close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
«Өрлеу» БАҰО филиалы Батыс Қазақстан
облысы бойынша педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру институты
ІІІ деңгейлік курстың
3-ші топ тыңдаушысы
Камыспаева Кенжегуль
Бисембайқызының
портфолиосы
Орал, 2012ж
Түйіндеме
Аты-жөні: Камыспаева Кенжегуль Бисембайқызы
Туған күні, айы, жылы: 21қазан 1981
Мекен-жайы: БҚО, Шыңғырлау ауданы,Лубен ауылы
30 үй
Жұмыс орны:
А.Тихоненко атындағы ОЖББМ тарих пәні мұғалімі
Білімі, бітірген оқу орны:
жоғары, М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ 2005ж
, тарих және геогрфия пәні мұғалімі
Жұмыс өтілі: 10 жыл
Санаты: І
Мазмұны
І. Бетпе бет кезеңі тапсырмалары
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Курс алды тапсырма _______________________________3-4 бет
Курс туралы эссе ( кіріс және шығыс)_________________5 бет
Топты жасақтау техникасы__________________________6 бет
Мұғалім шеберлігін зерделеу________________________7 бет
Мақсат жетістік желкені (Триумф ф.б) ________________8 бет
Бала болашағы менің қолымда.(Ұстаным.Эссе)_________9 бет
ІІ. Бетпе бет кезеңіндегі есептер
1. Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулінің
қолданылғаны жайлырефлексивтік есеп _______________23-27 бет
2. Орташа мерзімді жоспарлау__________________________28-30 бет
3. Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ
бойынша есеп_____________________________________31-37 бет
4. «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған
тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша
рефлексия________________________________________38-41 бет
5. Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы
рефлексивтік есеп _________________________________42-46 бет
1.Сіз туралы ақпарат.
Мен 1981жылы 21 қазанда дүниеге келдім. 1988 жылы Сұлукөл бастауыш мектебінің
алғаш
табалдырығын аттадым, осы мектепті 1991жылы аяқтап орта буынды
А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде жалғастырып осы мектепті
1998жылы оқу екпіндісі мен аяқтадым.Мектеп табалдырығында жүріп мектепішілік
тарих олимпиадасына қатысып бірінші орынға ие болдым. 1998 жылы Ж.Досмұхамедов
атындағы Орал педагогикалық колледжіне бастауыш мектеп мұғалімі бөліміне түсіп,
2001жылы оқу екпіндісімен аяқтадым.Осы жылы Шынғырлау ауданы Тасмола орта
жалпы білім беретін мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып ұстаздық жолымды
бастадым.2002ж М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ тарих және география факультетіне
сырттай түсіп,2005 жылы жақсы деген бағамен тәмәмдадым. 2008жылы желтоқсанда
тарих пәні бойынша Орал қаласындағы ПКБАИ екі жұмалық курстан өттім. 2010 жылы
А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебіне тарих пәні мұғалімі болып
қызмет орнымды ауыстырдым.2010 жылы «Дінтану факультатив курсын » оқыту
бойынша курстан өттім. 2010 жылы аудандық Дінтану факультативінен үздік сабақ
жоспары байқауына қатысып Іорынды иелендім.
Сіздің мектебіңіз туралы ақпарат. 13 - 17 жас шамасы.Оқушылар
іріктелмеген.Мектептегі оқушылардың әлеуметтік жағдайлары әртүрлі (жоғары,төмен,
орташа) .Біздің мектептің мақсаты оқушыға сапалы білім беріп жоғары нәтижеге қол
жеткізу. Мектеп бітірген оқушыларымыздың нәтижесі ҰБТ- ден Шыңғырлау ауданы
бойынша 2 орынға ие болды .Аяқтаған 23 оқушы. Сол оқушылардың 4 грант иегері
болды.
Сіздің сыныбыңыз туралы мәлімет. Өзім сабақ беретін сыныптағы оқушылар саны
11 - 20. Жас шамалары13 – 17 жас аралығы. Жеке жұмыстарға бірдей жас шамасындағы
оқушылар келеді.Оқушыларды қабілеттеріне қарай сыныптың ішінде де, әр сыныпта да
жүзеге асырылады.
Сіздің
оқушыларыңыз
туралы
ақпарат.Оқушылардың
барлығы
сабаққа
ынталы.Оқушыларымыз болашақта жан жақты дамыған, ой өрісі кең, өз ойын еркін айта
алатын, өзгенің ойымен санаса алатын тұлға болып қалыптасу үшін білім алуға
құштар.Оқушылар
әртүрлі
пәндерден
бірдей
деңгейде
белсенділік
танытпайды.Оқушыларға сабақ барысында тест тапсырмаларын, логикалық тапсырмалар
берген ұнайды.Өз тәжирибемде оқушыларды еркін сөйлеп, ойын жеткізе білу
қабілеттеріне септігімді тигіздім деп ойлаймын.Оқу барысында оқушыларға оқу үрдісін
нашар түсінуі, ілтипаттың не көтермелеудің жоқтығы.Менің оқушыларым білім алуда
топтастыру, ой қозғау, не білем, нені білгім келеді, нені үйрендім стратегияларын
қолданады. Оқушылар өз беттерімен тест тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмалар
орындайды. Өздері оқулықтан тиісті ақпаратты алып,кері байланыс жасауды
біледі.Менің сыныбымдағы идиалға толы оқушы шыдамды, алғыр, тапқыр, кез келген
пікірге терең ой қоса білетін оқушы болу керек
Сіздің тәжірибеңіз туралы ақпарат.
Мен өз тәжірибемде семантикалық карта,ойлан, жұптас, талқыла,инсерт,
қызығушылықты ояту,мағынаны тану стратегияларын қолданамын.Оқушылардың оқып
үйрену деңгейі әртүрлі.Сондықтан оқытуда өте жақсы, жақсы,нашар бағаларын
қолданамын.
Мен курстан не күтемін...
Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту
болып отыр.Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Әрине,
маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана
халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған.
Өйткені қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы
ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен
жауапкершілікті талап етеді. Бұл өзгерістерді енгізу дұрыс па? Өздігінен
білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі
болжай алатын тұлға тәрбиелеу -ұстаздың қолында. Ал қоғамдағы жаңа
өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді.
Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой
еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының
ұстазы. Бұл курстан мен әріптестеріммен ой бөлісіп, әдістеме алмасуда
мүмкіндік туғызады және ең тиімді әдістер мен стратегияларды жинақтап,
оқытудағы қиыншылықтарды жоюға мүмкіндік тудырады және бұл курста
мен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын боламын деп ойлаймын.
Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын одан да арта
түсіретініме сенемін...
«Жердегі жұлдыздар» киносынан әсерім.
Бұл киноны көре отырып Ишан оқитын мектептегі мұғалімдердің
кемшілігі әр оқушының даму, ойлау,қабылдау, әр баланың жан дүниесіне
үңіле қарамайтындығын байқадым. «Бала тәрбиесі отбасынан басталады»
дегендей ата анасының өзі Ишанның материалдық жағдайын қамтығаны
мен баланың рухани даму дүниесіне көңіл бөлмейді. Осы кино барысында
мен мен Ишанның ойлау қиялының ұшан теңіз екенін ұқтым, тек бұл жерде
мұғалімдері әр оқушыны өз қабілетіне қарай бағыт бағдар бере отырып
дамыту
керек.
Ол
грамматика,
математика
т.б
сабақтарды
қабылдамағанымен Ишанның суретті бейнелеуінің өзі бір ғажап. Оның
салған әр суреттерінде белгілі бір қиял, арман мақсат жатыр. Сол оқушының
жақсы қырын аша білмегендік оқушының ілгері басуына кедергі болады.
Осы кинода
оның ойымен, пікірімен,
неге қызығушылығымен
айналысатынын сезбеген байқамаған ата анасы мен мұғалімдерінің
қателігінен Ишан қырсық, жасқаншақ, үлкеннің тілін алмайтын, өз ойымен
қиалданып жүретін бала болып
өседі. Сондықтан мұндай
ұшыраған балалар сабақты білмегендіктен
дислексияға
тіпті түсінбегендіктен сабақ
сұраған сәтте кері қиқарсыз қылық танытады. Осындай іс әрекетіне кейбір
мұғалімдер түсінбеушілік танытып , сол себепті баланың ішкі даму кезінде
тежелу процесі жүреді. Баланың даму, өз ойын еркін айтуға деген
кедергілер туындайды.
Түйін: Дислексияға ұшыраған оқушылармен қалай, қандай жұмыстар
жүргізу жолдарын ұқтым, интернаттағы суретші мүғалімнің шыдамдылығы
мен икемділігі, баланың жан дүниесін түсіне білуі, оқушыда белгілі бір
жауапкершілікті оятатынын ұқтым.
Менің педагогикалық ұстанымым.
Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен
Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың
үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ
ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Ұстаз
білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді
барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен
озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу,
озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып,
қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре
алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін
арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі
негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу,
оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Осындай жаңа
даму үрдісі алға басып отырғанда Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек
етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін
міндет ауыр» – деген еді. Біз осы сөзге сай болуымыз керек...
Камыспаева К.Б.
Сыныптағы психологиялық ахуал.
Андрей Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебіндегі
6 «б» класында 20 оқушы бар. Барлығы он қыз бала, он ұл бала. Жас
шамалары он бір он екі жастағы балалар. Класта 6 оқу озаты,10 оқу
екпіндісі,4 үлгермі орташа оқушылар бар.Жалпы класс сабаққа белсенді
қатысады.Сабақтан жиі қалатын оқушылар, сабақ үлгеріміне байланысты
бақылауға алынған оқушылар жоқ. Сабақта оқушылардың тәртібі мектеп
ережесіне сай. Үй тапсырмаларына оқушылар үнемі дайындалып келеді,
сыныптан тыс шараларға оқушылар өте жоғары қызығушылықпен
қатысады.Класс белсенділері жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып,
басқа оқушыларға талап қоя біледі. Бұл кластың оқушыларының бір
бірімен қарым қатынастары жақсы, бір біріне қамқорлықпен қарайды, қиын
жағдайда бір бірін түсіне алады, ер балалар қыз балаларды сыйлайды,
жалпы класс ұйымшыл. Класс лидерлерінің оқушылармен қарым қатынасы
қалыпты. Оқушылардың физиологиялық психологиялық даму деңгейлері
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай. Кластағы Аида, Айнұр, Шолпан,
Бағдат, Ажар ,Ару секілді оқушылар белсенді. Алия,Сұлтанбек , Асылбек,
т.б оқушылар көңілді, ақжарқын. Бекзат, Ақылбек,Айдана секілді оқушылар
кішкене тұйықтау ішкі сырларын көп айта бермейді. Біздің сыныпта
сыныптан тыс шараларға дайындық кезінде бірлесіп би билеу, ән айту
кезінде келіспеушілік болып қалады, бұл да қыз балалардың арасында. Ер
балалар жағы қарапайым, жуас,тіл алғыш. Қыз балалар жағы
пысық,алғыр,шапшаң, ұшқыр ойлы. Жалпы барлық класс оқушылары
ұқыпты, жауапкершіліктері мол, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола алады
деп ойлаймын мен...
Орындаған :К.Б.Камыспаева
Шыдамды мұғалім Рон Кларк.
Жалпы Рон Кларк киносын көре отырып мен АҚШ тағы мектептерде сөйлеу
еркіндігі, еркін жүріп тұру дағдысының қалыптасқандығын байқадым.
Мектептің ішіндегі безендірілуі адамға еркіндікті сезінтеді.Сонымен қатар
бұл мектептегі бір айта кететін жайт оқушыларды білім сапасы, тәртібіне
қарай ыңғайлап бөліп тастағандағы көңілге қонымсыз. Мектептегі тәртіп
директордың белгілі бір саясатына негізделген.Ром Кларкқа алғашқы әзірде
тенетек оқушылармен жұмыс жасау қиын болды. Дей тұрғанменде мұғалім
қиыншылыққа мойынсұнбай, сол шәкірттерді, олардың ата аналарына
түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып білімге шақыра білді.Мұғалімнің
шыдамдылығы,төзімділігі, қолданған әдісі нәтижесінде өзінің күткен үміті
орындалды.Оқушыларды біріңғай тәртіпке шақыра отырып, сол
оқушылармен кей кездері бірдей деңгейде болуы,оқушылардың жеке
психологиясына , әлеуметтік жағдайына назар аударуы арқасында жоғары
нәтижеге қол жеткізіп, әр оқушының жүрегінде жылы сезм ұялата білген
жан.
Түйін: Рон Кларк сияқты шыдамды, еңбекқор, көздеген мақсатынан
қайтпайтын мұғалім үлкен нәтижеге қол жеткізетін ұқтым.
Сылтаушыл Аман
Аман 7 б сыныбындағы сылтаушыл оқушылардың бірі.Аман өзінің нашар
оқу үлгерімі мен сабақта ештеңе түсінбейтіндігі арасындағы байланысты
жасырғысы келеді.Ол өзі сылтаушыл болып көрінбеу үшін тиімді әдістерді
қолданады. Берілген тапсырмаларды әп сәтте сыныптастарынан жасырын
көшіріп алады. Сабақ сұраған кезде Аман басым аурып тұр, шаршап тұрмын
т.б. себептерді айтуға дайын тұрады.Өз бетімен тапсырманы орындаңуға
ешқандай әрекет етпей, сол тапсырма арқылы жақсы баға алуға да
тырыспайды. Кейбір уақытта тапсырмаларды өте жақсы деп айтпасақ та,
жақсы деңгейде орындаудың жолын табады.Аманнан үй тапсырмасын
немесе класта берілген тапсырманы орындағанын тексермек болған
жағдайда
ол дәптерді іздестіру мақсатында өзінің сумкасын қарап
жатқандай кейіп танытады, бірақ, бұл ретте оның өзін қоса алғанда менде,
сыныптағы
оқушыларда
барлығымыз
оның
бұл
тапсырманы
орындамағанын білеміз. Аман ақымақ болып көрінбеу үшін қолданылатын
әр алуан күш жігердің барлығын жұмсайды. Аманда оқу бағдарламасын
орындауда ілгерлеу жоқ, оның сәтсіздігі күн сайын шарасыз болып
барады.Бірақ Аман сабақтан тыс уақытта сәлемін үзбейді, алдыңнан келіп
қалған жағдайда жолыңды кеспей мен өтіп кеткенше күтіп тұрады. Сабақ
кестесіне түсінбей қалған жағдайда үйге дейін іздеп келіп келесі күні қандай
тарих болатынын сұрап алады. Бірақта сабақты мен айтқан кесте бойынша
әкелмейді. Сырт көзге, менің алдымда жауапкершілігі бар оқушы кейпін
танытады
Аман сабақта өзін неге осылай ұстайды?
Аманда өзіне деген сенімсіздік ұялаған. Сабаққа деген жауапкершілігі
төмен. Ол өзі оқи алатын нәрсеге де мойын бұрмады, және бұрғысы да
келмейді. Бұл оқушыда қызығушылығы мүлдем жоқ.
Мен Аманға қанадай көмек көрсете аламын...
Аманға қарапайым тапсырмалардан бастап беріп оның орындай
алатындығына көзін жеткіземін. Мысалы: бір абзацтан оқып түсінгенін
айтқызамын. Сол кездегі сен ел билеуші болсаң қандай реформа енгізер едің
т.б.
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны жайлы
рефлексивтік есеп
Мұғалім ойы
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп
сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және
тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер
педагогикалық білімі бар және қосымша білім беру мен өз
біліктілігін арттырушы субъекттер болғандықтан, оларда
бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады
деп ойлаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы
білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын
қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль
оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан
ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын
көздейді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 48 бет)
Сыни тұрғыдан ойлау-оқушылардың жеке басын
дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы
педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып
отыратын жолы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды
көздейді. Ал оқушы белсенділігінің артуы оны
шығармашылыққа жетелейді.
Сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілдері оқушыларды
тек жан-жақты дамытып қоймай, шығармашылық
қабілеттері, түсіну сезімдері артып, оқушылардың сауатты
жазу, мәнерлеп оқу, мағыналы сөйлеу, өлең шығару, эссе
жазу, т.б. көптеген қасиеттері дамып, қалыптасады.
Шығыс даналығы «Мәселе нені үйретуде емес,
қалай үйретуде» демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн
мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріп отырған
стратегияны қажетімізге қарай орнымен қолданудың
маңызы зор деп ойлаймын.
Соның ішінде сыни тұрғыдан ойлауға лайықты
«Теле шоу», «Алты қалпақ», «Бала философиясы», «Өкіл»
«Ыстық орындық» «Қарлы кесек» сияқты тәсілдері әр
сабақтың ерекшеліктеріне, деңгейлеріне қарай лайықты
қолданылады. Мәселен, «Венн кестесі» арқылы өз ойынан
шығару, екі затты салыстыру барысында айырмашылығы,
ұқсастығы туралы ойлап табу, оқушы үшін үлкен ойды
қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын
оқушы ізденісін, қызығушылығын дамытады. Пәнге деген
өзгеше көзқарас қалыптастырады. Әр сабақта сыныптағы
ерекшеліктерін, сынып ахуалын ескере отырып, жүйелі
жүргізуде сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының
стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс
тигізеді.
«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» -сынау емес,
шыңдалған ойлау. Оқушыға бұл жұмысты дұрыс
ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, дамып, белгілі бір жетістіктерге жететіні
сөзсіз.
Бұл модульден түсінгенім ұжыммен, топпен
жұмыс жасап үйренеді, оқушы өз білімін өзі шыңдап,
Тренер ойы
шығармашылық қасиеттері артады, белгілі бір жүйеге
түседі, салыстыра біледі, бірін бірі тыңдай біледі, ақыл
ойы дамиды деп ойлаймын.
Модульде
берілген ұсыныстарды негізгі
басшылыққа алып төмендегідей бағытта жұмыс жүргізе
отырып, мен өз тәжірибемде оқушыларға білім беруде
сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді үнемі іске асырудамын.
1. Теориялық деңгейін көтеру
2. Белсенділіктерін бақылап отыру
3. Білім деңгейін анықтап отыру
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің,
ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты
ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған
пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола
алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға,
баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және ісәрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді
енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық
әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға
баулуды білдіреді.
Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды
қажет ететін негізгі ерекшеліктер: Ұтқырлық: ең жақсы
түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды
іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез
келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке
негізделу (бірақ төменде айтылатын өзін-өзі тануға
қатысты эмоция да болуы ықтимал).
Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды
бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің
барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық
болуға ұмтылу. Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын
мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің
орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық
дәлелдерді есепке алып, барлықкөзқарастарға көңіл бөлу).
Өзіндік
сана
сезім:
өзіміздің
эмоциямыз
бен
көзқарасымызды, сеніміміз бен болжамдарымыздың
субъективті екенін сезіну. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын
оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып,
дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы
түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып,
ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен
келешекке ашық болады
Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң,
ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім
істесем, үйреніп алам». Яғни, баланың ынтасын
жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту,
үйрету қажет деген сөз. Сыни тұрғыда ойлау –
мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен
білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға
тәрбиелейді. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және
тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол – белсенді,
тұжырымдалған, күрделі шын ойды айтатын
құбылыс. Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан
қарастыратын
болса,
мұғалім мен
оқушы
арасындағы қарым-қатынас, түсіндіруден түсінуге,
монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан
дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу
болып табылады. Мұғалімнің негізгі міндеті –
оқушымен қарым-қатынас, оқушылардың өзара
түсінуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау,
еркіндік беру. Сыни ойлау философиясындағы
басты мақсат: оқушы қандай да болмасын
ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата
алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек. Білім алу
оқушы тұрғысынан белсенді процесс болуы қажет,
тек белсенді түрде жұмыс жасай отырып, ол қандай
да болмасын білімді игереді. Сын тұрғысынан ойлау
әрбір оқушыны терең ойланып, философиялық
тұжырым жасауға бағыттайды. Өмірде ең керекті
білік пен дағды – қоғамда қарым – қатынас құра
білу, басқа адамдармен тіл табысу екендігін ескере
отырып, әр сабақта оқушы оқытудың басқа да
қатысушыларымен (оқушылар мен ұстаздар)
араласып коммуникативтік қарым – қатынас
процесінің белсенді мүшесіне айналады, әрі
ұжымда, қоғамда, әлеуметте қалайша өзара
байланыс құру мәселесі төңірегінде ойланады.
Мұғалім ретінде менің тұратын орнымның да мәні
зор екенін түсінемін. Топтың атынан шыққан
оқушы сөйлегенде, мұғалімнің столының қасыңда
тұрсам, маған қарап сөйлейді, сондықтан
оқушылардың қасында боламын, ол бізге қарап
сөйлейді. «Маған айт», «Мен солай дедім» сияқты
тіркестерін қолданбауға тырысамын. «Бізге айт»,
«Ортаға сал» тіркесін пайдаланамын. Оқушының
«Менің пікірім былай» деген тұжырымдамасын
қолдаймын. Бұл әдісті қолданғандағы қорытындым,
сабақта сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - әдісін
қолдана отырып, оқушының ойымен санасатын,
өзімді, оқушыларымды жаңа қырынан таныдым
десем болады. Тарих пәнін басқа жағынанда,
өмірмен байланыстырып тануға болатындығын
көрсетіп берді. Келешекте осы әдіс-арқылы
сабақтарымды өткізіп ой-өрісі дамыған, қабілетті,
дарынды, талантты азаматтар тәрбиелеп шығамын
Мектептегі тәжірибеде 10«а» сыныбының оқушыларына
сабақ берген кезде осы әдісті қолдандым және осы
тақырыпқа байланысты үш оқушыны (Әсем Нұрлыбек
Әсель) зерттеу нысанына алдым. Сыныбымда 11 оқушы
бар. Барлығының білім деңгейі жақсы. Сыныпта 2 оқу
озаты, 5 оқу екпіндісі, 4 оқушы орта деңгейде. Сабаққа
талпынысы
жақсы,
берілген
шығармашылық
тапсырмаларды өз деңгейлерінде орындап отырады.
Оқушыларды атап айтатын болсам, Исекенова Мақпал,
Жоламанова Арна, Тайпақова Гүлсезім әрдайым жоғары
деңгейден көрініп отырды. Мәселен, тарих сабағында «
Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде» тақырыбында
оқушыларды сыни ойлату мақсатында сабақты деректер
сөзіне анықтама шығарудан бастадық. Оқушылар
өздерінің ойларын айтты. Осы сөздер арқылы суреттерді
құрастырып, топқа бөлінді.
Жаңа сабақ түсіндіру барысында «Болжау» тәсілін
пайдаландым.
Тақырыптың
мазмұны
бойынша
оқушыларға топшама жазылған сұрақтар қойдым.
- Сен Геродот дәуірінде өмір сүрсең ?
- Сол кездегі тарихшы болсаңыз нені зерттер
едіңіз?
-Сен қай зерттеушінің пікіріне қосыласың? деген
сияқты қолдану, талдау дәрежесіндегі топшамаға жазып
сұрақтар қойдым. Оқушылар болжап, ортаға салып,
оқушылар өз ойларын айтты. (Бірінші топтан Әсем деген
оқушым «Әрі қарай, екінші топтан Арна сыни тұрғыдан
ойлау технологиясының « Теле шоу» стратегиясы
бойынша өз ойын еркін білдірді.
«Блум» таксаномиясының сұрақтарына жауап береді.
Мысалы Асельдің «Анахарсис кім?» деген сұрағына Арна
Анахарсистің скиф данасы екенін айтса, Гүлсезімнің Скиф
данасы Анахарсис туралы атақты Салонның пікірінен
қандай жайларды аңғаруға болады деген сұрағына Арна
«Салонның Анахарсисті ақылға бай, білімді құрметті дана
деп адамның адамгершілігін бағалап тұрғанын аңғаруға
болады деп жауа берді »
Бағалау кезінде бағалау
критерийлері бойынша бағалады. Өздерінің қойған
бағалауларын жазды. Қорыта айтсам сабақта барлық
оқушылардың қиялдары дамыды, шығармашылық жұмыс
жасады, өз беттерімен жұмыс жасады, топпен жұмыс
жасады, тіл байлықтары артты. «Сақтардың материалдық
мәдениеті, қоғамдық құрылымы, идеологиясы » деген
сабағымда оқушылардың
сақтардың материалдық
мәдениетімен қоғамдық құрылысына байланысты суреттер
көрсету арқылы қызығушылығын оятуды жоспарладым.
Осы суреттер арқылы оқушылардың көру қабілеттерін,
ойлау зейіндерін тексеру, әрі ынталарын дамыту. Сурет
арқылы топта талқылатып, әр топтан екі оқушыға оқыту
арқылы білімдерін дамыту. Көпшілігінің түсінігі бойынша
, диолог пен басым ауызекі немесе «интерактивті» білім
берудің арасындағы айырмашылықты логикалық және
ұтымды мды дәлел ретінде қолданылатын «диалектика»
элементі (Wolfe and Alexander , 2008 МН 50 беттен) деген
пікірін ұстана отырып жоспарымды жазуды ойладым. Ендеше бұл суреттер қандай сыр шертеді екен?,-деп
оқушылардың өз ойларын тыңдап болған соң слайдтан
сабақтың тақырыбын шығардым, ал суретті көрсеткен
кезде оқушылар сыни тұрғыдан ойланып әр оқушы көріп
тұрған суретке байланысты өз ойларын айтты. Мысалы
сақтардың қоғамдық құрылысына байланысты суретке
қарап оқушылар абыз болуы мүмкін, немесе жауынгерлер,
немесе малшылар мен егіншілер деп. Бұны неден
аңғардыңыздар деген сұраққа оқушылар киімдерінен,
қолдарын ұстап тұрған заттарынан деген өз
жауаптарын айтты. Сонда біз бүгін қай тайпа туралы
айтамыз деген сұрақ қою арқылы оқушылардың ойын
қозғау арқылы сабаққа деген ынтасын арттыру. Ендеше
бүгінгі сабақтың тақырыбы - «Сақтардың материалдық
мәдениеті, қоғамдық құрылымы, идеологиясы », олай
болса осы сақ тайпалары туралы не білесіздер- дей отыра,
оқушы білетінін еске түсіртіп, ойларын ортаға салдыру, әрі
қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу білімін,
ақпаратты жүйелеуге үйрету мақсатында әр топқа
ықшамдалған тақырыпшаларды таратып жаңа ақпаратты
игерту үшін мағынаны тану кезеңге көшу. Мәтіннің
кейбіреуін интернет көзінен ең керектісін алып,
оқулықтағы материалға қосымша таратып, білімдерін
терең қалыптастыру еді. Жас ерекшелігіне қарай
оқушыларға деңгейлеп мәтінді көлемді түрде беруді
ойладым.
1. Жеке оқиды
2. Жұппен оқиды
3. Жұппен талқылайды.
Әр оқушы жеке-жеке, жұппен, жаңа тақырыпты оқыды,
бір-біріне түсіндіру арқылы жұмыс істеді, талқылайды
,түсінгендерін қорытынды жасайды, Әр оқушы жеке-жеке,
жұппен, жаңа тақырыпты оқыды, бір-біріне түсіндіру
арқылы жұмыс істеді, талқылады ,түсінгендерін
қорытынды жасады. Оқушылардың мәтінді қаншалықты
меңгергендерін байқау мақсатында «Өз жартыңды тап»
ойынын ұйымдастырдым. Жұп карточкалар дайындалды:
Біреуінде – сұрақтар, екіншісінде – жауаптарға арналған
кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған
карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген
түсті карточканы (әрқайсысы – біреуін) таңдайды.Содан
кейін оның түсі бойынша өзіне серік іздеп, бірге отырып
жұмыс істейді. Сұрақтарға оқушылар өз ойларын айтып
,жұптарымен
ақылдасып,
сыныпта
талқылады,
нәтижесінде әлеуметтенген ой толғаныстарын сыныпта
қорғату.Бұл жұптық жұмыстың нәтижесінде оқуышлар
жұпта өз ойын айтуға, және талқылауға ,бір жұп екінші
жұптарды тыңдауға, уақытты ұтымды пайдалануды
үйренді.
Оқушылардың ой ұшқырлықтарын дамыту
барысында жұптарға сөздерді бөліп бердім.Жылқы, қаружарақ, киіз үй, ат- әбзелдерінің артықшылықтары мен
проблемасын айтып,
оқушылар ойланды, саралады
,қарама- қарсы қойды. «Ғұндар өркениеті» деген
сабағымда оқушылардың Қытай тарихшысы Сыма Цянның
сөзінен үзінді оқу арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан
ойлатуға үйретуден бастап. Үзінді де кім туралы
баяндалғанын оқушылардың өздеріне тапқызу арқылы
оқушылардың есту қабілеттерін, ойлау зейіндерін тексеру,
әрі ынталарын дамытуды ,әрі қарай не болатынына
қызықтыру, белсенділіктерін ояту, алатын білімінің
пайдалылығына көздерін жеткізу, білімін ақпаратты
жүйелеуге үйретуді көздедім. Сыни тұрғыдан ойлау
ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы
түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті , өзінің
оқуына қатысты таңдау жасату мақсатында ғұндар туралы
бейнеролик қарап, топтағы оқушылар
киімдерін,
тамақтарын, қару – жарақ, т.б. әдіс – тәсілдеріне қарап
отырып, дәптерлеріне түртіп жазып алып отырды.Содан
соң топта талқылап, қорытынды ойларын айтқанда жақсы
оқитын
Асем мен төмен оқитын Нұрлыбек деген
оқушылар өз ойларын ұтымды
жеткізе білді.Асем
бейнероликтегі зерттеушінің сөзіне сүйеніп «Ғұндардың
желдің қай жақтан соғатыны белгісіз, сол сияқты
ғұндардың да жауға қай уақытта, қай жақтан шабатыны
белгісіз, бейнероликті көре отрып менің ұққаным ғұндар
сол дәуірдегі жау жүрек, әккі дамыған тайпа болған деп
ойлаймын» десе Нұрлыбек ғұндардың киімдерін, қару
жарақтарын, азық түліктеріннің ерекшеліктерін атап берді.
Бұл жерде бейнероликті көре отырып оқушылар көрді,
ғұн
тайпасы
туралы
ойланды,
көре
отырып
шаруашылығын, киімін тізбектеді,
шабуыл жасау
техникасын саралады, ғұн тайпасына баға берді.
Оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде сыни
тұрғысынан ойлауға түрткі болатын әдістер арқылы алған
білім негізін дамыта отырып, тәжірибеге енгізу жұмыс
істеуге талпыныс туғызып, білім беруде оқушыларды жанжақты дамытуда көптеген нәтижеге жеткізетінін
байқадым. Зерттеуге алынған 3 оқушымен нысанды
жұмыстардың нәтижесі кезінде екі оқушым өз ойларын
жақсы жектізе білді. Ал Асель деген оқушым ауызша
сұрақтарға жауап бермеді.Себебі бұл оқушым ауызша
жауап беруге ұялады жазбаша тапсырмаларды жақсы
орындайды. Оқушылардың жеке жұмыс кезінде өзіндік
белсенділіктері байқалды. Нұрлыбек деген оқушым өзі
қол көтеріп орындағын тапсырмасын айтты. Сондықтан
тарих пәнінен жоғары сынып оқушыларын қажетті білім
негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының
мазмұнын жан жақты меңгерту үшін оқытудың тиімді әдіс
тәсілдерін дұрыс таңдап алып отырдым. Чех педагогы
Коменский «Мұғалім -мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық
ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын
тынымсыз жалын иесі» деген. Сондықтан мен сыни
тұрғыдан ойлау технологиясын қолдана отырып, нәтижелі
әдіс –тәсілдерді меңгеретін, жұмысына қызығушылық
танытатын, жоғары нәтижеге жете алатын, озық ойлы,
шығармашылық
бағытта
жұмыс
жасай
алатын,
ізденімпаздық қабілеті дамыған, жұпта, топта бірлесіп
жұмыс жасай білетін, бір-бірінің сөзін тыңдай білетін,
құрметтей білетін, еркін қиялдайтын өз пікірін топ
алдында қорғай алатын оқушы қалыптастырамын деп
ойлаймын. Алдағы уақытта өз сабақтарымда сыни
тұрғыдан ойлауға үйретудің тәсілдерін мысалы: «Алты
қалпақ», «Қарлы кесек» т.б тәсілдерді тиімді пайдаланып,
оқушыларды білім алуға деген қызығушылығын арттыру,
шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, өзгенің пікіріне
сыйластықпен қарап, ұтымды пікір айтуға үйрету
Орта мерзімді жоспар бойынша жазба
Қазақстан тарихы бойынша 10-сыныпқа арналған төрт тақырыпқа арналған орта мерзімді жоспарды жеті модульдің
идеяларын кірістіре отырып жоспарладым. Ол бойынша білім берудегі жаңа тәсілдер, сыни тұрғыда ойлау, ақпараттық
коммуникативтік технологияларды қолдану,оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, дарынды оқушылармен жұмыс , білім
беруді басқарудағы көшбасшылық , бағалау модульдері ескеріліп жоспарланды. Пәннің ерекшелігіне байланысты сыни
тұрғыдан ойлау және диалогтық оқыту тарих сабағындағы оқуышлардың білімдерін кеңейту мен жаңа мәліметтермен
жұмыстануын қамтамасыз ете алады.Сондай -ақ білім беруде ақпараттық коммуникативті технологияларды қолдану пән
бойынша білім алу үрдісін кеңейте түсетін бірден- бір модуль болып табылады. Өйткені оқушы сындарлы білім алуда сапалы
ресурстарды пайдалана алуы қажет. Оқушының білім деңгейінің көтерілуіне әсер ететін жағдай -оның өз жасына сәйкес сапалы
тапсырмаларды орындауына да байланысты. Сондықтан жоспардағы тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып
құрастыруға бағытталған. Жаңа форматты білім алу тұрғысында қарастырғанда мұғалім бір сабағында барлық деңгейдегі
оқушылардың қабілеттік сұранысын ескеру керек болғандықтан дарынды оқушыларды ескеру мақсатында талантты және
дарынды баларды оқыту модулі де кірістірілген. Оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі сабақтағы мұғалім әрекетіне
негізделіп енгізілген. Сондай-ақ жаңа форматта білім беру үшін мұғалім мен оқушының мақсатты іс-әрекетін бағалау үшін
бағалау модулін сабаққа кірістіреді. Сондықтан оқыту үшін бағалау модулі енгізілді. Орта мерзімді жоспарда суммативті
бағалау енгізілмеді, өйткені бағдарлама бойынша жоспарда көрсетілмеген.Орта мерзімді жоспар тарау және тақырыптар
бойынша мақсаты, күтілетін нәтиже, қолданылатын әдіс -тәсілдер,барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстары, үйрену
барысын бағалау,қажетті құралдарға нұсқау беретін бағандардан тұрады.Әр тақырыпқа нақты бағандар толық жоспарланып
жазылған.Орта мерзімді жоспар Қазақстан тарихы пәні бойынша берілген бағдарлама аясында жасақталды.
Орта мерзімді (тарауға) жоспарлау
Өтілу
мерзім
і
Саға
т
саны
1
2
10.10
Тарау, сабақ тақырыбы,
мақсаты
3
Қазақстан темір
дәуірінде
Темір дәуірінде өмір
сүрген тайпалар және
олардың
шаруашылығын,
мәдениетін,
идеологиясын
меңгерту
Ежелгі Қазақстан
тарихы жазба
деректерде
Жазба деректердегі
ежелгі Қазақстанның
тарихы туралы
Күтілетін нәтиже
Оқытуда
қолданылатын
әдіс-тәсілдер
4
Темір
дәуіріндегі
Қазақстанды біледі,
тайпалардың
шаруашылығын
тізбектей
алады,
мәдениетіне
баға
береді, Қытай жазба
деректері мен парсы
деректерін
салыстырады.
5
Барлық оқушылар
ды сабаққа тарту
жұмысы
6
Сыни
Дарынды
және
тұрғыдан
талантты
ойлау,
оқушыларға
диалог
арналған
тық
оқыту дамытушы
әдістері.
тапсырмалар,
Ақпараттық
оқуда
кедергісі
комуникативті бар оқушыларға
к
деңгейлік
технологиялар тапсырмалар,
топтык, жұптық
және
жеке
оқушыларға
арналған
жұмыстар.
Деректер сөзіне
Эссе жазу,
анықтама шығарады, Джигсо,
Барлық
жазба деректердегі
Теле шоу,
оқушыларға
ежелгі Қазақстанның мәртебесі
арналған
тарихы туралы
төмен және
деңгейлік
мағлұматтарды
мәртебесі
тапсырмалар,
Үйрену барысын
бағалау
Негізгі
дерек
көздері
7
Жоспармен
таныстыру,
критерий құру,
ұсыну, жұмыс
барысына
нұсқау
беру,
топтарға кеңес
беру,
оқыту
үшін
бағалау:
өзін-өзі бағалау,
топтық бағалау
8
Оқулық,
ғалам
тор
сілтемелер,
интеракт
ивті тақта
карта,
флипчарт
Топтарға
тапсырманы
оқулық
орындау үдерісі
барысында
кеңес
беру,
оқыту
үшін
17.10
24.10
мағлұмат бере отырып, біледі, кері
қай кезеңнен бастау
байланыста
алғанын ұғындыру
қолданады, әртүрлі
деректердегі қазақ
елінің дамуын
салыстырады
Ерте темір дәуірінің Қытай жазба
деректері мен парсы
шаруашылығы
Темір дәуіріндегі
деректерін
тайпалар
салыстырады,
шаруашылығының
Шаруашылық сөзіне
маңызы қандай?
анықтама береді,
Тайпаларда
шаруашылықтың қай
түрі дамығанын
тізбектейді , алған
мәліметтерін
талдайды
Сақтардың
Сақтардың
материалдық
материалдық
мәдениеті, қоғамдық мәдениетін біледі,
қоғамдық
құрылымы,
құрылымын
идеолиясы
Сақтардың
анықтайды,
материалдық
Мәдениетін
мәдениеті, қоғамдық талдайды,
құрылымы,
идеологиясын
идеологиясы қандай? зерттейді
жоғары
сұрақтар қою
топтык жұмыс
бағалау: топтық
бағалау
венн
диаграммасы
жигсо, тест,
постермен
топтық жұмыс
Жекелеген
оқушыларға,
деңгейлеріне
байланысты
тапсырмалар беру
критерийларды
бірігіп құру,
үдеріске кеңес
беру,
өзін- өзі бағалау,
топтық бағалау
Оқулық,
үлестірме
қағаздар,
флипчарт
«Өз жартыңды тап »
ойыны,
Топтастыру,
Блум
таксономиясы
бойынша
деңгейлі
сұрақтар қою
Жұптық жұмыс,
Барлық
оқушыларға
арналған
деңгейлік
тапсырмалар
Өзін өзі бағалау,
жұптық бағалау
нұсқау беру,
жұптарға кеңес
беру
Оқулық,
интерактивті
тақта
31.10
Ғұндар өркениетін
Ғұндар өркениеті
Ғұндар өркениетінің біледі,
ерекшелігі қандай?
Ғұндардың
даму
тарихы ерекшелігін
тізбектейді,
ғұндардың
қытаймен, үйсіндер
мен, қаңлылар мен
қарым
қатынасын
талдайды және баға
береді
Құрастырған: Камыспаева К.
топтық
жұмыс,
«өкіл» тәсілі
арқылы
тақырыпты
қорғайды,
деңгейі төмен
және жоғары
сұрақтар қою
деңгейлік
тапсырма,
топтық жұмыс
,сараланған
тапсырмалар
Өзін өзі бағалау
топтарға кеңес
беру, топтық
бағалау
Интеракт
ивті
тақта,
Youtube
cайты,
Қазақста
нның
саяси
картасы
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған сабақ бойынша
рефлексивті есеп.
Мұғалім ойы
Сабаққа жоспар жасамас бұрын, курста алған
білімімді
пысықтап,
тақырыптық
күнтізбелік
жоспарымды алып тақырыптарды қарастырдым.
Тәжірибедегі бірінші сабағым 10 сыныптағы Қазақстан
тарихының ІІІ тарау «Қазақстан темір дәуірінде»
соның ішінде «Ежелгі Қазақстан тарихы жазба
деректерде» деген тақырыппен өткізуге жоспарладым.
Мектептегі тәжірибе кезінде төрт сабақтан тұратын
сабақтар топтамасын
өткіздім. Осы сабақтарыма
бірінші бетпе бет оқу кезеңіндегі алған білімдерімді
пайдаланудың оңтайлы әдістерін таңдадым. Оқыту
мен оқудағы жаңа тәсілдер негізінде сабақтарымды
жоспарлауға тырыстым. Сабақты жоспарлауда
нұсқаулықтағы "Диалог негізінде оқыту және оқу "
(Александер), Қалай оқу керектігін үйрену идеаларын
қолдандым. диалогты оқытуды тиімді деп санадым?
Өйткені ,....Сабақта сонымен қатар оқушылардың сыни
тұрғыдан ойлауын дамыту мен оны әрі қарай
жетілдіруге бағыттадым. Қарастырған модульдердің
неліктен таңдалғаны және олардан қандай мақсаттың
орындалуын күттің? Бұл модуль шеңберінде оқытуды
дамыту үшін тиімді бағалауды және түрлі жастағы
балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдануды
қарастырдым. Осы сабақта сыни тұрғыдан ойлаудың
әдісін қолдану себебім, оқушыларды креативті ойлауға
,ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған
ақпараттарды талдауға ,синтездеуге
үйретуге ,
бағалауға баулу. Пәндік ерекшелікке байланысты
сыни тұрғыдан ойлау үдерістері тақырыпты толықтай
ашып , оқушылардың релевантты ақпараттармен
жұмыс жасауына, дәлелдерді сыни тұрғыдан талдауы
мен бағалауына әсер етіп өзіндік жинақталған
қорытынлдылар айтып, біріккен шешімдерінің
түйіндерін жеткізе білуіне жағдай туғызады. Диалог
негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара
сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы
диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен
дамытуына көмектесетін амал екенін түсіне отырып,
Тренер ойы
«Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана
оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын
білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз
мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын
теориядағы(МН 12 беттен) тұжырымға сүйене отырып
сабақ жоспарын жасауға кірістім.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың сабаққа
назарын аудару үшін психологиялық дайындықтан
бастадым. Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызып содан
кейін парсылар, гректер деп екі топқа бөлдім.
Жоспарлағанда сыныптың деңгейін, оқушылардың
қызығушылығы мен ынтасын қандай іс-әрекеттер
арқылы арттыруды қарастырдым. Қызығушылықты
ояту оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы
қадамым. Бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе
әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта
зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындалуы
керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық
түсініктерді
қалыптастыруларына
көмектеседі.
Сонымен қатар оқушының жаңа идея мен мәліметтерді
үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен
ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын
– болмайтындықтарын шешуі де алғашқы кезеңде іске
асады. Сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяның
шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы
туралы ойлана білу қабілеті , өзінің оқуына қатысты
таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен
қарау қабілеті ретінде түсіндірілді. Диологтік оқыту
арқылы сыни-тұрғыдан ойлаудың бір ерекшілігі - ол
оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқу
материалына бірнеше рет қайта оралып, жұмыс істеуге
болады. Мысалы: сабағымда да Сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету әдістерін қолданған өте тиімді болды.
Біріншіден жеке, жұппен, топпен жұмыс барысында
баланың белсенділігін арттыруға, сабаққа қатысуын
бақылауға болады. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы
ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы
тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын
ортаға салуы маңызды. Ой шақыру кезеңінің басты
міндеті – алдағы
жұмыстарға оқушылардың
қызығушылығын ояту.Оқушылардың берілген ақпарат
пен идеяларды синтездеу қабілетін, өз біліміне
қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына
күмәнмен қарау қабілетін дамыту жолында мен курс
барысында сыни тұрғыдан ойлауды үйрене отырып, өз
жұмысымның
нәтижелі
болуына
бағыт-бағдар
алғандай болдым. Сабақты бастамас бұрын өткен
сабақпен байланыстыру мақсатында үйден жазып алып
келген «Туған өлкем қола дәуірінде» тақырыбындағы
шығармаларын әр оқушы жазып әкелгендерін жұппен
алмасты,топпен алмасты, әр топтан бір оқушыдан
оқыды.Және сол топтың қалған мүшелері не себебті
осы эссені жақсы деп шешкендерінің критерйиін
айтты. Сабақтың деректер сөзіне оқушылар жеке
анықтама шығарып, кейін топта талқылап ортақ
шешімге келіп әр топтан бір, бір оқушыдан өз
шемідерін оқып, диалог арқылы оқушылырды сын
тұрғысынан
ойлауға
итермелеуді
ойладым.
Тақырыптың мағанасын өздері ашу үшін, деректер
сөзіне анықтама шығарту арқылы қызығушылықтарын
оятып, ой қозғап, жаңа тақырыпқа енуді көздедім.
оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа
мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті
басқаратын талқылау, кітап оқу, немесе басқа да
нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезде іске
асады. Оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре
отырып
және
ақпараттың
жаңа
мазмұнға
қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра
отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат
пен
идеяның
маңыздылығы
жөнінде
шешім
қабылдаулары қажет болады. Оқушылар жаңа идеяны
қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштастырады, ойлау
қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды. Джигсо
әдісі бойынша түсіндіру. Оқушылар мәтінді жеке
оқыды, – жұппен талқылады - топта талқылады.
Тақырыпты
жеке оқығанда мәтіндегі маңызды
мәліметтерді дәптерлеріне түртіп алып
отырды,
жұппен, топта түсіндіріп талқылап, тиісті оқушылар
(Гүлсезім,Нұрлыбек,Асель,Мөлдір,
Жұлдыз,Арман,Жантас
)
сұрақ
дайындады.
Идеяларын жаңа ақпаратты оқыту арқылы жеке
оқытып, жұппен түсіндіртіп, топпен талқылатып
толық игерту болды. Мұндағы мақсатым оқушыларды
білімді өздеріне меңгерту арқылы, жұптық, ұжымдық
пікірлерді тыңдап, бірлесе жұмыс істетуді ойладым.
Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіру мақсатында бізге
ұсынылып отырған бағдарламаның
жеті модулі
қарастырылды. Аталмыш бағдарламаның негізгі
идеясы – білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері
деп саналатындықтан, біз курс барысында «Диалог
арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрету»
атты
танымал
педагогикалық
тәсілдердің
маңыздылығын тереңдете зерделедім. Мұғалімдерге
арналған нұсқаулықтың 38 – бетіндегі диологтік оқыту
бойынша:
- Выготскийдің білім берудегі сөздің, сөйлеудің негізгі
рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау
тапқан. Бранс (1971) сыныпта тіл қаншалықты
қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты
әсер етеді деген пікірлеріне толық келісемін.
Мұғалім мен шәкірт арасындағы сұхбат арқылы білім
алушылардың өзіндік ой-пікірі жүйеленіп, ал метасана
арқылы оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра
алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге септігін
тигізетініне көз жеткіздім. Осы тәсілдерді меңгеру
арқылы білім беруде табысқа жететініме сенім ұялады.
Мәтінді қаншалықты меңгергендерін байқау үшін
«Теле шоу» ойынын ойнадық. Оқушылардың өз
ойларын еркін айтуға бағыт бердім.
Сыныптағы дарынды және талантты
оқушыларға арнап:
1
2
3
дарынды оқушыға:- сен грек елінен келген
елшісің , көрермендерге қалай түсіндіріп
бересің?
дарынды оқушыға – сен парсы елінен келген
меймансың көрермендерге қалай түсіндіріп
берер едің?
дарынды оқушыға – сен қытай елінен келген
меймансың көрермендерге қалай түсіндіріп
берер едің?
деген жеке тапсырмалар беру арқылы олардың
жауапкершіліктерін байқағым келді.Осы ойын
барысында байқағаным оқушылар бір біріне
сұрақ қою
кезінде дарынды оқушылар
қойылған сұрақтарға нақты және фактімен
жауап беріп отырды. Ал кейбір оқушылар сұрақ
қойғанды сенімсіздік танытып отырды. Себебі
қолданылатын үрдістер мен дағдылар дәлелді
деректерге байланысты жұмыс жасай білуге,
негізгі дерек көздеріне байланысты жоғары
және төменгі деңгейлі сұрақтар қоя білуге ,
дерек
көздерінің
жағдаяттық
қорытындылармен салыстырып талқылауы
оқушыларға
қиындық
туғызды.
үйрену
процесінің соңғы кезеңі болады да, бұл кезде
оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып,
түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере
бастады. Саналы талқылаулар мен білімді
тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен
ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі
өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір
зерттеуді бастаумен айғақталады. Бұл процесс
арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды,
қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса
отырып мәліметтер жинағы мен құрылым
мағынасын сынақтан өткізеді. Яғни, іштей
ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде
өз білімін үйрену жолына қайта қарап,
өзгерістер енгізеді. Бұл ең ұзақ та, маңызды
кезең. Осы кезеңдер әртүрлі стратегиялар, яғни
әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Мұнда
байқағаным диологтік оқытудың мұғалім мен
оқушы арасында мәдениетті коммуникация,
яғни қарым-қатынас орнатудың маңызын
түсіндім.
Оқытушылардың
білімін
жетілдіру
институтында оқытылып жатқан курстың тиімділігі,
мазмұны мен маңызын әріптес мұғалімдерге терең
түсіндіріп, талдау жасау, тарату арқылы өзімнің
көшбасшылық қабілетімді арттырдым. Диолгтік
оқытуда мен оқушылармен тек қана нұсқаушы рөлін
атқарып қана қоймай,диологтік көшбасшылығымды
өте тиімді пайдаландым.
Диологтік оқыту барысында формативтік
бағалау мен жиынтық бағалаудың тиімдісін
тәжірибеде қолданып, нәтижесіне қол жеткіздім.
Мәселен, оқушылар сабақ барысында өз іс-әрекетін
бақылай отырып, өз-өзін, өзінің сыныптастарын
бағалайды.
Аталмыш
тәжірибеден
мынадай
қорытынды шығардым: бағалау еркі өз қолдарына
тиген оқушылар бағалау парағын толтыруда өте
әділетті баға береді екен. Оқушылардың білімін ортаға
салып балалармен бірге критерийлерді талдау
барысында олар өз ойларын еркін айта білді.
Ой қорытындылау кезеңінде оқушылардың топта өз
білетіні мен жаңа ақпараты байланыстыра отырып
негізгі білімді игерту және рефлективтік ойларын
әлеуметтендіртіп
нақты
тақырыпты
толық
меңгергендерін сыныпта қорытындылату болды..
Оқушыларға сабақ барысында өз іс-әрекетін бақылай
отырып, өз-өзін, өзінің сыныптастарын бағалауды
мақсат еттім. Ал үйге тапсырма « Қытай жазба
деректері мен парсы деректерінің ежелгі қазақстан
тарихын оқып үйренудегі алатын орны»
деген
тапсырмасын венн диаграммасына салу , салыстыру.
Сабақ бойы диологтік оқыту болды. Теорияда
көрсетілгендей сабақ барысындағы әлеуметтік өзара
іс-әрекеттер білім алуда маңызды рөл атқарады.
«Мұғалім-оқушы»
және
«оқушы-оқушы»
жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамыту мен
мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды( МН 29
беттен) деген тұжырымға толық көзім жетті.
Мен осы сабағымда өз алдыма қойған
мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Алайда топтық
жұмыс кезінде әр оқушының қағазға түсірген ойын
жете қадағалап бақылай алмадым. Келешекте мұндай
қателікке бой алдырмау үшін әр баланың жасаған
жұмысын қадағалап, бақылап, оқушылардың еңбегін
зерделеп отыру қажеттігін ұғындым. Ал бағалауда
мынадай қорытынды шығардым: бағалау еркі өз
қолдарына тиген оқушылар бағалау парағын
толтыруда бір біріне көтеріңкі
баға берген .
Оқушылардың білімін ортаға салып балалармен бірге
критерийлерді талдау барысында олар өз ойларын
еркін айта білді. Уақытты тиімді пайдалана алмадым
себебі оқушылар шапшаңдыққа дағдыланбаған.
Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан
қарастыратын болса, мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым-қатынас, түсіндіруден түсінуге, монологтан
диалогқа,
әлеуметтік
бақылаудан
дамытуға,
басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу болып табылады.
Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушымен қарымқатынас, оқушылардың өзара түсінуі, оларға
шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.
Сыни ойлау философиясындағы басты мақсат:
оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше
игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді
үйренуі керек. Білім алу оқушы тұрғысынан белсенді
процесс болуы қажет, тек белсенді түрде жұмыс жасай
отырып, ол қандай да болмасын білімді игереді. Сын
тұрғысынан ойлау әрбір оқушыны терең ойланып,
философиялық тұжырым жасауға бағыттайды. Өмірде
ең керекті білік пен дағды – қоғамда қарым – қатынас
құра білу, басқа адамдармен тіл табысу екендігін
ескере отырып, әр сабақта оқушы оқытудың басқа да
қатысушыларымен (оқушылар мен ұстаздар) араласып
коммуникативтік қарым – қатынас процесінің белсенді
мүшесіне айналады, әрі ұжымда, қоғамда, әлеуметте
қалайша өзара байланыс құру мәселесі төңірегінде
ойланады. Жоғарыдағы талаптардың орындалуын
ескере отырып, сабақтың үш кезеңінде оқушылардың
проблеманы шешуге, өз ойларын дамыту мақсатында
әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше
мән бердім. ЖИГСО – 1, бірлесе оқу, үш қадамды
сұхбат, эссе, еркін жазу, хат жазу, дөңгелек стол,
болжау, оқырман жауабы, бірлесе жазған әңгіме,
сауалнама т.с.с. стратегияларды қолданудың тиімділігі
анықталды. Бұл әдісті қолданғандағы қорытындым,
сабақта СТО - әдісін қолдана отырып, оқушының
ойымен санасатын, өзімді, оқушыларымды жаңа
қырынан таныдым десем болады. Тарих пәнін басқа
жағынанда,
өмірмен
байланыстырып
тануға
болатындығын көрсетіп берді. Келешекте осы әдіс-
арқылы сабақтарымды өтіп ой-өрісі дамыған,
қабілетті, дарынды, талантты азаматтар тәрбиелеп
шығамын деген сенімім мол. Жалпы бұл әдісті бұдан
кейінгі сабақтарымда да қолдандым. Бірақ зерттеу
жасаған кезде осы модуль бойынша диалогты
оқытудың әдістерін «Блум» таксономиясын негізге ала
отырып сұрақтарын пайдаландым. Топтық жұмыс
кезінде
оқушылар
бір-бірлерімен
ақылдасты,
пікірлесті. Маған айта алмаған ойларын топтық және
жұптық жұмыс кезінде айта білді. Диалогтік оқыту
әдісінің тиімділігін байқадым. Оқыту барысында
диалогтік әдіс арқылы өзіндік ой-толғамын жеткізе
алатын, өз ойын қорғай алатын, дәлелдей алатын
оқушыны тәрбиелейміз. Сондықтан да болашақ істәжрибемде диалогтік әдісті кеңінен қолдана отырып,
оқушылар қызығушылығына ие болып, жалғасын
табатынына сенімім мол. Сондықтан жоғары сынып
оқушыларын
қажетті
білім
негіздерімен
қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын жан
жақты меңгерту үшін оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін
дұрыс таңдап алып отырдым. оқушылар сұхбаттасу
арқылы, зерттеу жұмысы барысында топтағы әркімнің
идеясын мұқият тыңдап өз жауаптарын түзетуге,
нақтылауға және дұрыстау арқылы, әлуметтену ой
талқылауда түйінін шешуде диологтік оқытудың
тиімділігін зерделедім.
Чех педагогы Коменский
«Мұғалім -мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен
қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын
тынымсыз жалын иесі» деген. Сондықтан мен сыни
тұрғыдан ойлау технологиясын қолдана отырып,
нәтижелі әдіс –тәсілдерді меңгеретін, жұмысына
қызығушылық танытатын, жоғары нәтижеге жете
алатын, озық ойлы, шығармашылық бағытта жұмыс
жасай алатын, ізденімпаздық қабілеті дамыған, жұпта,
топта бірлесіп жұмыс жасай білетін, бір-бірінің сөзін
тыңдай білетін, құрметтей білетін, еркін қиялдайтын өз
пікірін топ алдында қорғай алатын оқушы
қалыптастырамын деп ойлаймын.
Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп
Мұғалім ойы
Осы курска келгеннен бастап менің істәжірибемде үлкен өзгерістер пайда болды. Бүгінгі
заман талабына сай мұғалім біліктілігі еліміздің бүкіл
білім беру жүйесінде басты
орын алып отыр.
Сондықтан да заман талабына сай кәсіби мұғалім
жаңа технологияны меңгеруде талабы жоғары болуы
тиіс. «Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру»
курсының
мақсаты- мұғалім іс тәжірибесіне
өзгерістер енгізу. Осы тұрғыда ол өзгерістер мұғалімге
де, оқушыға да үлкен нәтиже беруі тиіс деп
ойлаймын. Көрнекті педагог А.С.Выготский баланы
дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын
дәлелдей келіп, бала дамуының екі түрлі ортасы
болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы –
айналасындағы үлкендердің әсері, қабілетімен еркін
атқара алатын іс-әрекеті. Екінші ортасы – сабақ
үстіндегі әрекет. Біздің әрекетіміз – баланың сабақ
үстіндегі әрекетін ұйымдастыру, әрекет нәтижесін
байқау, қабілетімен еркін атқара алатын ісі, соның
нәтижесіндегі тұжырымына көз жеткізу болып
табылады.
Теориядағы алған білімімді одан ары қарай
дамыту мектепте жасаған іс-тәжірибеммен ұштасты.
Мектепке алғашқы күні барғанымда мектеп
директоры Светлана Мақсотқызы Тайпақова және
әріптестерімнің ең бірінші қойған сұрақтары:
«Курстың негізгі мақсаты қандай?»
Бұл
курста
өзіміздің
дәстүрлі
оқытуда
оқушыларымыздың оқуға деген ынтасының неге
төмендігін түсінгендігімді, көптеген қателіктер
өзімізде, сол қателіктерді жоюда осы курста үйренген
Тренер ойы
жаңа әдіс-тәсілдердің болашақта оқушыларды тиімді
оқытуға жол ашатынын айттым. Әріптестерім
сабағыма қатысып көруді сұрағандықтан, мен оларға
еш қарсылықсыз, керісінше қуанышты екенімді
білдіріп келістім. Мектеп басшылары сабақты
жүргізуде үлкен көмек көрсетіп, қолдау көрсетті.
Мектеп басшылары менің сабағымда болып,
сабақтың жаңа әдіс-тәсілдерінің өздеріне жақсы әсер
алғандарын, әсіресе, оқушылардың барлығының
сабаққа қызыға жеке, жұпта, топта жұмыс жасаулары
өте таң қалдырғандарын айтты. Өздері де осы
бағдарламаны игергілері келетінін ашық түрде айтты.
Мұның өзі менің ықпалымның әсері екенін байқауға
болады.
Мектептегі тәжірибе кезінде іс-тәжірибеме
өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымда да
түбегейлі өзгеріс болды. Өзгеріс дегеніміз – жаңа
тәсілдер. Ал оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің негізі –
топқа бөлу. Алғашқы сабағымда оқушыларға
суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлдім. Топқа
бөлудегі
мақсатым
оқушылардың
арасында
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Себебі,
сыныптағы оқушылардың арасындағы психологиялық
ахуал, ынтымақтастық атмосфера бүкіл 45 минуттағы
оқушылардың білім алуына әсерін тигізеді.
Сондықтан да бұл өте тиімді әдіс болды. Келесі
сабақтарда да «Бүгін топқа бөлінеміз бе?»- деген
сұрақтарды оқушылардан есту маған жақсы көңіл-күй
сыйлап, өз жұмысыма деген сенімімді арттыра түсті.
Топтық жұмысты тек ашық сабақтарда ғана
пайдаланатынмын.
Топтық жұмыс, біріншіден,
оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады.
Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден,
бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай
жасайды. Төртіншіден, көшбасшыны анықтауға
мүмкіндік береді. Бұл – менің тәжірибемде енгізген
ең басты жаңалық болды. Осы жерде айта кететінім
топтық жұмыс кезінде оқуында кедергісі бар
оқушылар
дарынды
оқушылардан
берілген
тапсырманы көшіріп жүрді. Практикамның соңында
нашар оқитын оқушым өздігінен жұмыстанып алға
қарай нәтиже берді.
«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» бойынша
жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинауға
болады. Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану
балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік
береді. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені
білетітін, нені меңгеретін, нені меңгергенін білуге
болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда
болып, жанындағы оқушыдан қалыс қалмау үшін
сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.
Әр сабаққа мақсат қойып, күтілетін нәтижені
анықтап, олардың сабақ барысында не арқылы
бағаланатынын көрсетіп отырдым. Мақсатқа жету
оқушылар арқылы жүзеге асты. Оқушы басты тұлғаға
айналды, ал өзімді білімді беруші ғана емес,
танымдық
іс-әрекеттерді
ұйымдастырушы,
бағыттаушы, баланың қабілетін ашушы тұлғаға
айналғаныма көзім жетті.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақтарда және
тәрбие үрдісінде жүйелі түрде қолданып, жұппен
жұмыс, топпен жұмыс, топтағы жеке жұмыс түрлерін
ескеріп отырдым. Сынып бөлмесіндегі өзгерістерім
топ ережесі құру, сабақтан кейін жазу, парталардың
орналасуы.
Сабақтың мақсатында әртүрлі стратегиялардың
тиімді қолданылуына ерекше мән бердім. 10 «а»
сыныбындағы « Ежелгі Қазақстан тарихы жазба
деректерде»
тақырыбындағы
сабақта
қызығушылықты оятуда «Семантикалық карта»,
мағынаны тануда «Кубизм» әдісін, ой толғаныста
«Венн диаграммасы», қорытынды бөлімде «Блум»
таксономиясын негізге ала отырып сұрақ- жауап
әдістерін
қолданудың
тиімділігін анықтадым.
Сонымен қатар,
диалог арқылы сыни ойлауды
дамыту іске асты. Себебі, бұл әдіс оқушылардың
жүйелі ойлауы, түсінуі, талдауы, әңгімелесу, диалог
арқылы орындалады. Диалогта ой ауысып отыратыны
белгілі, сондықтан әңгімелесушілер арасында бірбірімен ақпарат ауысып отырды. Күнделікті сабақта
жаңа материалдарды меңгеру және бекіту кезінде,
жаттығуларды ұйымдастыруда диалогтік әдісті
қолданамын. Осының бәрін әңгіме түрінде іске
асырып отырамын. Әңгімелесе білу диалогтік тілді
үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып
табылатынын байқадым.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың дамуы білімді бағалау және
пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды
талап етеді. Осыған байланысты білім беруде
қолданылатын
әдіс-тәсілдер,
әдістемелер,
технологиялар жаңартылып отырады. Ақпараттықкоммуникациялық технология оқушыларға ғылыми
ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,
түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге
сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып
отыр. Мен бұған дейінде сабағыма ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып
жүрдім. Қашықтықтан оқыту кезіндегі тәжірбиемде
сабақтарда
интернет
арқылы
бейнероликті
пайдаландым. Сабақта ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану ақпаратты білуге жол
ашады және білім сапасын арттырады. Әр мұғалім
сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру
үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып,
соның
ішінде
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану арқылы білім берсе,
оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың
оқушы қызығушылығын арттырады және есте
сақтауға көмектеседі. Өйткені, естігеннен, оқығаннан
гөрі көзімен көрген есте жақсы қалады.
Мен
негізі
курска
дейінгі
тәжірбиемде
формативті және суммативті бағалау біржақты, яғни
көбіне мұғалімнің жағынан болатын еді. Сол себептен
бағалауда бағаның дәл қойылмауым, оқушының
танымдық
қабілеттерін
есепке
алмауым,
салыстырмалы түрде бағалауым, бір жақты
бағалауым, кері байланыстың жоқтығы, баланың
немесе
ата-ананың
бағамен
келіспеуі
осы
қиындықтармен кезігетінмін.
Курстың бірінші бетпе-бет кезеңінен кейін
бағалаудың
кейбір
әдістерін
соның
ішінде
тақырыптар бойынша оқушылардың білімін бағалау
өлшемдерін (өз-өзін бағалау және бірін-бірі бағалау)
шығаруды ұйғардым. Бұл жерде, мұғалім жалғыз
бағалаушы болмайды, өйткені оқушылар тақырыптық
өлшемдер бойынша өздерінің сыныптастарын және
өздерін бағалауға белсенді қатысады. Нәтижесінде
оқушылар бағалауды үйреніп, өзінің оқуын, бағасын
жақсарту үшін мұғалімнен, сыныптастарынан құнды
ұсыныстар мен ақпараттар, бағыт-бағдар алады.
Осындай әрекет негізінде оқушыларда бағалау
икемділіктері: дұрыс сұрақ қоюы, өлшемдер бойынша
өзінің және сыныптастарының жауабын бірге талдап
бағалауы, олармен кері байланыс дамиды.
Жалпы, білім беру мен оқудағы жаңа әдістәсілдер оқушылар тарапынан еш наразылық
тудырған жоқ. Қайта қызығушылықтары оянып
белсенділіктері артты.
Ал маған жаңа тәсілді енгізудегі қиындық
уақыттың аздығы болғандықтан зерттеу жұмыстары
толық жүзеге аспады. Болашақта бұл кедергілер
уақыт өте қалыпқа келеді деп ойлаймын. Ал өзіме
келетін болсам, кәсіби қызметіме көзқарас мүлдем
өзгерді
деуге
болады.
Әріптестер
жаңа
бастамаларыма қолдау көрсете білді. Өзім
жоспарлаған әдіс-тәсілдерді сабақтарымда қолдана
алдым. Оқушылармен қарым-қатынас бұрынғыдан да
тығыз бола бастады. Қазіргі мектепке бұл методика
керек деп ойлаймын. Мен өз ойымды ұлы
ғалымдардың сөздерімен аяқтаймын. "Ұстаздық
еткен жалыкпас, Үйретуден балаға", "Адамның
адамшылығы жақсы ұстаздан болады"- деп айтқан
екен
ұлы
Абай
атамыз.
Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: "Мүғалім мәңгі
нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл
әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятьн тынымсыз
жалын иесі", — деген.
Іс-әрекетіңіз яғни тәжірибеңізді теориядағы
ғалымдар сөзімен байланыстырылган
Жалпы
керемет. Аман
Тізбектелген сабақтар топтамасы жайлы рефлексивтік есеп
Мұғалім ойы.
Заман
ағымына
байланысты
оқушылардың
білімге
қызығушылығын арттыру үшін мүғалімдерге жаңа талаптар
қойылуда. Осы мақсатта мен 3 айлық курсты оқыдым. Нәтижесі
оқушыға қалай оқу керектігін үйрету болып табылатын 7
модульдық жаңа бағдарлама негізінде жаңа әдіс-тәсілдерді оқу
арқылы біліктілікті жетілдіруім – мен үшін үлкен мәртебе болды.
Курс мазмұны айқын және қол жетімді болғанымен, жаңа білімді
практикамен ұштастыруды, өз бетімше жұмыс жүргізуді өзіндік
талдау мен рефлексиялық қабілеттің болуын талап етті. Осы
бағдарлама менің ұстаздық өміріме баға жетпес өзгеріс енгізді.
Мектепке алғаш барған күні мектептің педагог-психологынан 10
«а» сынып оқушыларының қысқаша психологиялық мінездемесін
алдым. Сынып ұжымына, ондағы психологиялық ахуалға
сипаттама
берді.
Сынып
оқушыларының
әрқайсысының
темпераменті туралы ақпарат алдым. Сол арқылы қай оқушымен
қалай қарым-қатынас жасау керектігі, оның әрекеті туралы
болжауға болады. Оқушылардың басым көпшілігі тоғызыншы
сыныптан бері бір сыныпта оқып келеді. Олардың білімге деген
ынталары жоғары. Мен бұл сыныпқа бірінші жыл сабақ беремін.
Онда әр оқушы өзіне және сыныптағы басқа оқушыларға сыни
тұрғыдан қарап, жүйелі жұмыс істеуге бейім және де топта өте
ұйымшыл , жұптасып жұмыс істеу қабілеттері жақсы қалыптасқан .
Жұмыс барысында әр сабақ сайын оқушылармен топтың
ережесін еске түсіріп отырдық.
Сабақ бойында бірнеше рет топтарды ауыстыру арқылы
деңгейлері әртүрлі оқушыларды топқа жинақтаған кездер болды.
Оқушылар қалай топтасса да сабаққа белсене араласып,
тапсырманы бір кісідей орындауға тырысты. Топ ішінде жұптық
тапсырма орындау сыныпта ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыруға үлкен әсер етіп отырды. Топтық жұмыстар кезінде
оқушылар топ ішінде өз ойын еркін айтуға мүмкіндік алды. Өзгені
тыңдай отырып, өз қателігін түсіну немесе басқаға дұрысын
түсіндіру арқылы өз білімін өзі жетілдіретінін, өзін-өзі
дамытатынын байқадым. Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіру
мақсатында бізге ұсынылып отырған бағдарламаның жеті модулі
қарастырылды. Курс барысында «Диалог арқылы оқыту» мен
«Қалай оқу керектігін үйрету» атты педагогикалық тәсілдердің
маңыздылығын тереңдете зерделедім. Мұғалім мен шәкірт
арасындағы сұхбат арқылы білім алушылардың өзіндік ой-пікірі
Тренер ойы
жүйеленіп, ал метасана арқылы оқушыларға оқуды өз бетінше
жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге септігін
тигізетініне көз жеткіздім. Осы тәсілдерді меңгеру арқылы білім
беруде табысқа жететініме сенім ұялады. Осы диологтік оқытудың
әдіс-тәсілдерін өз сабақ барысымда қолдану нәтижесінде білім
алуымда жақсы жетістікке жеткенімді байқадым. Нәтижесінде
оқушылардың өзара сұхбаттасуында бір жүйелілік пайда болуы,
өзіндік ой-пікірін нақтылауы, өзін өзі реттеуі және дербестігі
қалыптасады, оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау
жауапкершілігін түсінуі, сыныпта оқушылардың сенімділік
сеземдері пайда болды, ынтасы мен белсенділігі артты.
Сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяның шынайылығы
мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу
қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың
идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндірілді.
Сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерін қолдану
тиімділігін, жеке, жұппен, топпен жұмыс барысында баланың
белсенділігін арттыруға, сабаққа қатысуын бақылауға болады.
Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр
оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз
ойларын ортаға салуы маңызды. Ой шақыру кезеңінің басты
міндеті – алдағы жұмыстарға оқушылардың қызығушылығын ояту,
дайындау.
Мұғалім
мен
оқушы
арасында
мәдениетті
коммуникация, яғни қарым-қатынас орнатудың маңызын түсіндім.
Курс
барысында
бағдарламаның
ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың сандық түрін пайдалана
отырып, тәжірибеде мұғалім уақытының ұтымды қолдануға
болатынына көзім жетті. Сонымен бірге, аталған технологияларды
сабақ беру үдерісінде қолдана отырып, мен өзімнің оқушыларға
бұрынғыдай сабақ бойы білім беруші емес, тек бағыт-бағдар
беруші нұсқаушы ретінде сезіндім.
Қазіргі білім саласында талантты да қабілетті оқушыларға
тереңдетілген білім берудің жолдарын курс кезінде жан-жақты
үйрене
келе,
дарынды
шәкірттердің
қажеттіліктерін
қанағаттандыратын білім беру мен оқытудың сараланған
стратегияларын таңдау жөнінде білім алдым. Дарындылық белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам
қабілеті дамуының жоғары деңгейі. В. Кутецский өзінің
математикалық қабілеттіліктің құрлымын зерттеген еңбегінде :
« Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер
деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше
қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады», - деп
тұжырымдайды. Эйр талантты және дарынды оқушыларды оқыта
білетін мектептердің оқу бағдарламасын өзгерту арқылы мектептегі
барлық оқушылар үшін күрделендіру және акселерация моделдерін
қолдана алатындықтарын айтады. Ол үш тармақты пайдалану
арқылы Меркер және Нильсонның өсу жоспарын өзгертудің
моделін бейімдеп жасады:
 Мазмұнына өзгерістер енгізу
 Әдісті өзгерту
 Білім берудегі өзгерістер
Бұл стратегиялар сыныптағы дарынды және талантты оқушыларды
анықтауда көп көмегін тигізді. Кембридж білім беру жобасы
барысында үйренген оқытудың әдіс тәсілдерінің көмегімен
сыныпта ерекше қасиеттерімен ерекшеленетін шағын топтарда
орындалатын тапсырмалар дайындадық. Топ құру кезінде барлық
оқушылар үшін тиімді оқыту үдерісін ұйымдастырдық. Топтық
жұмыс жекелеп саралау мақсатында да қолданылды.
Ал оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру
және оқыту арқылы әр түрлі жас шамасындағы балалар дербес,
жеке тұлға ретінде өз-өзін бағалауға және өзін реттеуге
жауапкершілікпен қарайтынын ескере келе, бұл модуль оқу
үдерісінде аса маңызды демократтық көзқарас, еркін пікірді
қалыптастыруға мүмкіндік беретінін зерделедім.
Дәстүрлі білім жүйесінде мен баға қоюды тек техникалық
тәсіл ретінде әрі ауызша, жазбаша түрде ғана бағалайтынмын. Ал
курс кезінде оқыту үшін бағалау білім беруді жетілдіру
проблемаларын шешудің маңызды мәселесі екеніне көз жеткіздім
де, формативтік бағалау мен сумативті бағалаудың ара жігін
ажыратып, тиімдісін тәжірибеде қолданып, нәтижесіне қол
жеткіздім. Мәселен, оқушылар сабақ барысында өз іс-әрекетін
бақылай отырып, өз-өзін, өзінің сыныптастарын бағалайды.
Аталмыш тәжірибеден мынадай қорытынды шығардым: бағалау
еркі өз қолдарына тиген оқушылар бағалау парағын толтыруда өте
әділетті баға береді екен. Оқушылардың білімін ортаға салып
балалармен бірге критерийлерді талдау барысында олар өз ойларын
еркін айта білді.
Сабақ барысында оқушылардың жұмыс істеу бағытын
қадағалау арқылы өзімнің көшбасшылық қабілетімді арттыра
алдым. Яғни әр оқушының еңбегі, жасаған жұмысын бақылауда
мұғалімнің қолпаштау, мақтау, демеу, сыныптастарымен
салыстыру арқылы бағалаудың жаңа қырын меңгердім. Курстан
алған білімімде мұғалімнің өз тәжірибелері туралы ой-тұжырым
жасай отыра, өзіме өзім сыни тұрғыда бағалау жүргізу керектігін
білдім.
Оқу мен оқу тәжірибесінде өзгеріс енгізу және оларды басқару
жөніндегі рефлексия мұғалімнің алған тәжірибені болашақ
практикасында пайдалануға болатындығын дәйектейді. Бұл оқыту
мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдерді терең зерделегенін және
пайдаланғанын барынша көрсетіп, мұғалімнің өз тәжірибесіне
өзгерістерді енгізу тәсілдерін паш етеді.
Мұғалімнің
рефлексиялық
қызметінің
мақсаты:
педагогикалық әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп,
олардың мәнін, алынған нәтижесінің
«дұрыс», не «бұрыс»
болғанын, әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына
байланысты өзіндік көзқарасын білдіру,
орындалып өткен
әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда
дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың
жобасын жасау мүмкін болады.
Көрнекті ғалымдар Ш.А Амонашвили, В.И Загвязинский
педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады.
Мектептегі тәжірибе кезіндегі іс-әрекетімді талдай отырып,
тапсырмалар
мен
сұрақтар
оқушыға
түсінікті
тілде,
қызығушылығын, зерттеушілік қасиетін ашатындай берілсе сабақ
ынтымақтастықпен жүретінін ұқтым. Топтық, жұптық жұмыстар,
диалогтық зерттеушілік, әңгіме-дебат әдістерін де тиімді пайдалану
оң әсерін тигізді.
Осылайша сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты
жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз
байланысты. Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан
алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі
белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге
асырылады. Мұндай оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы
және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде
қарастырылады.
Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады.
Бірінші, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты
болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін,
яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара
байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында
жүргізіледі.
Оқытуды бағалаудағы
екінші тәсіл жай ғана кәсіби
міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі, көбірек күшжігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше көңіл
бөлген. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді
болғандықтан, оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылуы мен
құзыреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін саралай да
білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен
әлеуметтік ортасының сипатын, мүмкіндіктерінің дәрежесі мен
қолжетімділік деңгейін білу қажет.
Оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту
өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге
қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың
игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара
жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не
істеу керек?» деген табыстылық өлшемдер арасында
алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін
мұғалімдерді;
Бастапқы
идеядан
өзге
идеяларды
өрістете
байланыстыратын
және сол идеяларды оқушылардың
өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап,
толықтырып,
тереңдетіп
бере
алатын
мұғалімге
бағытталған. Бұл – дайын білім мен идеяларды ұсыну емес,
оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруы болып
табылады.
Жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену барысында мектептегі істәжірибемде жіберген көптеген кемшіліктерімді көре білдім. Мен
бұған дейін сабағымды дәстүрлі формада өткізіп отырыппын, яғни
оқушылар сабақ үстінде өздерін еркін сезінбеген, мұғалімнің
үстемдігі басым, тек талап ету болыпты. Ал осы курстың оқуы
негізінде оқушылардың дербестігін қалыптастыру әдістерінің
тиімділігін зерделедім. Содан мұғалім өзінің теориялық білімі
арқылы оқушы бойына сенімділік көзқарасын қалыптастыруға зор
ықпал етіп, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен
сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Енді
жоспарды жасаған кезде оқушыны өз пікірі қалыптасқан, еркін
тұлға ретінде дамытуды ескере отырып, ең бірінші оқуға ынтасы
мен қызығушылығын тиімді жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы
құруға болатынын түсіндім.
Тәжірибе барысында оқушыларым жаңа әдіс тәсілдердің
өздеріне сондай ұнағандығын, сабақта достарымен ұжымда
әлеуметтік ой талқылауда бірлесіп шешім қабылдауы, бұрын
сабаққа ынтасы болмаса, енді сабаққа белсенді түрде қатысқылары
келетіндерін айтты.
Менің ендігі мақсатым:
курста үйренген әдіс-тәсілдерді, бағдарлама бойынша алған жаңа
білімімді өзімнің тәжірибемде толығынан қолдану;
сабақ беру барысында дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгерту;
ақпараттық-инновациялық технологияларды жетік меңгеріп, өз
уақытымды тиімді пайдаланып қана қоймай, оқушылардың
қызығушылығын ояту;
білім берудегі басқару мен көшбасшылық формасын өзгерту;
оқу барысында таланты, дарынды оқушылармен жеке жұмысты
қалыптастыру;
оқушылардың өз-өзін еркін түрде бағалауға үйрету.
Сабағымды оқытуды түрлендіріп жаңаша ұйымдастыруды,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды,ынталарын
көтеруді,әлеуметтік
қарым қатынасты нығайтыруды алғы
мақсатым етіп отырмын.
Теориядағы алған білімімді одан ары қарай дамыту мектепте
жасаған іс-тәжірибеммен ұштасты. Мектепке алғашқы күні
барғанымда мектеп директоры Светлана Мақсотқызы Тайпақова
және әріптестерімнің ең бірінші қойған сұрақтары: «Курстың
негізгі мақсаты қандай?»
Бұл курста өзіміздің дәстүрлі оқытуда оқушыларымыздың
оқуға деген ынтасының неге төмендігін түсінгендігімді, көптеген
қателіктер өзімізде, сол қателіктерді жоюда осы курста үйренген
жаңа әдіс-тәсілдердің болашақта оқушыларды тиімді оқытуға жол
ашатынын айтым. Әріптестерім сабағыма қатысып көруді
сұрағандықтан, мен оларға еш қарсылықсыз, керісінше қуанышты
екенімді білдіріп келістім. Мектеп басшылары сабақты жүргізуде
үлкен көмек көрсетіп, қолдау көрсетті. Мектеп басшылары менің
сабағымда болып, сабақтың жаңа әдіс-тәсілдерінің өздеріне жақсы
әсер алғандарын, әсіресе, оқушылардың барлығының сабаққа
қызыға жеке, жұпта, топта жұмыс жасаулары өте таң
қалдырғандарын айтты. Өздері де осы бағдарламаны игергілері
келетінін ашық түрде айтты. Мұның өзі менің ықпалымның әсері
екенін байқауға болады.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа