close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
§17
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы қағидалары
1. Қысқартылған мерзімде жоғары кәсіби білім берудің негізгі мақсаты – орта кәсіби
және білім негізінде ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сүйене отырып
жоғары кәсіби білімнің бағдарламаларын меңгеру.
2. Факультеттің күндізгі оқыту түріндегі мамандықтар бойынша негізгі білім
бағдарламаларын жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиясы болған жағдайда ғана, осы
мамандықтар бойынша қысқартылған мерзімдегі оқыту түрі бойынша мамандар даярлай
алады.
3. Қысқартылған білім бағдарламалары бойынша жоғары кәсіби білімді күндізгі
және сырттай формаларында алуға болады.
4. Оқу мерзімі кемінде 3 жыл болады.
5. Орта кәсіби білімі бар азаматтар бюджеттік негізде тектес мамандықтар бойынша
қысқартылған білім бағдарламаларын меңгеруіне болады.
2. Қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру
реті
6. Қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға кемінде 3 жылдық
мерзімде сәйкес келетін саладағы орта кәсіби білім алған тұлғалар қабылданады.
7. Қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ қабылдау комиссиясы Жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгілік ережелеріне
сәйкес азаматтарды қабылдайды.
8. Қысқартылған білім бағдарламалары бойынша азаматтар бірінші курсқа
теңестірілетін бірінші жылы жеке академиялық топтарға қабылданып, курстардың саны
оқу мерзімімен анықталады.
9. Қысқартылған мерзімдегі оқу үрдісі орта кәсіби білімі бар тұлғалар үшін жеке
бекітілген оқу жұмыс жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады.
10. Қысқартылған жоғары кәсіби білім мамндардың тек кәсіби дайындығын жүзеге
асырады, сондықтан оқу жоспары кәсіби пәндерден тұрады. Орта кәсіби білім негізіндегі
қысқартылған кәсіби білім бағдарламасына «Қзақстан тарихы» кіреді.
3. Оқу жұмыс жоспарын рәсімдеу бойынша ұсыныстар
11. Академиялық күнтізбенің құрылымы.
1) Академиялық күнтізбенің аты (ортасында).
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Оқу жұмыс жоспары
Жоғары кәсіби білім
Мамандықтың шифрі мен аты: мамандығы бойынша бакалавриат.
Оқу мерзімі - ….. жыл
Оқу түрі – (күндізгі)
(қысқартылған, орта кәсіби білімнен кейін)
20... жылғы қабылданым үшін
2) Академиялық күнтізбенің жоғарғы сол жақ бұрышында:
«........... (құжаттың аты көрсетіледі) негізінде әзірленген»
3) Академиялық күнтізбенің жоғарғы оң жақ бұрышында:
Университет Ғылыми кеңесінің мәжілісінде бекітілген
№____Хаттама «____»___________20……..ж.
Ғылыми кеңестің төрағасы
______________________________
РЕКТОР
4) Осы жерде академиялық дәрежесі көрсетіледі: (мамандықтың шифрі мен аты)
мамандығы бойынша (бакалавриат мамандығы бойынша тағайындалатын академиялық
дәрежесі) бакалавры.
5) Академиялық күнтізбені құрастыру барысында келесі шартты ұғымдарды
пайдалану керек:
- бағдар беру аптасы;
- теориялық оқу;
- аралық бақылау;
- емтихан сессиясы;
- жазғы семестр;
- демалыс;
- оқу, оқу-тансыу, оқу-өндірістік практикасы;
- өндірістік практика;
- педагогикалық практика;
- диплом алды практикасы;
- диплом жұмысын жазу;
- әскери жиын;
- мемлекеттік емтихан;
- диплом жұмысын қорғау.
6) Бағдар беру аптасы, теориялық оқыту, аралық бақылау, емтихан сессиялары,
жазғы семестр, әскери жинақ, мамандық бойынша мемлекеттік емтихан және диплом
жұмысын қорғау үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бойынша бірынғай кесте (академиялық
кесте) жасалады.
7) Жылына екі рет жалпы ұзақтығы кемінде 7 апта болатын демалыс беріледі.
8) Оқу жылындағы емтихан сессияларының ұзақтығы 7 аптаны құрайды.
12. Оқу жоспарының құрылымы
1) Оқу жоспарының аты (ортасында)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Оқу үдерісінің жоспары
Жоғары кәсіби білім
Оқу жұмыс жоспары
Жоғары кәсіби білім
Мамандықтың шифрі мен аты: мамандығы бойынша бакалавриат.
Оқу мерзімі - ….. жыл
Оқу түрі – (күндізгі)
(қысқартылған, орта кәсіби білімнен кейін)
20... жылғы қабылданым үшін
2) Оқу жоспарының жоғарғы сол жақ бұрышында:
«........... (құжаттың аты көрсетіледі) негізінде әзірленген»
3) Оқу жұмыс жоспарына негізгі оқу жоспарындағы барлық пәндер кіреді.
4) Оқу жұмыс жоспарлары келесі циклдерден тұрады:
- мемлекеттік міндетті модуль пәндері (Қазақстан тарихы);
- кәсіби модульдер (STEM, базалық, пәнаралық, ЖБТ).
Кәсіби модульдер кемінде 96 кредиттен тұрады, оның ішіндегі 60 – міндетті
пәндерге келеді.
5) Семестрдегі кредит саны 22-ден аспау керек.
6) Мемлекеттік емтихан саны 3-тен аспау керек, оның ішіндегі біреуі – Қазақстан
тарихы бойынша емтихан.
7) Оқытудың қосымша түрлерін қосқанда, білім алушылардың аудиториялық
сабақтарының көлемі аптасына 36 сағаттан аспау керек; максималды еңбек сыйымдылығы
(СӨЖ қосқанда оқу жүктемесінің жалпы көлемі) – аптасына 54 сағат.
Апталық оқу жүктемесіне дәріс, семинар (практикалық), зертханалық сабақтарға,
курстық және дипломдық жұмысты орындауға берілетін сағаттар кіреді (аралық бақылау
сабақ кезнде жүргізіледі).
СӨЖ сағаттарына пәндер бойынша арнайы тапсырмаларды орындау, әртүрлі
бақылауға дайындық, сондай-ақ практика, курстық және дипломдық жұмыс орындау
кезіндегі қосымша жұмыс кіреді.
Жалпы еңбек сыйымдылықтың 54 сағатына студенттердің міндетті сабақтары, оның
ішінде рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар, дөңгелек үстелдер және т.б. міндетті
түрде кіреді. Бұл сағаттардан тыс уақытта тек студенттерге міндеттелмеген шаралар
(конференциялар, олимпиадалар және тағы сол сияқтылар) жоспарлануы мүмкін.
13. Оқу жұмыс жоспары кесте күйінде әзірленеді:
- бірінші бағанда – пәннің коды;
- екінші бағанда – пәннің аты;
- үшінші бағанда – пәннің циклы;
- төртінші бағанда – кредит саны;
- бесінші бағанда – сабақтың түрі (дәріс, практикалық немесе зертханалық).
14. Әр курс апта саны көрсетілген семестрлерге бөлінеді.
15. Курстық жұмыс оқылатын пәннің ішіне кіреді, сондықтан оны орындауға жеке
кредиттер берілмейді.
16. Дипломдық жұмыс аптасына 6 сағат бөлініп, 8-ші семестрде орындалады.
17. Практиканың барлық түріне кемінде 6 кредит бөлінеді.
18. Мемлекеттік емтиханға және дипломдық жұмысты жасап қорғауға кемінде 2
кредит бөлінеді.
19. Оқудың қосымша түріне арналған бөлімде қосымша пәндер (дене шынықтыру,
әскери дайындық), практиканың әр түрі, қорытынды мемлекеттік емтихан, дипломдық
жұмысты қорғау бойынша мәліметтер көрсетіледі:
- пәндер бойынша – семестрлер бойынша сағат (кредит) бөлінуі;
- практика бойынша – практиканың түрі, кредит саны, ұзақтығы (апта саны),
семестрі (практиканы өту мерзімі).
20. Оқу жұмыс жоспарын әзірлеу мен рәсімдеуге жауапты тұлғалар көрсетілген
бөлімнің құрылымы:
- Академиялық мәселелер жөніндегі днпартаменттің директоры;
- әдістемелік бөлімнің басшысы;
- оқу үдерісін жоспарлау және қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
- факультет деканы;
- түлек шығарушы кафедраның меңгерушісі;
21. Оқу жұмыс жоспары білім алушылар тіркелгеннен кейін, олардың жеке оқу
жоспарының негізінде кафедрада қарастырылып, факультет ғылыми кеңесінде бекітіледі.
Одан кейін университеттің Ғылыми-әдістемелік және Ғылыми кеңесінде қарастырып
бекіту үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің бөлімдеріне беріледі.
25. Қысқартылған оқу түрі бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру 4 жылғы күндізгі оқу
түрін ұйымдастыруға толығымен сәйкес келеді.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа