close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Қызылорда облысының әкімдігі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы»
қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы мен
«ТОРҒАЙ - ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамы
арасындағы мемлекеттік тілді кеңінен қолданудағы
өзара іс-қимыл мен әріптестік жайлы
МЕМОРАНДУМ
Қызылорда қаласы
2012 жылғы «1» қараша
Қазақстан
Республикасы
Конституциясына,
«Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығына сәйкес мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында
Қызылорда облысының әкімдігі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы»
қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы мен «ТОРҒАЙ ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамы төмендегі баптар бойынша осы
Меморандумға қол қойды:
1-бап
«ТОРҒАЙ - ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамы іс қағаздары мен
құжаттама
жүргізуде
Қазақстан
Республикасының
«Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» Заңының 8, 10-баптарын басшылыққа алып,
қолайлы жағдай жасауы тиіс.
2-бап
Осы Меморандумның қолданылу кезеңінде «ТОРҒАЙ - ПЕТРОЛЕУМ»
акционерлік қоғамының өз жұмыскерлеріне мемлекеттік тілді оқыту
курстарын ұйымдастыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, Қызылорда
облысының әкімдігі оқыту курстарын тиісті келісімшарттар негізінде өткізуді
қамтамасыз етеді.
3-бап
Қызылорда облысының әкімдігі «ТОРҒАЙ - ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік
қоғамына мемлекеттік тілдің беделін арттыруға бағытталған іс-шаралар
өткізуге әдістемелік көмек көрсетеді.
4-бап
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің
Қызылорда облыстық филиалы «ТОРҒАЙ - ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік
қоғамының ұсыныстарына сәйкес қазақ халқының салт-дәстүрін, әдебиеті
мен мәдениетін, тарихын насихаттайтын іс-шаралар өткізуге кеңесшілік
көмек көрсетеді.
5-бап
«ТОРҒАЙ - ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамы өз жұмыскерлерінің қазақ
тілін үйренуіне жағдай жасайды, тиісті оқыту курстары мен тренингтер
өткізуді қамтамасыз етеді.
6-бап
«ТОРҒАЙ - ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының объектілерінде
барлық маңдайшалардың, жарнамалардың, хабарландырулардың және
басқа да көрнекі ақпараттық материалдардың мәтіндері «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21бабының («Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі») талаптарына сәйкес
ресімделуі тиіс.
7-бап
«ТОРҒАЙ - ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамы қазақ тілінің мәртебесін
көтеру мақсатында қазақ халқының ұлттық мәдени және рухани
құндылықтарын насихаттауға арналған іс-шараларды мемлекеттік тілде
өткізуді біртіндеп тәжірибеге енгізеді.
8-бап
«ТОРҒАЙ - ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамы мемлекеттік тілді дамыту
және оның қолданылу аясын кеңейту мақсатында Қызылорда облысының
тілдерді дамыту басқармасының жанындағы ғылыми-әдістемелік кеңестің
сараптамасынан өткен танымдық, оқу-әдістемелік құралдарды баспадан
шығаруға өз қарауы бойынша қаржылай демеушілік көмек көрсетуге
құқылы.
9-бап
Меморандумға қол қоюшы тараптар өз ұжымдарында Халықаралық
«Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымдарын құру мүмкіндігін қарастыруға
құқылы.
10-бап
Осы Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және
2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.
«ТОРҒАЙ - ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамы жылына бір рет –
2013
жылдың қазан айында Қызылорда облысының әкімдігіне Меморандум
аясында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат ұсынады. Қажет болған
жағдайларда, тараптардың жазбаша келісімі негізінде осы Меморандумға
өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
11-бап
Осы Меморандум тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заң күші бар
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалды.
Тараптардың қолдары:
Қызылорда облысының әкімдігі
атынан
________________ Р. Нұртаев
«Халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамы»
қоғамдық
бірлестігінің
Қызылорда облыстық филиалы
атынан
______________ С. Аңсатов
«ТОРҒАЙ - ПЕТРОЛЕУМ» АҚ
атынан
______________ С. Алтынбеков
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа