close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
№18 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп КММ.
Ашық сабақ.
Пәні: Ана тілі.
1 «Ә» -сынып
Мұғалімі: Эльмуратова Күляш Жаркинбаевна.
2014-2015ж.ж.
Сабақтың тақырыбы:
Төрт түлік. Мал атасы.
Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. Дауыссыз
дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйрету. Мал атасы туралы түсінік
беру.
ә) оқу жылдамдықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік
қорларына молайту.
б) әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге тәрбиелеу. Тәртіптілікке
үйрету.
Сабақтың нәтижесі:
1.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады,Мал атасы
тақырыбын жақсы оқи алады, өз ойын еркін жеткізе алады,
Сабақта қолданылатын әдістер: «Айналмалы бекет» әдісі, «Көрме» әдісі,
«Төлдерді өріске айдау», «Өрмекші торы» әдісі
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Топқа бірігу
 2. Үй тапсырмасы
 3. Өткен сабақты пысықтау
 4. Жаңа сабақ
 5.Жаттығулар
 6.Ойын
 7. Кері байланыс
 8.Бағалау.
 9.Қорытынды

Топқа бірігу.
Дауыссыз дыбыстар арқылы топқа
бірігу.
1-топ
 2-топ
 3-топ
 4-топ

Ж
Т
С
Қ
«Айналмалы бекет»
Үй тапсырмасы.
Қоян туралы мәтін жазып келу.
«Өріске төлдерді айдау»
Өткен сабақты пысықтау.
Сергіту сәті.
Дауыссыз дыбыстар.
Сөз дыбыстардан құралады.
Дыбыстар әріптермен таңбаланып жазылады.
Дыбыстарды айтамыз, естиміз.
Әріптерді көреміз, жазамыз.
Дыбыстар екіге бөлінеді. Дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.
Дауысты дыбыс әріптері:
а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, (у), ю, я, ё, э
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге
ұшырап шығуы арқылы жасалады.Мысалы:т,с,қ.біздің тілімізде 25
дауыссыз дыбыс бар.Олар:
б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ (у).
-У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың ролін
атқарады.
«Ой шақыру»
Жұмбақ.
«Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар»
- Бұл не?
-
Қойдың төлі не?
- Қойдың төлі - қозы
Қой.
Қой- төрт түліктің ішіндегі ең момыны.
Сондықтан болар қазақ атамыз өсек- аян,
қулық- сұмдығы жоқ бір қалыпты,
сабырлы адамды «қой аузынан шөп
алмайтын момын» деп тегін айтпаған
екен. Қой малы сонау ежелден
халқымыздың несібелі малы болып
есептелген. Балалар ауырып қалған кезде
осы қойдың құйрық майымен сылап, ішіп
жатады.
Жұмбақ.
«Екі айнасы бар, Екі найзасы бар»
- Ол не?
-
Сиырдың төлі не?
- Сиырдың төлі – бұзау.
Сиыр.
Сиыр- Зеңгі баба тұқымы. Ол адамға
серік, әрі ақылды, әрі момын жануар.
Біздің ішіп- жейтін тағамдарымыздың
барлығы осы- сиыр малының өнімі.
Мысалы: құрт, ірімшік, айран, май, қатық.
Жұмбақ.
«Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, Мінсең
қанат, сүті дәрі, еті тамақ».
- Бұл не?
-
Жылқының төлі не?
- Жылқының төлі – құлын.
Жылқы.
Жылқы- жер жүзінің бәріне тараған түлік.
Жылқы малы өте төзімді. Ол қыста сары
аязда далада жайыла береді, өйткені
жылқы малы суыққа тоңбайды. Еті де,
сүті де өзгеше. Қазы- қарта, жал- жая
жылқыдан алынады.
Жұмбақ.
«Маң - маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан».
-
Түйенің төлі не?
- Түйенің төлі – бота.
Түйе.
Түйе- төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер
пайдасы аз емес. Түйенің сүті- шұбат. Ол
әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік
қасиеті күшті. Ішсе сүт, жесе ет, майы да
мол. Түйенің сапалы жүні бар.
Төрт түлік
түйе
жылқы
Ірі қара
Қой, ешкі
сиыр
ұсақ
Еті, сүті, терісі, жүні
және т.б.
Мал атасы.
Қой атасы -Шопаната,
Жылқы атасы – Қамбарата,
Ешкі иесі –Сексеката,
Түйе атасы –Ойсылқара,
Сиыр иесі -Зеңгібаба
Қаңтардың жиырма екісі.
Сынып жұмысы.
17-жаттығу.
Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара,
Шопаната, Сексеката.
Көрме.
Жұптық жұмыс.
18-жаттығу. 1. Мәнерлеп оқыңдар.
Құлыншағым.
Құлыншағым – құндызым
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
2. Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп, әр сөздегі дауыссыз
дыбыс әріптерінң астын сызыңдар.
Уй жұмысы.
19-жаттығуды жазып келу.
Ойын. «Кім жылдам»
Ойынның шарты: топпен жарыса ойналады. Бірінші топ
кез-келген сөз айтады. Сол сөздің ішіндегі дауыссыз
дыбыспен басталатын сөз айтады. Айталмай қалған топ
ойыннан шығады.
«Өрмекші торы»
Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
Малдың аталарын ата?
Төрт түлікке нелер жатады?
Ірі қара төлдерді ата?
Неше дауысты дыбыс бар?
Дауыссыз дыбыстарды ата?
Сиыр атасы - ......
Жылқының атасын ата?
Қой атасы - .....
Түйе атасы-.....
Төрт түлік туралы мақал .
Бағалау.
Топтың жинаған ұпайы
Топтың қорытынды
бағасы
16-18
Қызыл түс -3
19-23
Сары түс-4
24-25
Жасыд түс-5
Даналық ағашы.
Назарларыңызға рахмет.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа