close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Тақырыбы: Шахмат ойын
Мақсаты: Шахмат ойнынң ережелерімен таныстыру. Оқушылардың логикалық ойлау
қабілетін дамыту.
Барысы: Шахмат — логикалық ой өрісті машықтандыратын спорт түрі. Шахмат
сөзі парсы тілінде "шах" патша, "мат" өлді дегенді білдіреді. Әлемдегі ең танымал
спорт түрінің бірі саналады.
Шахмат спортының отаны – Үндістан. Біздің дәуірімізге дейін бір ғасыр бұрын пайда
болған. Шахмат жайлы көне аңыз бар. Шахматты ойлап тапқаны үшін брамин (жасаушы)
раджыдан, яғни патшадан оны жасап шығарғаны үшін азғантай ғана үстеме сұрайды:
шахмат тақтасына неше бидай дәнегі сыйып кететін болса, соншалығын алып тұруы
керек. Әрбір торға бір дәнектен орналастырса, ол кейіннен екі есеге көбеюі тиіс.
Нәтижесінде патшаға 18446744073709551615 (18 квинтильон 446 квадрильон 744
триллион 73 биллион 709 миллион 551 мың 615) бидай дәнегі қажет болып шығады. Бұл
дегеніңіз бүкіл әлем бидай қорын бір ортаға жиыстырып қойсаңыз да, сан көрсеткіші
белуардан аспайды.Шағын ғана шахмат тақтасы ойыншылар үшін көптеген айла-тәсілді
орындайтын соғыс алаңы. Ойын кезінде егер шахматшы бірінші болып жүретін болса,
онда ол ойынды бастау үшін 20 түрлі тәсілді пайдалана алады, ал қарсыласы жауап
қайтару үшін 400 түрлі төтеп беру жолдарын қарастырмақ. Сол себептен шахматшылар әр
қадамын байыппен орындайды.
Ережесі өте қарапайым. Шахматқа тек екі ойыншы қатысады. Содан шахмат екі ойыншы
арасында шахмат тақтасында ойнатылады. Ойын басталмай тұрып екі қарсыласқа өз
иеліктеріне әрқайсысына қарама-қарсы түстес он алты ақ немесе қара тас бөлініп беріледі.
Тастарды жеке жіктеп қарастыратын болсақ: бір патша (♔,♚), бір уәзір (♕,♛), екі
тура (♖,♜), екі піл (♗,♝), екі ат (♘, ♞) және сегіз пешка (♙,♟). Ойынның басты
мақсаты қарсыласының тастарын шақ келтірмей, патшаға мат қою.
Қорытынды
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа