close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Пән: өзін-өзі тану
Сынып: 3"а"
Күні:
Тақырыбы: Отан сүйген ұланбыз
Мақсаты:
1) Білімділік: оқушыларға "отан" және "махаббат"
ұғымдарына тереңірек түсінік беру;
2) Тәрбиелілік: оқушыларды Отанын сүйуге, мақтан тұтуға, өз
елінің патриоты болуға тәрбиелеу;
3) Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, зейінін, қиялдарын
дамыту.
Міндеттері:
- Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;
- Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;
- Отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Оқыту әдістері: шаттық шеңбері, әңгімелесу, әңгімелеу, ойын-жаттығу,
дәйексөзбен жұмыс, көңілді жүректен жүрекке.
Көрнекілік құралдар: оқулық, дәптер, цитаталар мен нақыл сөздер.
Дәйексөз
Отан үшін отқа түс- күймейсің. (Б.Момышұлы)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу;
ә) шаттық шеңбері (балалар шеңбер құрып, мұғаліммен бірге өлең оқиды)
Өсіп келе жатырмын
Т.Айбергенов
Кеудесінде таулардың,
Кемесінде арманның,
Жалау етіп өрлікті,
Ескек етіп ерлікті
Есіп келе жатырмын.
Кейде күнмен теңесем,
Таласып күнмен мен өсем,
Гүл теремін жерімнен,
Бірге туған елімнен
Өсіп келе жатырмын.
б) оқушыларды түгелдеу;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
- Дәптер тексеру.
ІІІ. Жаңа білім беру
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Отан сүйген халықпыз".
Әңгімелесу
 Отан неліктен қымбат?
 Отанға деген сүйіспеншілікті қалай көрсетер едіңдер?
Мәтінмен жұмыс
Е.Естаевтің "Біздің Мәншүк" әңгімесін оқу. Сабақ тақырыбының мәнін
түсіндіру мақсатында сұрақтарға жауап беріп, әңгімелеу ұйымдастыру.
 Мәншүк Маметованың жаудан қаймықпай ерлік көрсетуінің себебі
неде деп ойлайсыңдар?
 Мәншүк Мәметованың ерлік шайқасқа қандай сезім жетелейді деп
ойлайсыңдар?
 Отаны үшін ерлік жасаған тағы да кімдерді білесіңдер?
 Олардың қандай ерліктерін білесіңдер?
 Сендер осындай ерлік жасай алар ма едіңдер?
Мұғалім балалардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытынды жасайды.
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей солға бір оң аяқ,
Сол аяқ жаттығу оңай-ақ.
Оңға түзу тұр
Солға түзу тұр
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Алақанды ұрайық
Дәйексөз
Мұғалім тақтаға Б.Момышұлының "Отан үшін отқа түс- күймейсің"
деген дана сөзін жазып қояды және бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде
түсіндіреді.
- Балалар, бұл дәйексөзден не түсіндіңдер?
Жаңа ақпарат
Туған ел, өскен жер, отбасы- "Отан" деген ұғымды білдіреді. Адамның
ата-бабасынан
жалғасып,
өсіп-өнген
атамекені
ерекше
қымбат.
ІV. Бекіту
Шығармашылық жұмыс
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді
жалғастырыңдар.
Олардың мағынасын қалай түсінетіңдеріңді айтып беріңдер.
Отан... да ыстық.
Отансыз...,
Ормансыз бұлбұл.
Туған жерге... тік.
Ел іші- алтын... .
Керекті сөздер: бесік, адам, туың, оттан.
V. Қорытынды
Отан туралы
М.Мақатаев
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем,
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен шеңбер құрып тұрады, бір-бірлеріне жақсы
тілектер тілейді.
VI. Үйге тапсырма
"Менің елім" тақырыбына сурет салу.
VII. Бағалау. Оқушыларды мадақтау.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа