close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Жастарды шешендік өнерге баулу мен көпшілік алдында мәдениетті сөйлеу дағдыларын
үйрету мақсатында қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында дәстүрлі дебат
бәсекелері жыл сайын үш: күзгі, қысқы, көктемгі кезеңдерде ұйымдастырылады. Дебат
бәсекесі әрбір оқушының өз ойын анық жеткізе білу, өз алдына бағдарлама құрастыру, нақты
дәлел мен ұшқыр ойдың ойыны болып есептелінеді. Бәсеке топтық ойнау арқылы жүргізледі.
Топпен ойнағанда олар өзара ақылдасу, келісу үлгілерін де үйренеді. Дебат бәсекесінің
қарарына дайындалу арқылы іздестіру жұмыстарының сан қилы қырларымен танысады. Ойын
барысыныда уақытты үнемдеу, кесте бойынша өзіне берілген уақыт мөлшерін нақты, ұтымды
пайдалануға жағдай жасайды және үйренеді. Дебат ойыны уақыт қадірін сезінуге, бағалауға
жастарды қалыптастырады. Қарсылас топтың сын сөздерін, қарсылықтарын, бағдарламаларын
талқылап, кемшіліктерін айту кезінде ойыншыларды салқын қанды болуға тәрбиелейді. Ойын
ережесі бойынша адамның жеке басына қол сұғуға болмайтынын, этика, эстетика тәрбиелерін
сақтауға жастарды бағыттайды. Бәсекенің жастарға берері өте көп. Әр түрлі тақырыпта, әр
түрлі қарармен ойнау әрбір оқушының ойлау қабілетін, есте сақтауын, қоғамдық өмірге деген
көз қарасын жақсартады. Қоғамдық ортамен байланыс жасауына мол мүмкіндік береді. Ойын
арқылы тың материалдарды меңгереді және оны іске асырады. Дебат қарары ойынды
ұйымдастыру кезіндегі маңызды тақырыпқа байланысты беріледі. Қарар ереже бойынша
ойынға 10 күн қалғанда ғана айтылады. Ойынға қатысушылар осы 10 күн ішінде жақтаушы
топқа арнайы бағдарлама даярлап, қарсы даттаушы топқа нақты деректерді даярлаудан
бастайды. Ойынға қатысушы топтар кез келген уақытта «Жақтаушы» топ болыпта немесе
«Даттаушы» топ болып та ойнай береді.
ДЕБАТ САЙСЫНЫҢ ӨТКІЗЛУ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Жас ұрпақты халқымыздың
асыл сөз қорларын пайдалана
отырып,
еркін, нақты дәлелмен сөйлеуге,
көкейтесті тақырыпта ой, пікір,
сайыс тудырып қана қоймай,оны
шешудің механизмін ұсынуға
бағдарлама жасауға тәрбиелей
отырып үйрету.
САБАҚТЫҢ МІНДЕТІ:
• Білімділігі – дебат технологиясының ойнау
элменттеріне сай нақты дәлелдерді қарардан
ауытқымай өз дәрежесінде талдай білу.
• Дамытушылық – ойын ережесіне сәйкес
таңдаған бағдарламаға сай қарсы дәлелдерді
ұтымды құрастыра білу.
• Тәрбиелік – ойын кезінде көрермен алдында,
қарсы топ алдында ережеден ауытқымай әдемі
де әдепті, салмақты да сабырлы болу қажет.
ОЙЫНҒА ҚАТЫСУШЫЛАР: қала мектептерінің жоғары
сынып оқушылары
ОЙЫННЫҢ ӨТІЛУ ТҮРІ: Дебат сайысы Карл Поппердің
саяси элементтері бойынша ойнатылады. Топтық үлгіде
ойнатылады.
КӨРНЕКІЛІГІ: Дебат қарары жазылған көрнекілік, төреші
парақтары,
интерактивті тақта.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: сайыс сабақ.
ҚОЛДАНУЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ: Жастарды шешендік өнерге
баулу. Көпшілік алдында. еркін, сауатты сөйлеуге
қалыптастыру. Дәлелмен жинақы сөйлеуге баулу.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Дебат сайысына
интерактивті тақта,
компьютер қажет.
1. Ұтымды
да ұтқыр сөйлеп үйрену;
2. Өз бетінше бағдарлама дайындауға;
3. Нақты дәлелдер келтіру;
4. Уақытты ережеге сай пайдалануға;
5. Әділ қазылар мүшесімен толық
келісу;
6. Ойын арқылы жастарды саясиқоғамдық, патриотық бағытқа
тәрбиелеу.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:
1.дебат сайысына қатысатын екі топты бір-бірімен
таныстыру.
2. жеребе тарту арқылы «Жақтаушы» және «Даттаушы»
топты анықтау.
3. Дебат қарарымен таныстыру.
4. Уақыт төрешісін сайлау
5. қазылар мүшесімен таныстыру.
6. уақыт мөлшерін белгілеу.
МАҚСАТТЫ АЙҚЫНДАУ. САБАҚ МІНДЕТТЕРІН
АНЫҚТАУ.
Міндеттерімен ойын ережесімен нақты түсіндіру.
ІІ. ОЙЫНДЫ ЖҮРГІЗУ. КІРІСПЕ БӨЛІМ.
Жүргізуші: Бүгінгі жас ұрпақ-болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді
қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін
сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де
білікті жаhандану заманына сай болуы шарт. Жасөспірімдердің Отан туралы
патриоттық санасын, ой-өрісін дамыту, мемлекетімізді ғаламдану үрдісінде
бәсекелестікке және ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, өркениетті
елдер қатарына жеткізуге ықпал ететін патриоттық тәрбие беруді ең пәрменді
идеологиялық құрал. Дебат сайысы оң жасампаз дүниетанымға ие, азаматтық
жауапкершілікті сезіну, саналы таңдау жасауға және Отан, қоғам, өз отбасы
игілігіне, жек басына бағытталған дербес шешім қабылдай алу қабілеті
бар,берік адамгершілік негізге ие, өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын,
жаңа идеяларға зерек, үнемі жетіліп отыратын тұлға қалыптастыруды мақсат
етеді. Дебат сайысы шешендік өнерді, дәл, нақты жауап қайтаруды талап
ететін күрделі ойын түрі. Жастарды ел болашағының ертеңгі иелері деп
танып бәсекелестікке шыңдау.
ІІ топ спикерлерінің міндеттері:
Жақтаушы топтың 1 sp тобын толық таныстырып, өз
бағдарламасын Карл Поппердің саяси элементтері форматы
бойынша ұсынады.
Даттаушы топтың 1 sp таныстырып, оппонентің
бағдарламасын даттап, өзінің альтернативті бағдарламасын
ұсынады. (Топтың қалауы бойынша)
Жақтаушы топтың 2 sp бағдарламаға толықтырулар енгізіп,
жаңартып жаңа аргументтер мен фактілермен толықтырады.
Даттаушы топтың 2sp жаңартып енгізілген аргументтер
мен фактілерді даттайды.
Жақтаушы топтың 3sp топ ойынына толық қортынды
жасайды.
Даттаушы топтың 3 sp ойынына толық қортынды жасайды.
Қарар – Дефиниции-Status-guo-ПроблемаПроблеманың маңыздылығы-Проблеманың
себептері-Шешу жолдары (қашан, кім, қайда,
қаржы мәселесі)- нәтижесі.
ІV ойын уақытында рұқсат етілмейді:
Уақыт лимитін бұзуға
Қортынды кезінде тың мәліметтерді енгізуге
Жеке басқа қол сұғуға
V. Ойын мына жағдайда
тоқтатылады:
1. Труизм-шынайы енгізілген
бағдарламаларды ұсынған кезде;
2.Кейстің ауысуы- жақтау тобының
бағдарламасын даттамай, өз бағдарламасын
ұсыну кезінде.
Ереже бойынша ойын «хай-ло» жүйесімен
жүргізіледі. Ортаға топ капитандары
шақырылады. Жеребе тартылып топтардың
бәсекеге қандай топтармен түсетіндері
анықталады.
Ойын кезеңдері мен уақыттары.
І кезең
14. 00-15.00
ІІ кезең
15.00-16.00
ІІІ кезең
16.00-17.00
Үзіліске 30 минут уақыт беріледі. Үзіліс кезінде
төрешілер 3 кезеңнің қортындысын шығарады.
Жартылай финал 17.30-18.10
Финал
18.10-19.10
Финалдың нәтижесі шығарылып жеңіске жеткен
топтарды мақтау қағаздарымен бағалы сыйлықтармен
марапаттау кезеңі.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа