close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
№2 Төлеби балалар үйі
«Жалын»
тобының тәрбиешісі
Рахманова Бексұлу
Урикбекқызы
Жарыс сабақтың
тақырыбы:
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар
Мақсаты:
 а) Оқушылардың математика
пәніне қызығушылықтарын оята
отырып есептер шығару.
 ә) Логикалық ойлау қабілеттерін
дамытып, дүниетанымын кеңейту.
 б) Тапқырлыққа алғырлыққа
зейінді болуға тәрбиелеу.
Сайыс шарттарын
таныстыру
1. Амандасу рәсімі
2. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
3. «Ойлан тап»
4. «Кім жүйрік»?
5. Дәстүрге байланысты
6 «Мақал – сөздің мәйегі» сайысы
7 Ойлан, тап ( Жұмбақ шешу)
8 «Жеті жұрттың тілін біл»
9. Топбасшылар сайысы.
1 – сайыс
«Амандасу рәсімі»
Ал қанеки, қырандар!
Босқа қарап тұрмандар,
Бастап жігіт өнерін,
Алыстарға самғаңдар!
Таныстырып өзіңді
Топ намысын қорғаңдар..
Әр топ өздерін
таныстырады.
Бұл сайыста оқушылар
берілген мәтінді есептерге
ауызша жауап береді. Әр
есептің құрылуына
байланысты ұпайлар
берілген сол ұпай бойынша
жауап береміз.
10 ұпайдың сұрақтары:
1. Бірінші үйде 30 адам, ал
екінші үйде біріншіге қарағанда
20 адам артық тұрады? Екінші
үйде неше адам тұрады.
2. Аулада 16 ер бала, олардан
6 – уы кем қыз бала ойнап жүр.
Аулада неше қыз бала ойнап
жүр?
1. Марат 15 сөз жазу керек
болды ол 7 сөзді жазып қойды
Марат енді неше сөз жазуы
керек?
2. Асханада 8 литр сүт
жұмсалғаннан кейін тағы 6 литр
сүт қалды.
Асханада неше литр сүт болған?
1. Қоймада 60 қап күріш және
30 қап жарма болды. Асханаға
20 қап жөнелтілді. Қоймада
неше қап жарма қалды?
2. Дүкенге 20 жәшік қияр
және 30 жәшік қызанақ
әкелінді. Және 40 жәшік
қызылша әкелінді. Дүкенде
неше жәшік көкөніс бар?
1. Кемпірқосақта неше түс бар?
2. Үш қойдың аяғы қанша?
3. Жұмылған көзбен не көруге
болады?
4. 2 ғасырда неше жыл бар?
5. Қай кезде қолын суға кесіп алуға
болады?
6. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат
ойнады. Әр қайсысы неше сағаттан
ойнады?
7. Бір үйдің 20 тауығы және одан 2 –
еуі артық үйрегі бар бүл үйде қанша
үйрек бар?
8. Асқар Алтынайдың ағасы. Алтынай
Арманның шешесі. Асқар Арманға кім
болады.
Ата - дәстүр абырой
көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен
өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал
халайық,
Қанатты сөз мақал мен
мәтелдерге.
1. Арқанды ат...
2. Жылы - жылы сөйлесең,.....
3. Ұстазы талантты болса,
Шәкірті......
4. «Ертеңгі асты тастама, .......
5. Ас атасы - ...........
6. Өз елім -.......................
1. Оқу білім бұлағы,.............
2. Әдептілік белгісі,...............
3. Кітап білім.................
4. Тіл қылыштан да........................
5. Отан үшін отқа түс.......................
6. Отан оттан да...............
1.«Сүйінші» деген не?
2. «Шашу» дегеніміз не?
3. «Қонақасы» дегенді қалай
түсінесің?
4. «Енші» деген не
5. «Байғазы» дегенді қалай
түсінесің?
6. «Ерулік» деген қандай
дәстүр?
7. «Сыбаға» деген
сөзді қалай түсінесің?
8. «Айдар» деген не?
9. Бес дұшпанды ата?
10. Бес асыл істі ата?
11. Бес қаруды ата?
12. Ат әбзелдерін ата?
6-сайыс:
Ойлан, тап
( Жұмбақ шешу)
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
1. Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе жоқ тыныш.
2. «Естіртпе»- деп ине - жіптің күңкілін,
Бүтіндейді қағаз, кітап жыртығын.
3. Жүрген сайын жүйрігім,
Қысқартады құйрығын.
4. Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол, кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
5. Адамға сонша пайдалы, басында
сансыз көзі бар.
6. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,
Мойнында ұзын арқан сүйретілген.
7. Көрінген жол үстінде доңғалай бас,
Қолы жоқ, аяғы жоқ бұл қандай бас?
Жанынан шапалақпен жайлап ұрсаң,
Атындай жолаушының жорғалар бас.
8. Қолымда бір құсым бар екі басты,
Аяғын басқан кезде зәре қашты.
Аузын аждаһадай ашқан кезде,
Бөлектеп атып тастар ішкен асты.
9. Қатар - қатар тісі бар,
Өзіне тән ісі бар.
10. Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.
11. Сегіз тарам қайыстан,
Өрімі бар бұзау тіс.
Жұмсақ жағы майысқан,
Айнымаған жылан түс.
12. Бір тышқанда екі құйрық.
1. Жүз теңгең болғанша жүз.......
болсын
2. Футболшының алаңдағы ойын заты
3. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса
аттама
4. Жеті қазынаның бірі
5. Ұшқан.... жүгірген аң бәрі тамақ
6. Сағат сайын қағылады
Тек мектептен табылады.
1. Бірінші байлық
2. Күн мен түн теңелетін жыл
мезгілі
3. 5 пен бестің қосындысы
4. Мені жұтсаң қуанып,
Тыныс алып тұрасың
5 Ең қымбат адам
6. Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
8 сайыс:
«Топ
басшылар»
сайысы
1. топ басшысына
1. Ең кіші үш таңбалы сан?
2. Қосу амалын немен тексереді?
3. Бір тәулікте неше сағат бар?
4. 10 см де неше дм бар?
5. Жұлдыздың неше бұрышы бар?
6. Аспанда неше күн бар?
7. Адам қолында неше саусақ бар?
8. 2 ондық 8 бірлік?
9. 6 ондық пен 3 ондықтың айырмасы?
10. Кітаптың формасы қандай
математикалық фигураға жатады?
2.топ басшысына
1. Ең үлкен екі таңбалы сан?
2. Азайту амалын немен тексереді?
3. 1 сағатта неше минут бар?
4. 1 м – де неше см бар?
5. Шаршының неше бұрышы бар?
6. Адамда қанша көз бар?
7. Аспанда неше ай бар?
8. 9 ондық 5 бірлік?
9. 4 ондық пен 3 ондықтың қосындысы
10. Қосылғыштың орнын ауыстырғанымен
қосындының ..........
Қорытынды.
Қазылар орнықтырар
әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл
мықты.
Білім мен тапқырлықтың
жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз
мықты.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа