close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
ОҚУШЫЛАРДА ОҚУДАҒЫ ВИЗУАЛДАНДЫРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Оқушылар үшін 11-14 жаста ғылымды оқудағы маңызды аспектілердің бірі
құбылыстар мен оқиғалардың белгілі ауқымын түсіндіру үшін терминдер мен ұғымдарды
қолдана отырып, негізгі ғылыми идеяларды қолдану мен пайдалану қабілеті болып
табылады. Бұл басты ғылыми идеялар табиғатта абстрактілі, сондықтан да ғалымдар
оларды түсіндіру үшін аналогия мен модельдерді жиі қолданады. Ағылшын тілін екінші
тіл ретінде үйреніп жатқан оқушылар төмендегідей салаларда табысқа жету үшін
сөйлеудің ғылыми стилін қолдануды дамытулары қажет:
 Модельдер мен аналогтарды пайдалануда негізгі ғылыми идеяларды
визуалдандыру;
 Болжамдар жасап, айғақтарды түсіндіріп, қорытынды жасауда негізгі ғылыми
идеяларды пайдалану;
 Негізгі ғылыми идеяларды ғылыми сұраныс диапазоны шегінде пайдалану.
Модельдер мен аналогтарды пайдалану оқушылардың басты ғылыми идеяларды
түсінуін дамытуға көмектеседі.
 модельдер тиімді оқыту құралы ретінде пайдаланылады;
 абстрактілі идеяларды суреттеу және елестету үшін модельдер мен аналогтарды
пайдалану оқытудың мықты тәсілі болып есептеледі;
 құзырлы мұғалімдер жалпы модельдер мен аналогтардың күшті, әлсіз жақтарын
сезінеді және сын тұрғысынан ойлауға ұмтылған оқушыларға қолдау көрсетеді;
 құзырлы мұғалімдер оқушыларды өздерінің модельдерін жасауға тартады.
Ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқитын оқушылар үшін модельдерді пайдалану
ғылымды оқудағы ең күшті құрал болып саналады. Модельдер дерексіз идеялар мен қиын
байланыстарды нақты елестетуге көмектеседі. Бұл нақты елестетулердің ағылшын тілін
екінші тіл ретінде оқитын оқушылар үшін ғылымда өз мүмкіндіктерін ашуда, ғылыми
сауаттылығын дамытуда маңызы өте зор.
Ғылымда «модель» терминінің бірнеше түсіндірмесі бар. Ғылымды оқытуда
«модель» (үлгі) ұғымын нақты түсіндіру ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқитын
оқушыларға қажетті қолдау (көмек) деңгейін анықтауға көмектеседі.
Ғылыми модельдер - ғылыми идеялардың көпшілік мақұлдаған көрінісі, мысалы:
жарықтың сәулелері, энергия ұғымы және жасушалардың өмірдің негізі екендігі.
Оқыту модельдері:





объектілер мен үдеріс болып есептелетін физикалық модельдер, олар өте аз
немесе өте көп, немесе абстрактілі идеялар болып есептеледі, мысалы: күн
жүйесі, ас қорыту үдерісі, ұсақ бөлшектерді жүйелеу;
аналогтар, мысалы электр тізбектерін елестету үшін көлік ағыны идеясын
көрсетуге болады;
нысандарды, үдерістерді және веб-жүйелер сияқты дерексіз ұғымдарды
көрсететін визуалды диаграммалар;
ғылыми мәтіннің негізгі бөліктерін түйіндейтін блок-сызбалар;
жылдамдық, ара қашықтық, уақыт сияқты түсініктер арасындағы өзара
байланысты көрсететін кестелер, диаграммалар және математикалық
формулалар.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа