close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
ӘОЖ 32.001+327.5] (574)
Қолжазба құқығында
ЖАНПЕЙІСОВА ҚАРҒАШ ДАЛЕЛХАНҚЫЗЫ
Тәуелсіз Қазақстандағы өкілді билікті қалыптастырудағы сайлау
институтының орны
23.00.02 – саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси
процестер мен технологиялар
Саяси ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Диссертация
Абай
атындағы
Қазақ
ұлттық
педагогикалық
университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасында орындалды
Ғылыми жетекшісі:
саяси ғылымдарының докторы,
профессор Нұрымбетова Г.Р.
Ресми оппоненттері:
саяси ғылымдарының докторы,
профессор Борбасов С.М.
саяси ғылымдарының
кандидаты Сәрсенбаева Ж.Ғ.
Жетекші ұйым:
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Ғылым Комитетінің Философия
және саясаттану институты
Диссертация 2010 жылдың 14 сәуірінде сағат 16.00 Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетіндегі 23.00.02 – саяси институттар,
этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
мамандығы бойынша саяси ғылымдарының және философия ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғалатын Д 14.21.03
диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, конференцзал.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің кітапханасында (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі,
30) танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы 14 наурызда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, философия
ғылымдарының докторы, профессор
2
Аюпов Н.Ғ.
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаты. Диссертациялық жұмыс бүгінгі күні
Қазақстанның демократиялану жағдайындағы аса маңызды әрі өзекті
мәселелердің бірі болып табылатын өкілді биліктің қалыптасуындағы сайлау
институтының орнын анықтап,
оның жетілдірілу жолдарын көрсетуге
арналған.
Тақырыптың өзектілігі. Кеңестік жүйенің ыдырауына байланысты
посткеңестік республикалар саяси жүйенің қайта құрылу үдерісінде
мемлекеттік билікті еркін қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болды. Осыған
сәйкес, біздің еліміз де тәуелсіздік алғаннан бері демократиялану үдерісінде
жедел дамуда. 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Декларацияда «халық
егемендiктiң бiрден-бiр иесi және мемлекеттiк билiктiң қайнар көзi, Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдары негiзiнде тiкелей де, сондай-ақ
өзi сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкiмет билiгiн
жүзеге асырады» [1]-деп айқын көрсетiлген. Сөйтіп, демократиялық қоғамның
кепілі ретінде халық өкілді билікті қалыптастыруда ерекше орынға ие болды.
Яғни, әр азаматтың мемлекеттік билікті қалыптастыру арқылы елінің,
өзінің және ұрпағының өміріне әсер ете алуына деген сенімнің қалыптасуы
маңызды екені белгілі. Сөйтіп, тәуелсіз мемлекетіміз демократиялық даму
стратегиясына сәйкес қарыштап, әртүрлі демократиялық модельдерді
салыстыра отырып, тиімдісін таңдау негізінде жүзеге асыруға бағытталып отыр
деуге негіз бар. Оған дәлел ретінде Президентіміздің «Қазақстанды батыс
демократиясының дәстүрлері мен қағидаттарына және Оңтүстік Шығыс
Азияның іргелі мемлекеттерінің тәжірибесіне, біздің көпұлтты және көпдінді
халқымыздың дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыру» [2]-деп
анықтауынан-ақ түпкі мақсатымыз нақты көрініс тапқан. Ол жол –
халқымыздың өкілді билікті қалыптастырудағы басты рөлі.
Сондықтан, осы мәселелерді шешу жолдарын іздеуде қазақстандық
зерттеушілер, әсіресе саясаттанушылар ат салысуда. Айтарлықтай қысқа
мерзімде саяси билікке демократиялық жолмен ұмтылушылар батыстық саяси
технологияны біршама меңгеріп, сайлау үдерісінің белсенді акторы ретінде
өздерін танытты. Сайлау жүйесі демократиялық стандартқа сәйкес қалыптасып,
дамуда.
Қазіргі таңда халық өз өкілдері арқылы билікті қалыптастыру және оның
шешімдеріне әсер ету мүмкіншіліктеріне ие. Бұл адамзат үшін олардың
құқықтары мен бостандық құндылықтарының қорғалу негізі. Тең сайлау
құқығына жету мақсатында әлемнің саяси тарихында қаншама қантөгістер
орын алды. Сол құндылықтардың бүгінгі күні жалпыға ортақ мүмкіншілігі
адамзат үшін зор мәртебе.
Қазақстан Республикасы да жалпы адамзатқа ортақ бостандық
құндылықтарына жоғарғы заң Конститутция негізінде кепілдік бере отырып
оның дамуына, жетілдірілуіне жол береді.
Мемлекетіміздің даму жолына сәйкес сайлау жүйесі де уақыт талаптарына
сәйкес дамып келеді. Ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент
3
палаталарының 2007 жылғы 16 мамырдағы бірлескен отырысында
мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңдерін:
«1991-1995 жылдар аралығындағы бірінші кезеңде дезинтеграция
үдерісі еңсерілді, Қазақстан мемлекеттігінің іргетасы қаланды.
1995-2000 жылдар аралығындағы екінші кезеңде қазіргі заманғы
демократиялық институттар және жаңа саяси мәдениет қалыптасты.
2001-2007 жылдар аралығындағы үшінші кезеңде әлеуметтікэкономикалық серпін қамтамасыз етілді» деп көрсетті [3]. Осы атап өтілген
кезеңдерде Қазақстан мемлекетінің сайлау жүйесі де эволюциялық даму
жолымен ілгеріледі. Жүйелі трансформация жүріп жатқан біздің елде
демократиялық талаптарға сәйкес әділ және таза сайлау мүмкіншіліктері жолға
қойылуда.
Сайлау жүйесі белгілі бір мемлекеттің саяси дамуы мен қалыптасқан
тәртібінің бірден-бір көрсеткіші болып табылады. Сайлау жүйесі мемлекеттің
құқықтық негізде қалыптасып қызмет етуінің құралы. Әрбір елдің сайлау
нормалары сол елдің тарихи, мәдени, саяси, әлеуметтік даму ерекшеліктеріне
сай дамиды.
Дегенменде, жалпы принциптерге негізделген сайлау жүйелері өкілді
билікті қалыптастырушы құрал ретінде саяси ғылымдар тұрғысынан зерттеудің
өзекті мәселесі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Елімізде саяси ғылымының тәуелсіздік
алған уақыттан бері ғана қалыптасып келе жатқан жас ғылым екендігін
ескерсек, онда сайлау институтының өкілді билікті қалыптастырудағы орны
мәселесі де кейінгі кездері зерттеу нысанына айналғаны белгілі.
Батыста да және посткеңестік кеңістікте де сайлау жүйесі, оны
ұйымдастыру технологиялары мәселелерін зерттеу кеңінен жүргізілуде. Сайлау
жүйесінің зерттелуі нақты белгілі бір қағидалар немесе өзгермейтін
заңдылықтарға негізделмейді. Сондықтан, оның зерттелу тарихы көнеден келе
жатыр десек қателеспейміз.
Саяси институттар да көне заман ойшылдары үшін негізгі зерттеу объектісі
болып табылған. Платон және Аристотель өз еңбектерінде билікке жетудің
әдістері жайлы айтқан. Ал, саяси институттар легитимділігінің негізі қаланған
уақыт деп жаңа заманды айтуымызға болады. Жаңа заманда «келісім шартқа»
негізделген мемлекеттің пайда болу теориясы қалыптасты. Аталмыш
теорияның негізі бойынша сайлаудың басты мәселесі – тәуелсіз сайлау екі
жақтың, яғни билік пен халықтың жауапкершілігіне негізделуі. Т. Гоббс
сайлауды қоғамның келісімі арқылы пайда болған бір рет қана қолданылатын
акция билігі десе, Дж. Локк заң шығарушы биліктің негізгі құралы ретінде
қарастырды, ал, Ж.Ж. Руссо сайлауды нақты таңдалған тұлға немесе орган
құқықтары ретінде қарастырған.
Халық билігінің ең мықты түрі – халық өкілдігі мәселесі француз
ойшылдары Ж.Ж. Руссо, Ш.Л. Монтескье еңбектерінен көрініс тапқан. Ш.Л.
Монтескьенің «халық құштарлығы» түсінігі бойынша халық өздерінің
талпыныстарын, қажеттіліктерін белгілі-бір орган арқылы, яғни халық
4
жиналысы арқылы жүзеге асырады. Ж.Ж. Руссо да сайлау мәселесін халық
өкілдігі билігі туралы ойларымен байланыстырған.
Өкілді биліктің халық сайлауы арқылы қалыптасуы туралы мәселелерді
қазақ ойшылдары да өз зерттеулерінде назардан тыс қалдырмаған. Атап айтсақ,
Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов
еңбектерінен қазақ ойшылдарының биліктің сайлау арқылы қалыптасуының
жағымды және келеңсіз жақтарын зерттеумен айналысқандарын көруге болады.
ХХ ғасырдың зерттеушілері либералды ойшылдардан кейін сайлауды әрі
қарай зерттеп, оны қиын әлеуметтік қарама-қайшылық ретінде көрсетті. Г.
Маркузенің сайлауды қоғамдағы көпшіліктің әлеуметтік мәселесі тұрғысынан
қарап, оны кең және әртүрлі тауарлар мен қызметтердің ішіндегі еркін таңдау
еркі деп қарастыруы орынды.
Өкілділік идеясын жалғастырушы француз зерттеушісі, Ж.Ф. Лиотар
тұжырымына жүгінсек, кез-келген сайлау компаниясы саяси ақпараттар арқылы
жүзеге асатын болса, онда сайлау технологиялық жағынан мәнді болатынын
ұғынуға болады.
Жалпы сайлау жүйесі демократиялық өзгерістер ауқымында батыстық,
ресейлік ғалымдармен жан-жақты зерттеліп жүр.
Демократиялық сайлаулардың билікті қалыптастырудағы сипатын
зерттеген Р. Даль, А. Токвиль, А. Лейпхарт, Дж. Сартори, К. Поппер, С.
Хантингтон, саясаттағы азаматтардың сайлаушы ретіндегі рөлін С. Липсет, Р.
Роуз, Я. Маккалистерлерді атауға болады. Әсіресе, Р. Даль еңбегін ерекше
айтуымыз қажет.
Келесі кезекте Ресейдің саяси зерттеушілеріне тоқталсақ, ең алдымен
Ресей Федерациясының сайлау жүйесін зерттеген А.В. Зиновьев және И.С.
Поляшоваларды атай отырып, сонымен қатар, Ресейдің тарихындағы сайлау
институты мәселелерін зерттеген А.В. Иванченко, М.В. Баглай еңбектерін
ерекше айтуымыз қажет.
Ал, қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанда саяси ғылымның жас екеніне
қарамастан,
сайлау
жүйесі,
сайлау
технологиялары
мәселелері
саясаттанушылардың зерттеу нысанына айналып отыр. Жалпы қазақстандық
саяси жүйенің трансформациялануы, дамуы мәселесін зерттеген қазақстандық
саяси ғылымының өкілдері Р.Б. Әбсаттаров, Л.А. Байдельдинов, К.Н. Бұрханов,
Ә. Бәкір, С.В. Дьяченко, Ә.М. Жүнісов, Г.Н. Иренов, Д.К. Кішібеков, Н.Қ.
Қалиев, Р.К. Қадыржанов, М.С. Машан, Ә.Н. Нысанбаев, Г.Р. Нұрымбетова,
Қ.Ж. Нұғманова, А.Н. Нүкенов, М.Б. Тәтімов, И.Н. Тасмағамбетов,сайлау
жүйесінің қалыптасуын, оның кейбір аспектілерін өз еңбектерінде
қарастырған.
Ал, сайлау технологияларының қолданылу мәселелерін зерттеген Л.С.
Ахметова, Е.К. Ертісбаев, Ғ.Ж.. Ибраева, Ш.А. Құрманбаева, Г.О. Насимова,
Е.Б. Саиров еңбектерінің орны зор.
Сонымен бірге, өкілдік билік мәселесін зерттеген Г. Госманова, Т.Т.
Исмағамбетов, Г. Илеуова, А.Т. Мухамбедьярова, Т.Б. Үмбеталиева, А.С.
Зиядин, Ж.Ғ. Сарсенбаева, С.А. Сұлтанов еңбектерін де атап кетуіміз қажет.
5
Әсіресе Қазақстан Республикасы кәсіби парламентінің қалыптасуы
мәселесін зерттеумен айналысқан Ә. Бәкір еңбегінің орны ерекше. Өйткені ол
өз еңбегінде мемлекеттік билік жүйесіндегі заң шығарушы органның орны мен
рөлін айқындап, Қазақстандағы парламент институтының даму жолдары мен
кәсіби парламенттің қалыптасу үдерістеріне саяси талдау жасаған. Аталған
зерттеу жұмысы Парламенттің халықтың еркін білдіретін институт екенін
дәлелдеуге арналған. Сондықтан, Парламент өкілдердің билігі екендігі кеңінен
талқыланса да, осы мәселенің қалыптасуы мен құрылуы тұрғысынан зерттеу
қажеттігіне біздің жұмысымыз арналған.
Ал, Е.К. Ертісбаевтың монографиясында ең алғаш қазақстандық сайлау
демократиясының мәселелері мен болашағы жайлы зерттелген болатын.
Аталмыш зерттеу жұмысы қазақстандық саяси ғылымда сайлау мәселесін
көтерген тұңғыш еңбек болғандықтан, ол зерттеу жұмысы өте құнды жаңалық
болып табылады. Дегенмен, саяси мәселелер уақыт пен кеңістікке
бағынатындықтан көтерілген мәселелерді сегіз жылдық аралықтағы сайлау
туралы заңдардағы өзгерістер және сайлау технологияларының жаңарған
түрлерін ескеріп, бұл мәселені тағы бір қырынан қарап, зерттеуге тырыстық.
Сонымен қатар, Ш.А. Құрманбаеваның «Қазақстандағы саяси жүйе
трансформациясы барысында сайлау технологиясының дамуы» туралы
докторлық зерттеу жасаған жұмысын атауымыз керек. Ол өз жұмысында
сайлау технологияларының сайлау жүйесінің қалыптасуына сәйкес өзгерісін
және жаңа технологиялардың ерекшелігін, коммуникациялық сайлау
технологияларының Қазақстандағы қолданысын жан-жақты зерттеген.
Дегенмен, зерттеушінің сайлау технологияларына баса назар аударуына
байланысты, қазақстандық өкілді органның қалыптасуындағы сайлау жүйесінің
ерекшеліктеріне көңіл бөлінбеген.
Е.Б.Саировтың диссертациялық еңбегі де Қазақстандық және Ресей
Федерациясының ақпараттық-саяси технологияларының сайлау алды
кампаниялардағы тәжірибесіне арналған. Еңбек салыстырмалы әдіс негізінде
зерттелген. Бірақ, бұл еңбек негізінен сайлау кампанияларында саяси
технологияларды қолдану ерекшеліктеріне арналған.
Өкілді билік мәселесіне саяси талдау жасаған келесі зерттеуші А.Т.
Мұхамбедьярова
Қазақстан
Республикасының
саяси
жүйесін
демократияландыру ауқымындағы халық билігі идеясының жүзеге асуы
мәселелерін қарастырған. А.Т. Мұхамбедярова еңбегінің орны ерекше. А.Т.
Мұхамбедярова өз еңбегінде сайлау мен референдумды демократияның негізгі
институттары ретінде қарастыра отырып, олардың ерекшелігі мен дамуын жанжақты талдаған. Халық билігінің басты институты, жалпы халықтың еркін
білдіру жолдары деп қарастырып, автор халық билігі идеясын зерттеуді мақсат
еткендіктен, халық билігінің қалыптасуы жолдарын тереңдеп зерттемеген.
Сондықтан, осы мәселені одан әрі тереңдетіп зерттеу орынды.
Сонымен, тақырыптың зерттелу деңгейі сайлау жүйесінің өкілді билікті
қалыптастырушы құрал ретінде арнайы зерттеу объектісі болмағанын
көрсетеді. Сайлау жүйесінің уақыт талабына сай, өзгеріп, демократиялық
институт ретінде өкілді билікті қалыптастырудағы рөлінің кеңеюі де әкімдерді
6
сайлау, мәслихат құзырының, мәжіліс өкілеттігінің күшеюі, кеңеюі, бұл
мәселені тереңдеп зерттеуді қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты. Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты –
тәуелсіз Қазақстандағы сайлау институтының өкілділік құралы ретіндегі орнын
зерттеу.
Зерттеудің міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының алдыға
қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталады:
- Өкілді билік идеясының саяси ой тарихында даму эволюциясын зерттеу;
- Шетелдік, ресейлік, қазақстандық зерттеушілердің өкілді билік идеясы
туралы көзқарастарын салыстырмалы талдау;
- Сайлау жүйесінің қоғамды демократияландырудағы қызметін зерттеу;
- Саяси режимнің сайлау жүйесі қызметіне ықпалын анықтау;
- Өкілді органның қалыптасуының қазақстандық тарихи кезеңдерін
салыстырмалы талдау;
- Қазақстандағы демократиялық институт арқылы билік құрылымдарын
қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу;
- Қазақстандық
өкілді
билік
құрылымының
қалыптасуындағы
байқаушылар рөлін зерттеу;
- Сайлау технологияларының қазіргі күнгі қолданысын анықтап, зерттеу.
Зерттеудің объектісі. Қазақстандық сайлау жүйесінің демократиялық
үдерістерге сай қалыптасып, дамуын жан-жақты жүйелі талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысы қазақстандық
сайлау жүйесінің өкілді билікті қалыптастырудағы рөлін анықтауға арналған.
Сонымен бірге, тәуелсіздік алғаннан бергі өткізілген сайлаулардың өкілді
билікті қалыптастырудағы қызметі мен сипатын зерттейтін алғашқы
зерттеулердің бірі болып табылады. Осыған орай, зерттеу жұмысының ғылыми
жаңалығына төмендегілерді жатқызуға болады:
1. Саяси ой тарихындағы өкілді билік идеясы эволюциясы жүйелі түрде
зерттелген;
2. Сайлау жүйесінің мазмұны мен мәні, мақсаты, қызметі кешенді түрде
сараланды;
3. Қазақстанда сайлау бәсекелестігін арттыру қажеттілігі кеңінен
дәлелденді;
4. Өкілді билікті азаматтардың сайлауға қатысуы арқылы қалыптастыру
ерекшеліктері өткізілу кезеңдеріне байланысты статистикалық әдіс және
салыстырмалы әдіс бойынша зерттелді;
5. Тәуелсіздік алғаннан бергі отандық сайлаулардың өткізілу кезеңдері
Президенттікке (1990, 1991, 1999, 2005), Парламент Мәжілістеріне (1990, 1994,
1995, 1999, 2004, 2007), Сенатқа (1995, 1999, 2004, 2004), Мәслихаттарға (1999,
2003, 2007), Әкімдікке (2001,2005,2006) сайлау ерекшеліктері анықталып, жанжақты талданып, демократия индекстері арқылы есептеліп зерттелді;
6. Сайлау жүйесі мен партиялық жүйенің өзара тәуелділігін зерттей
отырып, әртүрлі кезеңдерге тән ерекшеліктері анықталды.
Зерттеу жұмысында қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
7
1. Қазіргі кезең өкілді билік идеясының дамуындағы жаңа кезең. Бұл саяси
ғылымда қалыптасып отырған сан алуан тұжырымдардан, теориялардан көрініс
табады.
2. Әлемнің демократиялық үлгілеріне сәйкес, сайлау – қоғамдағы
демократияның дамуын көрсететін өлшем болып табылады. Оны
демократияның негізгі және ерекше бір бөлігі деп атаймыз. Сайлау тарихы
көрсеткендей сайлау институттары, сайлау жүйесі және сайлау технологиялары
жалпы адам өмірінде толыққанды демократияның ерекше бір белгісі болып
табылатын азаматтық қоғам, әділ сайлау өткізудің негізі болып табылады.
3. Қазақстандық сайлау жүйесінің жетілдірілуі мен дамуының бірден-бір
жолы – бәсекелестік, яғни пропорционалды сайлау жүйесі талаптары бойынша
бірнеше партиялар немесе кемінде екі партияның Парламенттен орын алуы
қазіргі кездегі біздің еліміздің басты мәселесі болып табылады.
4. Өкілді билікті қалыптастыруда сайлау негізгі құрал. Сайлау әділ, таза
негізде ұйымдастырылған жағдайда ғана шынайы өкілді билік туралы
айтуымызға болады.
5. Өкілді билікті қалыптастыруда сайлау рөлін күшейту үшін сайлау
технологияларын кеңінен қолдану қажет. Сайлау технологиялары барлық саяси
күштермен қолданылса, бұл өз кезегінде сайлау нәтижелеріне ықпал етері
даусыз.
6. Сайлау технологияларын жетілдірудегі ақпарат рөлін күшейту. Сөз
бостандығы, айқын бәсекелестік жағдайларын демократия талаптарына сай
дамуына жол бергенде сайлау нәтижесінің әділдігі қамтамасыз етіледі.
7. Саяси партиялардың бәсекелестік үшін күресте пропорционалдық
сайлау жүйесі бойынша өкілді органнан орын алуы үшін жасалынған кедергіні
бес пайызға дейін азайту, олардың жеңіске жету мүмкіншіліктерін арттырады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Өкілді билік және
демократия жайлы тұжырымдар мен еңбектер жазған батыстық және отандық
зерттеушілер еңбектері зерттеудің теориялық негізі болып табылады.
Диссертациялық зерттеу барысында саяси институттарды және саяси
үдерістерді сайлау барысы бойынша салыстырмалы зерттеу, жүйелік, тарихи,
құрылымдық-функционалдық, логикалық, бихевиористік, социологиялық,
статистикалық әдістерді кеңінен пайдалану зерттеудің объективтілігіне көмегін
тигізді.
Зерттеудің деректемелік көздері. Сайлау жүйесінің нормативтік негізі
болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының Сайлау туралы заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің
жолдаулары, Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері зерттеудің деректік
көздері болып табылады.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының хронологиялық
шеңбері Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері қазіргі күнге
дейінгі сайлау жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңін қамтиды.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы. Автордың зерттеу
барысында жасаған ғылыми тұжырымдары мен қорытындыларын саяси
ғылымды жетілдіруде және саяси үдерістерді жүзеге асыруда қолдануға
8
болады. Орталық сайлау комиссиясы, саяси партиялар өз қызметтерінде
кеңінен пайдалана алады. Диссертациялық зерттеу материалдарын жоғары оқу
орындарының Саясаттану бөлімдерінде арнайы курс ретінде және жалпы
курстарды оқытуда пайдалануға болады.
Жұмыстың сыннан өтуі және мақұлдануы.
Зерттеу нәтижелері келесі халықаралық ғылыми-теориялық және ғылымитәжірибелік конференцияларда талқыланды: «Әлемдік философия дамуының
өзекті мәселелері»: ҚР ҰҒА академигі Жабайхан Әбділдиннің 75-жылдық
мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында Астана қ. - 15-16 ақпан. - 2008; Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
университетіндегі халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда – 2009;
Ақтөбе «Дүние» университетінде «Отансүйгіштік, адамгершілік, және
төзімділік – Қазақстан саясатының негізгі бағыттары. Білім және ғылым
жүйесіндегі реформалау» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында
– 25-26 желтоқсан 2008 жылы талқыланды. Сонымен бірге, Қазақстан
Республикасы білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитетімен
ұсынылған басылымдарда: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
Университеті хабаршысы «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы,
«Саясат», «Қоғам және Дәуір», Центр Азиатских демократий Луисвильского
университета штат Кентукки Соединенные Штаты Америки, общественное
объединение «CIVIC PEACE» Республика Казахстан, Центр анализа, прогноза
и социальных инициатив АГФ НДП «Нур Отан» - «Диалог власти и
гражданстого общества: формирование модели местного самоуправления в
Республике Казахстан» материалдар жинағы. – Астана, Актау 2008 – 2009 жж.
жарық көрді.
Сонымен қатар, 2008 жылғы 4 қазанда өткен Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға байланысты Астана қаласының
әкімі И.Н Тасмағамбетовтың «18.09.08 жылғы 21-81 ө» өкімі бойынша Астана
қаласындағы Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар байқаушыларының
және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жұмысына
жәрдемдесу орталығының жетекшісі жұмысын атқардым. Және де, сайлау
мәселелері жөнінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
халықаралық қатынастар факультеті саясаттану бөлімі студенттеріне «Сайлау
үдерісін саяси-құқықтық реттеу» арнайы курсы бойынша дәріс оқыдым.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі негізделіп, тақырыптың ғылыми зерттелу
деңгейіне шолу жасалды. Теориялық және әдістемелік негізі көрсетіліп,
мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдер көрсетіліп, жұмыстың
қолданбалы маңызы және сыннан өтуі мен мақұлданылуы көрсетілген.
Диссертацияның «Сайлау институтын зерттеудің теориялықәдістемелік негіздері» атты бірінші тарауының 1.1. Саяси ой тарихындағы
өкілді билік идеясы зерттелген. Бұл тақырыпшада Көне дәуірден қазіргі
заманға дейінгі уақыт шеңбері қамтылған.
9
Сайлау жүйесінің өкілді билікті қалыптастырудың құралы ретінде оның
рөлінің теориялық негізі қарастырылып, сайлаудың ең біріншіден билік
бөлінісімен, сонымен қатар мемлекетке және оның саясатқа ықпалы зерттелді.
Сонымен зерттеуде қазіргі өкілді биліктің қалыптасуындағы сайлау
мәселелерін тереңірек талдау үшін оның ерте кезден бастап қалыптасқан түрлі
тұжырымдарын және даму тарихын зерделеуге тырыстық. Антикалық
ойшылдардың еңбектерінен бастау алған, мемлекет оның құрылымдары,
биліктің қалыптасу ерекшеліктері жайлы ғылыми тұжырымдар қазіргі күнгі
сайлау мәселелерінің негізі болып табылады. Сайлаудың мемлекеттік биліктің
құрылуымен
тікелей байланыстылығы ерте заманғы ойшылдардың
еңбектерінде антикалық саяси ойшылдар Платонның «Заңдар» шығармасында
және Аристотельдің «Саясат» деген еңбегінде зерттелгені белгілі.
Т. Гоббс, Дж. Локк сайлауды заң шығарушы биліктің негізгі құралы
ретінде түсіндірсе, Ж.Ж. Руссо нақты таңдалған тұлға немесе орган
құқықтарын қарастырған.
Халық билігінің ең мықты түрі – халық өкілдігі екені туралы француз
ағартушысы Ш.Л. Монтескье еңбектерінде көрініс тапқан.
Сайлау мәселелері қазақ даласының күрделі мәселесіне айналғаны белгілі.
Атап айтатын болсақ, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы патшалық ресейдің
Сібір қазақтары жайлы ережелері бойынша әкімшілік басқару жүйесін сайлау
арқылы құру қабылданғанда Ш. Уәлиханов қазақ даласындағы сайлауларды
әділетсіздік
негізінде
қалыптасқан
әдет-ғұрып,
мансапқорлық,
шенқұмарлықтың нәтижесі деп бағалаған. Ал, Абай Құнанбаев болыстық
билікке жетудің екі жолын көрсеткен. Біріншісі – болыстыққа сайланатын
адамның орысша білімі болуы керек, екіншіден – егер ондай білімі бар адам
өтпесе, онда болыс тағайындалуы керек. Яғни, А. Құнанбаев сайлау
қажеттілігін көре білген.
ХХ ғасырдың зерттеушілері либералды ойшылдардан кейін әрі қарай
сайлауды зерттеп, оны қиын әлеуметтік контекстегі қарама-қайшылық ретінде
көрсетті. Қоғамдағы көпшіліктің әлеуметтік сайлау мәселесі туралы Г.
Маркузе пікірінің негізінде маңызды және шешуші фактор ретінде таңдаудың
байлығы емес, нені таңдауға болады және кімді сайлауға болатыны шешуші
фактор екенін түсінуге болады.
«Ақпарат дәуірінде сайлау мәселесі басқару мәселесіне тікелей қатысты
болып табылады» - деп ойын білдірген француз зерттеушісі, постмодернист
Ж.Ф. Лиотар [4] бұл көзқарастар батыс саяси ғылымындағы
«Жаңа
институтционализм»
бағытының
дамуы
саяси үдерістерде
институтционалды фактілердің маңыздылығын қолдауға мүмкіндік береді.
Дж. Марч, Й. Ольсен, және Дж. Отт саяси институттар функцияларын
жүзеге асыру үшін ережелерге және нормаларға сүйену керектігін көрсеткен.
Д. Норт, Э. Даунс, Е. Остром алғашқы болып экономикалық модельдер
мен әдістерді саяси институттарға, сайлауға анализ жасағанда қолданған
болатын.
Әлеуметтік институтционализм бағыты француз мектебімен ұсынылады,
оның негізін салушы М. Ориоу тұжырымы да талданды.
10
К. Ясперс пікірінше легитимділік сенім арқылы қажетті дұрыстылыққа,
тыныштыққа, ал легитимділік емес - сенімсіздік пен қорқудан пайда болатын
зұлым-зомбылыққа әкеледі десе, Д. Истон билік легитимділігі толық жүйенің
және оның жеке институттарының қоғам атынан мойындауы деп, ал өзге
жүйелік бағыттың өкілі С. Липсет легитимділікті – жүйе арқылы қоғам үшін ең
жақсы саяси институтарды құру мүмкіндігі деп түсіндіреді. Т. Парсонс «билік
эффективтілігі» деген терминді енгізді.
Батыстық саяси ғылымда
неоинститутционалды әдіс шеңберінде
институттар «ойын ережесі» немесе «адамдар арасында қатынас орнатылған
шектеулі шеңбер»
ретінде қабылданады. Осындай концепцияны 60-шы
жылдары С. Хантингтон ұсынды.
Ресей саясаттанушы Л.В. Зиновьев сайлау жүйесі
маңызды саясиқұқықтық институт ретінде, құқықтық нормалардың жиынтығы деген пікірде
болды.
Қазіргі заманғы отандық саяси ғылымға келетін болсақ, сайлау
институтының рөлі, қызметі мәселелерін зерттеулерде басқа елдердің
ойшылдарынан кем қалып отырған жоқ. Сайлауды өкілді билікті
қалыптастырушы құрал ретінде қарастырып, ең алдымен парламентаризм
мәселесіне тоқталған еліміздің зерттеушілері Қазақстанның саяси ғылымының
өзекті мәселелерінің бірі қоғамды демократияландыру үдерісіндегі
парламенттің алатын орны туралы Машан М.С., Тулегенов А.К., Мурзалин
Ж.А. зерттеулерінде парламенттің басты белгісіне көңіл аудара отырып, оны
«өкілді билік» дейді. Қазақстандық парламенттің күшеюінің негізі азаматтық
қоғам мүмкіншіліктерімен байланысты. Азаматтық қоғам қазіргі күні саясатқа
жеткіліксіз қатысады. Саясатқа қатысуды күшейту үшін лоббизм туралы
либералдық заңды күшейту керек деген ұсыныс айтылады. Егер, бұл заң
қабылданса, мүдделерді қорғаудың өркениеттік ережелері қалыптаса бастайды,
мүддесі ортақ топтар үшін шешімдерді қабылдау үдерісіне заңды түрде ықпал
етуіне еркіндік туады. Жеке және топтық мүдделер заңды түрде танылады,
сондықтан тоталитарлық бет алысқа жол берілмейді. Келесі қазақстандық
зерттеуші Е.К. Ертісбаевтың тұжырымы бойынша, демократияның негізгі
принципі – халық еркімен биліктің ауыспалылығын жүзеге асырудың
өзектілігінің бірі - Қазақстандағы сайлауды институциаландыру мәселесі. Е.К.
Ертісбаев салыстырмалы-типтік әдісті пайдаланып, Қазақстанның дәстүрлі
қоғамнан азаматтық бұқаралық қоғамға өтуін көздей отырып, біздің еліміздегі
сайлауды жан-жақты қарайды. Ол демократия жүйесіндегі сайлаудың зор
маңызына назар аударады. Оның еңбегінде сайлау Қазақстандағы билік
органдарын қалыптастыру механизмі ретінде қаралады. Е.К. Ертісбаевтың
пікірі бойынша, Қазақстанның саяси-мәдени кеңістігінде сайлаудың маңызын
көтеру керек. Бұл қоғамды демократияландырудың эволюциялық жолындағы
қажеттілік деп дәлелденеді. Зерттеуші И.Н. Тасмағамбетов қазіргі мәселелердің
бірі – көп ұлтты мемлекеттерде демократияның дамуы және оның өлшемдері
ретінде демократиялық консенсус мәселесін қояды. Оның пікірінше,
«Мемлекеттік құрылыстың басты мақсаттарына дәйекті түрде жету үшін
11
демократиялық консенсус керек». Яғни, өкілді билікті қалыптастыруда
мемлекеттің көпұлтты жағдайында демократиялық консенсустың рөлі жоғары.
Қазіргі заманғы өкілді биліктің сайлау арқылы қалыптасуы теориялардың
сан алуандығы негізінде көрсетілген.
Қорытындылар болсақ, қазіргі заманда өкілді биліктің сайлау арқылы
қалыптасуы жайлы көптеген тұжырымдар қалыптасып отыр.
Біздің ойымызша, өкілді билік теорияларының таза күйінде өмір сүруі
мүмкін емес. Өкілді биліктің сайлау арқылы қалыптасуы нақты қоғамдық саяси
жағдайларға, мемлекеттегі орныққан саяси режимге тікелей байланысты.
Қазіргі демократия жағдайындағы сайлаулар – халық егемендігінің, оның
биліктің қайнар көзі тұрғысындағы саяси рөлі көрінісінің басты формасы
болып, қоғамда басқарушы режимнің азаматтардың сөз еркіндігіне, теңдігіне,
демократиялық санасының дамуына, саяси белсенділігінің артуына
сыйластықпен қарап, бағалауын білдіреді.
Демократияның қалыпты қызмет етуінің шешімді шарттарының бірі –
еркін және әділ сайлаулар. Демократиялық дәстүрлер әлі дамымаған
мемлекеттерде
демократиялық
сайлаулар
құқықтық
мемлекетті
қалыптастырудың қиын жолында аз да болса қажетті қадам ретінде маңызды.
Сайлау институты және оның қоғамды демократияландырудағы
қызметі атты 1.2. тараушада, сонымен қазіргі зерттеулердің негізінде сайлау
өкілді органды қалай қалыптастырады? Оның саяси ғылымдағы құрал ретіндегі
әрекетін сайлау жүйелері негізінде өкілді билікті қалыптастырушы рөлі
мәселелері бойынша теориялық негізде зерттеу жүргізетін болсақ, қазіргі
заманғы, демократиялық либералдық қоғамдық түрде ұйымдасқан
мемлекеттерде сайлау – бұл саяси-құқықтық шешімдерді қабылдау үдерісі
ретінде өкілді билікті қалыптастырушы институт. Оның субъектісі – азаматтар
негізіндегі қоғам, объектісі – мемлекеттік билік болып табылады.
Конституциялық сайлаулар негізінде мемлекеттік билік бұқараның өкілдері
арқылы қалыптасуы негізінде іске асырылады.
Сондықтан, халықтың өз өкілдерін билікке жіберу үшін үміткерлерді
таңдау арқылы өздерінің шешімдерін күрделі саяси құрал – сайлау негізінде
жүзеге асыру мүмкіншілігіне ие. Сөйтіп, сайлау құрал бола отырып, оның
жүргізілуі сайланушылар үшін де және сайлаушылар үшін де маңызды
жауапкершілік.
Ал, біздің елімізде саяси ғылым үшін сайлауды өкілді билікті
қалыптастырушы құрал ретінде зерттеу саяси талдауға бағыт алу, сайлау
дәрежесінің критерийін жасауда маңызды орын алып отыр. Сайлау саяси
институт ретінде қоғамдық саяси өмірден бөліне отырып, саясаттанудың
маңызды мәселелерін құрайды. Өкілді билік демократиялық сайлаулар арқылы
қалыптасатындықтан, демократия тұжырымдары талданды.
- Өкілді демократияның классикалық тұжырымының
негізін
салушы Франциядағы либерализмнің көрнекті өкілі - Алексис Шарль Анри де
Токвильдің 1835 жылғы «Америкадағы
демократия туралы» еңбегінде
халықтың саясат пен билікке ықпал етуінің жолдарын, оның ішінде партиялар, баспа және сайлауды зерттеді. А. Токвильдің пікірі бойынша, өкілді
12
билік халықтың қолында болуы керек, халықтың атынан және халықтың
мүддесіне сәйкес жүргізіліп, өкілдік принципі шектеулі және конституциялық
шеңберде болуы тиіс. [5]. Сондықтан бұл тұжырым біздің еліміздегі өкілді
биліктің қалыптасуы мен дамуын зерттеуде пайдалану маңызды.
- Өкілдік демократияның либералдық теориясының негізгі мәні
тұлғаның бостандығы, оны мемлекет тираниясынан сақтауды қамтамасыз ету.
Осы теорияның негізін қалаушылар, Б. Констан парламентаризм басымды саяси
ықпал ететін өкілдік екенін көрсетеді. Еліміздегі халықтың мемлекеттегі өкілді
билік органдарының қалыптасуына, шешім қабылдауға қатысуына байланысты
мәселелерді саяси талдау барысында тиімді.
- Өкілдік демократияның плюралистік теориясы өкілдерінің Г.
Ласки, Д. Трумэн, Е. Фраэнкель, Р. Даль [6] тұжырымдарының басты
мәселесі - халықты түсіну, яғни индивидуалистік және ұжымдық теориялардың
ара қатынасы. Бұл ілім бойынша халықтың өкілі емес, топтың өкілдік билікке
қатысы маңызды болып саналады. Бұл теория демократиялық режим негізінде
өмір сүріп отырған елдер үшін маңызды.
- Репрезентативтік және партиципаторлық демократия туралы
теориялар тұжырымдары сауатты және халық алдында өз жауапкершілігін
білетін басқарудың түрі екеніне негізделеді. Халық еркі билікке өкілдері
арқылы келуі. Азаматтар оны сайлау кезінде тікелей білдіреді немесе өкілді
органдар мен депутаттарға сеніп тапсырады. Бұл өкілді органдар өздерінің
құзіретіне қарай
ортақ ерікті көздеп жұмыс істейді, ал кейбір кезде
жауапкершілікті өздерінің мойнына алып, халық еркіне керісінше әрекет етеді.
Өкілді демократия тұжырымдарынан халық пен билік арасындағы қатынасты
орнықтыру мен қалыптастырудың жолы сайлау екенін көреміз.
Демократия модельдерін талдау арқылы еліміздің мемлекеттік билігінің
өкілдер арқылы сайлаулар негізінде демократиялық қалыптасуының тиімділігін
талдадық. Саяси ғылымда қалыптасқан демократиялық индекстерін
анықтаудың әдіс-тәсілдері қолданылды.
Олар: Д. Нейербауэрдің «Демократиялық іс индексі», Катрайттың «Саяси
даму индексі», Т. Ванханен жасаған «демократияландыру индексі», 3.
Болленнің «Саяси демократия индексі» талданып, диссертациялық жұмыстың
зерттеу негізі болды.
«Псефо» ұғымының қалыптасуы мен дамуы зерттеліп, «Псефология»
терминін сайлау ғылымында қолдануды ұсынған Ф. Гарди және Д. Батлердің
тұжырымдары талданды.
«Өкілді биліктің қалыптасуындағы сайлау институтының орны»
негіздеріне қысқаша шолу жасай отырып, келесі мәселелерді анықтадық: 1)
Сайлаулар қазіргі заманғы демократиялық қоғамда саяси үдерістің белгілі бір
ажырамас бөлігі болып табылады. 2) Сайлау үдерісі азаматтардың жалпы
қоғамның саяси бостандығын іске асыру формасы, адам және азаматтың сайлау
құқықтары мен бостандықтарын іске асыратын рәсім, сайлау үдерісінің
дәстүрлі көрінісі. Сөйтіп, сайлау деп – азаматтардың таңдау еркі арқылы өкілді
билік органын қалыптастыруда, қоғамдық және мемлекеттік өмірдің түбегейлі
мәселелерін, азаматтардың мемлекеттік билікті іске асыруындағы тікелей еркін
13
білдіруі негізінде, өз орталарынан сайлау жолымен өкілдерін жіберу арқылы
азаматтардың еркі мен мүдделеріне сәйкес өкілді билікті қалыптастыруы.
Сонымен бірге әрбір елде сайлау нормасы өз ерекшелігіне ие болғанымен,
сол елдердің тарихи, саяси, мәдени, әлеуметтік даму ерекшеліктеріне сәйкес,
сайлау жүйесінің түрлері жайлы айтуға мүмкіндік береді. Әрбір сайлау жүйесі
өз ерекшеліктеріне ие бола отырып, қандай да болмасын сайлау
технологияларын қолдана алады. Қазіргі таңда сайлау жүйесінің үш негізгі
түрін бөліп қарастыру орын алған: пропорционалдық, мажоритарлық және
аралас. Осы аталған сайлау жүйелеріне зерттеу жұмысында саяси талдау
жүргізілді.
Сайлау әрекеті мен саяси үдерісті зерттеу бағыттарын талдай отырып,
олардың ортақ белгілерімен қатар, айырмашылықтарын көрсеттік. Сайлау
әрекеті саяси мәдениеттің бөлігі ретінде тек сайлау үдерісіндегі азаматтардың
позицияларын анықтайтын бағыттарды қарастырады. Жалпылай алғанда, егер
саяси мәдениет саяси үдерістің элементі болса, онда сайлау әрекеті
сайлаулардың, сайлау кампанияларының элементі болады. Сайлау жүйесі
дамыған және демократиялық саяси билікте халық өкілділігі бар қоғамдарда
сайлаулар мойындалған жағдайда, сайлау белсенділігі көрінетінін және
дамитынын анықтадық.
Қорыта айтатын болсақ, сайлау демократиялық қоғамның бет-келбеті,
айнасы екендігіне көзіміз жетті. Қазіргі таңда да сайлау институты жалпы
қоғамның тұрақтылығының негізгі көзі болып табылады. Халықтың сайлау
әрекетін зерттеу қазіргі таңда маңызды болғандықтан, сайлау институты
тұжырымдық негізде талдауды талап етіп отырғаны белгілі. Тәжірибеде сайлау
үдерісінің демократиялық талаптарға сәйкес болуы оның демократиялық
негіздегі ғылыми тұжырымының мәніне байланысты.
Дегенмен, жоғарыда келтірілген саяси ғылымдағы барлық әдістерді
қолдану тиімді емес. Сондықтан, еліміздің саяси даму деңгейін ескере отырып
пайдаланған жөн деген пікірдеміз. Осы орайда әртүрлі саяси режим
жағдайындағы сайлауды ұйымдастыру талданды. Яғни, тоталитарлық саяси
режимде сайлаулар билік тарапынан қатаң бақыланса, авторитарлы режимде
сайлаулар беделдің билігіне тәуелді. Ендеше, еліміздің демократиялық режимге
бағытталып дамуы тура таңдау болып табылады. Демек, демократиялық
принциптегі нағыз бәсекелі өкілді биліктің қалыптасуы мемлекетіміздің
дамуының кепілі.
Жұмыстың екінші тарауы «Қазақстан қоғамын жаңарту жағдайындағы
өкілді билікті қалыптастыру тетіктерінің ерекшеліктері» деп аталады. 2.1.
тараушада Қазақстандағы өкілді демократиялық институттардың сайлану
ерекшеліктері талданады. Бұл тараушада тәуелсіз Қазақстанның өкілді билігін
қалыптастыру барысында өткізілген сайлаулар жан-жақты талданды.
Кез-келген құбылыстың өзіндік даму заңдылықтары мен жолдары
болатыны сияқты елімізде өткізілген сайлаулар өзіндік даму эволюциясын
бастан өткерді.
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарынан бастап, қазіргі күнге дейінгі
Президенттікке (1990, 1991, 1999, 2005), Парламент Мәжілістеріне (1990, 1994,
14
1995, 1999, 2004, 2007), Мәслихаттарға (1999, 2003, 2007), әкімдікке (2001,
2005, 2006) сайлаулар өткізілу кезеңдеріне байланысты салыстырмалы
зерттеліп, жетістіктері мен кемшіліктері анықталып, жетілдіру жолдары
көрсетілді. Қазақстандағы барлық сайлаулар өзінің қалыптасу тарихында
демократиялық талаптарға талпыну жолында екенін өткізілген сайлаулардан
көруге болады. Дегенмен қазіргі біздің еліміздің алдында тұрған айтулы
мәселенің бірі қоғамды демократизациялау мақсатында плюрализмді, яғни пікір
сан алуандығын дамыту, көп партиялылықтың қалыптасуына мүмкіншіліктер
жасау. Баламалы көзқарастардың өмір сүру мүмкіншілігін заң тарапынан
қамтамасыз ету сияқты мәселелер қозғалды.
Қазақстан қоғамының жаңару үлгісіне сәйкес қазақстандық сайлау жүйесі
де трасформацияланды. Тіпті алғашқы тәуелсіздік алған жылдары атап
айтқанда Президент сайлауы баламасыз өткізілсе, келесі сайлаулардан жаңа
демократиялық үдерістерге сәйкес баламалы, бәсекелестік негізде өткізілуге
ұмтылыс байқалады. Соңғы сайлаулардың Халықаралық байқаушылар
тарапынан, отандық байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан
жүргізілген байқаулардың негізінде бақыласақ, алға жылжушылық анық
көрінеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының бірден-бір саяси құқығы олардың
сайлану және сайлау құқығы. Егер бұл құқықтарын тең пайдалана алмаса басқа
құқықтарының мәні болмайтыны сөзсіз. Өйткені, халық өкілдері арқылы
мемлекеттік билікті құрушы және мемлекеттік шешімдерді қабылдауға өкілдері
арқылы қатысушы.
Жалпы өткізілген сайлаулардың бәсекелестік жағдайда еркін және
баламалы болуы сайлауға түсуші сайланушылар мен сайлауға қатысушы
сайлаушылардың қатысына байланысты. Сондықтан 1990-2007 жылдар
аралығында Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысушылар санына назар
аударсақ: 1990жылы Жоғарғы Кеңеске сайлауға қатысқан сайлаушылар саны –
84,00% [7], 1994 жылы Жоғарғы Кеңеске сайлауға қатысушылар – 73,52% [8],
1995 жылғы Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға қатысушылар саны –
79,84% [9], 1999 жылы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға - 62,56%
сайлаушылар қатысты [10], 2004 жылы – 56,7% қатысты [11], 2007 жылы –
68,04% сайлаушылар қатысты [12]. Егер сайлаушылардың қатысуының
пайыздық санының көрсеткішіне
мән беретін болсақ, онда халық
белсенділігінің төмендегенін көруге болады. Ал, Президенттік сайлауларға
сайланудың қатысуы пайыздық көрсеткішінің бейнесі басқаша. Атап өтсек,
1991жылы Президенттік сайлауға қатысушылар – 88,23% [13], 1995 жылғы
Президенттің өкілеттік мерзімін ұзарту туралы референдумға қатысушылар –
91,21% [14], 1999 жылы – 87,05% [15], 2005 жылы – 76,78% пайызды көрсетеді
[16]. Сонымен сандық көрсеткіштерден байқағанымыздай Параламенттің
Мәжілісі сайлауларына қарағанда Президент сайлауларына қатысу белсенділігі
жоғары. Бұл Президентті халықтың өкілді биліктің символы ретінде көруіне
байланысты. Мемлекетімізде саяси институттардың баяу дамуына байланысты
Парламент Мәжілісіне сайлауға азаматтардың бәсең қатысуының бірнеше
түрлерін айтып көрсетуге болады: біріншіден халықтың саяси мәдениетінің әлі
15
де болса әлсіздігі, халықтың партиялық бағдарламаларға қарағанда партияның
жеке жетекшілеріне мән беретіндігі, яғни ақпараттық технологияның баяу
қызметі, кейбір жағдайда ақпараттық-психологиялық технологияларға
қарағанда әкімшілік ресурстық технологиялардың әсерінің күштілігі.
Ал, Парламенттің Сенат палатасына сайлау жанама түрде өткізілетіндіктен
оның бейнесі сәл басқашалау болды. Қатысу көрсеткіштерінің жоғары
болуының бір себебі Сенат сайлауы жанама түрде өткізілгендіктен халық
сайлаған өкілдер, яғни Мәслихат депутаттары өкілдік құқықтарын пайдалану
арқылы Сенат депутаттарын сайлайды. Сенат сайлауларына қатысу мәселесін
салыстырмалы түрде талдау нәтижесінде өткен төрт сайлау қорытындысына
көз жүгірте отырып, 1995 жылғы сенаттың бірінші шақырылымында
қатысушылар саны 5669 таңдаушының ішінен 5314 таңдаушы немесе
таңдаушылардың жалпы санының 93,74 пайызды құраса, 1999 жылғы сенаттың
екінші шақырылымындағы сайлауда 4833 таңдаушының ішінен 4179-ы немесе
таңдаушылардың жалпы санының 86,5 пайызы дауыс беруге қатысты. Ендігі
кезекте, сенат сайлауының үшінші кезеңіне тоқталсақ, 2004 жылғы өткізілген
сайлау 3287 таңдаушының ішінен 3155-і немесе таңдаушылардың жалпы
санының 95,98 пайызы дауыс беруге қатысты. Төртінші 2008 жылғы Сенат
сайлаулары бойынша Орталық сайлау комиссиялары берген мәліметтерге қарағанда, дауыс беруге таңдаушылар тізіміне енгізілген 3310 мәслихат
депутаттарының 3231-і, яғни 97,6 пайызы қатысқан. Төрт шақырылымдағы
Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысу ерекшеліктерін салыстырмалы
талдау негізінде мынандай қорытындыға келеміз, яғни 2008 жылғы сайлауға
қатысу көрсеткіші барлығынан жоғары болуы азаматтардың қатысу
мәдениетінің өрлегені, еліміздің жергілікті өкілдерінің жалпы мемлекеттік
мүдде мен оның саяси дамуы, болашағы мәселесіне немқұрайлы
қарамайтындығы байқалады.
Парламент Мәжілісіне сайлаулар барысында үміткер ретінде сайлануға
түсушілердің көрсеткішіне тоқталу нәтижесінде, 1994 жылғы Жоғарғы Кеңес
сайлауына 42 мандатқа 64 үміткер, 1995 жылы Парламенттің Мәжілісіне 67
мандатқа 285 үміткер, 1999 жылы 67 мандатқа 566 үміткер, 2004 жылы 67
мандатқа 681 үміткер, 2007 жылы 97 мандатқа 377 үміткер тіркелді. Сонда бір
мандатқа қанша үміткерден келетінін шығаруға болады. Яғни, 1994 жылы бір
мандатқа – 1,5, 1995 жылы – 4, 1999 жылы – 8, 2004 жылы – 10, 2007 жылы – 3
үміткерден келді. Жыл сайынғы үміткерлер санының артуы халықтың сайлану
мүмкіншілігіне деген сенімінің жоғарғы көрсеткішін көреміз.
Қоғамды демократияландырудың заңға сәйкес жалғасы Конституцияның
өзін-өзі басқару туралы бөліміне енгізілген өзгерістер болып табылады.
Жергілікті басқару – бұл тікелей, халықтық демократия. Бұл – демократияның
ірге тасы. Соңғы жылдары осы жүйе аумағында көптеген даулар туындады.
Бірақ, мәселе шешілмеді, өйткені жергілікті өзін-өзі басқару органдары қандай
болуы керек деген сұрақтарға нақты жауап табылмады. Сөйтіп, мәслихаттар
өкілді органдар ретінде елдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болып
табылады. Жергілікті өкілді органдардың маңызын күшейту және оларға
қосымша өкілеттіктер ұсынуды жерлерде өзін-өзі басқаруды қалыптастыруды
16
демократияға бағытталған оң қадам ретінде қабылдағанымыз жөн. Мәслихаттар
өкілді биліктің өкілетті органы болып саналады. Олар халықтық билік
үдерісінің бастапқы элементтері ретінде қызмет атқарады. Көбінде қоғамдағы
реформаларды жүзеге асыру соларға тәуелді. Қызметтерінің басты қағидалары
жергілікті міндеттерді шешуде ашық және алқалылық болып қалуы керек,
олардың қызметтерін бағалау – жетістіктердің нәтижелері болып табылады.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздік алған он жеті жыл ішінде төрт
мәслихат шақырылымын басынан өткізді. Атап айтқанда, 1994 жылғы 7
наурызда бірінші шақырылым, 1999 жылғы 10 және 24 қазандағы екінші
шақырылым, 2003 жылғы 20 қыркүйекте және 12 қазанда үшінші шақырылым,
2007 жылғы 18 тамызда төртінші шақырылым. Бұл сайлаулардың өткізілу
мерзімдері және жағдайы мен сапасы жағынан салыстырмалы түрде әркелкі
деуге болады. Жалпы мәслихат сайлауларының Қазақстан Республикасындағы
қалыптасу деңгейі әрбір өткен сайлаулар дәлелдегендей демократиялық
талаптарына сәйкес қалыптасу мен дамуын көрсетеді.
Ал, келесі халық өкілдері ретінде әкімдердің сайлану мәселесін талдау
қазіргі таңда елімізде әлі де болса даулы мәселелерді тудырып отырғаны
белгілі. 1999 жылғы Алматы облысы Шамалған ауылында эксперимент түрінде
өткізілген сайлауға сын өте көп болды. 2001 жылғы әкімдер сайлауында да
ұйымдастырушылық тарапынан, кандидаттарға қойылған талаптар бойынша
қателіктер бой алдырылған. Жергілікті ауылдық деңгейде мысалға кандидаттар
үшін жоғары білімді талап ету көпшілік азаматтар үшін өзінің сайлану құқығын
шектеу болып табылды.
Сонымен, әкімдерді сайлаудың әлі де болса кемшіліктер мен толық
шешілмеген мәселелері бар. Олардың ішінен ең маңыздысы мыналар деп
көрсетуге болады:
- жергілікті
өзін-өзі
басқару
институтарының
функциялануын
қамтамасыз ету үшін қаржылық-экономикалық базасын қалыптастыру;
- мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйелерінің
өкілеттіліктерін ажырату;
- керекті заңды-құқықтық базасын құру.
Жоғарыда көрсетілген барлық кемшіліктер мен мәселелерге қарамастан
әкімдердің сайлау институтын енгізу біздің еліміз үшін ілгері жылжушылық
болып табылады.
Сонымен сайлау жүйесіндегі жаңашылдық пропорционалды сайлау
жүйесінің енгізілуінде. Бұл партияларға Мәжілістегі орындарға деген таласта
ашық және шынайы күресуге мүмкіндік береді. Және де электронды сайлау
жүйесінің енгізілуі де сайлаудың әділ өткізілуіне жасалған қадам болып
табылады. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі өкілді органды
қалыптастыру жолында жүргізілген сайлауларында жоғарыдағы деректерге
сүйенсек азаматтардың сайлауға қарағанда сайлануға түсу қызығушылығы
басым болып отыр.
«Қазақстандық
өкілді
органның
қалыптасуын
жетілдіру
механизмдері» атты 2.2. тараушаға арқау болған басты мәселе – қазақстандық
өкілді органның қалыптасуындағы байқаушылар рөлі мен сайлау
17
технологияларын зерттеу. Өйткені демократиялық талаптарға сәйкес,
сайлаулардың, таза, әділ өтуіне тікелей әсер ететін байқаушылар институты
болып табылады. Ол сайлаулардың өту үдерісіндегі тежемелік заңдардың
орындалуын қамтамасыз етеді. Әлемдік тәжірибеде байқаушылар институты
кез-келген демократиялық мемлекеттің сайлау жүйесінің басты элементі болып
табылады.
Сайлау
үдерісін
демократизациялау
бұрынғы
КСРО
территориясында пайда болған мемлекеттердің саяси қайта құрылуларының
басты аспектісіне айналды.
Саяси және сайлау құқықтарын қолдауды қамтамасыз ету бірқатар
халықаралық құжаттарда белгіленген: 1996 жылғы Азаматтық және саяси
құқықтар туралы халықаралық пакті, Адамның құқығы және негізгі
еркіндіктерді қорғау жөніндегі Еуропалық конвенция (Рим 1950ж., 4 қараша,).
Сайлау стандарттарының негізгі көздері: Еркін және әділ сайлаулар
критерилері туралы декларация (Париж, 1994ж., 26 қараша), жаңа Еуропаға
арналған Париждік хартия – жоғарғы деңгейдегі Еуропа қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) (19-21қараша, 1990ж.) болып
табылады.
Байқаушылардың стандартын анықтайтын халықаралық құжаттар:
Жоғарғы деңгейдегі Стамбул кездесуінің декларациясы (Стамбул, 1990),
Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ)
еуропалық хартиясы (Стамбул, 1990), ЕҚЫК Адамдық өлшем туралы
Конференцияның Копенгагендік құжаты (Копенгаген, 29маусым, 1990ж.),
ЕҚЫҰ сайлауды бақылау Басшылығы (Варшава, 1997) және т.б.
Байқаушылар институты Қазақстан Республикасында еркін қызмет ете
алады. Еліміздегі сайлау үдерісіндегі байқаушылар институты, ұйымдық
тұрғыдан әртүрлі кезеңдерін өткерді. Алғаш тәуелсіз 1999 жылғы Президент
сайлауларынан бастау алды. Соның негізі байқаушылар ретінде 2003 жылы
«Тәуелсіз байқаушылардың республикалық жүйесін» айтуға болады. Негізгі
мақсат біздің қоғамымызда сайлаудың еркіндігі мен демократиялылығын
арттыру. Осыған сәйкес, 2003 жылғы сайлау кезінде «Мәслихаттарға сайлауға
азаматтық қадағалауды ұйымдастыру және өткізу» жобасы бойынша
«Құқықтық Қазақстан үшін» республикалық азаматтық қозғалысының құрылуы
еліміздегі сайлау институтының дамуына ірі қадам болды.
Сонымен бірге 2007 жылғы Мәжіліс сайлауындағы зор жетістік «Шет
мемлекет байқаушыларына, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары
журналистеріне көмек көрсету» орталығы құрылды. Ол жұмысын 2008 жылғы
Парламент Сенатында жалғастырды. Әлемдік тәжірибеде Батыс елдерінде және
пост кеңестік кеңістікте тек Украина мен Қазақстанда құрылған бұл орталық
байқау институтының дамуына ықпалын тигізеді.
Байқаушыларды ақпараттық, техникалық жағынан қамтамасыз ететін
орталық коммуникативті технологияны іске асыра отырып, шұғыл түрде
қызмет атқарады. Қазіргі таңда бұл орталықтың қызметін нақтылау мақсатында
жаднама түріндегі әдістемелік құрал жазылуы қажет. Өйткені нақты
заңнамалық деректеме көздерінсіз жұмыс атқару қиындықтарға әкеледі.
18
Демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыру үшін байқаушылар
институтын дамыту мақсатында барлық пікірдегі күш-қуатты біріктіру қажет.
Алексис де Токвиль атындағы демократияны зерттеу институтының
ғылыми қызметкері Ариэль Коэн байқаушылар қызметінде ілгері қадам басу
бар екенін елімізде байқаушылар әрекетінің бар екенін әртүрлі қоғамдық
пікірлердің, әсіресе Д. Көшімнің сыни пікірін еске түсіре отырып,
Қазақстандық байқау институтының нағыз демократиялық сайлаулардың өтуі
үшін қызмет атқарып жатқанын түсінеміз. Демек, шетелдік зерттеушілердің
біздің еліміздегі байқау қызметіне оң баға беріп отырғаны тәуелсіздік алғаннан
бергі мемлекетіміздің дамуындағы байқаушылар институты орнының
айқындалғандығының белгісі.
Отандық қоғамдық пікір қазақстандық демократияның қалыптасуындағы
байқаудың рөлін көрсетеді. Әсіресе, белгілі қоғам қайраткерлері М. Шаханов,
А. Тшан, ЖСДП мүшесі С. Әлібаев пікірлері орынды. Балама пікір болмай
демократия жоқ. Олар қазақстандық сайлау жүйесін жетілдіру мақсатында,
байқаушылар рөлін, әсіресе отандық байқаушылар пікірін ескеруді жақтайды.
Өйткені, отандық байқаушылар нағыз елдің жанашырлары бола алады.
Шетелдік байқаушылар сайлаудың демократиялық жолмен өтуіне мән берсе,
жергілікті байқаушылар әділ, баламалы негізде өкілді органның қалыптасуын
қалайды. Өкілді органның әділ қалыптасуының бір ғана жолы бар, ол –
демократиялық принциптер. Бұл принциптердің жүзеге асуына бірден-бір әсер
етуші – байқаушылар болып табылады.
Қорытындыласақ,
Қазақстанның
халықаралық
стандарттар
мен
қағидаларға жақындауы, олардың заңды түрде бекітілуі, сондай-ақ,
жинақталған тәжірибе Қазақстанда байқаушылар институты сайлаушылардың
электоралды-құқықтық мәдениетін арттыруға септігін тигізетінін көрсетті. Бұл
халықаралық стандарттар және толығымен байқаушылар институтына деген
сайлаушылардың жағымды көзқарасын қалыптастырады.
Елімізде сайлаулардың өту барысында қолданылған технологиялар
мәселесі осы зерттеудің маңызды бөлігі. Өкілді биліктің қалыптасуындағы
сайлаулардың тазалығына әсер етуші байқау институтының және оның
өткізілуінің құралы болып табылатын сайлау технологияларының қолданылуы
мен оның жетілдірілуі мәселелерін ашып көрсету.
Саяси өмірдің біртіндеп демократиялық нормаларды игеріп, тоталитарлық
және автократиялық тәртіптен бас тартуына байланысты, қоғамның шынайы
демократиялық өзгерістерін сипаттайтын саяси технологияларды түсіне
бастадық. Сайлау үдерісін ұйымдастыру мен жүргізу тәсілдерін зерттеу арқылы
оның күрделі құбылысын саралап, технологиялардың тиімдісін таңдау
мүмкіндігіне ие болуға болады.
Сайлау технологиялары алғаш 1999 жылғы 10 қаңтардағы Президент
сайлауларында қолданыла бастады. Жалпы технологиялардың еліміздегі
қолданылу кезеңдерін атап көрсеткен отандық зерттеуші А. Морозовтың
пікіріне жүгінсек, 1999 жылдан бастап қазіргі кезеңде «сайлау науқаны
«ережелері» бұрынғыға қарағанда нақтыланып, айқын байқала бастады».
19
Сондықтан, еліміздегі алғашқы сайлауларда қолданылған технология
ретінде сайлау үдерісіндегі кандидаттың жеңісіне апаратын жол, сайлау
технологиясының ішіндегі маңыздысының бірі – ақпараттық технология.
Өйткені, осы технологияның негізінде кандидат пен электорат арасында
байланыс туады. Сайлауды өткізу кезіндегі ақпараттық технология және саяси
коммуникация стратегия ретінде ұран, лозунгтарды таратуда маңызды орын
алады. Сайлау технологияларының сайлау нәтижесіне әсері зор екеніне мына
мысал дәлел бола алады. Атап айтсақ, үміткер Ғ. Қасымов осы сайлау
барысында КТК телекарнасынан сұқпатында өзін аса қызу қандылықпен
ұстауы халықтың біршама сенімін төмендетті. Бұл қандай саяси ойын екені
түсініксіз болды. Өйткені, саясаттың төңірегінде жүрген Ғ. Қасымовтың
технологиялық тұрғыда сауатсыз әрекеті халықты таң қалдырды. Нәтижесінде,
Н. Назарбаев 79,78 пайыз дауыс жинаса, Ғ. Қасымов 4,61 пайыз дауыс
жинағаны белгілі. Бұл көріністен кейін сайлау қорытындысына теле форматтың
қаншалықты электоратқа әсер ететінін көру қиын емес.
Дегенмен, 2005 жылғы Президент сайлауын сайлау технологияларының
жетілдірілген кезеңі деп айтуға болады. Өйткені, сыртқы саяси ахуалды тиімді
пайдаланған Н. Назарбаев тіпті сайлау кампаниясын жүргізбейтінін айтты, осы
сайлаулардың заңды және ашықтығы демократиялық сайлауларға сай келеді
деп атап көрсетті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы О.И. Жұмабеков
[17]. Өзінің саяси оппоненттеріне саяси тартыс, даулы әрекеттерге
Қазақстанның қазіргі саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуы ТМД
елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екені ешқандай жарнама мен
технологияны қажетсінбейтіндігіне сенетіндігін байқатты.
2007 жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында жағдай басқаша өрбіді.
Сайлаудың технологиялық жағынан ұйымдастырылуы жоғары болғанымен
соңғы нәтижесінде тек, «Нұр Отанның» жеңіске жетуі біршама пікірталастарды
тудырды. 2008 жылғы Мәжіліс сайлауындағы өкілді биліктің қалыптасуындағы
қолданылған технологиялардың қаншалықты әділ, таза жүзеге асқаны жайлы
мәселеге тоқталып, Болленнің «саяси демократия индексі» зерттеу әдісіне
сүйеніп, соңғы мәжіліс сайлауындағы технологиялық ерекшелігін зерттеп
көрсек, үш негізгі индикатор: баспасөздің еркіндігі, топтық оппозицияның
еркіндігі, үкімет тарапынан шыққан санкциялар бойынша талдасақ, соңғы
нәтиженің көрсеткішіне сәйкес, бүгінгі таңда электоратқа әсер ету
технологиясының негізгі екі әдісінің бірі «Есіктен-есікке» сайлаудың
коммуникативті технологиясы біздің еліміздің менталитет ерекшелігіне сәйкес,
тиімді технология түрі болды. Заң шығарушы органның сайланбалығы және
баламалылығындағы технологиялардың қызметіне 1 балдан қойғанда,
жоғарыдағы шкалалардың әрқайсысына 1 баллдан 3 балл жиналады, яғни,
Боллен индексі бойынша 4 баллдан төмен болса, жартылай демократиялық
көрсеткіші деңгейіне сәйкестігін көрсететіндіктен, біздің еліміздің сайлау
технологияларын әлі де жетілдіру қажеттілігін түсіну қиын емес.
Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің қалыптасуын ескере
отырып, өткен сайлаулар туралы қорытынды жасауға болады. Бұл сайлауларда
саяси электоралды технологиялардың біршама жақсарғаны байқалды. Сайлау
20
кезінде сайлау кампанияларын өткізудің өркениетті тәжірбиесі қалыптаса
бастады. Сайлаулар Қазақстан Республикасындағы саяси реформаларды
жүргізуді заңдастыру (легитимация) үдерісі болып қана қойған жоқ, сонымен
қатар халыққа ұсынылған идеологиялық бағдарламалардың бәсекелестікке
қабілетті дәрежесін өсірді. Осы бағдарламаның халық арасындағы өзектілігі
мен өміршеңдігі сайлау алдында күресте халықтың дауыс беруі арқылы
білінетіні анықталды. Кандидаттардың бір-біріне көрсететін шыдамдылығы
мен сыйластығы Қазақстанның саяси элитасында қалыптасқан дәстүр
болғандықтан сайлау мәресіне әсер етені дәлелденді. Қазақстанның өкілді
органдарын сайлау барысында қолданылған сайлау технологиялар аясы
кеңейгенін байқауға болады. Сайлауға электораттың белсенді қатысуы сайлау
технологиясының нәтижесінің көрінісі.
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бергі сайлаулардың өткізілу
ерекшеліктерінің демократиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету
мақсатында байқаушылар рөлін арттыру арқылы, сайлау әділдігіне көз жеткізу
мақсатында байқауды жан-жақты жетілдіру жолдарын қарастырдық. Сайлауды
демократиялық талаптарға сәйкес ұйымдастыру мен өткізу үшін әділ, таза
технологияларды қолдану негізінде, әділетті өкілді билікті қалыптастыру
бүгінгі күннің парызы. Жоғарыдағы талдаулар негізінде еліміз қысқа мерзімде
еркін, әділ сайлаулар арқылы өкілді билікті қалыптастыру жолдарын бастан
кешіріп, нағыз демократиялық мемлекет құруға талпынуда.
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертацияның қорытындысы зерттеудің нақты нәтижелері мен
ұсыныстарына арналған.
Анықталғандай, біз өз зерттеуімізде өкілді билікті қалыптастырушы сайлау
теориясының мүмкіндіктерін сайлау институтының қызметі ерекшеліктерін
талдау негізінде көрсеттік.
Дәлелденгендей, зерттеудің басты нәтижесі ретінде сайлау институты
өкілді билікті қалыптастырушы күрделі құбылыс болып табылатынын, оны
теориялық тұрғыдан қарастыру қазіргі қоғамның тұтастай талдау кезінде
көптеген мәселелерін қамтитын кешенді теория құруды талап ететінін айта
кеткен жөн.
Айқындалғандай, сайлау институты демократияның негізгі ұғымы және ол
идеалды демократиялық стилді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Елімізде өкілді билікті қалыптастыруда сайлау институтының қызметі
мүмкіндіктерін кеңейту және жетілдіру мақсатында төмендегі ұсыныстарды
атап кеткен орынды:
1. Еліміздегі 2007 жылғы сайлау жүйесінің пропорционалдық жүйеге
көшуіне сәйкес, партиялық тізім бойынша сайлау жүйесін дамыту үшін,
партиялардың сайлауға қатысу және сайлану мүмкіншілігін арттыру. Яғни
олардың тіркелу, ұсыну тұрғысындағы талаптарын жеңілдету:
2. Сайлаулардың ашықтығы үшін саяси бәсекелестікті дамыту. Қоғамда
көп пікірліктің (плюрализмнің) қалыптасып, дамуына жол беру. Шынайы
21
бәсекелестікті дамыту мақсатында саяси партиялардың бағдарламаларының
қоғамымызды алға жылжыту сипатындағы нағыз баламалы болу мүмкіндігі;
3. Мемлекеттік билік органдарының немесе лауазымды тұлғалардың
оппозициялық көзқарастарды елді дамыту мақсатындағы шынайы баламалы
пікір ретінде қабылдау;
4. Біздің қоғамымызда шынымен де халық билігі орнасын десек,
азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің саяси қатысуын
жан-жақты қамтамасыз ету үшін тек заң жүзінде емес, оларға саяси еркіндік
беру керек;
5. Абсентизмнің алдын алу үшін, сайлаулардың ұйымдастырылу
тарапынан тізіммен толыққанды қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат
құралдарының қызметінің еркіндік сипатын күшейту, азаматтарға
психологиялық әсер етуде үгіт насихатты барлық партиялардың тең дәрежеде
жүргізуін қамтамасыз ету;
6. Парламентте көппартиялылықты қамтамасыз ету мақсатында партиялар
үшін сайлау кедергісін қысқарту (7 %-дан 5%-ға дейін);
7. Елімізде сайлау технологиясын оқытудың әдіснамасы жоқ, сондықтан
да шетелдік саяси технологтар мен саяси жарнама мамандарының қызметін
пайдалануға тура келеді. Қазақстанның басқа дамыған елдерден бір ерекшелігі
елімізде саяси маркетингті қолдану әкімшілік ресурсты пайдаланумен қатар
жүреді. Алайда, біздің елімізде отандық саяси жарнаманың дамуына, саяси
технологтардың әрі қарайғы кәсіби өсуіне, жетілуіне қажет алғышарттарды
дамыту қажет, Яғни, осы саладағы мамандарды дайындауға көңіл бөлу;
8. Интернет желісінің таралымын кеңейту арқылы бұқаралық ақпарат
құралдарының халыққа еркін жету мүмкіншілігін арттыру және еліміздің кезкелген нүктесіне таралымын қамтамасыз ету;
9. Бағдарламаларды халықтың талап-тілектеріне, мүдделеріне сәйкес
жасау арқылы өз сайлаушыларының сеніміне кіру;
10.
Сайлау жүйесінің демократия талаптарына сәйкес қызметінің бірі –
сайлаулардағы байқаушылардың рөлі. Байқаушылар – сайлаудың таза, әділетті
өтуіне әсер етуші фактор болып табылады. Сондықтан, тек шетел
байқаушыларының пікіріне ғана көңіл бөлмей отандық байқаушылардың да
маңыздылығын арттыру үшін олардың құқығының сақталуын заң жүзінде де, іс
жүзінде де барынша қамтамасыз ету арқылы сайлаушылардың байқаушылар
институтына деген сенімін арттыру қажет.
Зерттеу барысында тоқталған мәселелер еліміздің сайлау жүйесіне сәйкес
өткізілген Президент, Парламенттің Сенат және Мәжіліс депутаттарын,
Әкімдер, жергілікті өзін-өзі басқару Мәслихаттардың сайлау үдерістерінің
өткізілу ерекшеліктеріне сай талдаулар берілді. Соның нәтижесінде, қалай
дегенмен еліміз сайлау жүйесінің эволюциялық даму негізінде әкімшілікбұйрықтық басқару жүйесінен трансформацияланған қоғамдағы демократиялық
принциптерге сәйкес, сайлау жүйесінің қалыптасуын көреміз. Қателеспей даму
болмайтыны диалектика заңында дәлелденгендей демократиялық сайлау
жүйесінің қалыптасу барысындағы орын алған кейбір кемшіліктер біздің
мемлекетіміздің даму жолын қамтамасыз ететін мүмкіншіліктер.
22
Бүгінгі таңда барлық мемлекеттерді қамтып отырған әлемдік дағдарыс
алаңдатуда. Қоғамда әртүрлі әлеуметтік, экономикалық мәселелер туындап
жатқан уақытта еліміздің дамуына саяси тұрақтылық өте қажет. Сондықтан,
өкілді билік өзіне жүктелген азаматтардың талап, тілегін осындай сәтте
тиянақты орындауы олардың жауапкершілігін көрсетеді. Еліміздің Президенті
халыққа жолдауында «Біз барлық қиындықты еңсеретінімізге және
Қазақстанымызды күшті, өркенді және әлемде құрметтелетін мемлекетке
айналдыратынымызға сенемін» [18], - деп барша жұртшылыққа үлкен сенім
артты. Саяси тұрақтылықтың қайнар көзі халық, сондықтан үлкен сенім
халыққа бағытталады.
Ендеше, Қазақстан Республикасы өзінің сайлау жүйесін жетілдіру мен
дамыту барысында тарихи тәжірибеге сүйене отырып, ұсыныстарды ескеріп,
жетістіктер
арқылы
жігерленіп,
азаматтардың
өзін-өзі
басқару
мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін, саяси бостандықтары мен құқықтарына
кепілдік беретін, қазақстандық қоғамның негізі болып табылатын өкілдер билігі
біздің бүгініміз бен болашағымыздың кепілі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
Декларация // Қазақстан: мемлекеттік кезеңдері. Конституциялық актілер /
Құрастырған Ж. Бәйішев. – А.: Жеті жарғы, 1997. – 496 б.
2
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси
жедел жаңару жолында. Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан. –
2005. – 19 ақпан.
3
Назарбаев Н.Ә. Парламент палаталарының бірлескен отырысында
сөйлеген сөзі. // Егемен Қазақстан. 2007. – 17 мамыр.
4 Лиотар Ж.Ф. Состояние постмодерна / Пер с фр. И.А. Шматко. СПб.,
1998. - С. 331.
5 Токвиль А. Демократия в Америке. – М.: Прогресс, 1992. – 554 с.
6
Даль Р. Введение в теорию демократии. – М.: Наука, 1992. – 156 с.
7
Сообщение ЦИК РК о результатах выборов депутатов Верховного
Совета РК // Казахстанская правда. – 1990. - 26 марта.
8
Сообщение ЦИК о результатах выборов депутатов Верховного
Совета РК по государственному списку // Казахстанская правда. 1994. – 17
марта.
9
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаттарын сайлау туралы
хабары // Егемен Қазақстан. –1995. - 13. желтоқсан.
10 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан
Республикасы Парламенті сенатының депутаттарын сайлау туралы хабары //
Егемен Қазақстан. 1999.– 24 қыркүйек.
11 Сообщение ЦИК РК о результатах выборов депутатов Мажилиса
Парламента РК // Казахстанская правда. 2004.– 28 сентября.
23
12 Төртінші шақырылатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлау қорытындылары туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабары //
Егемен Қазақстан. – 2007. - 24 - тамыз.
13 Президентті осылай сайладық. Қазақстанның облыстары мен
қалаларында сайлаудың қалай өткендігі жөнінде хабарлайды. // Егеменді
Қазақстан. – 1991. - 3 желтоқсан.
14 Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін ұзарту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары // Егемен
Қазақстан. – 1995. - 30 сәуір.
15 Қазақстан Республикасы Президентін сайлау қорытындылары туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары // Егемен
Қазақстан. – 1999. - қаңтар.
16 Қазақстан Республикасы Президентін сайлау қорытындылары туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары // Егемен
Қазақстан. – 2005. - желтоқсан.
17 Жумабеков О. Становление и развитие выборного законодательства
Республики Казахстан // Казахстанская правда. - 8 октября. - 2005. - С. 3.
18 Назарбаев Н.Ә. Дағдарыстан жаңару мен дамуға. 2009 жылғы
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы //
Астана Ақшамы. – 2009. - 7 наурыз.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан сайлау жүйесі ерекшелігі // «Әлемдік философия дамуының
өзекті мәселелері»: ҚР ҰҒА академигі Жабайхан Әбділдиннің 75-жылдық
мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция жинағы.
– Астана,– 2008. – 15 – 16 ақпан. – 274 – 277 бб.
2 Қазақстан Республикасы Президенттік сайлаулары тәжірибесі:
салыстырмалы талдау // Ақтөбе «Дүние» университетінде «Отансүйгіштік,
адамгершілік, және төзімділік – Қазақстан саясатының негізгі бағыттары. Білім
және ғылым жүйесіндегі реформалау» халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциясы – Ақтөбе, 2008. – 25-26 желтоқсан. – 363-366 бб.
3 Жергілікті өкілді биліктің қалыптасуы мәслихаттар сайлауы
мәселелері // «Қазіргі заманғы өркениеттің тұрақты даму аспектісінде
этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қалыптастыру»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Астана, – 2009. – 22 сәуір.
4 Сйлау демократиялық қоғамның негізгі институты ретінде // Хабаршы.
«Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. – А.: Абай ат. ҚазҰПУ. – 2008 –
№ 1 – 71 – 75 бб.
5 Тәуелсіз Қазақстандағы өкілетті билікті қалыптастыру мәселелері //
Саясат. 2008. - № 8. – 43 – 46.
6 Саяси ой тарихындағы халық өкілдігі идеясы // Қоғам және Дәуір 2008
ж . - №1. – 56-61 бб.
24
7 Сайлау технологияларының 2005 жылғы Қазақстан Республикасы
Президентін сайлау тәжірибесінде іске асырылуы // Қоғам және Дәуір, 2009 ж №1. – 54-61 бб.
8 Қазақстан Республикасының әкімдер сайлауы тәжірибесі // Центр
Азиатских демократий Луисвильского университета штат Кентукки
Соединенные Штаты Америки, общественное объединение «CIVIC PEACE»
Республика Казахстан, Центр анализа, прогноза и социальных инициатив АГФ
НДП «Нур Отан» - «Диалог власти и гражданстого общества: формирование
модели местного самоуправления в Республике Казахстан» материалдар
жинағы. – Астана, Актау, 2008 – 2009. – 98 – 101 бб.
Резюме
25
Жанпеисова Каргаш Далелхановна
Роль института выборов в формировании представительной власти
Автореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата
политических наук по специальности 23.00.02 – Политические институты,
этнополитическая конфликтология, национальные и политические
процессы и технологии
Изучение роли института выборов в формировании представительной
власти и усовершенствование его путей является важной сферой и
расширенной проблемой отечественной политической науки в условиях
демократизации казахстанского общества.
Системы выборов меняется по требованию времени как демократический
институт в расширении роли формировании представительной власти в выборе
акимов, усилении, расширении полномочии Мажилиса показывает важность
этой проблемы.
На сегодняшний день народ через своих представителей формирует
власть и усилилась возможность влияние на ее решения. Это для человечество
основа защиты их ценности прав и свобод.
И Республика Казахстан дает человечеству гарантию общей ценности
свободы на основе высшего закона Конституции.
Цель диссертационного исследования. Цель диссертационной
исследовательской работы – исследовать место института выборов как
представительного инструмента независимого Казахстана.
Объект
исследования.
Сравнительный
анализ
казахстанской
избирательной системы формированию и развитию демократическим
процессам.
В работе автором получены следующие научные результаты:
- На основе методологического эксперта сделан теоретически анализ идее
представительной власти в истории политических учений;
- На основе системного анализа исследована содержание и суть
избирательного института;
- Исследуя функции избирательной системы в демократизации общества
указаны положительные и отрицательные стороны по демократическим
индексам;
- На основе нормативно-правовых актов выборы нашего независимого
государства проанализированы в соответствии конституционных
реформ, законах о Выборах и о Политических Партиях;
- Выделены особенности функции выборной технологии и института
наблюдаделетелей как механизм усовершенствование казахстанского
представительного органа:
Научная новизна диссертации:
- внесены существенные новации в трактовку выборной демократии;
26
- на основе системного анализа исследованы современные концепции
выборов;
- на основе анализа нормативно-правовых актов рассмотрена
институционализация выборов в Республике Казахстан;
- с помощью сравнительного метода широко доказано необходимость
усовершенствования в Казахстане избирательного соперничества;
- на основе сравнительного и статистического метода выявлено влияние
граждан на формирование представительного органа;
- автором выявлены особенности проведение выборов в Президенты
(1990, 1991, 1999, 2005), Мажилис (1990, 1994, 1995, 1999, 2004, 2007) и
Сенат (1995, 1999, 2004, 2004) Парламента, Маслихаты (1999, 2003,
2007) и Акимов (2001,2005,2006) а так же определены индекс
демократизации;
- раскрыта сущность, понятие, цель и функции политической системы;
- на основе регионального сравнения выявлено проблемы характера
участие граждан на выборах:
Практическая значимость исследовательской работы. Научные
заключения автора сделанных в ходе исследования можно использовать в
совершенствовании политической науки и политических процессов.
Центральная избирательная комиссия, политические партии могут широко
использовать в своих работах. Материалы данного исследования могут быть
использованы в учебном процессе при чтении лекций и проведении
семинарских занятий по курсу «Политология», спецкурсов в вузах страны.
Структура
и
объем
диссертационной
работы.
Структура
диссертационной работы состоит из цели и логического системного
исследования. Исследовательская работа состоит из введения, двух глав и
заключения.
27
Summary
Zhanpeisova Kargash Dalelhanovna
The role of the electoral institute in the formation of representative authority
Abstract of dissertation for the academic degree of a candidate of political
sciences on subject 23.00.02 – Political institutions, ethnopolitical conflict studies,
national and political processes and technologies.
Studying the role of electoral institute in the formation of representative
authority and improving its ways is an important area and extended problem of
national political science within democratization of Kazakhstan society.
Electoral systems are changed with the time request as a democratic institute in
expanding the role of the formation of representative authority in the elections of
Akims, and strengthening, empowerment Mazhilis shows the importance of this
issue.
Today people through their representatives form authority, and possibility of
influence on its decisions is increased. For humanity this is a base of protection of
their rights, values and freedoms.
The Republic of Kazakhstan guarantees its citizens the common values of
freedom on the bases of the Constitution.
The purpose of the research. The purpose of the research work – analyze
electoral institute as a representative instrument of independent Kazakhstan.
The object of study. Comparative analysis of Kazakhstan's electoral system in
the formation and development of democratic processes.
In this paper, the author received the following scientific results:
- based on the methodological examination theoretical analysis of the idea of
representative authority in the history of political doctrines is made;
- based on system analysis the content and essence of the electoral institute is
examined;
- exploring the function of the electoral system in a democratization of society
the positive and negative aspects of the democratic index are given;
- based on the regulations of our independent state elections are analyzed in
accordance with the constitutional reforms, laws on Electorate and Political Parties;
- the features and functions of the electoral technology and institute of
observers as a mechanism of improvement of Kazakhstan’s representative body are
marked.
Scientific novelty of the dissertation:
- significant innovations to interpretation of representative democracy are
introduced;
- on the basis of system analysis contemporary concepts of elections are
studied;
- based on analysis of legal acts and regulations institutionalization of elections
in the Republic of Kazakhstan is considered;
28
- with assistance of comparative method the need for improvements in
electoral competition of Kazakhstan is widely demonstrated;
- on the basis of comparative and statistical methods the influence of citizens
on formation of representative body is revealed;
- the author marked special features of the elections of President, Majilis and
Senate of the Parliament, Maslikhats and Akims, and the index of democratization is
determined;
- essence of the concept, purpose and functions of the political system are
exposed;
- based on the comparison of the regions the nature of the problems of citizens’
participation in the elections is revealed.
Practical significance of the research. Author’s scientific findings that are
made during the research process can be used in improving political science and
political processes. The Central Electoral Commission, political parties can widely
use the material in their works. The materials of this study can be also used in the
educational process such as lectures and seminars on the subject of "Political
Science" and special courses in universities of the country.
The structure and scope of the assignment. Structure of the dissertation
consists of objectives of the assignment and logical systemic research. The research
consists
of
an
introduction,
two
chapters
and
conclusion.
29
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа