close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

ТХГ ашық сабақ

код для вставкиСкачать
Сабақтың тақырыбы: «Мұнай-газ құбырларын пайдалану, техникалық қызмет көрсету
және жөндеу пәні бойынша мен білемін, білгім келеді»
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:
Өтілген тақырыпты практикада көрсету арқылы
студенттің білім деңгейін арттыру
Дамытушылық:
Студенттердің ой – өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік:
Ақыл – ой рухында тәрбиелеу, адамгершілік қасиетті қалыптастыру
Сабақтың түрі:
Конференция сабақ
Көрнекілік:
Интерактивті тақта, презентация, сұрақ – жауап
Оқытушы сөзі: Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Елдің
экономикалық деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігі сол елдің басты капиталы болып табылатын
адамдардың сапасына, өндірісті интеллектуализациялауға, білімге негізделген үздіксіз инновациялық
процестерге тәуелді болады. Сондықтан да білім мен ғылым, жаңа технологиялар бәсекеге
қабілеттіліктің басты факторлары болып табылады» деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңының 11 – бабында да оқытудың жаңа технологияларының, оның ішінде кәсіптік
білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез
бейімделуіне ықпал ететін ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану атап көрсетілген. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны бүгінгі білім үрдісінде
қолдану заңды құбылыс. Алайда, оны қолдану тиімділігі «оқытушы – студент» ара қатынасына жүйелі
қызмет етуіне жағдай жасалуымен тығыз байланысты.
Құбырлар желісін салу жұмыстарын жүргізу ретінің технологиясын 3ТХГ-141студенттерінің рольдік ойын
1. Құбырлар желісін салу жұмыстарын жүргізу ретінің технологиясын түсіндіру
2. Сулы кедергілерден өту талаптарын үйрету
3. Құбырлар желісін гидравликалық сынаудан өткізу технологиясын түсіндіру.
Дайындық жұмыстарын ұйымдастыру. (Учаске бастығы)
Трассаны тексеру . Жұмыс басталғанша әр учаске шегінді трассаның
ерекшеліктерімен танысады.Көзбен тексеру процесінде анықтайды: а)трасса бойынша
құбырлар және құрылыс материалдарын тасымалдаудың мүмкін варианттарын; б) жұмыс
басталар алдындағы трассаның күйі;в)тік көтерілу және түсулер бойынша тракторлар,
құбыр төсегіштердің жылжу мүмкіндігін; г)трассаның ағаштармен жабылу
сипаттамаларын.
Кен орнының ауданы бойынша төселетін құбырлар желісін салу кезінде
келесідей тәртіпте ұстанады: құбырлар желісі өтетін жер жерпайдаланушымен келісіп,
уақытқа қарауға алынады. Содан соң жерді тоң қабатынын төмен тереңдікке дейін қазып
және құбырларды траншеяға жақындатады, одан кейін құбырларды құбыртөсегіштермен
ұстап тұрып, құбырлардың жалғасқан жерлерін қолмен (диаметрі 800мм-ге дейінгі
құбырларды) немесе автоматты түрде (диаметрі 800мм-ден жоғары құбырларды) пісіріп –
дәнекерлеп жалғайды. Құбырлардың сыртқы бетін балшық пен қақтан тазартып, битумды
жабынмен
қаптайды, одан
кейін құбырды электрокоррозиядан
сақтайтын
гидроизоляциялық лентамен орайды.
Осы жұмыстарды жүргізіп болған соң пісірілген және оқшауланған (яғни, сыртқы
беті қапталған) құбырларды құбыртөсегішпен траншея түбіне түсіреді де, осы траншеяны
қазу барысында алынған топырақпен кері көмеді. Көміп болған соң жер бетін грейдермен
тегістеп, рекультивация жүргізеді, яғни топырақтың құнарлығын қалпына келтіру
жұмыстары атқарылады. Егер жер ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге жарамаса,
рекультивация жүргізілмейді.
Кейбір жағдайларда құбырлар желісінің бір бөлігін немесе толықтай су астымен
төсеу қажет болады. Бұл кезде құбырларды коррозиядан сақтау үшін асбоцементті немесе
битумды изоляция қолданылады. Ал сулы кедергілерден өту үшін дюкер деп аталатын су
арнасының астынан өтетін траншея қазылады. (Бас инженер)
Құбырды су астымен төсеу барысында оларға келесі талаптар қойылады:
(ТҚ ж/е ЕҚ инженері)
 құбырлар желісі кем дегенде екі қатарлы (тізбекті) болу керек; 

 құбырды кемелердің якорінен сақтайтын қорғаныс болу керек; 

 құбырлар желісінің және пісірілген жерлердің беріктік шарттары сақталуы керек.
Траншеяға
салынған
немесе
жер бетімен өтетін
барлық
құбырлар
желісін гидравликалық сынаудан өткізеді.
Құбырлар желісін гидравликалық сынаудан өткізудің мақсаты – бұрандалы немесе
пісірілген қосылыстардың саңылаусыз (герметикалық) бүтіндігін тексеру және оларды
механикалық беріктікке сынау.
Қысымға сынау келесі тәсілмен іске асырылады: құбырлар желісінің екі жағынан ауа
шығатын шүмегі бар бітеу бұқтырмалар (заглушки) қойылады, сонан соң құбырлар желісі
қысымсыз сумен толтырылады. Толтырылған құбырлар желісіне сорапты (әдетте
поршенді) жалғап, қажетті қысым тудырады да, оны 30 минут ұстап тұрады. Егер осы
уақыт аралығында құбырдағы қысым 0,05мПа төмендемесе, онда құбыр саңылаусыз бітеу
деп саналады. Қысымға сынаудың қажетті қысымы жұмыстық қысымнан 1,5 есеге үлкен
болуы қажет. (Учаске бастығы)
Газды дайындау қондырғысы
Газды, сапаға қойылатын талаптарға сәйкес дайындау үшін оны дайындау
қондырғысында ылғал тамшысынан, көмірсутекті конденсаттан, күкіртсутектен және
көмірқышқыл газынан бөлу және кептіру жұмыстарын жүргізу қажет. (ТҚ инж)
(Ауысым бастығы) Газды судан кептіру және көмірсутекті конденсаттан бөлу үшін
келесі әдістер қолданылады:
• дроссель-эффект немесе жасанды салқындату есебінен
төменгі температурада айыру;
• сұйық сіңіргіштер (абсорбция) және қатты жұтқыштар
(адсорбция) қолданылатын сорбциялық әдіс.
(Учаске бастығы) Газды дайындау қондырғыларында күрделі және қымбат жабдықтар,
аппараттар және аспаптар қолданылады: тамшы қаққыштар, айырғыштар, жылу
алмастырғыштар, конденсаторлар, булағыштар, сораптар, компрессорлар, абсорберлер,
адсорберлер, детандерлер, қысым, температура, сұйық деңгейін реттегіштер және т.б.
(Бас инж) Газ дайындаудың барлық қондырғыларында конструкциясы әр түрлі газ
айырғыштары қолданылады. Газ айырғыштарының құрылысының сипаттамасы мен
есептеу принциптеріне тоқталған болатынбыз., олар мұнай айырғыштарынан жұмыс істеу
режимі бойынша да, сол сияқты құрылысы бойынша да ерекшеленеді.
(Бас инж) Коммуналды-тұрмыстық тұтынушыларға арналған газ сапасы МЕСТ-554278 сәйкес болады.
Бұл жағдайда газды күкіртсутектен және механикалық қоспалардан тазалауға ерекше
талаптар қойылады, олар нөлге келтірілуі керек. (ТҚ инж.)
(Ауысым бастығы) Сонымен қатар, ауадағы газдың, оның ауадағы құрамы 1%
мөлшерінде болған кездің өзінде де иісі білінуі керек. Таза газдың иісі болмайтындығына
байланысты, газ ағынына арнайы заттар - одоранттар бүркіліп беріледі және газ күшті
спецификалық иіске ие болып, осы арқылы газдың шығып тұрған жерін анықтайды.
(Бас инж) Одорант ретінде көбіне-көп этилмеркаптандарды -күкірттің органикалық
қосылысынан
тұратын
түссіз
органикалық
сұйықтықты
қолданады.
3
Этилмеркаптандардың ұсынылатын шығын нормасы 1 м -ке І6мг-нан келеді.
Газқұбырына одорантты енгізу үшін арнай автоматтандырылған құрылғыодоризаторларды қолданады, олар газ шығынына байланысты жұмыс істейді.
Одоризацияланған газ құбырлар бойымен жүріп өтіп тұтьнушыға жеткенге дейінгі едәуір
қашықтықта өзінің бастапқы одоризация дәрежесін сақтау қасиетіне ие.
1. Газды, сапаға қойылатын талаптарға сәйкес дайындау
2. Газды судан кептіру және көмірсутекті конденсаттан бөлу үшін қолданылатын әдістер
3. Одорант ретінде қолданылады
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа