close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы, Қаракөл негізгі мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі: А.Ж. Бозшина
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: «Сағындым»М. Жұмабаев
Сабақтың мақсаты:
М. Жұмабаевтың өмір жолы меншығармашылығын айта отырып өлеңнің
көркемдік ерекшелігін таныту.
Өлеңді теориялық талдауға машықтандыру,шығармашылық жұмысқа үйрету.
Анасын,елін халқын қастерлеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Талдау сабақ ( ашық сабақ)
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау,сұрақ-жауап,сурет салу,әңгіме құрау
Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреті,кестелер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу,оқу құралдарын түгендеу,сабаққа
назарынаудару
2. Үй тапсырмасын сұрау
М. Жұмабаевтың өмір баянын сұрау, «Балалық шақ», «Қысқы
жолда»өлеңдерінің біреуін жатқа сұрау, біреуін мәнерлеп
оқытып,талдату.
3. Үй тапсырмасын пысықтау.
Кейіптеу дегеніміз не?
А. Құнанбаевтың қандай өлеңімен салыстыруға болады?
Екі өлеңін мағынасына қарай талдап, сурет салу.
4. Жаңа сабақ
Эпиграф. Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ-ұлтым үшін өлгенім. М. Жұмабаев
Тақтаға күннің жадын жазып,М.Жұмабаев «Сағындым»
Мұғалім өзі мәнерлеп оқып,содан кейін оқушыға оқытып, барлығы
бірігіп өлеңді мағынасына қарай талдайды.
5. Сергіту сәті: Адасқан әріптер (ойын ойнату)
6. Өлең құрылысына қарай талдау (тақтамен жұмыс)
7. Сөздікпен жұмыс (дәптерге жаңа сөздерді мағынасын ашып жазу)
8. Жаңа сабақты бекіту:
Топтастыру стратегиясы. Мағжан кім?, оның қандай өлеңдері,
поэмалары бар?
9.Поэзияға саяхат. 5-сыныпта өткен ақын жазушылардың өлеңдерінен
үзінді беріледі. Бір шумағын жатқа айтып,авторын табу керек.
Ау,қызғыш құс,қызғыш құс,,,
Ақ киімді денелі, ақ сақалды...
Таулардан өзен ағар сарқыраған....
8.Шығармашылық жұмыс:
«Егер адам білімсіз болса» суреттерге қарап отырып,әңгіме құрап жазу.
9. Үйге тапсырма: «Сағындым» өлеңін мәнерлеп оқып келу және қалаған
шумақтарын жаттап келу.
10.Бағалау
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа