close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
6 «В» сыныбында өткізілген екі «LC» сабағы бойынша рефлексивтік есеп
(І деңгей мұғалімі Н.Ирбаева)
Мектептегі көшбасшылық жұмысымды І деңгей бағдарламасын аяқтаған бірге
жұмыс істейтің әріптестеріммен ақылдаса келе, бәріміз бір зерттеу тобын құрып,
мектептің даму жоспарында көрсетілген «LC» үдерісін 6 – 7 сыныптарда жалғастырып
жатырмыз. Біз өз тәлімгерлерімізбен және І деңгей мұғалімдерімен 6 «В» сыныбында
«LC» үдерісін бойынша екі мәрте зерттеу сабағын өткіздік.
Сабақ өкізудің алдында зерттеу үдерісіне қатысатын мұғалімдер бірнеше рет
«LC» үдерісінің жоспарын қарастырыдық. Зерттеу барысында бақылауға алынатын
оқушыларды анықтап, оларды қалай бақылаймыз? кімдер сабақ өтеді? Бақылау жолдар
мен бақылау парақтарын қарастырып, талқылау жүргіздік.
Топтың «LC» үдерісі бойынша жұмыс жоспарын талқылау барысы
Жалпы 6 «В» сыныбында зерттеу үдерісіне қатысатын мұғалімдер тобы мынадай
құрамда:
Мектеп директоры
І деңгей тәлім алушы
І денгей тәлімгері
директор орынбасары
Шатырбекова.А
Г. Абильдаева.
ІІ денгей мұғалімдері:
І деңгей мұғалімдері:
Н. Ирбаева. Р. Сейданова.
П. Ангаралиева.
Тәлімгер және тәлім
алушы мұғалімдер
Байжанова.С. М. Сералиева
Ш. Ахунова
Екі коучинг сабағынан кейін сыныпты зерттеуде оның жоспарын қарастыруға, бірінші
сабақты жоспарлауға кірістік.Сыныпты зерттеу барысында оқу жоспарын, орта мерзімді
жоспарға,ал сабақ жоспарын қысқа мерзімді жоспарға ауыстыру арқылы сабақ үдерісін
бастауға дайындалдық.
Сонымен сабақ үдерісін бастадық.1-сабақтан бастап төмендегі үш оқушыны
бақылауға алдық
Үлгерімі жақсы
оқушы А
Орташа
оқушы В
Төмен
С оқушы (Д)
Өтілген бірінші сабақта сыныптың топтық жұмысқа жақсы бейімделгені
байқалды, сондай - ақ сабақ үдерісіне топтық жұмыс формасында сыни ойлау, диалогті
оқыту, өзара бағалу,кері байланыс әдістерін қостық.
А оқушы тапсырманы бірінші болып орындаса, В оқушы жақсы дегенменде баяу болды.
Бастапқыда С оқушы бұл сабақта мүлдем шет қалып қойды, топтығы лар Д - ға
көмектессе де, айт, қайтала десе де жұмыс жасауға зауқы бара қоймады.
Мұғалімнің« Данил» сен неге жауап бермейсің,қане сен айта қойшы деген сұрақтарына
күлді де қойды.Топта іс әрекетке араласа алмады десем болады. Мұғалім «сен мұны
істей аласың» қане жасап көрші деп,оқушыны білім алуға,үйренуге мадақтай отырып,
жұмылдыру жолын таптқандай болып, біз сенің пікірің мен көз қарасыңды білгіміз
келеді, айтшы, әлде сенде ол жоқ па? дегенде, алайда С бар деп жауап берді.
С оқушы сабақ басында қалай отырса, сол қалпында аятады
Мұғалімнің ( І деңгей мұғалімі П. Ангаралиева) сабағында айтылған (Кэрол Двектің
сөзін, мадақтай отырып сабаққа жұмылдыруға тырысуы) ескере отырып,дұрыс әрекетке
барғанына риза болдым.Сабақ соңында стикерлер тарқатылып не білдім,не білімін,не
білгім келеді және бүгінігі сабақтың қалай өткені туралы жазуларын сұранды.
Рефлексия позитивті алайда С оқушымызды сабаққа тарта алмадық. Жоспарды
қайта қарап, неге С оқушыны қызықтара алмадық деген үлкен сұрақ туындады?
Ойлану керек!. Зерттеу тобы тағыда жоспарды қарап шығуды жоспарладық.
«LC» үдерісі тобының мұғалімдері екінші сабақтың өтілу жоспарын қарастыру
үстінде.
Екінші «LC» үдерісі бойынша оқушыларды зерттеу сабағын өткен менің тәлім алушым
қазақ тілі пәнінің ІІ деңгей мұғалімі С. Байжанова.
Сабақтың тақырыбы: Ертегі айтайық.
Мұғалім сабақ барысында оқыту мен оқу барысындағы жаңа әдіс – тәсілдер, ( жеті
модульді) кіріктіре отырып сабақ өтті.
Сонымен екінші «LC» үдерісі бойынша сабақ үдерісін бастадық.1-сабақтан
бастап төмендегі үш оқушыны бақылау жалғасуда
Үлгерімі жақсы
оқушы А
Орташа
оқушы В
Төмен
С оқушы (Д)
Топ постер жасауда
Еінші сабақта С оқушы азда болса топтағы досының көмегін қабылдап жұмыс
жасауға тырысты, бағалау қағазын біреудің көмегімен болсада өзі жазып тапсырды.
Десекте әліде өздігінен жұмыс орындауы, өзін еркін сезінуі өте баяу.
Сабақ соңында екінші «LC» үдерісі сабағына қатысқан топ мүшелері жалпы сабақты
талқылауға кірісті. Бұл сабаққа мектеп психологы З. Омраханова қатысып, С оқушы
бойынша өз пікірі мен ұсыныстарын айтты.
Мектеп директоры Г. Абильдаева және мектеп психологы З. Омарханова тақылау
жүргізіп, өз ұсыныс,пікірлерін айтуда.
Жалпы зерттеу сабағына қатысқан мұғалімдердің айтқан барлық ұсыныстары келесі
зерттеу сабақтарында ескерілетін болады.
Сабаты талқылау барысы
Өтілген сабақ бойынша өзіме түртіп алғаным жалпы топтың «LC» үдерісі
бойынша жасап жатқан жұмыс барысы дұрыс бағытта келе жатқанымыз.
Көпшіліктің ұсынысы бойынша келесі жолы сабақта С оқушыға жеке және жұптық
жұмыс ұйымдастыра отырып, өзіне жауапкершілікті жүктей , сабаққа қызықтыра іс
әрекетке баулуды жоспарлап көру.
Қорытынды ойым:
Мен өзім С оқушыны мадақтай отырып, сондай – ақ өзіне жауапкершілікті жүктей
отырып, сабаққа жұмылдыруға болады деп ойлаймын.
Екіншіден (менің көзқарас пікірім) С оқушыда сабаққа, білім алуға деген ешқандай
қызығушылық байқалмайды.
Сол білім алуға деген жоқ қызығушылықты біз С оқушының бойынан таба аламыз ба?
деген өзімде үлкен сұрақ болып тұр.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа