close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі , бірлестік жетекшісі
Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы
Сабақтың тақырыбы:Жүсіпбек Аймауытов. «Қартқожаның туған жері».
Сабақтың мақсаты:
1.Қоғам қайраткері,атақты жазушы Ж.Аймауытов туралы білетіндерін пысықтай
отырып,мәтін мазмұны жөнінде түсінік қалыптастыру.
2.Әңгіменің негізгі идеясы туған жерді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың
өз Отанына ,туған жеріне деген мақтаныш сезімдерін туғызу.
3.Оқушыларды патриоттық рухта Отанын,туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта ,ауыл суреті, Ж.Аймауытов суреті,шығармалар
жинағы, қима әріптер, сөзжұмбақ бетшесі,смайликтер,топтастыру бетшелері,пікір
ағашы,микрофон,фотоаппарат,
Әдіс-тәсілдер:: түсіндіру, әңгіме, бақылау, көрнекілік ,ойын,сұхбаттасу,ой тастау,топпен
жұмыс,Венн жүйесі
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
1.а)Ұйымдастыру
ә)Психологиялық дайындық

Қуан! Шаттан! Алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң, достар!
Қайырлы күн! болғай!
Б)Қызығушылықты ояту Сөзжұмбақ «Отан»
1.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?
2.Отбасындағы әке атауы.
3.Ел сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?
4.Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі.
о
т
а
н
-Отан дегеніміз не?
жерім
өлкем
елім
Отан
достарым
Ата-анам
атамекенім
-Мына сызбаны құрастыра айту
Менің
Отаным
туған жерім
атамекенім
туған өлкем
туған елім
Қазақстан
В) Топқа бөліну
(Оқушылар қызыл,көк,жасыл қағазға жазылған әріптерді түстеріне қарай
құрастырғанда,сөз шығады.Сол сөз топтың атауы)
1-топ: «Елім»
2-топ: «Жерім»
3-топ: «Өлкем»
-Жаңа тараумен танысамыз:: « Неткен сұлу,неткен көркем,
Осы менің туған өлкем !»
2.Жаңа сабақ
А) Ситуация туғызу
-Өткен бір сабағымызда «Қартқожа» туралы әңгіме оқыдық.Сол Қартқожа туралы жазған
кім еді?
-Кәне,ойланайық!
-Сол жазушы туралы білетіндерімізді қағаз бетіне түсіріп,пікір ағашын толтырайық.
ә) Не білесің? айдары «Пікір ағашы»
(Қолдарындағы смайликтерге білетіндерін жазып,пікір ағашын
толтырады)
Жүсіпбек Аймауытов
ақын
ағартушы - ұстаз
драматург
сыншы
публицист
аудармашы
жазушы
б)Есіңе сақта! Автор туралы толығырақ түсінік беру
ХХ ғасырдағы қазақтың аса көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің алтын қорына
көркем шығармалар қосқан сан қырлы дарынды ақын 1889 жылы Павлодар облысының
Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бірнеше газеттерде редакторлық қызмет атқарған.
Көркем проза шебері. Жүсіпбек Аймауытов әңгімелер, күрделі шығармалар жазған ақын.
Әкесінің шын аты - Оймауыт. Ж. Аймауытов әдеби шығармашылығын өлең жазудан
бастаса да, кезінде жинақ бастырмаған. Оның өлеңдері күнделікті баспасөз бетінде
сақталған.
пьесалары
«Ел қорғаны», «Шернияз»
«Мансапқорлар»,
«Қанапия мен Шәрбану»,
аудармалары
Н.В.Гогольдің Ревизорын»
А. С. Пушкиннің «Тас
мейман», «Сараң сері»
шығармалары
«Қартқожа» «Ақбілек»
«Күнікейдің жазығы»
-Енді балалар,сол Қартқожаның туған жері туралы білгілерің келе ме?
Олай болса, әңгімеге құлақ сал!
3.Оқулықпен жұмыс
Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың атақты «Қартқожа» романынан келтірілген
үзіндіде бала Қартқожаның өз ауылының бейнесі қалайша әсер еткенін бақылап отыру
тапсырылып, оқулықтағы мәтінді өзім оқимын.
4.Дәптермен жұмыс «Түртіп алу» стратегиясы бойынша
(Балаларға таныс емес сөздерді өздеріне іздеп тапқызу)
 Қотан – қой жататын үй маңы
 Үй басы - әр үй.
 Ашамай – алдыңғы, артқы қастарының басы айқастырылып, балаға арналып
жасалған ер
 Ет бауыр жақын - өте жақын туыс.
 Шерсіз – қайғы-мұңсыз.
 Жетесіз – ақылсыз,ақымақ.
5.Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға тізбектей оқыту,сұрақтарға жауап алу.
- Қартқожаға не нәрселер қатты әсер етті?
- Мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсерлі болып көрінді?
-Көз алдыңа не елестеді?
-Берілген мәтінді неше бөліктерге бөлуге болады,ат қой.
-Мәтіннен жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған жерді тауып оқы.
6.Сергіту сәті
Саз пәнінің мұғалімімен байланыса отырып «Туған жер» әнін сыныпта хормен орындау
Ән: «Туған жер»
7.Топпен жұмыс «Сезімнен шыққан ойлар» стратегиясы
Топ мүшелері әр топтың жұмысына баға береді. «Екі жұлдыз,бір тілек» бойынша
1-топ: Сурет бойынша әңгімелеу , ой қозғау
2-топ:Мәтіндегі көркем сөздерді тауып жазып,мағынасын айту
3-топ: «Ыстық қой,шіркін туған жер!» сезімінде өз туған жерлері туралы ой өрбіту.
8.Ойын: «Тілші және оператор» Факт жасау стратегиясы
Тілші келіп әр тор мүшелеріне сұрақ қояды,топ мүшелері жауап береді,оператор
қойылымға түсіреді.
1-топқа: Туған жер туралы қандай мақалдар білесіңдер?
2-топқа:Қартқожаның туған жері туралы әңгімені оқу кезінде көз алдарыңызға нелер
елестеді?
3-топқа:Өздеріңіздің туған жерлеріңіз туралы не айта аласыздар?
9.Қорытынды Венн жүйесі бойынша
қала
ауыл
Туған жер
10.Үйге тапсырма
1.Мәтін мазмұнын баяндау,мәтінге қатысты сурет салу
2. «Менің туған жерім» ой толғау жазу
11.Бағалау.Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін кері байланыс рефлексия парағына
сабақтың ұнағаны немесе ұнамағанын смайликтердің көңіл-күйі арқылы көрсетеді.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа