close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
ТАСИЛОВА НАЗИЯ АЙТБАЕВНА
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстан тарихы
кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
БАЙДАУЛЕТОВА МАДИНА
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстан тарихы
кафедрасының оқытушысы, PhD докторы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Орталық Азиядағы дәстүрлі
өркениеттерді зерделеудің» республикалық ғылыми-зерттеу орталығы
Қытай еліндегі әріптестерімен байланыс орнатты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған
«Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеудің» республикалық
ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы,
профессор Талас Омарбековтың бастамасымен Қазақстан мен Қытай
ғалымдары екі ел арасындағы байланыстарды нығайтып, болашақта бірігіп
жұмыс жасау мәселесін талқылау үшін дөңгелек үстел өткізді. Оған тарих,
археология және этнология факультетінің белді ғалымдары мен
оқытушылары, Қытай елінен Жақып Мырзаханұлы, Шыңжандағы Қоғамдық
ғылымдар Академиясы президентінің орынбасары Тянь Вэйцзян, Қоғамдық
ғылымдар Академиясының Тарих институтының директоры Цзя Цунцзян
қатысып, бүгінгі таңдағы тарих ғылымының негізгі мәселелері мен өзекті
проблемаларын талқыға салды. Мұнда Қазақстан мен Қытай елдерінің
ежелден бергі тарихи байланыстарының бастаулары сөз болып, екі ел
арасындағы саяси, экономикалық қатынастар сарапқа салынып, шекара
мәселесін әлі де мұқият зерттеу қажеттілігі әңгімеге арқау болды.
Профессор Талас Омарбеков бұл дөңгелек үстел барысында
қарастырылған мәселелердің маңызы жайлы айта келіп, екі ел арасындағы
байланыстар түптің түбінде үлкен табыстарға жеткізетінін ерекше атап өтті.
Қытай ғалымдары сол елдегі аз ұлттардың, әсіресе, қазақ, ұйғыр,
дүңгендердің Шыңжанның 1000 кітаптан тұратын ежелден бүгінге дейінгі
тарихына арналған еңбегін жариялауға атсалысқан. Сонымен қатар қазақ
тарихына қатысты деректерді аударып, жариялауға өзіндік үлестерін қосқан.
Зерттеуші Тянь Вэйцзяннің мәлімдеуінше қазақтар мен қытайлар арасындағы
этнотерритория жайлы түрлі пікірталастар бар. Бұл осы мәселені ғылыми
тұрғыда саралап, бірігіп зерттеулер жүргізіп, ортақ шешімге келуді қажет
ететін өзекті мәселелердің бірі екендігін атап өтті.
Ғасырлар қойнауына үңілер болсақ, көрші Қытай шекаралас мемлекет
ретінде ата-бабаларымызбен достық ынтымақта некелік одақтар жасауға
дейін барғанына көз жеткіземіз. Тарихымызға қатысты көптеген деректерді
сол ел мұрағатында мол екені баршаға аян. Сол мұрағаттық деректерге
қызығушылық ғалымдар тарапынан шамамен осыдан үш ғасыр бұрын пайда
болған. Ол деректерді өз кезінде зерттеушілер батыс еуропа және орыс
тілдеріне аударған. Ал қазақ тіліне аудару мәселесі енді ғана қолға алынып
жатыр. Кейбір құнды деректер әлі де өз зерттеушісін күтуде. «Орталық
Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеу» республикалық ғылыми-зерттеу
орталығының қызметкерлері «Орталық Азия көшпелілерінің этносаяси
байланыстарын зерттеудегі ежелгі түрік және ежелгі қытай деректерінің
рөлі» атты ғылыми жоба бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу үстінде. Бұл
жобада көне қытай деректері кеңінен пайдаланылады. Сондықтан бұл
әріптестік өз жемісін береді деп күтүлуде.
Қытайдан келген ғалымдар Қазақстан тарихына қатысты көне қытай
тілінде жазылған деректерді қазақ тіліне тәржімалаған «Қытай
жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері» деген атпен жариялаған
болатын. Бұл ғалымдардың ішінен ескі қытай тілін жетік меңгерген Жақып
Мырзаханұлын, Кәкеш Қайыржанұлын ерекше атап өтуге болады.
Ж.Мырзаханұл Қазақстанда өзінің «Ежелгі Үйсін мемлекеті», «Ұлы түрік
қағанаты» және т.б. сүбелі еңбектерімен танымал. Оның Қазақстан тарихына
арналған еңбектерінің құндылығы жоғары. Бұл автордың жетекшілігімен
жарияланған «Жұңгу тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» атты
төте жазумен жазылған кітаптың берері мол. Мұнда Көне бес әулет тарихы,
Жаңа бес әулет тарихы: Таңнама, Жыннама, Шетел шежіресі, Сұң тарихы,
Лиау тарихы, Алтын әулетінің тарихы, Иуан тарихы, Жаңа Иуан тарихы,
Жалпы жарғы атты бума деректер аударылған. Бұл деректер түрік
халықтарының тарихы мен Моңғол империясының негізін қалаған Шыңғыс
ханның және оның ұрпағының Орта Азия мен Қазақстанға жасаған
жорықтары туралы, құрған мемлекеті жайлы құнды мәліметтер береді. Кітап
соңында ғылыми қосымшалар мен хронологиялық, есім, ономастикалық
көрсеткіштер, ғылыми түсініктемелер берілген. Жинақты құрастырушы Ж.
Мырзаханұлы: «Бұл кітапта баяндалған тарихи оқиғалар тұсында қазақ
ұлтының аты бұл тарихи кітаптарға жазылмаған. Бірақ қазақ халқының тегіне
саятын үйсін, қаңлы, алан елдері сияқты бүгінгі қазақ халқының құрамына
еніп отырған кезіндегі найман, керейт, меркіт, қоңырат, қыпшақ, жалайыр,
оңғұт, байжігіт, дулат, тағы сол сияқты ұлыстар тарихқа айқын із салып
үлгерген. Бейне дария – өзендердің бастау көзі және сай-салалардан келіп
құятын тарам-тармақтары болатыны секілді, бүгінгі адамзат қоғамын құрап
отырған халықтардың баршасының тегі, түп төркіні және тарам-тармақтары
бар. Қазақ халқы да бұдан тысқары емес, сондықтан үшінші кітапта қазіргі
қазақ халқының құрамындағы белді ру-тайпалардың арғы ата-бабалары өмір
сүрген қоғамының уақыт пен кеңістіктегі өткен жолы аз-кем сөз болады», деп атап өткен.
Жиын қорытындысында біздің зерттеушілер Қытай ғалымдарымен
тарихтың түйінді мәселелері бойынша тығыз ғылыми байланыс орнатып,
табысты жұмыстар жүргізу туралы келісімге келді.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа