close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы « »
№
қаулысымен
бекiтiлген
«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау),
пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы
химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға
байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің атауы – «Пестицидтердi (улы химикаттарды)
өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу,
пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық
тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік
қызмет).
2. Осы мемлекеттік стандартты Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызмет облыстардың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi – қызмет
беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет қызмет берушіге тікелей өтініш берген кезде,
сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және
www.elicеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы
көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) қызмет берушіге өтініш берген кезде:
лицензияны беру үшін – он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – жеті жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде;
қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғары шекті
уақыты – отыз минуттан аспайды;
мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу кезінде кезек күтудің ең жоғары
шекті уақыты – отыз минуттан аспайды.
2
2) порталда:
лицензияны беру үшін – он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – жеті жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде.
Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет алушы қажетті
құжаттарын тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған
құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық емес
фактілері анықталған жағдайда жергілікті атқарушы орган көрсетілген мерзімде
өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық және қағаз
түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі пестицидтерді (улы
химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды)
өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық
тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын (бұдан әрі – лицензия) беру не
уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі –
ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызмет
көрсетуден бас тарту туралы дәлелді түрдегі жауап болып табылады.
Лицензияны қағаз жеткізгіште алуға қызмет берушіге жүгінген жағдайда
лицензия электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөр
басылады және оған қызмет беруші басшысының қолы қойылады.
Егер қызмет беруші белгіленген мерзімде қызмет алушыға лицензия
бермеген не лицензияны беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған
жағдайда, оны беру мерзімі өткен күннен бастап лицензия берілді деп
есептеледі.
Қызмет беруші лицензияны беру мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс
күнінен кешіктірмей қызмет алушыға тиісті лицензияны беруге міндетті.
Қызмет беруші куәлікті бермеген жағдайда, бес жұмыс күні өткеннен
кейін куәлік алынды деп есептеледі. Куәлікті алғанға дейін қызметті жүзеге
асырудың заңдылығын растау өтініштің қабылданғаны туралы өтініш беруші
алған хабарлама болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету (лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру) үшін қызмет алушы «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан
Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген
мөлшерде және тәртіппен бюджетке қызмет айналысу құқығы үшiн
лицензиялық алымды төлейді.
Лицензия және лицензияның телнұсқасын беруге лицензиялық алымның
мөлшерлемесі 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды, лицензия қайта
ресімдеуге – лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%, бірақ төрт айлық
есептік көрсеткіштен артық емес.
3
Лицензиялық алымды төлеу бюджеттік жіктеуіш коды – 105402, төлем
тағайындау коды – 911 деректемелері бойынша екінші деңгейдегі банктер және
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы
жүзеге асырылады.
Портал арқылы лицензия алуға электрондық түрде сұрау берілген
жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ)
арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне лицензиялық алымның
төленгені туралы үшін электрондық чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат
қызметтерге төлем жасау тарихында сақталады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жұмыс кестесі:
1) қызмет берушіге жүгінген кезде – құжаттарды қабылдау почта арқылы
немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес
мекенжайлар бойынша.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген
қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
2) порталда – тәулік бойы.
9. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қызмет алушы мынадай құжаттарды
ұсынады:
қызмет берушіге жүгінген кезде:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжатты;
дара кәсiпкер үшiн – дара кәсiпкерлікті мемлекеттiк тiркеу туралы
куәлiктi;
заңды тұлға үшін – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу
(қайта тіркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама;
уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және мемлекеттік
қызмет алушының өкілі өтініш берген кезде өкілдік етуге куәландыратын
құжат;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке
лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру
үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған
нұсқасын) көшірмесін;
қызметтің тиісті кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына
сәйкестікті растайтын құжаттар.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік
тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа
енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік
(есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi
тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
4
2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу
үшiн мынадай құжаттар қажет:
осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
қызметтің тиісті кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына
сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу
үшiн:
осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке
лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру
үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған
нұсқасын) көшірмесі;
4) лицензиянының және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын
алу үшін:
осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке
лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру
үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған
нұсқасы) көшірмесі.
Қызмет беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелеріндегі лицензия туралы
мәліметтерді портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ
куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде қызмет берушінің жұмыскері түпнұсқасын
көшірмесімен
және
мемлекеттік
ақпараттық
жүйелерден
алынған
мәліметтермен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқасын
қызмет алушыға қайтарады.
Қызмет алушыға:
құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;
қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен аттары;
мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар беру орны;
қызмет берушінің құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды
адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың
қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Порталға:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы
өтініш;
ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы
ақпарат;
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қызметтің тиісті кіші түріне
мәліметтер нысаны түрінде біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат.
5
Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерінде қамтылған жеке
тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, жеке кәсiпкерді мемлекеттiк
тiркеу туралы, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы,
салық органында тіркелгені туралы куәліктің, ЭҮТШ арқылы бюджетке
лицензиялық алымның төленгені туралы ақпараттың мәліметтерін қызмет
беруші портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат
нысанында алады;
2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу
үшiн келесі құжаттар қажет:
қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы
өтініші;
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қызметтің тиісті кіші түріне
мәліметтер нысаны түрінде біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу
үшiн:
қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы
өтініші;
ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы
ақпарат;
4) лицензиянының және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын
алу үшін:
қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы
өтініші;
ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы
ақпарат.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде қамтылған лицензия және ЭҮТШ
арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат
құжаттарының мәліметтерін қызмет беруші портал арқылы уәкілетті
лауазымды тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
10. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін мыналар негіз болып
табылады:
1) осы субъектiлер санаты үшiн қызмет түрiмен айналысуға Қазақстан
Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жеке қызмет
түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленбеуi;
3) қызмет алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;
4) қызмет алушыға лицензияны беруi тиiс мемлекеттiк органмен
келiсiлмеуi;
5) қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет түрлерiмен айналысуға
тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнiң болуы;
6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде соттың қызмет алушыға
лицензия алуға тыйым салуы.
6
Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты
қызмет алушы қызмет берушіде немесе порталдағы «жеке кабинетiнде»
электрондық құжат түрiнде алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі орталық
мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқару органдарының, қаладағы ауданның, аудандық маңызы
бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің
әкімдерінің, сонымен қатар қызмет берушілер және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының, тұрғындарға қызмет көрсету
орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Қызмет беруші лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне)
шағымдану тәртiбiн түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек
көрсетуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайларда орналасқан
қызмет берушінің заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету
мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы
алуға болады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе
дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда қызмет алушының таңдауы бойынша
шағым тиісті әкімнің атына:
1) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша
қызмет берушінің кеңсесіне;
2) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тиісті қызмет берушінің
интернет-ресурсында орналасқан әкімнің блогына жүгіну арқылы беріледі.
Портал дұрыс жұмыс істемеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет
көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны
бойынша беріледі.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда
қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
Шағым шағымда көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін
лауазымды тұлғаның атына беріледі.
Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағым берген күні
және қызмет алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін
лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш білдіру себептері
және талаптары көрсетіледі.
7
13. Шағым қызмет берушінің кеңсесіне берілген кезде қызмет алушыға
күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi мен аты-жөнi
көрсетiлген талонды беру – шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тиісті қызмет берушінің
кеңсесіндегі лауазымды тұлғалардан алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы
(жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі)
туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
14. Шағымдарды қарау «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және
мерзімде жүзеге асырылады:
1) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті
атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл,
ауылдық округ әкімінің, қызмет берушінің, халыққа қызмет көрсету
орталығының атына келіп түскен қызмет алушының шағымы оны тіркеген
күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау
жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы
оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау
жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы
бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық
маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге
барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен
аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау
бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі
ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін
қызмет алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің
ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген
кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде)
хабарлайды.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық
нысанда және тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын
өзге талаптар
8
15. Мемлекеттік қызмет тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған
топтарына жататын тұлғаларға, олардың қызмет берушіге келу мүмкіндігінің
болмауын ескере отырып, жеңілдіктер беру арқылы көрсетіледі, яғни
әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын тұлғаның өзінің өкіліне нотариус
куәландырған сенімхатты ұсыну жағдайда мүгедектің өзі келуі міндетті емес.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды күту және
дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар,
құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды
толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталады).
16. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайлары Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің – www.minagri.gov.kz
интернет-ресурсында орналасқан.
17. Портал арқылы жүгінген кезде қызмет алушының ЭЦҚ болуы қажет.
18. Мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде
қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы
ақпаратты алу мүмкіншілігі бар.
19. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету
мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны немесе
осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген қызмет берушінің телефондары
арқылы ұсынылуы мүмкін.
Осы стандартқа 4-6-қосымшаларда қызмет алушының мемлекеттік
қызметті алудың тәртібі жөніндегі қысқаша ақпарат және мемлекеттік қызметті
алу схемалары көрсетілген.
______________________________
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа