close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
ОӘК 159.92
ЕГІЗ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қарағанды “Болашақ” Университеті
ғылыми жетекші: Есмагулова.А.А.
ПиП 10 – 3 тобының 2 – курс студенті.
Есембекова Құндыз Жуанышқызы.
Адамдар өзіміз білетіндей ана құрсағында дамып, жетіледі. Қоғамда,
яғни ортамызда ерекше адамдар бар. Мысалы, егіздер, үшемдер, төртемдер
Бізге бәрі де қызық. Өйткені, өмірде мұндай оқиғалар ара-тұра кездесіп
тұрады.
Егіздер…Әсілінде, егіздердің дүниеге келуінде үлкен сыр бар екендігі
анық. Сондықтан да қайсыбіреулер бұл құбылысты тұқым қуалаушылық
десе, енді біреулер адам баласының ағзасындағы (организм) генетикалық
өзгерістерге байланысты дейді. Ал енді біреулер табиғатта сан алуан
өзгерістер болған сайын, яғни табиғат соншалықты ластанған сайын
егіздер өмірге көптеп келеді деген уәж айтуда. Шындығында солай ма? Бір
ғажабы, Қазақстан егіздердің дүниеге келуі жөнінен әлем елдері арасында
48-орынды иемденеді екен. Сондықтан да бүгін біз егіздердің дүниеге
келуі хақында сыр шертпекпіз.
Егер, статистикалық мәліметтерге жүгінсек, біздің елімізде егіздердің
өмірге келуі жөнінен Қызылорда облысы бірінші орында. Басқа жылдарды
айтпағанның өзінде тек, 2009 жылы ғана облыс көлемінде 9 егіз бала өмір
есігін ашыпты. Ата заң күні Жалағаш ауданында екі отбасында 4 егіз,
Шиелі ауданында үш отбасында бір-бірден егіз сәбилер өмірге келді.
Аудандық Әділет басқармалары егіз сәбилердің тууын салтанатты
жағдайда тіркеп, оларға туу туралы куәліктерін табыс етті. Сондай-ақ
Қызылорда қаласында, Шиелі, Жаңақорған, Арал, Қармақшы
аудандарында да егіз туғандар тіркелді[1].
Әлемде 70-80 млн.-ға жуық егіз адамдардың жұптары бар көрінеді.
Адам ұрпағы саналатын егіздердің негізгі екі түрі бар. Бірі: бір
жынысты, бір-біріне қатты ұқсайтын егіздер; екіншісі: бір-біріне қатты
ұқсамайтын, түрлері ағайынды адамдар сияқты ұқсас болып келетін
егіздер.
Бір-біріне 100 пайыз ұқсас егіздерді қазіргі замандағы дамыған жоғары
технологиялық ғылыми жетістіктердің көмегімен де дүниеге әкелу мүмкін
емес. Ол жағы адамзат жаратылысындағы сыры ашылмаған құпия болып
қалуда. Ғалымдар қай ұлт өкілдерінің арасында егіз бала туу
жағдайларының жиі кездесетіндігін ғана анықтай алды.
Әлеуметтік жағдайы төмендеу отбасыларда егіз балалардың дүние есігін
ашулары жиірек кездеседі екен. Бірақ, бұл дегеніміз материалдық жағдайы
нашар әйелдердің егіз бала туу мүмкіншіліктері көп дегенді білдірмесі
анық.
Әдеттегі жүктілік 39-40 аптаға созылса, екі балалы егіздер кезінде 36
аптаға, үш балалы егіздер кезінде 33-34 аптаға, төрт балалы егіздер кезінде
30 аптаға, ал бес балалы егіздер кезінде 28-29 аптаға созылады екен.
Әлем елдерінде егіздердің туылу көрсеткіштері әртүрлі. Мысалы, егіздер
Қытайда, Жапонияда және Африка елдерінде көптеп туылады. Ал,
Еуропаелдеріеңсоңғыорында. [2]
1 – кесте
Елдердегі егіздердің туылу жиілігі
Аналардың ұлттық тобы
Нигериалықтар
Норвегия, нидерланды және Дания
елдерінің тұрғындары
Қаранәсілді американдықтар
Ағылшындар
Басқа азиялықтар
Жапондықтар
Қытайлықтар
еуропалықтар
Егіз балалардың туылу жиілігі
22 жүктіліктен 1 егіз
49 жүктіліктен 1 егіз
60 жүктіліктен 1 егіз
76жүктіліктен 1 егіз
125жүктіліктен 1 егіз
150 жүктіліктен 1 егіз
250 жүктіліктен 1 егіз
69 жүктіліктен 1 егіз
Біз жоғарыда егіздердің туылу жиіліктерімен олардың статистикасына
шолу жасап өттік, енді біз олардың психологиялық ерекшеліктеріне назар
аудармақпыз. Егіздердің психологиялық ерекшеліктерінде ең басты мәселе
олардың бір – бірінен ажырауы.
Ең алғаш рет қоршаған ортаның егіздерге деген әсерін зерттеу жайлы
1875 жылы ағылшын ғалымы Френсис Галтон «Егіздерді зерттеу
әдісін»ұсынды.
Ең алғаш, яғни ХХ ғасырдың 80 – жылдарында жастайынан ажыраған
егіздер жайлы маңызды зерттеу жүргізген ағылшын ғалымы Томас Бучард
болды. Ол жастайынан ажыраған 30 жұп егіздерді зерттеді. Мысал
келтірсек, 1932 жылы туған Оскар және Джейк жайлы. Оскар туғаннан соң
анасымен бірге Германияға кетіп, кейінен діндар адам болды, ал Джек
болса, Палистинада және Кариб аралдарында жастық шағын өткізіп,
әкесінің қолында, яғни иудаизм дәстүрінде тәрбие алады. Ағалы-інілер тек
40 жылдан соң кездесті. Олар әр түрлі тілде сөйлейді. Осыған қарамастан,
олардың мінездері, қылықтары, мінездерінің ерекшеліктері өте ұқсас
келеді. Екеуініңде мұрттары бірдей кесілген және де киімдері ұқсас.
Екеуіде бір тамақты ұнатады және де отбасында екеуі ұқсас мінез – құлық
көрсетеді [3].
Міне, осындай зерттеулер бізге көп құбылыстардың мәнін ашып, оларды
түсіндіреді. Осы зерттеудің нәтижесі бойынша біз қандай қасиет
тәрбиеден, ал қандай қасиет қоршаған орта мен тұқымқуалаудан
берілетінін білеміз.
Бір жұмыртқалы егіздерді зерттеу жұмыстары ешбір нәтиже бермеді.
Мұндай зерттеулер дау – дамайға ұшырайды: тіпті егіздер екі түрлі тәрбие
алсада, оларға ұқсас жағдайлар таңдалуы мүмкін еді, себебі олар егіздер,
сол себепті тұқым қуалаушылық пен қоршаған орта оларға өз әсерін
тигізбеуі мүмкін. Бірақта “егіздерді зерттеу әдісі” бойынша біз эпелипсия,
шезофрения және ақыл – ой кемістігі сияқты аурулардың тұқымқуалау
арқылы берілетінін білдік [4;5].
2 – кесте
Егіздерді зерттеу әдісі
Сынарда болатын
аурудың түрі
Эпилепсия
Шизофрения
Паралич
Ақыл – ой кемістігі
Екінші сынарда кездесетін аурудың пайыздық
жүйесі %
Шынайы егіздер
Жалған егіздер
67
69
81
97
3
10
23
37
Егіздер көп жағдайда қоғам мен көп араласпайтын, нәзік болып келеді.
Олар отбасын көп жағдайда құра бермейді, егер егіздер екі жұмыртқалы
болса, онда егіздердің тұнғышы үлкендерге еліктегіш тіпті оның белсенді
болуы және де өзіне жауапкершілікті алуы мүмкін,ол өте кірпияз және
ашуланшақ болуы да мүмкін, ал оның сыңары сол аралықта өте көңілді,
әрі сергек,мақсатшыл және де нәзік, әрі бейқам болуы да мүмкін. Бірақта
бір жұмыртқалылардың ішінен бөлініп шығушылық кездеспейді. Көп
жағдайда, бір жұмыртқалылар өзараларында өте мықты байланыс орната
отырып, ата – аналарымен тығыз байланыста болмайды. Тіпті, бұл
байланыс өзараларында қызғаныш сезімін оятып, бәсекелестікке әкелуі де
әбден мүмкін.
Ең алғашқы жылдарында егіздер өздерін бір тұтас жеке тұлғадай
сезінеді, тіпті өздерін інісі немесе ағасы ретінде қабылдауы мүмкін, тіпті
өздерінің айнадағы бейнесін де ағасы немесе інісі ретінде қабылдайды.
Олар өз араларында араласады, достасады,тіпті бір – бірін қатты
сағынады[6].
Кейбір психологтардың айтуы бойынша, оларды бірдей қылып
киіндіріп, бірдей сыйлық сыйлап, тіпті олармен бір жеке тұлға ретінде
араласу керек. Оларды бір индивид ретінде қабылдауымыз қажет.
Сонымен, егіздер біздің өмірде жиі кездесетін табиғи құбылыс.
Сондықтан да, қоршаған ортаның қызығушылығын тудырады,әсіресе бір
жұмыртқалы егіздер, себебі олар бір – біріне бір тамшыдай ұқсас келеді.
Жоғарыда аталып өткен мәліметтерге сүйене отырып, біз егіздердің
психологиялық ерекшеліктерін, өзара қарым – қатынасын, туылу
жиіліктерін анықтадық.
Көптеген адамдар өздеріне “Егіз болған жақсыма?” – деген сұрақ
қояды,ол сұраққа біз былай жауап бере аламыз “Егіз болған жақсы, себебі
қиындық туғанда оның шешімін шешуге көмектесетін, тіреу бола алатын
шынайы дос, мұндай досты тек қана армандауға болады”.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ж. Молдахмет “Егіздер” мақала 2009, Мақаланың сілтемесі:
http://www.zamandas.com/?p=82
2. Ә. Үмбет “Егіздер мен Үшемдер” мақала 15.01. 2011ж, , Мақаланың
сілтемесі: http://alashainasy.kz/society/17284/
3. С. Ақтажиева “Егіздер: Қайсысы бірінші дүниеге келеді?” мақала
13.05.2011ж, Мақаланың сілтемесі: http://www.aorda.kz/?p=9170
4.
Ш.
Ауэрбах.
Наследственность.
Пер.
С
англ.
М.:
«Атомиздат»,1986.176 стр.
5. Биология. Энцеклопедия для детей. Т. 2. – 3 – е изд. Перераб. И доп. –
М.: «аванта+», 1996, 160 стр.: Илл.
6.Р. Иллингворт «Здоровый ребенок» - глава 2. Пер: С англ. М.:
«Медецина», 1997, 607 стр.
7. www.google.ru
8. www.yandex.ru
9. www.malimetter.org
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа