close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Пән: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Құрама, шартты, таңдау, цикл
операторларын бағдарламалар құруда пайдалану. Өткенді
қорытындылау.
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға берілген операторларды пайдалана
отырып бағдарламалар құру жолдарын көрсету. Компьютер
арқылы Delphi бағдарламалау тілінде берілген операторларға
нақты бағдарламалар құру.
2. Дамытушылық: оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін
дамыту,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Жеке және топпен жұмыс атқару дағдыларына
машықтандыру және ақпараттық құралдарды өз мақсатында
дұрыс қолдана білу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пысықтау, қорытынды сабақ
Сабақтың өту барысы:
I. Кіріспе бөлім: Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын қорытындылау: Үйге берілген
тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап.
III. Өткен тақырыптарды жаттығулар орындауда
пайдалану: Delphi бағдарламасы, Форма терезесі,
компоненттер палитрасы, қасиеттер терезесі және
оларды тиімді пайдалану.
IV. Үйге және қосымша тапсырмалар: Жеке
тапсырмаларға бағдарламалар құру.
Үйге берілген тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап:
1.Шартты оператор дегеніміз не?
2. Шартты операторларда қандай кілттік сөздер
қолданылады?
3. Іf дегеніміз не?
4. Then дегеніміз не?
5. Тандау операторы дегеніміз не?
6. Тандау операторында қандай кілттік сөздер
қолданылады?
7. Select Case жазылу тәртібі?
8. Қайталау операторының түрлерін атаңыз?
9. Цикл дегеніміз не?
10. for – параметрлі цикл операторын қандай
жағдайда қолданылады және жазылу форматын
көрстетіңіз?
Өткен тақырыптарды пысықтау
Құрама операторды пайдаланып бағдарлама құру мысалы: Button1 батырмасын
іске қосқан кезде Edit1 терезесіндегі сан Edit2 терезесіндегі санға қосылып, нәтижесі
Label терезесіне шықсын.
шешімі:
procedure
TForm1.Button1Click(Sender:
TObject);
var a,b,s:integer;
begin
a:=StrToInt(edit1.Text);
b:=StrToInt(edit2.text);
s:=a+b;
label1.Caption:=IntToStr(s);
end;
end.
Button1 батырмасын екі рет шерту арқылы код редакторын ашамыз, оған
жоғарыда көрсетілген бағдарламаны жазамыз да Run немесе F9 түймешігін
басып, бағдарламаны орындауға жібереміз.
Пайда болған формадағы Edit1 және Edit2 компонентеріне 12 және 43 сандарын
жазып, Button1 компонентін шертсек Label1 компонентінде 55 саны шығады,
яғни 12 саны мен 43 санының қосындысы.
Бағдарламаның толық орындалған нәтижесін көріп отырсыңдар,
өздерің байқағандай Edit1 және Edit2 компонентеріне басқа кез-келген
сандарды қойып Button1 компонентін шертсек Label1 компонентінде осы
сандардың қосындысы пайда болады.
Шартты операторды пайдаланып бағдарлама құру мысалы: Кез
келген сан 7 бөлінетінін немесе бөлінбейтінін анықтаңыз.
шешімі:
procedure
TForm1.Button1Click(Sender:
TObject);
var a:Integer;
begin
a:= strToInt(Edit1.text);
If a Mod 7 = 0 Then
Label1.Caption:= 'Сан 7 бөлінеді'
else
Label1.Caption:= 'Сан 7 бөлінбейді';
End;
end.
Бағдарламаның 21 санын 7 санына бөлгенде қалдық 0-ге
тең болғандағы орындалу нәтижесі.
Бағдарламаның 21 санын 7 санына бөлгенде қалдық 0-ге
тең емес болғандағы орындалу нәтижесі.
Таңдау операторын пайдаланып бағдарлама құру мысалы: -9 дан 9 дейінгі
аралықтағы сандар 0 ден кіші, 0 ден үлкен немесе 0 ге тең екенін анықтаңыз.
шешімі
procedure
TForm1.Button1Click(Sender:
TObject);
var x:integer;
begin
x :=strToInt(edit1.Text);
Case x of
1..9:Label1.Caption:= ' Сан 0-ден
үлкен ' ;
-9..-1:Label1.Caption:= ' Сан 0-ден
кіші ' ;
0:Label1.Caption:= ' Сан 0-ге тең ' ;
end;
end;
end.
Цикл операторын пайдаланып бағдарлама құру мысалы: Бүтін сан берілген,
төмендегі өрнекті есептеңіз:
Procedure
TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var a,i,s: integer;
begin
a:=strtoint(edit1.Text);
s:=0;
for i:=0 to 5 do
s:=s+sqr(a);
edit2.Text:=inttostr(s);
end;
end.
Құрама, шартты, таңдау, қайталау операторларына
анықтама:
Құрама оператор- begin және end операторларлық жақшалармен шектелген және
бір-бірінен нүктелі үтірмен ажыратылған кез-келген операторлардың еркін
сандарының тобын білдіреді. Синтаксисі:
Begin
< Оператор1 >;
…;
< ОператорN >;
end;
Шартты операторы – нақты шарттарға байланысты кейбір операторлардың
орындалу орындалмауын қамтамасыз етеді. Жалпы шартты оператор
бағдарламаның тармақталуы үшін арналған.Синтаксисі:
if < шарт >
then < Оператор1 >
[ else < Оператор2 > ] ;
Қайталау операторы немесе циклдық оператор белгілі бір операторлар тобын
бірнеше рет орындауды ұйымдастыруға арналады.Қайталау операторы циклдың
денесінен тұрады. Қайталау оператордың 3 түрі бар:
While - әзір
repeat және Until - дейін
for - параметрлі
Таңдау операторы бірнеше мүмкін болатын бағдарламаның жалғасының ішінен
біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл оператор өрнектерден тұрады, оны таңдау
кілті деп атайды. Таңдау кез-келген ретті типтегі таңдау кілті параметрімен іске асады
(қарастырылып кеткен integer, char және логикалық ретті типтерді алуға болады).
Жазылу синтаксисі:
case < таңдау кілті > of
<1-ші таңдау тұрақты>: <оператор 1>;
<2-ші таңдау тұрақты>: <оператор 2>;
...
< N -ші таңдау тұрақты >: <оператор N>
[ else <операторлар>];
end;
Мұндағы case, of, else, end – кілттік сөздер (оқиға (случай), осыдан (из), әйтпесе, соңы);
< таңдау кілті > - таңдау кілті нәтижесі нақты типтен басқа кез-келген жай тип болады.
Төменде берілген тапсырмаларға Delphi
тілінде бағдарлама құрастырыңдар:
Тапсырма №1. Button1 батырмасын іске қосқан кезде Edit1
терезесіндегі саннан Edit2 терезесіндегі сан азайтылып,
нәтижесі Label терезесіне шықсын.
Тапсырма№2. Екі сан берілген. Үлкенін аңықтаңыз.
Тапсырма№3. Case конструкцииясының көмегімен адамның
жасын анықтаңыз, егер мәтіндік терезеге 1-ден 11-ге дейінгі
аралықтағы сан енгізсе, онда Label компонентінде «қыз бала»,
12-ден 15 дейін енгізілсе – «ересек бала», 16-дан 20 дейін
енгізілсе– «бой жеткен» деген сөздер шығарылсын
Тапсырма№4 . Бүтін сан берілген, төмендегі өрнекті есептеңіз:
a13  ... a83
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа