close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

Ұйымдастырушы

код для вставкиСкачать
«Көп сыйлықтар» науқанының ережесі (ары қарай «Ереже»)
1. Науқанның сипаттамасы
«Көп сыйлықтар» науқаны – бұл науқан барысында Beeline абоненттері белгілі бір сомаға теңгерімді
толтырғаны үшін Минуттар, SMS-тер, Мегабайттар түріндегі бонустар мен күн сайын Beeline
ұсынған iPhone 6 смартфонының ұтысына қатысу мүмкіндігін иеленетін науқан.
Нақан өтетін мерзім: 2014 жылғы 15 қараша мен 2015 жылғы 20 қаңтар аралығы (2014 жылғы 31
желтоқсан мен 2015 жылғы 1 қаңтарда науқан əрекет етпейді).
«Көп сыйлықтар» науқанына қатысу үшін, Сіз *15# пəрменін теру арқылы Оператордан алатын SMS
хабарламада көрсетілген шарттарды орындауыңыз қажет.
2. Науқан қатысушылары
2.1. Науқанға Қазақстан Республикасының территориясында тұрақты тұратын жəне алдын-ала
төлем жүйесімен есеп айырысу жүйесінің тіркелген абоненті болып табылатын, «КаР-Тел»
ЖШС-мен Beeline белгісі (ары қарай «Оператор») шарт жасасқан, 18 жасқа толған Қазақстан
Республикасының азаматтары қатыса алады. Науқанға несиелік төлем жүйесімен есеп
айырысатын абоненттер, корпоративтік клиенттер, «КаР-Тел» ЖШС-нің қызметкерлері жəне
«КаР-Тел» ЖШС-і қызметкерлерінің тікелей туыстары (ата-анасы, туған ағалары мен
қарындастары, жұбайы, балалары) қатыса алмайды.
2.2. Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін немесе осы Ереженің шарттарын бұзған тұлғаларға
сыйлықтар берілмейді.
2.3. Науқанның шарттарын орындай отырып, абонент өзінің науқанға қатысатынын жəне осы
Ережемен танысқандығын, сондай-ақ iPhone 6 смартфонының ұтысында жеңіске жеткен
жағдайда, өз аты-жөнінің сайтта жариялануына келісетінін растайды.
3. Науқанды өткізу Ережесі
3.1. Оператор, теңгерімді толтыру жəне кепілді бонусты алу, сондай-ақ күн сайын Beeline
ұсынған iPhone 6 смартфонының ұтысына қатысу шарттары бар SMS арқылы науқанға
қатысу ұсынысын жолдайды.
3.2. Науқанға қатысу шарттары бар ұсынысқа *15# тегін пəрменін теру арқылы да қол жеткізуге
болады.
3.3. SMS арқылы немесе *15# пəрменін теру жолымен ұсыныс алған күннен бастап (ұсынысты
алған күнмен қоса), 5 күнтізбелік күн ішінде ұсыныс шарттарын орындаған абоненттер,
кепілдендірілген бонусқа қол жеткізіп, Beeline ұсынған iPhone 6 смартфонының ұтысына
қатыса алады.
3.4. Теңгерім бір жолғы төлеммен Науқанның SMS-ұсынысында көрсетілген сомаға толтырылуы
тиіс (теңгерімді бөліп толтыру науқанға қатысу құқығын бермейді).
3.5. Кепілді бонус абонентке, ары қарай «Бонустар» деп аталатын минуттар, SMS-тер, МБ-тар
түрінде беріледі. Кепілді бонустың көлемін Оператор тағайындады.
3.6. Бонустардың əрекет ету мерзімі – берілген күннен бастап 2 күнтізбелік күн (бонустар
берілген күнмен қоса).
3.7. Бонустарды қолдану шарттары: Алынғын ұсыныс бойынша 2014 жылғы 26 желтоқсан мен
2015 жылғы 1 қаңтар аралығындағы шарттарды орындағаныңыз үшін, бонустар 2015 жылы 2
қаңтарда беріледі.
3.8. 2014 жылғы 30 желтоқсан - 2015 жылғы1 қаңтар аралығында науқан шарттарын орындаған
Абоненттер iPhone 6 смартфонының ұтысына 2015 жылы 2 қаңтарда қатысады.
3.9. iPhone 6 смартфонынның ұтысы күн сайын өтеді. Ұсыныс шарттарын дер кезінде орындаған
Абоненттер, шарттарды орындағаннан кейінгі күні ұтысқа қатыса алады. 2014 жылғы 16
қараша мен 2015 жылғы 20 қаңтарды қоса алғандағы аралықта (2014 жылғы 31 желтоқсан
мен 2015 жылғы 1 қаңтарды қоспағанада) күніне 1 смартфон ұитысқа қойылады. Ұтыс
механикасы:
3.8.1.
Жеңімпаз компьютерлік бағдарламаның көмегімен, кездейсоқ таңдау əдісі
арқылы анықталады.
3.8.2.
iPhone 6 смартфонының ұтысына, алдыңғы тəулікте SMS түрінде немесе *15#
тегін пəрмені арқылы алынған ұсыныстардың шарттарын орындаған абоненттер
қатыса алады.
3.8.3.
Əр iPhone 6 смартфонының ұтысы кезінде бір негізгі жəне 2 қосымша жеңімпаз
анықталады.
3.8.4.
Ұтысты өткізу нəтижесі бойынша Ұйымдастырушы, ұтыс өткен сəттен бастап,
48 сағаттың ішінде бірінші анықталған жеңімпазға хабарласады.
3.8.5.
Егер Ұйымдастырушы, ұтыс өткен сəттен бастап 48 сағаттың ішінде бірінші
анықталған жеңімпазға хабарласа алмаса, екінші анықталған жеңімпазға қоңырау
соғады.
3.8.6.
Екінші жеңімпазға қоңырау шалу уақыты, бірінші анықталған жеңімпазға
хабарласу уақыты аяқталған сəттен бастап, 48 сағатты құрайды.
3.8.7.
Егер бірінші анықталған жеңімпазға хабарласу уақыты аяқталған сəттен бастап
48 сағаттың ішінде Ұйымдастырушы екінші анықталған жеңімпазға хабарласа
алмаса, Ұйымдастырушы үшінші анықталған жеңімпазға хабарласады.
3.8.8.
Үшінші жеңімпазға қоңырау шалу уақыты, екінші анықталған жеңімпазға
хабарласу уақыты аяқталған сəттен бастап, 48 сағатты құрайды.
3.8.9.
Егер Ұйымдастырушы үшінші анықталған жеңімпазға хабарласа алмаса, iPhone
6 смартфонының ұтысы жоғарыдағы жосықпен қайта жалғасады.
3.8.10.
Анықталған жеңімпаздардың қорытындысы podarok.beeline.kz
жеңімпаздарға хабарласу нəтижесі бойынша келесі үлгіде жарияланады:
4. Жүлделер
сайтында,
4.1. Кепілдік бонус абонентке Минуттар, SMS-тер, МБ-тар түрінде беріледі. Кепілдік бонустың
түрі мен көлемін Оператор анықтайды жəне бекітеді.
4.2. Абонент күн сайын бас жүлде ретінде iPhone 6 смартфонын ұту мүмкіндігіне ие болады.
4.3. Жүлделер ұтыс өткен күннен бастап 40 күнтізбелік күн ішінде беріледі.
4.4. Жеңімпаздар жүлделерді алу жолы туралы, осы Ереженің 3-бөлімінде қарастырылған тəртіп
бойынша жеке-жеке хабарланады.
4.5. Жеңімпаздарға iPhone 6 смартфонын табыстауға байланысты салықтар мен алымдар,
Оператордың есебінен төленеді.
5. Жүлделерді алу шарттары мен ережесі
5.1. Ұтысты өткізу жəне жеңімпазды анықтау нəтижесі бойынша Ұйымдастырушының өкілі
жеңісі туралы қатысушыға хабарлау мақсатында жеңімпазға хабарласады.
5.2. Науқанның жеңімпазы атанған Қатысушыны Ұйымдастырушының ақпараттандыруы, Науқан
шарттарын орындаған – теңгерімді толтырған абоненттік нөмірлерге қоңырау соғу арқылы
жүзеге асырылады. Ұйымдастырушының ұтыс туралы қатысушыларды ақпараттандыру
мақсатында қоңырау соғуы +7 777 773 18 38 нөмірінен жүзеге асырылады.
5.3. Егер Ұйымдастырушының өкілі ұтыс өткен сəттен бастап, 48 сағаттың ішінде Науқан
жеңімпазына хабарласа алмаса, жүлдені иелену құқығы ұтыстың басқа қатысушысына
көшеді (осы Ереженің 3-бөлімін қараңыз).
5.4. Аймақтардағы жеңімпаздың жүлдені алу тəртібі:
5.4.1.
Жеңімпаз жеке басын куəлəндыратын құжатты көрсетуі керек (жеке куəлік,
Төлқұжат).
5.4.2.
«КаР-Тел» ЖШС-ның қызметкері жеңімпаз мəліметтерінің, абоненттік шартта
ұсынылған мəліметтерге сəйкестігін анықтайды (Аты-жөні, мекенжайы, туған күні,
жеке басын куəлəндыратын құжаттың мəліметтері, жеңімпаздың мобильді нөмірі).
5.4.3.
Егер анықтау аяқталған соң жеке басын куəлəндыратын құжаттың мəліметтері
сай болмаса, жеңімпаз жүлдені алу үшін, 3 күнтізбелік күн ішінде, Оператордың
қызмет көрсету кеңсесінде мобильді нөмірді өз атына рəсімдеуі тиіс.
5.4.4.
Жеңімпаз жүлдені алу сəтінде келесі құжаттармен танысып, қол қоюы керек:
Жүлдені қабылдау тапсыру актісі, Оператордың сайтында жеңімпаздың
мəліметтерінің (фотосуреті, аты-жөні) жариялануына келісетіндігі/келіспейтіндігі .
5.4.5.
Жеңімпаз ұтыс өткен күннен бастап 40 күнтізбелік күн ішінде жүлдені,
Ұйымдастырушы ақпараттандырған немесе қажет болған жағдайда қосымша қоңырау
соққан кезде, ұсынған мекенжайдан алуға құқылы.
5.5. Науқан жеңімпазын жеңісі туралы ақпараттандырған сəттен бастап, ақпараттандыру күнін
қоса алғанда, 40 күнтізбелік күн өткенше, Науқан жеңімпазы Операторға хабарласпаса,
жүлдені алу құқығы ұтыстың келесі Қатысушысына көшеді (осы Ереженің 3-тармағындағы
науқанды жүргізу ережесін қараңыз).
5.6. Мынадай жағдайлар орын алған сəтте Ұйымдастырушы Науқан жеңімпазына жүлдені
беруден бас тартуға құқылы:
5.6.1.
Егер Ұйымдастырушының өкілі осы Ереженің 5.4. тармағында көрсетілген
мерзімде, Науқан жеңімпазының ұялы телефоны қол жетімсіз болғандықтан Науқан
жеңімпазына хабарласа алмаса (Науқан жеңімпазының ұялы телефоны сөндірулі
немесе Ұйымдастырушының байланыс желісіне қызмет көрсету аясынан тыс жерде
болса)
5.6.2.
Егер
Науқан
жеңімпазы
Ұйымдастырушы
немесе
Оператор
ақпараттандырғаннан кейін 3 күнтізбелік күн ішінде осы Ереженің 5.4.1. тармағында
көрсетілген құжаттарды ұсынбаса.
5.6.3.
Егер байланыс қызметін көрсету шарты бойынша Оператордың алдында Науқан
жеңімпазының қарызы болса.
5.6.4.
Анықтау нəтижесі бойынша жеңімпаздың мəліметтері Науқанға қатысқан
нөмірдің абоненттік шартындағы мəліметтерге сай болмаса жəне жеңімпаз 3
күнтізбелік күн ішінде нөмірді өз атына тіркемесе.
5.6.5.
Егер Науқан жеңімпазы осы Ережеде көрсетілген Науқан Қатысушысын
анықтау талаптарына сай болмаса, Қатысушы жүлдені иелене алмайды, Жүлде келесі
қатысушыға ауысады.
5.7. Ұйымдастырушы Науқан ережесін, оны өткізуге қатысты бөлігін өзгертуге құқылы.
Өзгерістер енгізілген жағдайда, Науқанның өзгертілген ережесін ұйымдастырушы
Оператордың podarok.beeline.kz сайтында орналастырылады.
5.8. Жүлдені тек ұтыста жеңіске жеткен ұялы телефонның иесі ала алады.
5.9. Науқанға қатысу, қатысушының Науқан Ережесімен танысқандығын, оларды сақтауға
келісетінін жəне Науқанға қатысу нəтижесі үшін толық дербес жауапкершілікте екенін
білдіреді. Науқанға қатысу, сонымен қатар абонент Науқанға қатысқан телефон нөмірді
SMS-хабарлама жолдау үшін, қоңырау соғу үшін жəне Науқанды өткізуге қажетті
байланыстың басқа жолдарын қолдануы үшін, Науқан ұйымдастырушысының қолдануына,
сондай-ақ Ұйымдастырушының жəне оның өкілетті тұлғаларының қатысушының дербес
мəліметтерін (аты-жөнін, кез-келген байланыс телефонын, мекенжайын) Науқанды өткізу
бойынша Ұйымдастырушының өз міндеттерін орындауы мақсатында Қатысушының
қосымша келісімін алмай қолдануына, Қатысушының келісетінін білдіреді. Жоғарыда
аталған дербес мəліметтерді қолдануға Қатысушының келісуі Науқанды өткізу жəне
жүлделерді табыстау мерзімінде Науқан Ұйымдастырушысының дербес мəліметтерді
өңдеуін, жариялауын, трансшекаралық жолдауын ұйымдастыру жəне жүзеге асыру кезеңіне
таралады.
5.10.
Науқанға қатыса отырып, Қатысушы осы Науқанды өткізумен байланысты
мақсаттарда, Ұйымдастырушының дербес мəліметтерді өңдеуіне, соның ішінде жинауына,
жүйелендіруіне, жинақтауына, сақтауына (соның ішінде шағымдар орын алған
жағдайларда), нақтылауына (жаңартуына, өзгертуіне), қолдануына (соның ішінде ұтыстарды
табыстау мақсатында, Науқанды өткізумен байланысты мақсаттарда қатысушымен жеке
сөйлесу үшін), таратуына, жариялауына, бұғаттауына, жоюына, осы Науқанды жəне басқа да
осы тəрізді шараларды жүргізу мақсатында автоматтандыру құралдарын қолданып,
тұтынушылардың мəліметтер базасын құруына, статистикалық есепті құруына, маркетингтік
зерттеулерді жүргізуіне, сондай-ақ қатысушылармен байланысуына, соның ішінде
электробайланыс желілері арқылы, SMS-хабарламалар мен электронды пошта жолдау
арқылы, келісім беретінін растайды. Науқан қатысушысы Beeline мобильді нөмірінен 0611
нөмірі арқылы «КаР-Тел» ЖШС-не хабарласу арқылы Науқанға қатысудан бас тартуға
құқылы.
5.11.
Ұйымдастырушы:
«ББДО ЦА» ЖШС
Мекенжайы: 050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Манас көшесі, 32 А, кеңсе
607.
Қолдаудың байланыс телефоны: +7(727) 277 70 23, ішкі нөмір 105
E-mail: [email protected]
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа