close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Күні: _____________
Сабақтың тақырыбы: Үлкенге- құрмет, кішіге- ізет
Мақсаты: оқушыларға "құрметтеу" туралы білімдерін кеңейту. Ұстаздарды
ардақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- "үлкен-кішіні құрметтеу" туралы түсінік беру;
- жақсы мінез бітістерін дамыту
- үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, әңгімелеу, ойын әдісі.
Көрнекі құралдар: оқулық, суреттер мен плакаттар
Дәйексөз: Өзгеге жасаған ізетің- өзіңе жасаған құрметің. (Халық даналығы).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу (Амансыңдар ма, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!);
ә) шаттық шеңбері
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
- Рахмет, балалар, енді орнымызға отырайық.
б) оқушыларды түгелдеу;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Дәптерлерін тексеру.
ІІІ. Жаңа білім беру
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Үлкенге- құрмет, кішіге- ізет".
Әңгімелесу
 Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
 Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
 Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Мәтінмен жұмыс
М.Төрежановтың "Үш дос" әңгімесін оқу, сұрақтарға жауап беру
 Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
 Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай
қасиеттер болуы керек?
Жаңа ақпарат
Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға
қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Әңгімелесу
Өздерің ерекше сыйлайтын адамдар туралы айтып беріңдер. Оның
қандай ісі, қасиеттері сыйлауға лайық деп ойлайсыңдар.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Жағдаяттарды шешу
1.
Шығармашылық кездесу кезінде өзіңді қызықтырған сұрақ
қойғың келеді. Ол...
2.
Сенің досың сыныптастарыңа ренжіп қалды. Себебі...
3.
Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келеді. Бірақ...
Мәтінмен жұмыс
"Рақмет, ата!" әңгімесін оқу. Сұрақтарға жауап беру.
 Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді аңғаруға болады?
 "Үлкенге- құрмет, кішіге- ізет" дегенді қалай түсінесің?
 Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын адамдарыңа қандай
құрмет көрсетесің?
Дәйексөз.
Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде "Өзгеге жасаған ізетің- өзіңе
жасаған құрметің" деген даналық сөзі алынған.
- Балалар, бұлдана сөзден не түсіндіңдер?
Сахналау
Ә.Ахметовтың "Кішілік-кісілік" өлеңін рөлдерге бөліп оқыңдар.
Сұрақтарға жауап беріңдер
 Өлеңдегі кісілікке тән қасиеттерді айтып беріңдер.
 Кішілікке тән қасиеттерді іріктеп айтыңдар.
Жаңа ақпарат
Адамдар өзара сыйласып, бір-бірінің жақсы, ізгі қасиеттерін
құрметтесе, сыйластыққа қол жеткізеді. Өзін-өзі сыйлайтын адам
өзгелерді де сыйлай біледі.
IV. Бекіту
Әңгімелесу
41 беттегі суреттерге қарап, кімді не үшін құрметтеу керектігін баяндап
беріңдер.
V. Қорытынды
Бақытты балалар әні
Сөзін жазған Қ.Мүсірепов
Әнін жазған И.Нүсіпбаев
Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз, сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап.
Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Өнерге біз құмартып,
Өсіреміз бақтарды.
Шынығамыз, ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.
Жүректен-жүрекке.
Барлығымыз орнымыздан тұрып, шеңбер құрайық. Жақсы қасиеттерді
бір-бірімізге сыйлайық.
VI. Үйге тапсырма
сөздер жазып келу.
VIІ. Бағалау
Бүгінгі тақырыпқа байланысты мақал-мәтел, даналық
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа