close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы
1. Э.Дюркгеймнің аномия немесе қоғамдағы дезорганизация жағдайын
талдау.
2. Р. Мертонның ауытқушылық мінез-құлық типологиясы.
3. Т.Селлиннің мәдениеттің конфликт теориясы.
4. Э.Фромм әлеуметтік сипат және адамдық деструктивтік туралы.
Негізгі ұғымдар: девиация, суицид, қылмыс, әлеуметтік ауытқушылық,
норма, асоциалды, деликвентті мінез-құлық, аномия, депрессия және т.б.
Қазақ тіліндегі әдебиеттерде керітартпа ғадет, жағымсыз мінез-құлық,
девиантты мінез – құлық деп әртүрлі деп беріледі. Ең алдымен норма
дегеніміз не деген сұраққа тоқталайық. Ғылыми әдебиеттерде норма деп
«қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын, ережелер жиынтығын айтамыз».
Сонымен, норма – қоғамдағы жалпымен қабылданған моральдық, заңдық,
әлеуметтік талаптарға сәйкес мінез-құлық.
Мінез-құлықтағы ауытқулар дегеніміз әлеуметтік, мектептік,
отбасылық жағдайларға байланысты адамның қоғамдағы қалыптасқан
нормалар мен ережелерді бұзуы.Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек,
ауытқушылықтардың төмендегідей критерийлері мен белгілерін бөліп
көрсетуге болады:
 Отбасылық сәтсіздік;
 Оқыту және кәсіби мекемелердегі ауытқушылықтың алдын
алатын жұмыстардың аздығы;
 Тұлғаның тұлғалық компоненттерінің төмендігі;
 Қарым-қатынастағы дискомфорт
Асоциалдық мінез-құлық басқаларға өшпенділік, агрессивтік қарымқатынас, ережелерді бұзу, абыройды мойындамау.Осы жағдайда келесі
көріністерді атап өтуге болады: төбелескіштік, басқаның мүлкіне зиян
келтірушілік, адамдарға немесе жануарларға деген қатыгездік қарымқатынас, ұрлық, өтірік айту.
«Деликвенттілік» түсінігі «delinque» - ренжіту, бұзу сөзінен шыққан.
Әлеуметтік – психологиялық әдебиеттерде бұл түсініктің мәндік мағынасын
А.Личконың
анықтамасымен
байланыстырады.
Оның
ойынша,
деликвенттілік Қылмыстық кодекске сәйкес жазаланбайтын криминалдық
мінез – құлыққа тікелей қатысты емес, майда құқық бұзушылық. Бірақ
әлеумдік тәжірибеде кәмелеттік жасқа толмағандардың криминалдық ісәрекеті.Девиантты мінез-құлық түсінігі Э.Дюркгеймнің атымен тығыз
байланысты. Э.Дюркгейм бойынша девиантты мінез-құлық қоғамдағы жалпы
қалыптасқан нормалардан ауытқуы.
Девиантты мінез-құлық теориясының өзін бірнеше топтарға бөліп
қарастыруға болады:
 Теориялардың бірінші тобына био-антропологиялық және биомедициналық концепцияларды жатқызамыз. Девианттылықтың
себебі туа біткен немесе жүре біткен физиологиялық,
психофизиологиялық ерекшеліктер.
 Теориялардың екінші тобына девиантты мінез-құлықтың
экономикалық теорияларын айтуға болады.Девианттылық
экономиканың жоғары дамуымен немесе төмен құлдырауымен
пайда болады.
 Теориялардың үшінші тобына «мәдениеттер мен субмәдениеттер
арасындағы қайшылықтар теориясын» (Т.Селлин, А.Коэн),
«бақылау теориясының» әлеуметтік-психологиялық нұсқасы
(М.Гольд, А.Райс), аномия теориясын жатқызуға болады.
 Теориялардың төртінші тобына қоғамдағы тұрақсыздықтың,
ұйымдастырушылықтың құлдырауының нәтижесіндегі жаһандық
себептерді айтамыз.
Әлеуметтанудағы девиацияның түрлері мен формалары.
Девианттылықтың ең алдымен синхронды және диахронды түрлерін
бөліп көрсетуге болады. Синхрондық девианттылық – қоғамдағы
девиацияның тең бөлінуі; диахронды – жылдам динамика, ауытқушылық
мінез-құлықтың тез бой көтеруі.
Ауытқушылықтың сонымен қатар, төмендегідей түрлерін көрсетеміз:
1. Реактивті – психотравмалық жағдайларға негізделген.
2. Тұлғаның төмен моральдық деңгейімен байланысты.
3. Құштарлық патологиясы (садиз), биологиялық факторларға
негізделген.
Ал, көптеген ғалымдар девиацияны екі негізгі бағытта қарастырылады:
1. Қылмыстың пайда болу формасы бойынша – деликвентті, үйден
қашу, босқыншылық, маскүнемдік, суицидтік мінез-құлық.
2. Себептерге байланысты – биологиялық факторлар, сонымен
қатар, әлеуметтік-психологиялық негіздер, әлеуметтік орта,
жасөспірімдік кезең мерзіміндегі психологиялық ерекшеліктер.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа