардың қираған орындарында – Қазақстан аумағында Көк
орда, Монғолстан, Әбілхайыр хандығы, одан кейін Қазақ хандығы сияқты
мемлекеттер пайда болды.
Өте ұзақ уақыт ширегіндегі Қазақстан экономикасы дамуын қысқаша
қорытындылай отырып, келесі жағдайды атап өтуге болады: тас ғасырының
дәуірі адамзат тарихында ұзаққа созылды бұл тұста оның шаруашылық
әрекетінің негізі – еңбек құралдарының көмегімен қоршаған табиғи ортаның
өнімдерін пайдалану бағыты іс жүзінде өзгермеді.
Алғашқы қауымдық құрылыс экономикасының одан ары дамуы
жоғары қарқын ала бастады, әрі ол егін және мал шаруашылығының, үйдегі
қолөнер кәсібінің, тау-кен ісі мен металлургия нышандарының пайда
болуына, Қазақстанның әр түрлі аймақтары арасында шаруашылық және
айырбас қатынастарының қалыптасуына алып келді. Сөйтіп, өндіруші
шаруашылықтың кезеңі басталды.
Табынды мал шаруашылығы, суғармалы егіншілік қарқынды түрде
дами бастайды, қалалар өркендеп, сауда мен көптеген қолөнер кәсіпшілігі
түрлерінің орталығына айналады, металлургия мен құрылыс ісі жетілдіріледі,
ақша жүйесі нығая түседі.
Қазақстан экономикасы тұтастай алғанда, жақсы дамыған экстенсивті
көп түрлі мал шаруашылығымен қатар жоғары деңгейдегі егіншілік
мәдениеті қалыптасқан кешенді сипат алады.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа