Маматаева Рана Сайрам ауданы, N12 Т.Рустемов атындағы гимназия мектебінің тарих пәні мұғалімі Тақырыбы: Сақ тайпасы Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға сақ тайпаларының қоғамдық құрылысы жайлы баяндау. Дамытушылық:Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды елін, жерін сүюге, тарихи жәдігерлерге құрметпен қарауға, өз елін мақтан тұтуға тәрбиелеу Өткен сабақты қорытындылау: “Жұлдызды сәт” шарты: берілген сұраққа жылдам, дұрыс жауап беру 1. Аттиланың өмір сүрген жылдары?400-453 ж.ж. 2. Ғұн мемлекетінің негізін салушы кім?Мөде 3. Рим империясына қауіп туғызған ғұн басшысы?Еділ патша (Аттила) 4. Ғұндар жөнінде маңызды дерек қалдырған рим тарихшысы:Аммиан Марцелин 5.Ғұндарда ұсақ қылмыстар үшін қолданған жаза:Айыптының бетін тілген 6. Ғұндардың ру көсемдері:Ақсақалдар 7. Ғұндарда опасыздық жасағандарға берілген жаза түрі:Өлім жазасы 8. “Еділ” атымен аталатын өзен:Волга Топтастыру әдісі: Жаңа сабақтың жоспары: 1) Сақтардың қоныстары 2) Сақ қоғамы 3) Шаруашылығы 4) Мәдениеті 5) Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі Алтын адам Сақ тайпалары: 1.Хаомоварға сақтары (хаомо ішімдігін істейтін сақтар), Мурғаб (Түркменстан) мекендеушілер; 2.Парадарая сақтары (теңіздің ар жағындағы сақтар) Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар; 3.Тиграхауда сақтары (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар) деп аталады. Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер. Қорытындылау: Терминдік сөздікпен жұмыс: • Анемизм - негізгі ата-баба әруағына сыйыну • Тотемизм – мәйітті сақтау үшін бальзамдау, мумиялау • Магия – мәйіттерге қызыл бояу жағу, қабір басына от жағу Сақ тайпаларының мәдениеті туралы не білесің? 1.Б.з.б. VІІғ. “Аңдық стиль” 2.Зергерлік өнер 3.Ағаш бұйымдары 4.Металл өңдеу Картамен жұмыс: Сақтардыңтерриториясын картадан көрсет Тарихи диктант Мал шаруашылығымен шұғылданған сақтар ------------, қой, ---------түйе өсірген.Егіншілікпен шұғылданушылар ------------, арпа, --------------еккен. Үйге тапсырма:оқу, сақ тайпасының қоғамдық құрылысы туралы әңгіме құрастыру.
1/--страниц