close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
СОҒЫСТЫ ҰМЫТПАЙТЫН
СЕБЕБІМ
Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл:
Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен
тылдағы табандылықтары ешқашандай жас ұрпақ
ұмытпайды!
Жойылсын мәнгі сөз соғыс деген!
Махмұтбай Әміреұлы
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан жарық, сапарларың.
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер.
Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,
Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Майдангерлер азайып барасыңдар.
БІР ШАЙҚАСТЫҢ ШЫНДЫҒЫ
БАТЫР ЕСІМІН АРДАҚТАДЫ
СОҒЫСТАН ЖЕТІМ ҚАЛҒАНДАР
ҚАМҚОРЛЫҚҚА ЗӘРУ
АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫСЫ
ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ЖАНДАР
ЕҢБЕГІ ЕЛГЕ ҮЛГІ, ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
ҰРЫС ДАЛАСЫНАН КЕЛГЕН ҮШБУ
ХАТ
АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫСЫН АЙТТЫ
ДАҢҚ
СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ҚАБЫРҒАМЫЗ ҚАТАЙМАЙ ҚАРУ
АСЫНДЫҚ
МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР
БІР ШАЙҚАСТЫҢ ШЫНДЫҒЫ
Мені 2011 жылдың 13-14 мамыр күндері өтетін ІІ
Бүкіл украиндық халықаралық конференцияға
шақырған еді. Мамыр айының 12 күні славян
халқының өсіп-өнген қасиетті мекені – украин
жеріне табан тіредім.
Соғыстың шындығы өрескел
бұрмаланғанын Қасым ағаның соғыстан
кейін майдандастарымен жазысқан
хаттары арқылы білеміз. Мәселен,
соғыстан аман қалған партизан
достарының ішінде Радион Феодрович
Груша: «Құрметті Қасым Қайсенов!
Мен ойлаған едім, Сізді Букрин
плацдарымы туралы мақалаға
қуанды ма деп едім, сөйтсем,
керісінше, ренжітіп алған екенмін.
Сондықтан, қателік үшін кешірім
сұраймын. Шынымды айтсам, бұл
жерде менің кінәм жоқ. Мен өз
мақаламды сіздің кітабыңызға
сүйеніп жазған едім, бірақ, редактор
Ұлы Отан соғысының тарихы
туралы кітапқа сілтеме жасай
отырып, өзгерістер жасап жіберген
екен. Оның айтқаны осыған
келіспесең, мақала жарыққа
шықпайды дегені еді. Мен оған
келісуге мәжбүр болдым. Ал, соғыс
тарихында Букрин плацдарымы
туралы құпия бар.
Қасым Қайсенов соғыстан кейін украиналық
партизан досы Р.Грушаға жазған хатында:
«Құрметті Радион Феодрович! Сіздердің
территорияларыңызда Иван Кузьмич Примак
Саяси бөлімнің ұйғарымымен №8 Қызыл Армия
құрамасына қалдырылып, оған 1941 жылдан
бастап Чапаев атындағы дивизия құрамын
жасақтау тапсырылған. Ол оны ойдағыдай
құрып, командирі ретінде басшылық жасады.
Яғни, 1941-1942 жылдары партизан құрамасын
жасақтап, соғысқа дайындалғанда 4 отряд
топтастырылған. Олардың командирлері
ретінде мынадай адамдар тағайындалды: 1)
Нагацев Феодр Степанович; 2) Қайсенов Қасым
(Вася); 3) Попов Николай Михайлович; 4) Клопов
Василий Матвеевич; 5) Аброменко Николай
Михайлович; 6) Алексеенко Григории Давыдович;
7) Гаман Иван және тағы басқалар бар еді. Біздер
шайқас алдында 1943 жылы Переяслав
партизандарымен қосылдық, осы құраманың
басшысы Григоревка селосының азаматы
Емелян Ломако болды. 1943 жылы Чапаев
дивизиясының құрамындағы бір топты
Е.Ломако басқарып, партизандық қозғалысқа
кіріскенде ондағы белсенді жауынгерлердің
есімдері төмендегідей еді: «1) Яковец Дмитри
Никитович; 2) Спижевой Константин Иванович;
3) Спижевой Григории Силеверстович; 4)
Горевенко Силевестр Григоревич; 5) Гром Михайл
Анатонович; 6) Проценко Ильия Артемович; 7)
Янцелевич Анатолий Совенович және тағы
басқалар.
БАТЫР ЕСІМІН АРДАҚТАДЫ
Конституция күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне
арналған орталық клиникалық госпитальде қазақ халқының даңқты батыры –
Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған ғылымипрактикалық конференция өтті. Мекеме директоры Әділхан Абдулиннің
жетекшілігімен ұйымдастырылған шараға Ресейдің Қазақстандағы Төтенше
және өкілетті елшісі М.Бочарников, Парламент Мәжілісінің депутаты
Н.Петухова және бір топ ғалым қатысты.
Жиын Рақымжан Қошқарбаев пен
Григорий Булатовтың Рейхстаг ғимаратына тіккен
Жеңіс туы салтанатты жағдайда әкелініп, ерлікке
тағзым етуден басталды.
Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми
қызметкері Сейітқали Дүйсен «Рақымжан
Қошқарбаевтың өмірі мен жауынгерлік ерлігі»
туралы баяндама оқыса, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ
докторанты Махаббат Қозыбаева Григорий Булатов
жөнінде тың деректермен бөлісті. Өз кезегінде сөз
алған Альпинистер одағының вице-президенті
Серікқали Мұқанов «Жеңіс туының жауынгерлік
жолы: «Рейхстаг-Мәскеу-Астана» тақырыбында
баяндама жасады. Ал, Берлин соғысының тірі
куәгерлері Қадан Бекенов, Моисей Гольдберг және
Ілияс Екібаев сұм соғыста көрген қиыншылықтарын
айта келе, жастарды Отанды сүюге шақырды.
СОҒЫСТАН ЖЕТІМ ҚАЛҒАНДАР
ҚАМҚОРЛЫҚҚА ЗӘРУ
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының
жеңіспен аяқталғанына алдағы жылы 70 жыл
толады. Бұл адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс
болғаны белгілі. Аумағы жағынан бұл қырғын
дүниежүзілік сипатқа ие болды. Құрбандардың
саны жағынан да жоғары тұр. Тек бір ғана Кеңес
одағының өзінен 20 миллионнан астам адам қаза
болды. Сондықтан бұл соғысты ұмыту мүмкін
емес. Оған қатысқан жауынгерлерді, тылда
жанқиярлықпен еңбек еткен еңбекшілерді
ардақтау әрбір ұрпақ үшін абыройлы міндет
болып табылады.
Қазіргі кезде мемлекет тарапынан соғыс ардагерлеріне, олардың отбасына, тыл
еңбеккерлеріне және сол кезде кәмелетке жетпестен жұмыс істеген жас балаларға да көңіл
бөлініп, әртүрлі жеңілдіктер жасалынып жатыр. Осы жерде мына жайды еске алу керек: соғыста
қаза болған жауынгерлердің көпшілігінің артында балалары қалды. Жастайынан жетімдік
көріп, ауыртпалықпен арпалысқан бұл балалар қалай өсті? Бір жағынан әкелерінен айырылса,
екінші жағынан өмір тауқыметін көп көрген мұндай балалардың көбі оқуда да, өмірде де көп
нәрседен қағылды. Сол кезде жетім қалған балалардың ішінде пәтерсіз жүргендері де жоқ емес.
Жастары ұлғайған сол азаматтар қазір қолдауға зәру.
АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫСЫ
Жеңіс мерекесі қарсаңында №6 емхананың ұжымы Ұлы Отан соғысына
қатысқан қаладағы бір топ ардагердің үйіне барып, оларды мерекелерімен
құттықтады.
Алдымен Л.Абрамовтың үйіне бас сұққан дәрігерлер тоқсан екідегі қарияның хал-жағдайын
сұрады. Содан соң ардагерді Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтап, гүл шоқтары мен басқа да
сыйлықтарын тапсырды. Қалалық №6 емхананың бас дәрігері Лариса Бухановская болса сонау сұрапыл
жылдарда бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін жаумен жан аямай бетпе-бет шайқасқан жауынгердің ерлігіне бас
иетінін айтып, емхана ұжымының атынан ізгі тілегін жеткізді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері Н.Асадчая мен А.Одноралова сексен төртте екен. Дегенмен, олар әлі
тың, қимылдары ширақ. Өздерінің бастан кешкен ауыр күндері, сол жылдардың қиындығы туралы
әңгімелей келе, әжейлер осы жасқа жетіп, бейбіт күнге куә болып отырғандары ақ халатты абзал
жандардың арқасы екенін атап өтті.
ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ЖАНДАР
Батыстағы қазақ ықылым заманнан бері қара жерді қопарып, «қара
алтынын» игеріп келеді. Бұл жерде туып-өскендердің, иә қоныс аударып
келгендердің біразы өмірін мұнаймен байланыстырғаны белгілі.
,
Ұлы Отан соғысы мен бейбіт тірлікте алған
марапаттары азаматтың тұлғасын одан әрі
айқындай түседі. Хасан Алдақов Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасын алған.
Оның омырауында «Қызыл жұлдыз» ордені,
«Ерлігі үшін», «Ұлы Отан соғысында жеңіске
жеткені үшін» медальдары жарқырады.
Байырғы майдангер, білікті мұнайшы 1981
жылдың қарашасында өмірден өтті. Есімі
Қазақстан мұнай энциклопедиясына енді.
Хасан ардагердің әкесі Жауылбай Алдақов қазақ
мұнайының бастапқы жылдарында еңбек еткен ер еді.
Осындай әкеден тәлім алған ұлы Хасан Алдақов та
өмірінің соңына дейін халқына адал қызмет етті. Өмірдің
ащы-тұщы дәмін қатар татып, соғыстың бейнетін басынан
кешірген ақсақал еңбегінің зейнетін көріп, отбасының
қызығына да кенеледі. Артында қос ұлы мен үш қызы
қалды. Олар ата-баба жолынан таймай, өмірлерін
мұнаймен байланыстырады. Сол ұрпақтарының ендігі
арманы – елім, жерім деп өткен әкелерінің есімін
асқақтату. Осы орайда, Ұлы Отан соғысы ардагерінің есімі
Жылыой жеріндегі бір көшеге берілсе дейді. Бізде не көп?!
Көз сүрінетін мағына-мәнсіз көше атаулары көп.
Сондықтан ел мен жерді қорғап, азаматтық борышын
қанмен өтеуге аттанған азаматқа бір көше атауын беру
артық етпейтін тәрізді.
ЕҢБЕГІ ЕЛГЕ ҮЛГІ, ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
Ел басына күн туған сол бір сұрапыл соғыс басталғанда Қабен Оспанұлы он
үш жаста ғана еді. Буыны бекімегеніне қарамастан үлкендерден бір елі
қалыспай, таңның атысынан күннің батысына дейін «Бәрі майдан үшін!»
деген ұранмен еңбек еткен ол соғыс аяқталған соң, 1946 жылдың қыркүйек
айында «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін»
медалімен марапатталды.
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туып-өскен Қабен Маусымбаев кейін отбасымен Қараөткелге, яғни қазіргі
Ақмолаға қоныс аударады. Осындағы насос зауытының жанында сол тұста орта мектеп болды. Осы мектептің жетінші
сыныбын бітіргеннен кейін соғыс басталады да, комсомол комитеті ересек балаларды зауытқа жұмысқа жібереді. Олардың
арасында Қабен ата да болды. Сол жерде еңбек ете жүріп, білімін жетілдіріп, темірден түйін түйген токарь болып шыға
келеді.
Бүгінде тоқсаннан асқан ақсақалдың айтуынша, әкесі Оспан мен шешесі Бибіжан өте ақылды, көпшіл адамдар болған. Бір
үзім нанды көршілермен бөлісіп жейтін олар: «Өмірде әрқашан бір-біріңмен ұйымшыл, тату болыңдар. Еңбектен әсте бас
тартпаңдар» деп отырады екен балаларына. Осындай сөздерді құлағына құйып өскен балалар жұмысты жанына серік етіп,
еңбекке ерте араласады.
«Соғыс басталған кезде апайым Ризабану он жетіде, ал қарындасым Күлтай бес жаста еді. Әкеміздің берген тәлімінің
арқасында бір-бірімізден бір елі ажырамадық. Үлкенге ізетті, кішіге қамқор болып ер жеттік. Кейін соғыс аяқталатын жылы
әкей қайтыс болды. Бірақ, ұрпағына қалдырған өсиетін өмір бойы жадымыздан шығарған жоқпыз: жастай еңбекке
араластық, енді міне қартайғанда сол бейнетіміздің зейнетін көріп отырмыз» дейді Қабен Оспанұлы.
ҰРЫС ДАЛАСЫНАН КЕЛГЕН ҮШБУ ХАТ
Жеңіспен ораламыз
Біз жүрміз халық үшін қан майданда,
Күнде өлім, дамыл жоқ шыбын жанда.
Аямай кеудедегі жанымызды,
Сарқылғанша ең соңғы қасық қан да…
Құрбан қып Отан үшін жас өмірді,
Шайқаспен өткіздік біз неше күнді?
Қорғауға аттанған соң туған жерді,
Дұшпанға жібермейміз есемізді.
Жан ана, ақ сүтіңді ақтау үшін,
Фашистер топырағымды баспау үшін,
Тосамыз кеудемізді сансыз оққа –
Отаным, намысыңды сақтау үшін.
Танытты соғыс талай батырларды,
Үн қатқан небір шешен, ақындарды.
Сағынып, жүдемеңдер, туған елім,
Жеңіспен оралар күн жақын қалды!
Бұл – Ақмола өңірінің тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Тұяқ Камеловтің майдан даласынан Қорғалжын
аудандық газетіне жолдаған өлеңі. Ұрыстың алғашқы күндерінен-ақ алғы шепте соғысқан қазақ жауынгері
1919 жылы туып, 1964 жылы өмірден озған.
Тұяқ Баяндыұлы Ульяновск қаласындағы танк училищесін тәмамдап, танк командирі, рота старшинасы,
лейтенант шендерін иеленген. Украина майданында 103-гвардиялық ауыр танк полкінде болып, Мәскеу
түбіндегі шайқаста ерлік көрсетті. Ол Жоғарғы Бас қолбасшы Иосиф Сталиннің тікелей бақылауындағы ИС-1,
ИС-2 құпия брондалған ауыр танктерімен соғыса жүріп, жауды Берлинге дейін тысқырды. Ал мұндай темір
табанды қару тек сенімді сарбазға ғана берілетіні анық. Өйткені, бұл танк полкі тек Сталиннің бұйрығымен
ғана әскери қимылдарға баратын.
Тұяқ Камелов елге оралғаннан кейін, туған ауылындағы Сабынды орта мектебінің іргесін қалап, өзі директор
қызметін атқарды. Бүгінде ауылдағы көшелердің бірі осы кісінің атында.
АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫСЫН АЙТТЫ
Елорда аумағындағы Өндіріс тұрғын алабында тұратын 300-ден
астам аға буын өкілдері тегін медициналық тексеруден өткізілді.
«Ашық есік күні» акциясы
барысында Ұлы Отан
соғысының майдангерлерін,
еңбек ардагерлерін және
жалғызбасты зейнеткерлерді
терапевт, лор, окулист,
невропатолог, гинеколог
дәрігерлер қабылдады. Барлық
ардагерлердің қан
құрамындағы қант пен
холестерин деңгейі тексерілді.
Қажетіне қарай ЭКГ және УДЗ
жасалды.
Денсаулықтарын тексертіп,
мамандардан тиісінше
кеңестер алған ардагерлер
акцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
ДАҢҚ
БАРЛЫБАЙ АТАНЫҢ БАТАСЫ
Ыбыраш ҚҰЛМАНОВ - КУРСК ШАЙҚАСЫНЫҢ КУӘГЕРІ
Нүриден ЖИҒАНШАҰЛЫ - ОН СЕГІЗДЕ ОТ КЕШТІМ
Имәт СҮНТАЕВ - «СОҒЫСТАҒЫ СЕРІКТЕРІМДІ САҒЫНАМЫН...»
Темірғали ӘДІЛБЕКОВ - ЖОРЫҚТЫ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ
Төкен КҮЗЕМБАЙҰЛЫ - АЛТЫ РЕТ АЖАЛ АУЗЫНАН ҚАЛҒАН
Бақтыбай АЛМАБЕКОВ - ЖЕҢІСТІ ЖАПОН ЖЕРІНДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ
Шәріпбай ата - БЕЛОРУССИЯДАН БЕРЛИНГЕ ДЕЙІН...
Асылхан БЕКБАЕВ - МАЙДАН ДАЛАСЫНДАҒЫ МАХАББАТ
БАРЛЫБАЙ АТАНЫҢ БАТАСЫ
Былтыр жаздың күзге ауысар шағында Балалар және жасөспірімдердің
орталық кітапханасында Курск иініндегі шайқасқа 70 жыл толуына орай
дөңгелек үстел өткен еді. Қалалық Ардагерлер кеңесі, Қорғаныс істері
жөніндегі департамент және Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
жан алып, жан беріскен бұл айқасқа қатысқан майдангерлерді жинап,
оларға үлкен құрмет көрсетті. Курскіні қорғаған ата-әжелеріміздің біразы
сол шараға келген. Сол кезде олардың Астанадағы жалпы саны 31 адам
екенін де білдік.
Барлыбай Тәбешұлы да сол солдаттардың қатарында болды. Ақсақалдың өзі сол
күндерді былай еске алады: «1943 жылы Петропавлдағы артиллериялық көздеуші
курсынан өткеннен кейін мені Курск майданына жіберді. Содан Қорған, Челябіні
басып отырып, Курскіге келдік. Сөйтсек, фашистер Сталинградтен кейін бар күшін
сол қалаға салған екен. Мені сол соғыста артиллерияға көздеуші қылып қойды.
Курскі маңындағы Белгород – Орел бағытында жаумен арпалыстық. Расчетте үш
кісіміз. Мен жаудың обьектілерін дүрбімен қарап тұрамындағы, снаряд
жаудыртамын. Снарядты нағыз қажетті жерге түсіре алсақ, түсірдік, түсіре алмасақ
қайтадан атқылаймыз. Қасымдағы серіктерім жараланып, ауысып отырды. Мен бір
рет аяғымнан жараланып, госпитальда жатып шықтым. Жазылып шыққаннан кейін
қайтадан майданға оралып, Курскінің нағыз өзінде сентябрьге дейін болдым. Сол
айда фашистердің беті қайтып, кейін қаша бастады. Біз оларды Харковьке қарай
қудық. 6 сентябрь күні Киевті алғаннан кейін алға жылдам жылжи бастадық.
Ақырында Германия жерінен бірақ шықтық қой…
Ыбыраш ҚҰЛМАНОВ - КУРСК ШАЙҚАСЫНЫҢ КУӘГЕРІ
Сонау сұрапыл жылдарда Отан үшін от кешкен
батырлардың бірі – Ыбыраш Құлманов. Тіліміз
тимесін, биыл 94 жасқа толып отырған қарияның
жүріс-тұрысы әлі де сергек. «Газеттенбіз, сіз туралы
жазбақшымыз» дегеніміз сол еді, ертеңінде өзі
туралы ақпаратты әдемілеп қағазға түсіріп
«Жағдайым жаман емес. Ептеп жүріпқойыпты.
жатырмыз. Бірақ соңғы жылдары қан қысымым
көтерілетін болды. Дегенмен де өзім жүріп-тұруға әзір қауқарым бар» деп қояды қария.
Ыбыраш ақсақал 1942 жылы ел басына күн туған шақта өз еркімен майданға аттаныпты. –
Өзім сияқты жап-жас жігіттер сол жылы Саратов облысы, Ертышев қаласындағы ауыр
артиллерия полкіне бөлінді. 1942 жылдың 19 қарашасында Сталинградта немістерге қарсы
шабуылға шықтық. Небір кескілескен шайқасты көрдік, талай үзеңгілестерімнің қанға
бөгіп жатқанын көрдім… Ақсақал сәл үзілістен кейін әңгімесін әрі қарай жалғады: – Мен
1942 жылдың жазында ұйымдасқан №5 ауыр артиллерия дивизиясының №27
минометшілер бригадасындағы №257 полкте көздеуші болдым. 1943 жылдың қараша айына
дейін сонда қызмет еттім. Одан кейін әйгілі Курск иініндегі ұрыстарға қатыстық. Осы
атышулы шайқаста бөлімдерімізбен жаппай шабуылға шығып, жеңіске қол жеткіздік, –
дейді қария отты жылдарды еске алып. Қарсы келген жауға қасқая шыққан ержүрек азамат
талай майданды артқа тастапты. 1944 жылдың мамыр айында дивизиясымен бірге,
Ленинград майданында шайқасқан ол 1 маусымдағы Финляндияға қарсы шабуылда
жарақат алып әскери госпитальға түседі. Аурухана төсегінде бес ай бойы таңылып жатқан
Ыбыраш Құлманов жазылып шыққаннан кейін тағы да соғыс даласына аттанады.
Сол кеткеннен мол кетіп, тек 1947 жылдың сәуір айында әскерден бір-ақ босайды. – 1945 жылы наурыз айында бізді пойызға тиеп,
Румынияға апарып түсірді. Сосын Венгрия, Чехославакия, Австрияда соғыстық. Мен ол кезде 4-ші танк армиясының құрамындағы
100 мм-лік №37ші танкке қарсы және қашыққа атылатын артиллериялық полктің барлаушысы едім. Біз «Жеңіске жеттік!» деген
қуанышты хабарды Прагага 50 шақырымдай қалғанда естідік. Қуанғанымыздан есіміз шығып, бір-бірімізді құшақтап, жерге жатажата кеттік, – дейді қария. Ыбыраш Құлманов соғыс аяқталғаннан кейін бірден еліне қайтқан жоқ. Алғашында Венгрияда біраз
тұрып, кейін Берлинге жіберілген. Тек 1947 жылы туған еліне оралған ол бұрынғы пошташы қызметіне қайта оралып, кейін
Қызылорда педучилищесін, сосын пединститутты сырттай оқып бітіреді. Бұдан кейін 42 жыл бойы мұғалім болып жұмыс істейді.
1949 жылы Зылиха апамызбен шаңырақ көтерген ақсақал 8 бала сүйді. Бүгінде немере-шөберелерінің қызығын көріп отырған қос
қарияның бас қосқандарына 66 жыл толыпты. Талай қан қасапты басынан өткерген ақсақалдың ерлікке толы өмір жолы кейінгі
ұрпаққа өнеге. Қарияның айтуынша, әр азамат тәуелсіздіктің және бейбіт заманның қадіріне жете білуі керек. Әр өскелең ұрпақ
өзінің ұлттық тіліне, діліне құрметпен қарап, туған жері мен елін құрметтей білсе, мемлекетіміздің де келешегі баянды болмақ.
Нүриден ЖИҒАНШАҰЛЫ - ОН СЕГІЗДЕ ОТ КЕШТІМ
Мен 1926 жылы 3 наурызда дүниеге келгенмін. Біздің
балалығымыз бен жастығымыз қиын кезеңдерде өтті.
Елді жайлаған ашаршылық талай үйдің түтінін өшіріп,
37-нің зұлматынан халық ес жиып үлгермей, Ұлы Отан
соғысының оты бұрқ етті.
Сөйтіп, 1944 жылы 18 жасымда майданға аттандым.
Атақты генерал Чуйков басқарған армияда алдымен
минометші, одан кейін пулеметші болдым. Дрезден, Бухарест
қалалары үшін болған қиян-кескі ұрыстарға қатыстым.
Жаудан бұғып қалған жерім жоқ. Бухаресте жасаған ерлігім
турасында әскери «Гвардеец» газетінде жазылды. Қан кешкен,
миллиондардың демін тауысқан соғысты аяқтап, елге тек 1949
жылы оралдым. Отан соғысы орденімен, 13 медальмен, Бас
қолбасшы Сталиннің алғыс хатымен марапатталдым. Бүгінгі
бейбіт заманда, азат елімнің төрінде 61 жыл отасқан
жұбайыммен 5 ұл, 3 қыз өсіріп, 24 немере, 14 шөберенің
қызығына бөленіп отырғаныма шүкіршілік етемін. Аспаннан
оқ қарша бораған, оқ-дәрінің иісі қолқаны қапқан майдан
даласында жүргенде осы күндерді көремін деп кім ойлаған?!
Қаншама жылдар өтсе де соғыс естен шықпайды…
Имәт СҮНТАЕВ - «СОҒЫСТАҒЫ СЕРІКТЕРІМДІ САҒЫНАМЫН...»
Елді аштық жайлаған кезең. Бала Имәт анасымен бірге
бидай масағын жинау үшін егістікке бет алады. Кенет
табиғат тосын мінез танытады. Ертіс өзенінің мұзы еріп,
сең жүре бастайды. Ана мен бала өзеннің арғы бетіне
әупірімдеп жүріп өтеді. Әрмен қарай жүруге дәрмен жоқ.
Бәтима ана үстіндегі тонын баласына кигізіп, ауылдың
шетіне ұзатып жібереді. Өзі сол жерде шаршап қалып
қояды. Тоғыз жасар Имәт бір ауылдың шетіне келіп,
есінен танып құлайды. Үлкендердің айтуынша, баланы
Мақым деген аңшы тауып алған екен. Кейіннен
шешесінің жапан далада өлгенін естігенде, бала жүрегі
алғаш рет шын жылаған еді.
Міне, тағдырдың ауыртпалығын жастайынан тартқан бала Имәт 14 жасқа толғанда
елмен бірге еңбекке араласады. Көп ұзамай, 1942 жылдың мамырында майданға
шақырылды. Алты айлық әскери дайындықтан өткеннен кейін Сталинград түбіндегі
шайқасқа жіберілген. Кезекті ұрыстың бірінде ауыр жарақат алған жас жігіт төрт ай
госпитальда емделеді. Тәуір болғаннан кейін үшінші Украин майданына қайта
аттанады. 79-танк бригадасында соғыса жүріп, ептілігімен көзге түскен Имәт
мотоатқыштар батальонының командиріне дейін көтеріледі. Өкінішке қарай, 1943
жылдың қазан айында Николаевка қаласын азат ету кезінде екінші рет жараланып,
екінші топтағы мүгедек болып қалады. Осылайша, 1944 жылы елге оралған.
Имәт Сүнтаев елге келгеннен кейін еңбекке қызу араласты. Павлодар облысы, Ақтоғай ауданындағы колхозда есепші, партия
ұйымының хатшысы, аудандық өндірістік комбинаттың директоры қызметтерін атқарған. Еңбек жолында түрлі жетістіктерге
жеткен Имәт Сүнтаев 1958 жылы аудан орталығындағы жол-эксплуатациялық бөлімді басқарады. Қала мен ауданды
байланыстыратын автомобиль жолының төселеуіне ықпал етіп, жұмысты жандандыруға бар күшін жұмсаған. Ауылдастары әлі
күнге дейін алғысын айтады. Бүгінде астаналық қария атанған Имәт ата 92 жасқа келді. Кеудесіне бірнеше медаль таққан. Аяулы
жары Күмсән апамен отасқандарына – 69 жыл. Сегіз ұл-қыздан 28 немере, 10 шөбере сүйіп отырған үлкен шаңырақ иесі. Өзінің
әңгімесінде майдандас достары Балтабай Басаров, Александар Харитонов, Александр Аксеновтерді әлі күнге дейін ерекше
ықыласпен сағынатынын айтады. «Сұм соғыс талай отбасына қара жамылтты. Әкесінен, бауырынан айырылғандар қаншама?!
Бүгінгі күнімізге шүкіршілік айтайық. Әлемде бейбітшілік, елде тыныштық болсын. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан Қазақстанда
сәбилердің шат күлкісі бұзылмасын» дейді ардақты қария.
Темірғали ӘДІЛБЕКОВ - ЖОРЫҚТЫ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ
Ел басына күн туған сол бір сұрапыл жылдарда
неміс басқыншыларына қарсы қолдарына қару
алып, майданға аттанған мыңдаған қазақ
жауынгерлерінің арасында ақмолалық
Темірғали Әділбеков те бар еді. 1923 жылдың 1
мамырында Целиноград облысына қарасты
Вишневка ауданының Қойгелді ауылында
дүниеге келген қария 1941 жылы әскери
комиссариатқа шақырылып, небәрі 18 жасында
майданға жіберіледі.
Ол от пен оқтың ортасында ел үшін, бүгінгі жарқын болашақ үшін шыбын жанын
шүберекке түйіп, жаумен аянбай шайқасады. 1942 жылы 15 мамырда Қызыл әскер қатарына
қабылданған Темірғали 136-атқыштар дивизиясында қызмет атқарған. Бірнеше әскери
операцияға қатысқан қазақ жауынгері, 1942 жылы Брянск, 1943 жылы Орел-Курск иініндегі
шайқастарға қатысып, өмір мен өлім арпалысқан аласапыран күндердің бірінде ауыр
жарақаттанады. 1944-1945 жылдар аралығында Алматы офицерлер мектебінің курсанты
атанған Темірғали ақсақал бейбіт күнде де бар күш-жігерін құқық бұзушылықпен күреске
жұмсаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1945 жылы Ақмола облыстық Ішкі істкер
басқармасына Есіл аудандық бөлімшесінің арнайы комендатура коменданты ретінде
бастаған. Жауапкершілігі мол бұл жұмысқа ғұмырының 33 жылын арнаған ардагер
абыройлы қызмет атқарып, милиция подполковнигі шеніне ие болады.
Атаның кеудесіндегі орден-медальдар майдангердің ерлік жолдарының айқын айғағындай. «1977 жылы наурыз айында Мәскеуге әр
облыстан үздік қызметкерлерді алдырып марапаттады. Мен Целиноградтан алғашқы болып бардым. Онда министр алғыс жариялап,
естелік ретінде «Полет» сағатын білегіме тақты. Сағаттың сыртында «Март, 1977 жыл. Адильбекову. Т. МВД. СССР» деген жазу
болатын. Кейін Ресейдің «Лучшие люди» деген халықаралық энциклопедиясына енгізілдім», – деп ата сағынышпен еске алады.
Зейнеткерлікке Ақмола облыстық ІІБ Вишневка аудандық ІІБ-нің медициналық айықтырғыштың бастығы лауазымында шыққан
Темірғали ақсақалдың сұрапыл соғыс пен бейбіт күндегі жүріп өткен жолы – кейінгі ұрпаққа өнеге, үлгі. Бүгінде ұлдарын ұяға,
қыздарын қияға қондырып отырған ақсақал тоғыз баладан өрбіген он немере мен бес шөберенің қуанышын қызықтауда.
Төкен КҮЗЕМБАЙҰЛЫ - АЛТЫ РЕТ АЖАЛ АУЗЫНАН ҚАЛҒАН
Өрімдей талай жастың өмірін қиған сұм
соғыстың зардабын Төкен Күзембайұлы да аз
тартқан жоқ. Өзімен қатар Павлодар облысына
қарасты Шарбақты ауылынан аттанған қанды
көйлек достарының бәрі қан майданда ерлікпен
қаза тапты. Жағасындай болған үш ағасы
Ленинград түбінде жатыр. Қос нағашысы мен
жиені де көз жұмды. Өзі де 6 рет жараланып, өлім
аузынан қалды.
Төкен Күзембайұлы соғыс даласына аттанғанда әлі 18 жасқа да тола қоймаған бозбала
еді. «1942 жылдың қараша айында Воронежге келдік. Мен бірден пулеметші
болдым. Содан соғыс біткенше шайқастық қой» дейді Төкен ақсақал өткенді еске алып.
Нар тұлғалы, еңгезердей қазақ жігіті ауыр қаруды шүлдік құрлы көрмей, асынып
жүретін. Ұрыс даласында жаумен жан аямай айқасқан ол алғаш рет Воронежде
жараланады. Дұшпанның оғы аяғының етін жұлып әкетіпті. Қайта сүйегіне тимей,
сүйкей өткен екен. Жарасы тез жазылды. Майдан даласына қайта оралған ол өзіндей
әскерлермен бірге Украинаға жетті. Кейін Польша, Чехославакияда соғысты.
«Германия шекарасына жақын
Одра өзенінің тұсындағы шабуыл кезінде жаудың оғы оң қолымды жұлып әкетті. Алайда «қырық жыл қырғын болса да ажалды
өледі» екен. Омыртқама да оқ тиді. Әйтеуір, аман-есен бүгінгі бейбіт заманға жеттік. Мұндай бақытты күнді көре алмай талай
боздақ кетті. Дүниежүзін қасіреттен теңселткен мұндай қанды қасапты енді ешкімнің басына бермесін. Біз үшін «жеңіс» деген –
киелі сөз. Бүгінгі ұрпақ бейбіт күннің қадірін біліп, елін, жерін сүйе білсін» дейді Төкен ата. Майдан даласынан еліне екінші
топтағы мүгедек болып оралған Төкен Күзембайұлы бірден еңбекке араласып кетеді. Соғыстан кейінгі қиын кезеңдерде колхоз
партия ұйымының жетекшісі, қой фермасының меңгерушісі сынды шаруашылық жұмыстарды абыроймен атқарады. Мәрия
әжемізбен бірге 8 бала тәрбиелеп өсірген Төкен ақсақал балаларын да еңбекқор болуға баулыды. Оларды ел қатарынан қалдырмай,
әрқайсысының білімді азамат болып өсуіне жағдай жасады. Қазір Төкен ақсақалдан өрбіген ұрпақ бір-бір шаңырақтың иесі.
Әрқайсысы әртүрлі салада еңбек етіп жүр.
Биыл Төкен Күзембайұлы 90 жасқа толды. Әлі де тың, сергек. Өткен өмірінің естеліктерін айту арқылы немерелері мен шөберелерін
Отанды сүюге шақырып, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруден жалыққан емес.
Бақтыбай АЛМАБЕКОВ - ЖЕҢІСТІ ЖАПОН ЖЕРІНДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ
Жеңіске жету жолында қазақ жауынгерлері қан
майданда барын салып, Отан үшін от кешті. Талай
қазақ баласы батыр атанып, ел жадында
жатталды. Сонау 1943 жылы 16 жасында Бақтыбай
Алмабеков те әскер қатарына алынған еді. Взвод
командирі бола жүріп, от пен оқтың ортасында
елін қорғады.
Ішкі Монғолияны жапондардан азат етуге қатысты. Сол кезде Үлкен және Кіші
Хинган тауларынан асып, Жапон және Каранор қамалдарын алуға қатысқаны
әлі есінде. Сол бекіністерді алған кезде соғыс бітті деген хабар келеді. Жиырма
бесінші механикаландырылған бригадада жүріп, тұтқынға алған жапондарды
Қиыр Шығысқа, Чита қаласына жеткізді. 1945 жылдың үшінші қыркүйегінде
елге оралып, кейін курсант, №48 бөлімшенің командирі болды.
«Соғыстың аты соғыс қой. Отан алдындағы парызымызды қалтқысыз орындау
үшін жауға есемізді жібермеуді ойладық. Сол кезде қаншама қазақ
жауынгерлері тамаша ерліктің, шыдамдылық пен қажырлылықтың үлгісін
көрсетті» деп еске алады соғыс ардагері.
Қан майданның жорықты жолдарынан аман-есен елге оралған Бақтыбай ата соғыс басталғанға дейін өзі оқыған
Еңбекшіқазақ ауданындағы кіші мамандардың агромектебін одан әрі жалғастыруға кіріседі. Оқуын ойдағыдай аяқтап,
алғашқы еңбек жолын өзі туып-өскен сол Қаракемер ауылында агроном болып бастайды. Содан тың және тыңайған
жерлерді игеру басталған шақта комсомолдық тапсырмамен Ақмола облысына келіп, Краснознамен ауданында отыз екі
жыл ауыл шаруашылығын дамыту ісіне өзінің елеулі үлесін қосқан қария құрметті демалысқа шыққаннан
кейін елордасы Астанаға көшіп келіп, баспаналы болады.
Бүгінде қосағы Базкен Сәрсекейқызы екеуі ұл-қыз өсіріп, он бес немере, жеті шөберенің қуанышын қызықтап отыр.
Бақытты заманға жету жолында өлім мен өмір ортасында жүріп, неміс фашистеріне қарсы ерлікпен шайқасқан,
жауынгерлердің Отан қорғау жолындағы қаһармандық ерліктері ешқашан ұмтылмақ емес. Туған жер үшін жанын
құрбан етіп, кеудесін оққа төсеген майдангер ардагерлер арамызда әлі де көп жасап, жүре берсін дейміз.
Шәріпбай ата - БЕЛОРУССИЯДАН БЕРЛИНГЕ ДЕЙІН...
Тоқсанның төріне таяса да
тектілігін жоғалтпаған. Еңсегей
бойлы ердің өзі. Екі иығын тіп-тік
ұстаған күйі еркін жүреді, ширақ
қимылдайды. Кеудесінде
жарқыраған орден-медальдарына
қарап, Ұлы Отан соғысының
ардагері екенін танисыз.
…1943 жылдың 14 қаңтары күні үйден ұзап шықтым, – деп бастады әңгімесін Шәріпбай ата. – Ташкенттен шыққан пойыз
Қиыр Шығысқа алып барды. Сол жақта Свободный деген әскери қалашық бар екен. Мұнда қырық күн аялдап, шекарадағы
атты әскерге барып қосылдық. Біраз уақыттан кейін он сегіз жастағы жігіттерді Мәскеу маңында орын тепкен
артиллериялық-әскери училищеге оқытуға алып қалды. Қып-қызыл ұрысқа осы жерден аттандық. Мен оқыған оқу
орнынан майдан даласына аттанған жауынгерлердің талайы батыр атанды.
Иә, жас сарбаз ең алғаш қаруын Белоруссияның батысындағы Висла өзенінің жағасында болған соғыста жауына қарсы
кезеніп еді. Алғашқы оғын осында атып, дұшпан көзін құрта бастаған ол атақты Жуковтың қолбасшылығындағы майданда
соғысады. 189-бригадада барлаушы болады. Соғыстың ақырына дейін осылай алғы шептен таймаған екен.
«Уақыт – емші» ғой. Жас жауынгердің өзі үйленді, отау тікті. Ұл өсірді, қыз тәрбиеледі. «Жиырма бес немерем бар»
деп мақтанады қазір. Қарияның соғыстан оралған – 24 сәуір күнін ұл-қыздары, немерелері қуанышпен атап өтуді
дәстүрге айналдырған.
Асылхан БЕКБАЕВ - МАЙДАН ДАЛАСЫНДАҒЫ МАХАББАТ
Ұлы Отан соғысының
ардагері Асылхан
Бекбаевтың өнегелі
ғұмыры бір емес, бірнеше
шығармаға арқау
боларлықтай. Оның
Мұхтар Әуезов, Қаныш
Сәтбаев, Әлкей
Марғұлан, Әзілхан
Нұршайықов, Сәбит
Мұқанов, Бауыржан
Момышұлы сынды
ұлтымыздың заңғар
тұлғаларымен кездескен
сәттерінің өзінен бір
кітап шығаруға болады.
Асылхан Бекбаев әскер қатарына 1942 шақырылып, Ленинградтан Петропавл қаласына көшірілген авиамектепке
қабылданады. Оны ойдағыдай бітіріп, механик мамандығын алған соң 6-гвардиялық әуе дивизиясының құрамында Бобруйск
қаласында тұрған авиаполкке жіберіледі. Осы жерде ПЭ-2 аталатын бомбылау ұшақтарының моторын жөндеу, қарау, тексеру,
техникалық күту жұмыстарын жүргізді. Жақсы жұмысы үшін кейде командирлері оған қаланы аралауға рұқсат ететін. Мұндай
кезде әскери клубта немесе қаладағы мәдениет үйінде өтетін сауық кештеріне баратын. Сондай кештердің бірінде ғой қазақ
жігіті мен белорус қызының көздері шарпысып, арты үлкен сезімге ұласқаны.
Ақыры екі жас 1946 жылы отбасын құрып, 58 жыл бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрді. Дүниеге 5 перзент әкелді.
Татьяна әжей қазаққа жақсы келін болып, аз уақыттың ішінде қазақ тілін меңгерді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында
алтын тойларына байланысты екеуі Семейдегі мешітке барып, некелерін де қидырған. Осыдан-ақ, Татьяна әжей бар
болмысымен мұсылманшылықты қабылдағаны көрініп тұр.
СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
Биыл елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығын атап өту
аясында жергілікті бюджет қаржысы есебінен екі жүз елу сегіз Ұлы Отан
соғысына қатысушы мен мүгедекке 150 мың теңгеден бір реттік ақшалай
төлем төленеді. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы мәлім етті.
Биыл елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығын атап өту
аясында жергілікті бюджет қаржысы есебінен екі жүз елу сегіз Ұлы Отан
соғысына қатысушы мен мүгедекке 150 мың теңгеден бір реттік ақшалай төлем
төленеді. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы мәлім етті.
ҚАБЫРҒАМЫЗ ҚАТАЙМАЙ ҚАРУ АСЫНДЫҚ
Жарты әлемді шарпыған соғыс өртін көзімен
көргендердің қатары сиреп бара жатқанын
айтып жүрміз. Сол сирек жауынгерлердің бірі –
менмін. Бұғанамыз қатпай, батысқа бет алдық.
Қабырғамыз қатаймай қару асындық.
Жалғанның жарығының қадіріне жетпей, қыпқызыл жалынның бел ортасына бір-ақ түстік.
Әйтеуір, еліміз бен жерімізге баса-көктеп енген
жаудың бетін қайтаруға, көзін жоюға күш
салдық, тарыдай болса да үлес қостық. Айтуға
оңай-ақ! Әйтпесе, мұз жастанып, қар төсенген,
өмір мен өлім тайталасқан, өзің қан кешіп,
досың жер жастанған күндерді еске алудың өзі…
тым қорқынышты.
Осындай қырғынды бастан өткерген, талайды көрген ақсақал ретінде
көкейдегіні бүгінге қал-қадірімше жеткізіп жүр едім. Бүгін де бір ойдың
шетін тарқатқым келді…
Тарихтың сарғайған беттерінде қатталған дүрбелеңдердің бірі – Ұлы Отан соғысы. Кәдімгі, мен секілді көзі
тірі куәгерлері бар қақтығыс. Ел үшін, жер үшін болған бұл айқаста миллиондаған азаматтарымыз жат топырақта жер
жастанды. Миллиондаған бала жетім қалды, миллиондаған ана көкжиекке сіңген соқпаққа қарап телмірді, етегін жасқа
толтырды, жарын күтті, ұлын сағынды, жесір қалды… Бұл сызаттың орны еш дәуірде де толмақ емес. Адамзат
баласының жартысын шарпыған соғыс өрті осылай жалмады талайымызды. Мен соғысты Украина жерінде өткіздім.
Отқа жанып жатқан қалалар мен селолар, фашистер айуандықпен өлтірген кінәсіз жандарды, шал-кемпірлерді, жас
балаларды көрдім. Олардың сұмдық көрінісі осы күнге дейін көз алдымда, кеудемде.
МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР
«Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр…» дейді ғой Мұқағали.
Қатарлары күн санап сиреген майдангерлердің салмағы күн санап арта
түскенін де сеземіз. Отанымызды жау оғынан, дұшпан табанынан қорғаған
қарт жауынгерлердің саны Астананың өзінде екі жүздің үстінде ғана.
«Сендерге ертегі ғой» деп күрсінетін еді апам зұлмат жылдардың алағай да бұлағай
күндерінен естелік шерткенде. Иә, ертегі-сынды. Адамның қанын белуарынан кешіп, от пен оқтың
бел ортасынан бүгінге аман-есен жеткен әлгі ақсақалдар соғыстағы солдат өмірінен сыр ақтарса,
миығынан күлетіндеріміз бар. Тыныштық пен бейбітшілікте, баршылықта жетілген буынбыз ғой.
Құдай дүрбелеңінен сақтасыншы дүниені, бізді, әйтеуір…
Қолданылған дереккөздер
1. Боздақтар. 1941-45 ж.: Ұлы Отан соғысы жеңiсiнiң 50 жылдығына арналады. Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев.
2. http://www.zharar.com/tags
3. Қаhарман қарағандылықтар [Мәтін] = Герои-карагандинцы / ред. Г.Ж. Бабулова.
4. Ақпанбаева, Т. Өшпес ерлік, өлмес мұра [Мәтін] / Т. Ақпанбаева. - Қарағанды : Болашақ-Баспа
5.Суреттер “Google.kz” интернет желісінен “Ұлы отан соғысы” тақырыбында ізделініп алынған
6. http://bigox.kz/kazakstan-uly-otan-sogysy-zhyldarynda/
7. http://www.youtube.com/watch?v=qVJ9lva13rw Бауыржан Момыулы видео жанды дауыс
8. http://music.zakon.kz/232316355-1240-dem-duet--zhoyylsyn-zhal-1171-yz-s-1257-z-so-.html Әдемі дуэті –
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа