close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Қызылорда облысы,
Қызылорда қаласы №101 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Сейтмұратова Айнагүл
Сабақтың тақырыбы:Қазақ осы «Өнер алды-тіл» дейтін
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін,шешендік пен
тапқырлықты тіл шұрайын таныту.
Дамытушылық:Ана тілі туралы нақыл сөздерді оқыту арқылы
оқушылардың сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсат: Ана тілін сүюге, шешендік сөздер арқылы адамгершілікке,
имандылыққы әділдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Мұғалім:Тіл ұлттың жаны.
Ана тіліміз-қазақ тілі.Тіл кез-келген ұлттың мақтанышы,ұлттың белгісі.Ұлан
байтақ жеріміз,тәуелсіз еліміз,ана тіліміз бар.Ата заңымызда «Қазақстан
Республикасының мемлекетік тіл-қазақ тілі» деп жазылған.Ата заңымыз
талаптарын әрбір адам орындауға міндетті.Ана тілін сүйген азамат елін
де,жерін сүйеді.Бойында қазақ қаны бар азамат ана тілін қадірлеуге,оны
көздің қарашығындай қорғауға міндетті.Себебі тіл-ұлттың белгісі
мемлекеттік айбыны.
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер,демеп жүрер арқада
Болу керек құрдіретті төрт ана
Туған жері-түп қазығы айбыны
Туған тілі-сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр салт-санасы-тірегі.
Және туған тарихи,еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасиетті болса да
Төрт анаға әнін жолдай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
2-топ Алтын қазына.
Тобымыздың аты-Алтын қазына
О,адамдар,қадіріне жетіңдер
Ана тілің-анаң сыйлап өтіңдер.
Туған тілің танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер
1-топ.Асыл мұра
Сәлем бердік қауымға
Үлкен кіші ауылға
«Асыл мұра» тобымызды
Таныстырайық баршаға.
Тілім барда қазағым бар халқым бар
Дәстүрім бар,ата жолы салтым бар
Туған тілде сыры терең жаным бар.
Туған тілде әнім мен сәнім бар.
I-
Қай топ тіл туралы өлеңді көп біледі
1-оқушы. Ана тілім-ұраным
Ана тілім-құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
2-оқушы.Ана тілім- Елдігім
Ана тілім-ерлігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігі.
Ана тілім-анамның
Ақ сүтімен кемел тіл
Ана тілі-бабамның
Ақыл мен өрген тіл.
3-оқушы Ана тілім ,ана үні бесікте
Іңгәләған мендей жанды тынышытқан
Қу тірегім қалмаса да қапаста.
Тілім барда күнім болмас тұншыққан.
4-оқушы Бабам тілі
5-оқушы Қазақ тілі
II-тур Енді балалар біз үш биіміздіортаға шақырамыз.
Көрініс.Сөз қадірі
Төле би. Уа,халқым сөз қадірін білерсің.Сөз танығыш жастарға он түрлі
жұмбағым бар.
Әйтеке би.Айтсам жұмбағым мынау.1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
Дауыс.Осындай жұмбақ болма ма екен?
Қазыбек би. Ұлы аға бұл жұмбақты мен шешемін.
Төле би. Рұхсат Қаз дауысты Қазыбек би.
Қазыбек би.Бір дегеніміз-бірлігі кеткен ел жаман
Екі дегеніміз-егесіп өткен ер жаман
Үш дегеніміз-үш бұтақты шедірден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніміз-төсектен безген жас жаман.
Бес дегеніміз-белсеніп шыққан жау жаман
Алты дегеніміз-асқынып кеткен дерт жаман
Жеті дегеніміз-жас келіншек жесір қалса сол жаман
Сегіз дегеніміз-серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніміз-торқалы той топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
Он дегеніміз-кәрілікке дауа болмас
Төле би.Рахмет дәл тауып шештің.Ойы да тілі де жүйрік тұлпарым менің.
Қазыбек би .Ал Әйтеке халқына сен не айтасың.
Әйтеке.Уа,халайық көсіліп шабар жерің бар.
Тау көтерген елің бар.
Атадан қалған сара жолың бар.
Тіл қадірін білер болсаңдар
Өлең:Анам тілі
III-тур.
Мұғалім сөзі.Тіл-мәдениет тіл-әдебиет тіл-тарих,тіл-ұлттық қазына тіл біздің
намысымыз,арымыз,байлығымыз барымыз.Енді бір сәт әдебиетімізге көз
салайық. Ал оқушылар ұлылардан қалған ұлы сөздерді кім біледі?
«Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді »
Ғ.Мустафин.
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де болашағына да қол үзеді»
Ғ.Мусрепов.
әрбір саналы мәдениетті азаматқа ана тілімен сол ана тіліндегі әдебиеттің
қадірін білмеу-мәдениеттсіздік.
М.Әуезов.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл атабабамызды тарихымызды ұмыту.» Б.Момышұлы.
«Тіл деген-бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра.Ол тіл атамыздың
ақылынан,анамыздың сүтімен жаралған.Қазақтың өз тілі-қазақ үшін алтын
бесік.» Ш.Мұртаза
«Ана тілі-халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп
түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі » Ж.Аймаутов
IV Полиглот
1.Тіл адам ойының айнасы-зеркало-mirror
2. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі-умереть без болезни-hills
3.Ана сүті бой өсіреді.
Ана тілі ой өсіреді. Язык-Language
4.Шебердің қолы ортақ
Шешенің сөзі ортақ слово-word
5.Ақыл көркі тіл
Тілдің көркі сөз.
6.Бас кеспек болса да
Тіл кеспек жоқ. Нет-no
7.таяқ еттеп өтер
Сөз сүйектен өтер
8. Таза сөйлеу биік
высокий-big
Ал балалар өнер,білім,тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1. Білім кілті-тіл
2.Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады
3.Тіл-көңілдің кілті.
4.Өнер алды қызыл тіл.
5.Жігіт бір сырлы,сегіз қырлы болсын
6.Өнер-ағып жатқан бұлақ
7.Оқу-инемен құдық қазғандай
8.Өнерлі бала сүйкімді
9.Тіл қылыштан өткір
10.Күш –білім де, білім кітапта
6-оқушы Ана тілі-өмір тілі мендегі
Тек сенімен дүниенің кеңдігі
Қажет емес өз тілімді білмесе
Өзге тілді үйренудің теңдігі
7-оқушыАна тілін білмеген
Танымайды данасын
Ана тілді білмеген
Жаз алмайды қанатын
8-оқушы Туған тілім тірегімнің айғағы
Тілім барда айтылып сөз ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін
Өлсе тілім менде бірге өлемін.
9-оқушы Үш бақытым.
10-оқушы Ман қазақпын.
V тур Ойлан, тап !
Уайым
Өтесің
Теңіз
Батасың
Қайық
Кетесің
Тәуекел
Түбі
Де
Мінесің
да
түбі
Жоғарыдағы сөздерді осы жазылған тәртібімен оқымай,шахмат атының жүру
тәртібі бойынша оқысаңдар, ой-пікір туралы айтылған халық мақалдары
шығады.Сонда қай сөзден бастап оқу керек?
1.Уайым түбі теңіз
2.Батасың да кетесің
3.Тәуекел түбі қайық
4.Мінесің де кетесің
Хор Атамекен әні.
VI тур Ал балалар енді сендер тіл туралы қандай тұжырымға
келдіңдер.
намыс
әдебиет
тарих
Тіл
VII-тур Ал енді балалар! «Өнер алды қызыл тіл»,деген тақырыпты эссе
жазайық.
Мұғалім.Сонымен балалар тіл-халықтың қазынасы.Тіл-ата-баба аманаты.
«Ғасырдан-ғасырға ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы
мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой.Ендеше ата-баба мұрасын
жалғастыру,оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың
міндетіміз,парызымыз»
Н.Назарбаев.
Алтын бесік-ағайын,жұрт туғаным!
Дос белгісі қыза түсер думаның
Барлық ұлттың өкілдері жарасып
Асырайық іс жүзінде Тіл заңын!
Ән:« Қазақ осы өнер алды тіл дейтін»
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа