close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Қызылжар ауылдық округі әкімінің
2015 жылы атқарған жұмысытуралы
Есебі
Құрметті есеп беру кездесуіне қатысушы халайық!
Бүгін, 2014 жылдың соның қорытындылай отырып, бұл жыл «Қазақстан2050» стратегиясың басты міндеттерін орындау мақсатында өткенін айта кетейік
және Ел басы Нұрсұлтан абишевич Назарбаевтың жылдың Жолдау «Нұрлы жол
– Болашаққа жол» айтты жолдауың жариялаумен өткізілді. Ел басы бұл жолдау
еліміздің экономикасын алға өрлеуін дамытады деп болжап отыр. Ауыл
шаруашылық, денсаулық, білім беру бағдарламалары арғарай дамытылады.
Ауылдық округ әкімінің жұмысы көп жақты, сондықтан өз жұмысымызды
жоспарлау кезінде, бірінші орынға біздің округ тіршілігінің басым бағыттарын
айқындаймыз.
Ал ең бастысы, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін топтасу, бірігу
қажет және біздің арамызда өзара түсіністік болуы керек, бұл біздің ауылдық
округ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттыруды
қамтамасыз етуге жол береді.
Бүгінде, біз мемлекет игілігі, ең алдымен ауыл экономикасынан
басталатының жақсы түсінеміз.
Қызылжар ауылдық округі 3 елді мекеннен тұрады:Акимовка, Оксановка,
Жаңатұрмыс - орталық. Ауылдық округтің жалпы ауданы 56915 га. Есепті жылы
15 бала туды, 11 адам қайтыс болды, 4 адам келді, 6 адам кетті.
Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты өз өкілетін Қазақстан
Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, басқа да
нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Барлық жұмыс ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере
отырып жасалған келешекке жоспар негізінде жүргізіледі.
Өткен жылы 6 ауыл жиыны өткізілді, оларда біздің ауылдың тіршілік-тынысы
мәселелері қаралды, Президенттің Жолдауы, көркейту және басқа да
проблемалы мәселелер талқыланды. Жұмыс жоспары бойынша ауылдық округ
аумағында туындайтын мәселелер бойынша 24 кеңес өткізілді. Халыққа
мемлекеттік қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін дер
кезінде және сапалы қарау ауылдық округ әкімі аппаратының алдында тұрған
негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Есепті кезеңде 29 мемлекеттік қызмет
көрсетілді, 30 жеке тұлғаның өтініші және 11 заңды тұлғаның өтініші қаралды.
Сондай-ақ әр түрлі мәселелер бойынша азаматтардың ауызша өтініштері
қаралды. Есеп беру кезеңінде әкімнің 60 өкімі шығарылды.
Әкім аппараты әскери міндеттілердің есебін жүргізеді. 2015 жылдың 01.01.
жағдайына бізде әскери есепте 146 адам тұру. Әскери қызметке 3 адам
шақырылды.
Біздің ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айта
отырып, халықтың өмір сүру жағдайын айтпай кетуге болмайды.
Біздің тұрғындардың аулаларында 1308 бас МІҚ, соның ішінде 746 бас
сиыр, 1454 бас қой, 631 шошқа, 530 жылқы, 4701 бас құс бар. Әрбір үйдің
көкөністер өсіретін учаскелері бар.Ветеринарлық қызмет жұмыс істеді. Мал
басының барлығы уақытымен туберкулезден, бруцеллезден, сібір жарасынан
зертттелді.
Жаңатұрмыс ауылына су 8 км қашықтықта Бұланды ауданының
аумағында орналасқан ұңғымадан келеді, 8 су тартқы колонкалар бар. Акимовка
ауылында орталық су құбыры бар. 2014 жылы аудан әкімдігінің қаулысы
бойынша Жаңатұрмыс және Акимовка ауылдарының су құбырлары ауылдық
округтің есебіне тапсырылды. 2015 жылы су құбыры коммуналдық меншігінің
құрамына берілуі, қызмет көрсету және ағымдағы жөндеужоспарлануда, сондайақ қолданылған тарифтік келісімі бойынша ішілген суға төлем. Алдағы уақытта
2015 жылы күрделі құрылыс жұмыстарын іске асыруға жобалық-смета
құжаттарының дайындалуы жоспарлануда. Оксановка ауылында құбырлы
құдықтар, ұңғымалар әрбір үйде бар (104 аула).
Жаңатұрмыс ауылында сандық станса орнатылған, телефон стансасы
абоненттерінің саны-205.
Жаңатұрмыс ауылында мегалайн өткізуге құрылғылар қоюда.
Округте 1 пошта байланысы бөлімшесі бар, ол Жаңатұрмыс ауылында
орналасқан. Акимовка және Оксановка ауылдарында 2 пошта тасушы жұмыс
істейді.
Ауылдық округ аумағында екі ауылдық клуб бар. Клуб Астрахан АМҮ МКҚК
балансында тұр. 2013 жылы аудандық бюджет қаражатты есебінен 2 млн. теңге
Қызылжар клубы ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу үшін ЖНҚ дайындауға
берілді. Жөндеу жұмыстары 2015 жылға жоспарланған. Оксановка ауылында
ауылдық клубта мереке күндеріне арналған іс-шаралар өткізіледі. Акимовка
ауылында клуб ретінде пайдалануға «Қызылжар АШК» ЖШС жататын бұрынғы
дүкен ғимаратты берілген және Астрахан АМҮ МКҚК қаражаты есебінен 0,5
ставкаға мәдени ұйымдастырушы берілген. Жаңатұрмыс ауылының
спортшылары көптеген аудандық жарыстарға белсене қатысады, еркін күрес,
тоғыз құмалақ жақсы көрсеткіштерге ие болып жүр.
Екі ауыл кітапханасы бар. Кітапханалардағы кітап қоры – 13657 дана.
Округте 27 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылғандардың
саны 32 адам. Жаңатұрмыс ауылында 1 тәулікте 45 теңгеден 300 бөлке нан
пісіреді. Оксановка селосындағы 2 наубайхана («Заря» ЖШС, «Оксановка1»ЖШС) біреуінің бағасы 50 теңгеден сөткесіне 300 бөлке нан пісіреді.
Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны К.А.Хасеновтың
деректері бойынша 2014 жылы 54 әкімшілік хаттама жасалған.
Профилактикалық есепке 5 адам қойылған, 11 қылмыстық іс ашылып. Көркейту
шеңберінде учаскелік инспектор ауылдық округ әкімі аппаратымен бірлесіп
халықпен көркейту бойынша әңгімелесулер жүргізді, 15хаттама жасалды.
Жыл сайын округтің барлық ауылдарында санитарлық тазалау,
көгалдандыру және көркейту жұмыстары жүргізіледі. 8 сенбілік өткізілді. 600
тонна қалдықтар шығарылды. 359 жеке үйлер, 6 қоғамдық ғимараттар жөнделді.
123 ағаш әктелді. 11 гүлзарлар отырғызылды.
Ауылдық округ әкімдігі оны қамтамасыз ету үшін барлық шараларды
қолдануда. Шын мәнінде мұқтаж адамдар қамтылды. ҰОС қатысушылар,
мүгедектер, көп балалы және толық емес отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер,
біздің бақылауымызда. 2 әлеуметтік жұмысшы 8 жалғыз басты зейнеткерге
қызмет көрсетеді. 10 отбасы 26 балаға балалар жәрдемақысын алады. Еңбек
өңіріндегі қиындықты болдырмау үшін 13 адам жалақы төленетін қоғамдық
жұмыстарға жіберілді. 1 адам нақты жұмыс орнына орналастырылды. 5 адамнан
тұратын оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар жанұясы «Өрлеу» жобасының
мүшелері болды. Арызданушы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі арқылы ЖШС «СХП Қызылжар» мекемесіне жұмысқа орналастырылды.
Өткен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы олардың жұмыс өкілетін
кеңейтті, сонымен қатар оларға өз бюджеттерін өздері қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Түсім жоспарлары және арнаулы шот қаражаттарының
жұмсалу бағыты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін ғана
әкіммен бекітілді. Осылайша, түсімді есептеу және арнаулы шот қаражаттарын
пайдалану механизмінің ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару есеп шаттарына 2000 теңге көлемінде қаражат
түсті. Бұл қордағы қаражат жұмсалған жоқ.
Биылғы жылы ауылдық округ асыл тұқымды мал өсіру бойынша
мемлекеттік бағдарламаға енді. Асыл тұқымды бұқалар сатып алу үшін
«Қызылжар-Ақмола» СТК –сы (ауылдық тұтыну кооперативі) құрылды. СТК-да
152 адам және ұрғашы сиырлар 467 басты құрайды.
2014 жылы «Аудандарды дамыту» бағдарламасы бойынша Қызылжар орта
мектебінде ас даярлау бөлмелерінде 1 млн. 396 мың теңгеге жөндеу жұмыстары
жүргізілді. Ауыл шаруашылық басшыларымен меморандум шарттары бойынша
келісім шарттарға қол қойылды. Жоспарланған 6800,0 мың теңге бойынша
5900,0 мың теңге игерілді. Қарттарға және мүмкендектері шектеулі жандарға
көмек беру, қолдау айлығында ЖШС «СХП Қызылжар» 56 мыңға және ЖШС
«Заря» жем-жоп 40 мың теңге, ас беруге – 20 мың теңге бөлді. ЖК«Табыс » жетекшісі Сеитов К.З. 1 – топ мүгедегіне ОТАУ ТВ орнатуға аұша бөлді.
Келер ұрпақ мәселелеріне қай кезеңде болмасын көп көңіл бөлінеді.
Қызылжар орта мектебінің қазақ және орыс сыныптарында 105 оқушы
оқиды, дайындық сыныптарында – 16 оқушы. Оқушыларға 28 ұстаз сабақ береді.
16 бала баратын шағын орталық жұмыс істейді. Сабақ мемлекеттік және орыс
тілдерінде жүргізіледі.
Акимовка негізгі мектебінде 31 оқушы бар, даярлау сыныбында 6 оқушы
бар. Оқушыларға 11 ұстаз сабақ береді.
Оксановка негізгі мектебінде 64 оқушы бар, даярлау сыныбында 5 оқушы
бар. Оқушыларға 12 ұстаз сабақ береді.
Еліміздің басты міндеттерінің бірі дені сау ұлт өкілдерін тәрбиелеу болып
табылады. Осы мақсатпен ауылдық округ аумағында Жаңатұрмыс ауылында 1
дәрігерлік амбулатория, акимовка және Оксановка селоларында 2 медициналық
пункт жұмыс істейді. Туберкулез ауруымен 1 адам тіркелді. Флюроографиядан
866 адам өтті.
2015 жылға негізгі мақсаттар:
1.Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету.
2.Жаңатұрмыс ауылында көшені жарықтандыру.
3.Ауыл арасындағы жолдарды жөндеу.
Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының 2014 жылғы жұмысының
талдауы, бізге алдағы уақытта да ауылдарымыздың әлеуметтік-экономикалық
дамуына аса көңіл бөлу, мүгедектермен және зейнеткерлермен жұмысты
күшейту, жастарды патриоттық тәрбиелеу, қылмыс пен құқық бұзушылықтың
алдын алу мәселелерімен терең айналысу қажеттігін көрсетеді.
Менің, маған әкім ретінде, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын
орыдауда барынша қолдау және көмек көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтқым
келеді. Өкінішке орай, әлі де болса ауылдың барлық проблемалары шешілген
жоқ, бірақ округте қалағанымызға қол жеткізуге алғышарттар бар.
Құрметті жерлестер!
Бүгін 2014 жылды қорытындылай келе, бізде әлі де жеткілікті мәселелер бар
екендігін білеміз және де оларды бар күшімізді салып шешуге болатындығына
кәміл сенеміз. Баяндамамды аяқтай отырып, құрметті ауылдастар, сіздерге
мықты денсаулық, отбастарығызға бірлік-береке және де бар жақсылықты
тілегім келеді.
Қөңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Қызылжар ауылдық округінің әкімі
Р.Шәймерденов
2014 жылы Қызылжар ауылдық округінде өткен есепті кездесуде
көтерілген ескертулер мен ұсыныстардың орындалуы туралы.
№ Ұсыныс берген адам
1
2
3
Сұрақ мазмұны
Қабылданған
және
жоспарланған шаралар
Абулгазин
Танат Үлескерлер
жиының 12 ақпан 2014 жылы ЖШС
Каланович
шақыру
«СХП
Қызылжар»
(мал
директорының
қатысуыімен
шаруашылығының
жиналыс өткізу, үлескерлер өз
басшысы)
жер телімдері жөнінде.
Абулгазин
Танат Ауыл аралық жолдарды Жолды
керек
кезінде
Каланович
тазарту
тазартылады,
ауылдағы
(мал
шаруашылықтар көмегімен.
шаруашылығының
басшысы)
Нургожина Гульмира Жұмысқа
орналасуға Нургожина Г.Б. – «Өрлеу»
Болатхановна
(үй көмек көрсетуде
жобасының ассистенті ретінде
қызметкері)
жұмысқа қабылданды.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа