close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
1
Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
«Астана-тұғырым, Елбасы-тірегім»
атты конференциядағы сөзі
2014 жылғы 3 шілде
Құрметті зиялы қауым!
Сіздерді келе жатқан Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы –
Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Уақыт озған сайын Астана күнінің маңыздылығы артып, ол
тек елордалықтар ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың асыға
күтетін
мерекесіне
айналды.
Астананың
тарихы
–
шындыққа айналған ұлттық ұлы арманның шежіресі!
Өздеріңізге жақсы белгілі, жаңа елорда салу бастамасын
алғаш рет Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев көтерді. Осыдан тура 20 жыл бұрын,
1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы
қаулысы қабылданды. Кезінде Еділден айрылған қазақ елі
үшін Есілден де айрылу қатері келген кезде бұл қабылданған
тарихи шешім болды.
Жоғарғы Кеңесте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев: «Бұл мен үшін емес, бұл ел үшін керек, елдің
ертеңі үшін керек, мұның мәнін қазіргі адамдар толық
ұғар-ұқпас,
бірақ
болашақ
ұрпақтарымыз
ұғатын
болады», – деп, өзінің көрегендік ойын жария етті.
Астана ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің
қарышты дамуының нышанына, жаһандық сәулет өнеріндегі
бірден-бір қайталанбас «Ғасыр жобасына» айналды.
2
Бұл күндері Астана 16 жастық мерейтойын атап өтуде.
Шаһарлардың да, адамдар сияқты, өз тарихы, өз тағдыры
болады. Жасөспірім Астананың тарихы – шындыққа айналған
ұлттық ұлы арманның шежіресі. Осы жылдар бойында
еліміздің барлық өңірлерінен жүздеген мың қазақстандықтар
елордамыздың салынуына және еңсе тіктеуіне елеулі үлес
қосты. Сондықтан да әрбір қазақстандық үшін Астана – өзінің
жан-жүрегіне
жақын
жаңа
Отанымыздың
бір
бөлшегі.
Қазақстандықтар, астаналықтар оны өз қолымен жаңадан
тұрғызуда! 16 жыл ішінде бас қаланың өңірлік жалпы өнімі 46
есе өскен екен! Сөйтіп, бұл шаһардың шығаратын өнімінің
ауқымы қазір 3 триллион теңгеге жеткен. «Бүгінде Астана
бүкіл Қазақстанның инновациялық өзегі болып табылады. Бұл
жерде
отандық
болмаған
жаңа
өнеркәсібіміздің
салалары
Қазақстанда
дүниеге
келді.
ешқашан
Бұлар
–
тепловоздар, вагондар, тікұшақтар, қозғалтқыштар жасау
салалары».
Инновациялық салалар қатарында бас қаладағы жоғары
білім
беретін
бір
аталады. Астанадағы
еліміздің
де
жаңа
инновациялық
бірегей
жоғары
ғылым
оқу
индустриясы
ордасы
да
орындарында
үшін
кадрлар
даярланады.
Астана – барша қазақстандықтардың бірлігінің символы!
Сондықтан оның 16 жылдығы – Қазақстан халқының жалпыұлттық мерекесі. Астана еліміздің барлық өңірлері үшін
«дамудың үлгісін көрсетті».
3
Бүгінде біз Астанаға қарап, бой түзеп, Сырдарияның сол
жағалауында Қызылорда қаласының жаңаша бөлігін салуға
кірісіп кеттік. Ғ. Мұратбаев көшесінің бойынан сол жағалауға
көпірдің
құрылысы
басталды,
геологиялық
зерттеулер
өткізілді, қажетті жобалар жасалуда.
Құрметті коференцияға қатысушылар!
XX ғасырда әлемдегі мемлекеттер арасында Германия
мен Бразилия өз астаналарын ауыстыру туралы шешім
қабылдаса, жаңа XXI ғасырда тек қана тәуелсіз Қазақстан
осындай
сары
тарихи батыл қадамға
белінде,
ұлан-байтақ
бел буды. Сарыарқаның
қазақ
жерінің
қасиетті
орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі Елбасының қазақ халқына жасаған ерен істерінің, батыл
шешімдерінің бірі.
Сондықтан, Елорда – Елбасы ерлігі!
Қазақ елінің бүгінгі бас қаласы – Астана өз атын тәуелсіз
мемлекетіміздің
үлгіргені
айқын.
«Бәйтерек» пен
деңгейдегі
шежіресіне
Мұнда
алтын
әріптермен
Тәуелсіздігіміздің
жазып
символдары
«Қазақ Елі» монументтері, халықаралық
алқалы
іс-шараларды
өткізуге
арналған
Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы,
«Қазақстан», «Астана-Опера», «Шабыт» сынды бірегей
концерттік залдар мен өнер сарайлары, басқа да әлемдік
сәулет өнерінің озық үлгілеріне жататын ғажайып ғимараттар
мен кешендер бой көтеруде. Астананың бас сәулеткері,
шын мәнінде, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
4
болып
саналады.
Оның
идеясы
мен
ұсыныстарының
арқасында Астана Батыс пен Шығыс мәдениеті мен
дәстүрін тоғыстырған көз тартар бірегей келбетке ие болды.
Бүгін
кемеліне
келіп,
кемерін
керген
елорда
өз
дамуындағы маңызды кезеңді өткеруде.
Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл: «Әр
келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана
қаласы
-
Қазақстанның
динамизмі
мен
Президент
Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен
туынды», - деп, елорда келбетіне тамсанып, оның сәулетшісі
Елбасы еңбегіне жоғары бағасын берді.
Бүгінгі конференцияда Қазақстан мемлекетін құру мен
дамытудағы және әлемдік қарым-қатынастарға жаңа мазмұн
беру жолындағы Президентіміздің ерен еңбегі туралы айтқан
кейбір шетелдік мемлекет басшыларының пікірлері мен ойтұжырымдарына тоқталсақ.
АҚШ Президенті Барак Обама: «Сіздің еліңіз егеменді,
тұрақты
және
өркендеген
мемлекет
ретінде
өзінің
дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді», – деп
жүрекжарды пікірін білдірсе, Ресей Президенті Владимир
Путин: «Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік-экономикалық
және мемлекеттік құрылыстағы қол жеткен табыстарын
орынды мақтан ете алады. Республиканың халықаралық
беделі жылдан-жылға артып келеді»,- деп, Елбасының
сара да дара саясатының нәтижелерін айшықтай түседі.
5
Посткеңестік мемлекеттерге беріліп жатырған шетелдік
инвестициялардың 70 пайызы Қазақстанның үлесінде болып
отыр. Бұл шетелдік әріптестеріміздің Қазақстанға, оның
көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлына деген үлкен сенімі,
шынайы достық ықыласы.
Бүгінде еліміз Астана күнін тойлау үстінде. Мерейлі
мерекеміздің салтанатты сәтінде Қазақ елінің қол жеткізген
әрбір
табысы
есімімен
оның
тығыз
Басшысы
байланысты
Нұрсұлтан
екенін
айту
Назарбаев
азаматтық
парызымыз.
Мемлекетіміз
үшін
маңызы жоғары тағы бір айтулы
датаны ескерусіз қалдыруға болмайды.
Биыл Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел басқарғанына 25 жыл
толып отыр. Осы бір ширек ғасыр уақытта халқымыздың
өмірінде
ғасырларға
татитын
жасампаз
өзгерістер
болғанының біз куәгерлері емеспіз бе?
Иә, 25 жыл бұрын Кеңестік Одақ кезінде Қазақстан
Компартиясының
маусымда
Орталық
бірінші
Комитеті
хатшы
1989
лауазымына
жылғы
22
Нұрсұлтан
Назарбаевты сайлады.
Ардақты
ұлын
ұлықтауда
қателеспеген
ұлағатты
ұлтымыз айнымас басшысының ғасырларға татитын еңбегін
жоғары
бағалады.
Қазақстан
Республикасының
қайта
қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15
маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.
6
Тәуелсіздік
алған
мемлекеттілігімізді
орнықты
алғашқы
жылдары
дамытатын
бірден-бір
біз
кепіл
ретінде Президенттік басқару жүйесін таңдадық. Айнала
қоршаған мемлекеттермен келісе отыра және ұлттық мүдде
тұрғысынан шекарамызды
шегендедік.
Осылайша
ата-
бабаларымыздың мыңдаған жылғы асқақ арманына қол
жеткіздік. Бейбіт саясат пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз
еттік.
Діни
толеранттылыққа
қол
жеткіздік.
Мемлекет
Басшысының жетекшілігімен еліміз қарқынды экономикалық
даму
жолын
бастады.
Қазақстан
кешегі
тоталитарлық
жүйенің түйіндерін шешіп, зайырлы, құқықтық мемлекетке
айналды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы талай биік мінберлерде
тұрып:
"Мен үшін - елімді дамыған елдердің сапында
тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ!"
- деп
елдің тірлігі мен бірлігін, әлем алдындағы асқақ абыройын
тереңнен ойлайтынын толғаныспен жеткізді. Оның жарқын
дәлелі - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымы
саммитінің
ұйымдастырылуы,
Астанада
дүниежүзілік
жоғары
дәстүрлі
деңгейде
діндер
форумдарының, Азиада ойындарының өткізілуі, сонымен
қатар
жоғары
мәртебелі
халықаралық
форумдар
мен
саммиттерге ұйытқы болуы, алдағы уақытта Астанада ЕХРО2017 көрмесінің өткізілуі. Бұл еліміздің ішкі және сыртқы
саясатындағы табыстарының, оның басшысы – Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем мемлекеттері алдындағы биік
7
беделінің айғағы. Қазақстан, Ресей Федерациясы және
Беларусь
Республикасының
экономикалық
салтанатты
одақ
түрде
қол
Президенттері
құру
туралы
қоюы
-
Еуразиялық
шартқа
бүгінгі
Астанада
таңда
Еуразия
кеңістігінің Нұрсұлтан Назарбаевты өзінің саяси көшбасшы
ретінде қабылдағанының айғағы.
Біз, Елбасының туған еліне сіңірген сарабдал еңбегінің,
тарихи жетістіктерінің жүзден бірін ғана айтып отырмыз. Бұл
ұрпақтан ұрпаққа жыр болып, жастарға өнеге болатын
тәуелсіздік шежіресінің бір сара тармағы. Ғұмыры елмен
бірге өрілген, ғаламдық деңгейдегі қайраткер Елбасыны
бағалай білу баршамызға парыз.
Қадірлі қауым!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың киелі мекенімізді
«Сыр – Алаштың анасы» - деген даналық сөзі халықтың
жүрегіне жол тапты, Сыр өңірінің мәртебелі бағасы іспетті
және солай болып қала бермек. Иә, өткен тарих Сыр елінің
Алаштың анасы да панасы да болғанын дәлелдеді.
Жаңа Қазақстанның елордасы Астанамен ұлтымыздың
арғы-бергі тарихындағы бірнеше астаналар мекені болған
Сыр
өңірінің
арасында
рухани
сабақтастық,
табиғи
үндестік болуы да заңдылық.
Елбасының өңірімізге жасап келе жатқан
қамқорлығы
сан қырлы. Бүгін соның біреуіне ғана тоқталсам деймін.
Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен «Сырдария өзенінің
арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау»
8
(САРАТС) ғасырлық жобасын жүзеге асыру арқасында Арал
теңізі қайтадан суға тола түсті. Аймақ экологиясы сауығып,
халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара түсті.
Әлемдік тарихта жойылып бара жатқан теңізді
қалпына
келтіру мысалы бұрын-соңды болған емес. Бізді бұған
жеткізген Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының ізгілікті де
табанды саясаты! «САРАТС» жобасының екінші кезеңі биыл
басталмақ.
Ендеше,
Арал
аймағының
жасарып-жаңару
уақыты да жақын деген сөз.
Елбасымыз биылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір
мақсат, бір
мүдде,
бір болашақ»
атты
Жолдауында
тарихымызда алтын әріптермен жазылатын «Мәңгілік Ел»
ұлттық
идеясын
жариялады.
Мәңгілік
Ел
болу
-
халқымыздың сан ғасырлық арманы, ұлтымыздың ұлы
мұраты. Ұлт көшбасшысының төл туындысы «Мәңгілік Ел»
идеясын терең ұғынуымыз керек. Қастерлі Тәуелсіздігімізді
мәңгілік сақтау жолында аянбай еңбек ету бүгінгі және келер
ұрпақтардың қасиетті борышы.
Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Астана – қарыштап
дамыған мемлекеттің, Мәңгілік Елдің символы.
Ару Астананың болашағы бұдан да жарқын. Біз оған
кәміл сенеміз!
Қазақ елінің жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі
гүлдене берсін!
Еліміз, Елбасымыз аман болсын!
Рахмет!
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа