close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы
мен қызметі.
Мақсаты: Жүйке жүйесінің бөлімдерін ажырата отырып, олардың
қызметімен таныстырып, жүйке жүйесінің адам денсаулығы үшін маңызы
зор екендігін оқушылар санасына қалыптастыру.
Міндеттері:
А білімділік: Оқу тәрбие үрдісіне жаңа технология енгізе отырып, оқыту мен
тәрбиелеудің тиімділігін арттырып, оқушылардың білім деңгейін көтеру.
Ә Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есту, көру сезімдерін
жетілдіру, сөздік қорларын байыту. Түрлі әдістерді қолдана отырып,
оқушылардың ой - өрісін кеңейту.
Б Тәрбиелік: Жүйке жүйесінің бөлімдерінің маңызын түсіндіру арқылы
салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың негізгі идеясы: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,
оқыту және оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану, оқыту үшін бағалау,, сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету талантты және АҚТ - ны пайдалану
Құрал – жабдықтар: жүйке жасушалары мен ұлпалары, жүйке жүйесінің
бөлімдерінің, жұлынның құрылысы көрсетілген көрнекі кестелер;
интерактивті тақта, микроскоп, электронды оқулық, таратпа материалдар т.б,
Сабақ типі: Аралас.
Іс - әрекет түрлері: жеке жұмыс, топпен жұмыс, диалогтік әңгімелесу,
оқулықтағы суреттерді, кестелерді пайдалана отырып жұмыс дәптерлеріне
тірек - сызбанұсқаларын құру,
І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық ахуал туғызу.(смайликтер арқылы
көңіл күйлерін анықтау)
а) оқушыларды топқа бөлу; өз әнінің шумағын табу.(оқушылар 3 топқа
әндері бойынша бөлініп отырады)
ІІ. Үй тапсырмасы.
Ι. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.
а\ Жаңа сөздерді еске түсіріп, қойылған сөзге анықтама беру.
«Кім жүйрік»
«Аксон» тобынына
1\Нейрон –
2\Аксон –
3\Дендрит –
4\Рецепторлар –
«Дендрит» тобына
5\ Сұр заты –
6\Ақ зат –
7\Сезімтал нейрондар –
8\Қимыл –
«Синапс» тобына
9\Аралық нейрондар –
10\Синапс –
11\Рефлекс –
12\Рефлекс доғасы –
І топ.Биологиялық диктант
1. Нейрон денелері мен қысқа өсінділердің топтасуы (ми мен жұлынның сұр
затын) құрайды.
2. Ақ май қабығымен қапталған ұзын өсінділер – аксондар (ақ затты) түзеді.
3. Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын –
(рецепторлар) құрайды.
4. Нейрондар: (сезімтал, қозғалтқыш, аралық ) бөлінеді.
5. Жүйке жасушалары: (денесінен, өсінділерден, жүйке ұштарынан) тұрады.
ІІ топ.
1.«Тізе рефлексін бақылау»
2.Жүйке жасушасының құрылысын суреттен анықтау.
ІІІ топ.
1.Нейрон дегеніміз не?
2. Қандай жүйке жасушасын сезімтал нейрон дейді?
3. Қозғалтқыш нейрондардың қызметі қандай?
4. Аралық нейрондар жүйке импульсін өткізуде қандай рөл атқарады?
5. Жүйке импульстері қалай бір жүйке жасушасынан екіншісіне беріледі?
6. Рефлекс дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Мағынаны тану. Блум таксономиясы
I. Білім: Мұғалімнің кіріспе сөзі: жаңа материалды игеру,тақырыптың
мақсатын анықтау. (Флипчарт арқылы жұлынның құрылысын, атқаратын
қызметін және оның маңызын көрсету).Электронды оқулықты тыңдату.
1. Жоспары
а\Сыныпты топқа бөлу. Барлық оқушыларды 1,2,3- ке санау арқылы
топтарға бөлу.топқа бөліну.»
в\Өздіктерінен тақырыпты меңгеру.
Топтарға тапсырма беру:
І топ. Сілтеме табушылар. «Жұлынның құрылысы мен қызметі»
(мәтінді оқып, жаңа ұғымдарды табыңыздар)
2. ІІ топ. Баяндаушы топ. «Жұлынның қызметі» (оқулықтан мәтінді
оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып,
3. ІІІ топ. Ізденіп сұрақ қоюшы топ. «Жұлынның құрылысы мен
қызметі» (мәтінді оқып, мәтін мағынасын ашатын сұрақтар құрастыру )
Ойланып жауап беріңдер(жеке ойлану – жұпта бөлісу – топта жинақтау
– ұжымда ортаға салу)
VI. Қорытындылау:
І топ.кестені толтыру; (Ұжымдық жұмыс)
Жүйке жүйесінің бөлімі немесе оның бөлігі Құрылысы мен атқаратын
қызметі
Ми
Жұлын
Шеткі жүйке жүйесі
Сұр зат
Ақ зат
Жұлын түбірлері
Аралас жұлын жүйкелері
Жеке оқушылармен жұмыс.
ІІ топ.Сәйкестігін тап:
1. Тізе жазу рефлексінің орталығы -..............
2. Қозғалғыш нейрондардың ұзын өсінділері -..................
3. Нейрон денелерінің шоғырлануы -....................
4. Сезімтал тамыршалар -............................
5. Миға импульстер береді -.........................
6. Мидан бағытталған импульстерді өткізеді -.........................
7. Нейрон өсінділерінің шоғыры -...............................
ІІІ топ.
Нейрондар қызметі
Анықтамалар
1.Тітіркенуді
түрлендіреді.
жүйке
импульстеріне
2.Миға ішкі
мүшелерінен
береді
мүшелер мен сезім
жүйке
импульстерін
3.Мида бір нейроннан екіншісіне
импульстерін беруді жүзеге асырады.
4.Жүйке импульстерін бұлшық етке,
бездерге
және
басқа
атқарушы
мүшелерге береді.
VII. Рефлексия
Сабақтың маған
әсер еткен тұсы
Оған менің көзқарасым
VIII. Үй тапсырмасы. §13 мәтінін оқып - білу, Терминдерге анықтама
жазу, жаттау
Шығармашылық жұмыс әр топ «Жұлының зақымдануының адам
өміріне қауіптілігі» тақырыбында презентация жасап келу.
XI. Бағалау: Оқыту үшін бағалау
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа