close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
ОӘК 37.03;37.01
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Ғылыми жетекші:Доцент,п.ғ.к. Шалтаева.Р.Ж.
Есембекова Құндыз
Қарағанды “Болашақ”Университеті
ПиП 10-3 тобының 1-курс студенті.
Адамгершілікке тәрбиелеу-еңбек пен ата-ана үлгісі.
Ыбырай Алтынсарин.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілікрухани тәрбие беру.Құнды қасиеттерге ие болу,рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Халықта«Ағаш тузу өсу
үшін оған көшет кезінде көмектесу болады,ал үлкен ағаш болғанда оны
түзете алмайсың»,-деп бекер айтылмаған.Сондықтан баланың бойына
жастайынан ізгілік,мейірімділік,қайырымдылықты,яғни адамгершіліктің
құнды қасиеттерің сіңіріп,өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен
педагогтар шешуші роль атқарады.
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру - қазіргі мектептердің ең маңызды
мідеттерінің бірі.Бұл заңды да,өйткені біздің қоғам өміріңде адамгершілік
бастамаларының ролі барған сайын артып,моралдық фоктордың ықпал аясы
кеңейіп келеді.
Адамгершілік тәрбиесі-тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің
бірі.Адамгершілік тәрбиесіңде діңге сүйенбеу мүмкін емес.Адамгершілік
заңы Аллаһтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр.Адам
баласының жалған дүниеде және ақыреттегі бақытқа қауымдастыратын
керекті өнегелердің нелерден тұратындығын білдіріп,құлшылық міндеттерін
түсіндіреді.[1].
Педагогикалық әдебиеттерде,діни насихаттауда тәрбие(адам гершілік
тәрбиесінде)провославие діни руханилықтың негіз етеп көрсету кең
тараған.Мұсылман дініңде шариғат мәселесін түсіңдірудің өзі самырқау
журіп жатқаны белгілі.Сондықтан,дін арқылы адамгершілік-этикалық ілімді
түсіндіріп алуға болады деп ойлау ағаттық болар еді.Дінге мойын бұрудын
өзі адамның тән және жан қажеттілігіне байланысты әр адам әр кезеңде
туындайды.Егер,осыны ескеретін болсақ және білім беру жүйелеріндегі
адамгершілік тәрбиесінің бүгінгі ахуалы мен қоғамда қалыптасып отырған
адамгершілік көріністері мемлекет тарапынан саясат пен идеологияның
кешенді іс-әрекетін қажет етеді деп ойлаймын.
Филология ғылымының докторы,профессрА.Сейдімбек: «Ұлтық идея» атты
мақаласында: «Қазақстанда саяси-әлеуметтік өмірдегі көптеген жетістіктеріне қарамастан,қоғам үшін ұзақ мерзімді идея болатындай идеология
қалыптаспай отыр.Қазақстан халқы әзірше ситуациялық іскерлік пен
ситуациялық сәттілікті көбірек қолданып отырған жайы бар.Ал,ұлт тағдыры,
обьективті ақиқаттың бетіне тура қарап,стратегиялық тегеруінді идеалды
нысан етуді қажет етеді...Ол идея-қазақ идеясы...Бұл тұрғыда қазақ идеясын
қазақстандық идея немесе ұлтық идея деп те атауға болады»,-деп көрсеткен
болатын.[2].Ал Қазақстанда Ұлтық идея қалыптастыру үшін ең алдымен біз
балаларға тәрбие беріп,оларды жастайынан түзете білуіміз керек.
Балаға адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру кезінде жанұя мен балабақша
негізгі роль атқарады.Негізі жанұя, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан
ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие.Қазіргі
заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпқтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі
ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейін жоғары болуы.
Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік
институт ретінде анықталады,ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасу мен дамуына септігің тигізетін адамдардың жақындығы,
туыстық қатынастар,өзара үйелмендік,тұрмыстық өмір.Жанұя тәрбиесінің
артықшылығы да осы қатынастарда,оны тәрбиенің ешқандай да түрі
алмастыра алмайды.[3].
Негізінде адамгершілік тәрбиесінде балабақшада басты роль атқарады.
Блабақшадағы тәрбиенің бастамасы мектепке дейіңгі шақ- бала бойына
адамгершіліктің негізін қалайтын кез.Сондықтан да бала бойына жас кезінен
бастап ізгілік,мейірімділік,инабаттылық,жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. [4].
Адамгершілік,адамгершілікке баулу дегеніміз не?Біздің ше,ол-адамдардың
үлкен бе,кіші ме,әрбір істегенісін,сөйлеген сөзін,өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып ар-ұят таразысына өткізіп,біліммен ұштастырып,ең әділ,ең
дұрыс жолын таңдап білу.Сондықтан адамдыққа баулу ережесі балабақша- дан
бастап нақтылы мақсатты көздеуі шарт.[5].
Адамгершілік тәрбиесін атақты педагог Болдырев былай түсіндіреді: “Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз-оқушылар да мақсатқа негізделген моральдық
сенімдермен, жағымды мінез – құлық дағдыларымен, әдеттерін қалыптастыру
және адамгершілік сенімдерін дамыту.”
Жоғарыда атап өткендей адамгершілік тәрбиесі балабақшадан басталады
дедік,ал атақты педагог Сухамлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа
дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де
ертегіден алады.Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлтық сана сезімі
оянған,рухани
ойлау
дәрежесі
биік,мәдениетті,парасатты,ар-ожданы
мол,еңбекқор,іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ
тәрбиелеу.Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор.Ол балаларға рухани ләззат
беріп,қиялға қанат бітіретін,жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті
нәрсенің мол қоры бар рухани азық»,-деп атап көрсеткен.
Қазақ халық әдебиетін де адамгершілікке арналған көптеген ертегілер,
мақал-мәтелдер және де т.б. бар.Мысалы:ертегілерге, “Жақсылық пен
жамандық”, “Қартын ұлына өсиеті”, “Достық”,
”Ақыл,Ғылым,Бақыт”,
”Құмырсқаның қанағаты”, “Қарлығаштың құйрығы неге айыр” және т.б,
ал,мақал-мәтелдерге:
1.Сабырлынын алдында дұшпан асады,
Сабырсыздан береке қашады.
2.Тәртепке бас иген құл болмайды,
Тәртіпсіз ер болмайды.
3.Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без,
Шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без. Және т.б.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен
дамытудың аса маңызды бір саласы болып табылады.Адамның адамгершілік
жағынан қалыптасуы оның туған сәтінен басталатыны бұрынна-ақ белгілі.
Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдер мен
ұғымдар,адамшылдық мінез-құлықтын ең қарапайым дағыдылары қалыптасады.
Адамгершілік тұрғыдан жетілуі айқындап беретін тәрбиенің өзегі
балалардың адамгершілік көзқарастары мен өзара қатынастрын қалыптастыру болып табылады.Тәрбие жұмысының мазмұның, әдістерің, формаларың және оның тиісті нақты мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан
мұғалімнің алдында әрқашанда балалардың адамшылдық көзқарастарын
ұйымдастыру міндеті тұруға тиіс
Адамгершілік қасиеті қалыптасуы үшін баланың дербес қимыл әрекеттеріңің ерекше маңызы бар.Оқушы тек мұғалім мен ересектердің нұсқауы
мен нұсқауымен және олардың қадағалауымен ғана қимыл-әрекет істесе,ол ең
алдымен тіл алғыштыққа үйренеді.Тіпті бастауыш сыныптарының өзіңде
балаларға даяр шешімдерді айтып беруден аулақ болған жөн.Ондай әрекет
тәрбиелеуді өмірімен байланыстырмайды.Сондықтан тәрбие процесі бала өз
еркінше қимыл істей алатын жағдай болуы көзделетіңдей етіп құрылуға тиіс.
Мұндай жағдайлар өмір барысындаөзінен-өзі қалыптасып жатады,оларды
ойын үстінде,оқуда,еңбекте және творчестволық сабақтарда арнайы жасауға
да болады.Қысқасы,бала өзіне бақылау жоқ,өзінен есеп беру талап етілмейтін
жағдайда да дұрыс іс-әрекетке үйренуге тиіс.[1].
Өзінің адамгершілік тәжірибесін молайту үстінде бала кейде
қателеседі,дұрыс жасамайды.Тәрбиеші оның өз қателігінің адамгершілікке
жатпайтынын түсініп,оған төзе білуіне көмектесуі тиіс,әлбетте оның теріс
қылығын түзетіп қана қоймай,сонымен қатар қате жіберуіне себеп болған
жәйттің бағытын ойластырып,анықтауына да көмектесуі керек.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашан да халық
тәрбиесін үлгі ұстады.Ал,адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы
іске көзін жеткізу,сенім артыру.Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре
білсек,адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.Адамгершілік-адамның рухани арқауы.[5].Өйткені,адам баласы қоғамда өзінің
жақсы адамгершілік қасиетімен,адамдығымен,қайырымдылығымен ардақталады.Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек білімімен
ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін,құдіреті,қасиеті мол адамшылдық
атаулының көрінісі болып табылады.
Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенің басқа да салаларымен байланысты.
Мысалы:Рухани – адамгершілік тәрбиесі, қайта тәрбиелеу және т.б.
Адамгершілік тәрбиесі негізінде рухани адамгершілік тәрбиесі мен тығыз
байланысты.Сондықтан да, рухани-адамгершілік тәрбиесі екі жақ ты процес.
Бір жағынан - ол үлкендердің,ата-аналардың,педагогтардың балаларға белсен-
ді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиенушілердің белсенділігін қамтитын
қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.
Рухани – адамгершілік тәрбиесі жайлы халықтық педагогикада Абай
адамгершілік,әдептілік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның бірінші талабы-морал жағынан ұстамды, таза болу,сыпайы
мінезді,жақсы құлықты,әділетшіл,шыншыл болу.Әдепсіз,арсыз, байлаусыз,
сұрамасаң,өсекші,өтірікші,алдамшыл,кеселді сияқты жаман мінездер мен
әдеттерден,жарамсыз қылықтардан сақтанып,өзін одан жоғары санап, ондай
қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана,адам парасатты болады,ал екінші
талабы-тұрақтылық, “Қылам дегенін қыларлық,тұрам дегенің тұрарлық,
мінезде азғырылмайтын ақылды,арды сақтарлық беріктігі,қайраты бар
болсын”,-деді,ал ең соңғы үшінші талабы-әділетшілдік.Әлеуметтік міндетідүниені белсене құрушы адамның бірі болып,халқы,Отаны үшін қызмет
істеуі.Рухани-адамгершілік тәрбиесіңде алдымен баланы тек жақсылыққа,
мейірімділікке,жаупкершілікке, тәрбиелеп,соны мақсат тұтса,ұстаздың,атаананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам».-депті
Ақан сері.Олар:жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым,һәм ешкімді
қызғанбадым.Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған
адам бос кеуде,өлгенмен тең»,-деген екен Ақан Сері. Шыңдығында бұл
ақиқат.Олай болса адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормлары мен
ержелерін ұстау қажет.[7].
Олар адамдардың іс-қылықтарынан,мінез-құлықтарынан көрінеді, моралдық өзара қарым қатынастарды басқарады.Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам
игілігі үшін адам еңбек ету мен,өзар көмек,сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары,бұл-сананың,сезімдердің,мінез-құлық пен өзара
қарым-қатынастың бөлінбес элементтері,олардыңнегізіңде қоғам- ымыздың
қоғамдық-экономикалық құндылықтар жатады.Құмар ойнау,шарп ішу,шылым
шегу т.б сияқты жаман қасиеттерде тән мен жан құмарлығын тежей алмау
амалдарының әлсіздігі мен дұрыс қалыптаспауынан және адамгершіліктік
сaнаның жетілмеуіне тән құбылыс. Адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқынан
әдемілік,сұлулық көрініс таппайынша адамгершілік тәрбиесі
көздеген
мұратына жете алмайды.
Қайта тәрбиелеу – бұл тәрбиелік ықпалдар жүйесі,оның барысында құлықтық
даму мен жүріс-тұрысындағы ауытқулар түзетіледі және қоғамның моралдық
талаптарына сай тұлға сапалары қалыптасады.
Қайта тәрбиелеу барысындағы тұлғаның адамгершілікті дамуы бірқатар
кезеңдерден өтеді:дайындық қайта тәрбиелеудің мақсатын қалыптастыру,
тәртіп пен мінез-құлықтың орынды тәжірибесің қалыптастыру, өзін – өзі
тәрбиелеуді басқару,тұлғаның одан әрі дамуына бақылау
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру ,қайта оқыту,басқа іс-әрекетке жегу,күрт
өзгерту,еріксіз көндіру сияқты әдістер қолданылады.
Балалардың оңды адамгершілік тәжіребесі адамгершілікке тәрбиелеуде
шешуші маңызға ие.Тәрбиелеу ісі ең алдымен баланың күнделікті өміріңде
өтіп жатады,мұнда ол адамгершілік ережелеріне,нормаларына,принциптеріне
дағдыланады және олардың қажеттілігіне көзі жетеді.
Жасұрпаққа адамгершілік – этикалық тәрбие беру тұжырымдамасында былай
делінген: “Балабақшадан бастап жан-жақты және толық жетілген тұлғалы адам
тәрбиелеуге жәрдемдесетін эстетикалық мұраттар,талғам мен талап-тілектер
қалыптастыру,түптеп келген тәрбиенің барлық қыры мен, сырын өз бойына
сіңіреді,сөйтіп,жас адамның тұлғасын сомдайды”.
Адамгершілік тәрбиесін зертеуде педагогика және психология саласының
көптеген атақты шет және қазақ ғалымдары өз үлестерін қосқан.Адамгершілік
тәрбие теориясы мен практикасын зерттеуде Болдерев,Н.И.,Багданова,О.С.,
Морьенко,И.С., Сухомлинский,В.А., Сватковский,И.Ф., Рувинский,Л.И., т.б
ғалым дардың еңбегін атап өтуге болады.Адамгершілік тәрбиесің зерттеу де
қазақ ғалымдарының ішінен Әбу – Насыр әл Фараб,Жүсіп Баласұғын,Ахмет
Иүгенеки,Қожа Ахмет Яссауи,Махмұд Қашғари,Ақан сері Қорамсаұлы,
Сүйінбай Аронұлы,Шоқан Уәлиханов,Серәлі Ердәліұлы,Ыбырай Алтынсарин,
Шәкәрім Құдайберді және т.б атақты ғалымдар үлес қосқан,ал психологтар
мынаны анықтады: бастауыш мектеп жасындағы балалар сыртқы ықпалды өте
қабылдағыш,үйреткенің,айтқаның
бәрінің
шындығына,
адамгершілік
нормалардың сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келеді,бұл жастағылар
өзгелерге қойылатын
адамгершілік талаптар жөнінде ымырасыздығымен,мінез-құлықтары еркіндігімен ерекшеленеді.Бұл ерекшеліктер бастауыш сыныптағы мектеп оқушыларының оқып,тәрбиеленетіндігінің кепілі
болып табылады.Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады.
Қорыта келгенде,ар-намыс,ұят,ұждан әрбір адамзатқа тиесілі .Олар іштен туа
пайда болмайтындығын ескерсек және қоғамдық қатынастарда,адамдардың
түрлі қарым-қатынас,қызмет әсерінен қалыптасатынын ескеріп,Адамгершілік
тәрбиесінің методологиялық,теориялық ғылыми негіздері мемлекеттік
бағдарлықпен,әдістемелері
кешенді
қарастыруы
қажет
деп
ойлаймын.Тек,осындай ұйымдасқан іс-әрекеттерде ғана адамгершілік
мәселесінің жемісті көріністерін көруге болады.
Менің ойымша, адамгершілікке көптеген патриотық ойындар,әскери
жаттығулар арқылы мектептерде тәрбиелеуге болады,және де сәбилерге қазақ
батырларының ерекше ерліктерін ертегілерінен баяндауға болады.Балаға ең
алдымен ата-ана үлгі болмақ,сол себепті ата-ананың бала алдындағы сыйқұрметі зор болса,бала олардан соншалықты үлгі алмақ,және де түрлі сала
ғылымдары-дінтану,саяси,философия,педагогика,пспихология
және
т.б
ғылымдар пәндік зерттеулері арқылы қазақстан азаматтарының адамгершілік
мәселесін жан-жақты қарастырады деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Әшенов.К. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы «Мектеп» 1988ж
3-7 беттер.
2.Соймен.М. Ғылым халық. Стамбул.1991ж 140-144 бет.
3.Абай атындағы ҚазақҰлттық Педагогикалық Университеті.Педагогика.Дәріс
курсы.Алматы «Нұрлы әлем».2003 ж 169 бет.
4.Сейдімбек.А. «Ұлтық идея». Мемлекет. №33(2819) 15.08.2003ж 4-5беттер.
5.Дүкенбаева.Ғ. Мектеп жасындағы балаларды оцын арқылы адамгершілік
тәрбиесіне тәрбиелеу. Алматы «Рауан» 1992ж 3-5 беттер.
6.Қоянбаев.Ж,Б.,Қоянбаев.Р.М. Педагогика.Алматы. «Эверо».2004ж 89-90
беттер.
7.www.google.kz.
Аты-жөні:Есембекова Құндыз Жуанышқызы.
Оқу орны,курсы:Қарағанды “Болашақ”Университеті,1-курс.
Мекен-жайы:Қарағанды,Орбита 2,үй 20,пәтер 49.
Телефон: үй 72-27-47,ұялы 8-700-383-03-44
Мақаланың тақырыбы:Адамгершілікке тәрбиелеу.
Секцияның атауы:Қазіргі замандағы білімнің психологиялық-педагогикалық
мәселелері.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа