close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Мерекелік бағдарламаның тақырыбы: «Табиғат – наурызымен ажарлы,
Наурыз – мейрам ғажабы.»
«Да не иссякнут в степи родники!!!»
Мақсаты:
1) Білімділік: Наурыз мейрамын насихаттау,ұлттық салт-дәстүрлерді,
ойындарды дәріптеу.
2) Дамытушылық: Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш
сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлеуге үйрету.
3) Тәрбиелік: Адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.Ата-ана, оқушы,
ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастыру.
Көрнекілігі: кереге, киіз үйдің жабдықтары, дөңгелек үстел, дастархан
тағамдары, көрме, қабырға газеттері, жауқазындар.
Барысы: Сахнада күй ойнап тұрады, сахна сыртында жүргізушілердің сөзі:
1-жүргізуші: Наурызым – салтым жоғалып қайта табылған.
Шырағым болып алдымнан бүгін жағылған.
Бабамның үнін ақ бата беріп жеткізген,
Әз қадамыңнан жаныма мейірім табылған.
Тамашалармыз пәк сәбилердің күлкісін
Ақ әжелердің өзінен естіп сырды шын.
Ақ бата алып қариялардан өмірге.
Наурызым, саған ұшырғым келді жыр құсын.
2-жүргізуші:
Обычай древний Наурыз
От предков перешел в век 21-й.
Где современный человек
К тебе свой взор вдруг обратил
И небо он благословил,
И сохранил обычай древний,
И вновь на землю возвратил.
(Ортаға қазақ биімен бишілер тобы шығады. «Қыс пен жаз алмасу» биі.
2 сынып)
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті
Наурыз мерекесіне жиналған қауым!!!
Жаңа жыл басы- Наурыз мейрамдарыңызбен! Наурыз – Жер- Ананың
ұйқысынан оятып, жақсылық пен құт-берекенің көзі ашылған күн. Наурызел мен елді бірлікке, достыққа ұмтылдырған Ұлы күн.
Наурыз-бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйтқысы, жақсылықтың
жаршысы, жаңарудың белгісі, тіршіліктің тынысы, өмірге- нұр, көңілге жыр,
сезімге- гүл сыйлаған, халық қастерлеген Ұлыстың Ұлы күні!!!
2-жүргізуші:
Мы приветствуем Вас, дорогие наши гости в этом красивом,
празничном зале.
Наша с Вами задача сегодня – сделать эту встречу яркой, весёлой и
незабываемой. Ведь считается, что чем больше радости человек впустит в
свою душу эти весенние дни, тем богаче будет весь год. Чем веселее пройдёт
наурыз, тем щедрее будет природа.
Поэтому ждут на великие дела: игры, состязания, стихии, песни и,
конечно же, угощения.
1-жүргізуші: Салт-дәстүрмен жарыса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той-тойлайық тамаша.
2-жүргізуші:
Сегодня везде и всюду
Все люди казахской земли
Встречают прекрасный праздник
Празник Весны – Наурыз!
1-жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!
«Көктем» әні 2 «А» сынып
Сахнаға артынып-тартынып, жан-жағына жалтаңдай қарап Шығайбай
шығады.
Шығайбай: - Аллам-ау, сақтай гөр! Неменеге қаптап кеткен мына жұрт?
Шығайбайға ас беріп жатыр ме екен? Шығайбайдың малын шашпақ қой
ойлары. Тағыда спонсор бол, көмектес деуден тайынбас. Кетейін, көрінбей
көздеріне....
Алдаркөсе:- Оу,Шәке, қайда бара жатырсыз, жылыстап. Бүгін той, көктем
мерекесі, ел мерекесі. Көппен бірге болмайсыз ба?
Шығайбай (өзіне): - Бұл Алдар бәле қайдан тап болды.
Алдаржан, шеттен әкелген тауарларым бар еді. Өтпей жатыр.... Сонда
бармасам болмас. Он табын жылқымның пұлы еді.
Алдар: «Бүгінгі мерекенің құрметіне тауар 30 пайызға арзанға сатылсын»
деген жарлық болғанын естіп пе едіңіз? (қуланып)
Шығайбай: - Тек. Шоқ түссін тіліңе (жылайды). Ой, қайран малым, пұлымай қор болатын болғаны ма?
Алдаркөсе: - Сенбесеңіз ана налоговый инспектордан сұраңыз.
Шығайбай: - Тек, оның бетін әрі қылсын, құдайым-ай! (бұғып, қашып
кетеді)
Ән «Дастархан» 2 «Д»
Ғайыптан қолында аса таяғы, иығында боқшасы баржылпос қимылды адам
келеді.Ешкімге қарамастан боқшасын ашып ақтара бастайды. Ақ орамалын
жайып тастарын санайды. Бір кезде қолымен күн қағып, жан-жаққа қарайды.
1-жүргізуші: Таңданып қарап, танымағанын сездіріп, оған барып бата
алмай, оңашаланып шығып, аузын қалқалап:
- Халқым-ау, мынау кім? Танитындарыңыз бар ма?
2- жүргізуші: Анау кім?
Көз ұшында – ұзын шапан киген сұңғақ бойлы, қолтығында көп китабі,
қолында аса таяғы бар, маңғаз басқан кісі келе жатыр.
Анда-санда күн салып қояды.
1-жүргізуші: Ананы қара, мұның бәрін кім шақырып жүр? Бұл кім?
Ала шапан киген, қолында мосы текті дүрбі орнатылған зат, арқасында кітап,
карталары бар.
Келе мосы аяқты құрып, дүрбіні орнатып, қарап әлдене не есептеп, жазып
жатыр.
Таңданып тұрған жүргізушілер ұрланып жазуына қарап, ұғып:
Халқым (сыбырлап) бұлар жұлдызшы, құмалақшы, кітап ашып алдағыны
болжайтын көріпкелі бар жандар болды.
- Ассалаумағалейкум!
2-жүргізуші: Сәлеметсіз бе, жолаушы ата! Жолыңыз болсын! Үшеуі
амандасу мезіретін жасайды.
1-жүргізуші: Жұлдызшы ағай, кімнің жұлдызы жанып, кімнің жұлдызы
өшкелі тұр. Айтыңызшы, жасырын болмаса?
Жұлдызшы: Аспанды шолып, басын изеп, өзіне-өзі күбірлеп қояды. Ие, ие,
ие! – Қорқақ қоянның жұлдызы жанды. Әне, иегімен нұсқайды.
1-жүргізуші. Анау ма! (қолын шошайтады.)
Жұлдызшы: Тек. Нұсқама қолыңмен! Шошайтпа саусағыңды! Өшті, өшті,
Зымыстанның жұлдызы өшті.
Құмалақшы: Солай жаңа жыл қоян жылы болады.
1-жүргізуші: Құмалағыңызға не түсті, ата, айтыңызшы? Жыл қалай болады?
Не сөйлеп тұр құмалақ?
Құмалақшы:
Босағасы берік.
Қоржынының екі басы да тоқ.
Жолы ашық, бөгет жоқ.
Көңілі алаңсыз, орнықты.
Еңбек еткен адамға жайлы жыл болады., қарағым.
Ұры-қарының жолы тартылады, сұғанақтың қолы, өсекшінің тілі
кесіледі.
Жерге түскен дән қалмайды, өнеді.
Кітап қараушы: Жұлдызы жанған қоян жылы туған ұл – ер көңілді, зерек,
сұңғақ бойлы болады.
Қыз бала – көрікті, мінезді, шебер болады.
Жаңа жылдың жаңа күнін қарсы алу. «Құт дарыт, Күн –Ана!»
3 «С» сынып.
Жаңа күнді қарыс алу салты бойынша «Наурыздың құты дариды» - деген
ұғымға сай әйел заты Күнге тәу етіп, «Армысың қайырымды Күн – Ана!»,
«Армысың кеудесі түкті Жер –Ана, құт дарыт, жарылқа!» деп иіліп сәлем
беріскен. Еркектер күнге басын иіп, қолын кеудесіне қойып сәлемдесіп:
«Жаңа жыл жарылқа!» - деп бата жасаған.
Балалар: сүйінші, сүйінші, сүйінші!
Атқа мінген үш бала айғайлап, шуласып, таласып (жүгіріп, жарысып)
келеді.
Жаңа жыл келді, ағайын!
Ән. 3 «А» сынып оқушысы - Кабдулкумарова Мадияна.
Қыздар иіліп, ұлдар кеудесіне қолын қойып, сәлемдеседі.
-Сәлем бердік, Наурыз!
Қош елдің, Наурыз!
Төрлет, төрле Жаңа жыл! Жаңа күн!
Төрлетіңіз, Қызыр баба, халқымның құт-берекесі!
Қадамың құтты болсын, жаңа Жыл!
Құт келтір!
Наурыз:
Наурыз тойға жиналған халқым менің
Бәрінің ойға алғанын жарқын сенім
Бүгінгі той ертеңгі ардақты ісін
Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін!
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайыңнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен шуағыңмен Күн- Ана,
Алып келдім жер бетіне гүл көктем!
Наурыз:
Птиц заливистое пенье, зов апрельского ручья…
В этот светлый день весенний к Вам явилася весна.
Солнца много подарила и надежду на тепло.
Людям тайну приоткрыл в мир,
Где ясно и светло.
4 сыныптардың домбыра оркестрі шығып өнер көрсетеді.
Қыдыр ата: О, ағайын, туысқан
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдім мінеки
Ат терлетіп алыстан.
Шёл я к вам дорогой длинной - равной году целому. Рад встрече с вами. Как
приятно видеть прекрасные добрые лица. Уютный, чистый дом и ваши
улыбки.
«Аластау» рәсімі. (Әже шығып аластайды) 1 «А» сынып
Әже: Алас, алас,
Әр бәледен қалас,
Ескі жыл кетті,
Жаңа жыл жетті,
Айда аман,
Жылда есен болайық!
Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке.
Менің ұрпақтарымды аман ет,
Пәле-жаладан сақтай гөр, жамандық ары кет, ары кет.
Все невзгоды обошли ваш дом, не коснулись ваших близких. (кланяется
Кыдыр - ата).
Көрермендермен ойын: «Ұшты-ұшты».
Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын,
ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар
ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын
көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен
адамдарды былайша жаңылыстырады:
- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
- Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).
«Құтаю» рәсімі. 1 «В» сыныбы көрсетеді.
«Көк қаулап өссін, ақ мол болсын!» - деп ырымдап «Құтаю» рәсімі бойынша
жаңа бүрленген шыбықтар егіп, оларға ақ бүркеді.
Көрермендермен «Наурыз көже» ойыны ойналады.
Көрермендерге наурыз көже жасалатын заттар атауы таратылып беріледі де,
әр заттардың атауы аталғанда ортаға шығып, қимыл арқылы көрсетеді.
Осылайша көрермендермен наурыз көже жасалу жолдары айтылып тұрып,
ойналады.
Айтыс. 4 «В» сынып оқушылары.
Ұлттық ойындар:
«Арқан тартыс»
Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең
ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады.
Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын
жүргізушінің тапсыруымен бір, екі... деп санап шығады. Содан кейін екі
дегендерді (жұп) бір жаққа, бір дегендерді (тақ) екінші жаққа бөлінеді.
Арқанның қызыл мата байлаған жерін күні бұрын еденге немесе жерге
сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Ал ойнаушылар арқанның
белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Егерде
арқанға қолдары сыймаса, онда ойыншылар бірінің белінен бірі ұстайды.
Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа
тартады. Ойынның мақсаты – екі команданың бір не бірнеше ойыншысын
ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен
команда ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қай команда қарсылас
команданың ойын-шыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жа-ғына өткізсе,
сол ұтқан болып есептелінеді. Ойыншылардың өзара келісімдері бойынша
ойынды тағы да жалғастыруға болады.
Асык
Ұлттық би: «Қара Жорға» (барлығы билейді)
Ұлыс күні қазан толса,
Сол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар.- демекші Қызыр ата біз сізден бата тілейміз.
Қыдыр ата: Күніміз ұлысты болсын,
Жеріміз ырысты болсын!
Жаңа жыл бақыт жылы болсын,
Малың тоқ,
Уайым қайғың жоқ болсын,
Көген толы қозы,
Желі толған құлын болсын.
Малың базарлы
Ұлың назарлы,
Қызың ажарлы болсын!
Чтобы не было ни у кого невзгод,
Чтобы достаток поселился в каждом доме,
Чтобы у детей ваших было хорошее будущее
И солнце обогревало всех своими лучами
Әумин!
Бата береді.
«Қош келдің, төрлет, Наурызым!» әні орындалады.
Әже шашу шашады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. М.Жанболатұлы «Наурызнама» топтамасы – Семей, 2009 ж. - 252 бет
2. Қ. Ғ. Жұмалиева «Балдәурен» - Алматы: «Білім», 2002 ж. – 158 бет.
3. Ескен Елубаев «Қазақ дастарханы» «Таймас» баспа үйі, 2007 ж.- 24 бет.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа