close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
СУДЫҢ ТҮРЛЕРІ – І
Аллаһ тағала Құран Кәрімде:
«Және судан әрбір тірі нәрсені жараттық», – деген. [1]
Су жалпы табиғи тұрғыдан алты түрге бөлінеді. Олар – көктен жауатын және
жерден шығатын сулар:
1. Атмосфералық жауындар. Бұған жаңбыр, бұршақ және қар сулары
жатады. Аллаһ тағала Құранда:
«Және көктен тазартушы су жаудырдық», – деген. [2]
Абдулла ибн Әби Әуфаа (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың ‫ﷺ‬:
«Аллаһым, мені күнәларым мен қателіктерімнен тазарта гөрші, мені олардан,
кірден тазарған аппақ киім секілді тазартшы. Аллаһым, мені қармен, бұршақпен
және салқын сумен тазарта гөрші», – деп дұға жасағанын риуаят еткен. [3]
2. Жер үсті сулары. Бұларға теңіз, мұхит, көл және оларға құятын өзен
сулары кіреді. Ғұламалардың бірауызды келісімінде теңіз сулары ащы болсын,
тұщы болсын, таза және тазартушы су саналады. Онымен дәрет алуға да ғұсыл
құйынуға да рұқсат етілген. Бір кісі Аллаһ елшісінен ‫ ﷺ‬теңіз суының үкімі жайлы
сұрағанда:
«Теңіз суы – тазартушы, өлімтігі – адал», – деп жауап берген. [4]
3. Жер асты сулары. Бұған бұлақ, құдық сулары жатады. Бұлақтардың
көпшілігі жерге сіңген қар, жаңбыр суларымен қоректенеді. Жер асты суларының
ең қасиеттісі – зәмзәм. Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің ‫ ﷺ‬:
«Жер бетіндегі сулардың ең жақсысы – зәмзәм. Онда бойға тарайтын
тағам және дертке ем болатын шипа бар», – деп айтқанын жеткізген. [5]
Сондай-ақ Жебірейіл періште зәмзәм суымен Пайғамбарымыздың
жуған. Әбу Зәрр (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің ‫ﷺ‬:
‫ﷺ‬
жүрегін
«Меккеде болғанымда төбе ашылып, Жебірейіл алайһи ас-салам түсті. Ол
көкірегімді жарып, сосын оны зәмзәммен жуды. Сосын хикмет пен иманға толы
алтын легенді әпкеліп, оны көкірегіме құйды. Сосын көкірегімді жапты...», –
деген. [6]
Артықшылығы үшін зәмзәммен дәрет алып, ғұсыл құйынудың сауабы – өте
зор. Басқа су болған жағдайда зәмзәм суымен нәжісті тазарту үкімі – харам деп
кесіп айтылмаса да, бізде харамдығы ықтимал мәкрүһ. Өйткені зәмзәм басқа
суларға қарағанда қасиетті саналады.
Нәжістен де дәретсіздіктен де тазартушы негізгі зат – су. Су – таза және
тазартушы зат. Дәретсіздіктен тазаруға жарамды және жарамсыз болуы
тұрғысынан су бес түрлі дәрежеге бөліп қарастырылады. Олар:
1. Таза және тазартушы. Өз болмысы таза, сондай-ақ нәжістен де
дәретсіздіктен де тазартатын суды таза және тазартушы су деп атайды. Бұған ең
алдымен жоғарыда аталған жаңбыр, қар, бұршақ, теңіз, өзен, бұлақ және құдық
сулары жатады. Таза және тазартушы деген категория түпкі табиғи сипаттары
(дәмі, түсі, иісі) еш өзгеріссіз сақталған суға ғана қатысты. Таза және тазартушы
су төмендегі жағдайларда өз үкімін жоғалтпайды:
a) Тазартушы суға түскен тас, жапырақ, бұтақ, жеміс, көкөніс секілді
қатты таза зат су сипаттырының (дәм, түс, иіс) бірін немесе бәрін өзгертсе,
бірақ аққыштығын жоймаса және «су» атауын өзгертпесе, су тазартушы
үкімін еш жоғалтпайды. Teк суға түскен қатты таза зат онда қайнап, су басқа бір
сұйықтыққа айналып кетпеуі шарт. Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын):
«Пайғамбар ‫ ﷺ‬жүніп күйде бола тұра, басын жалбызтікен езілген сумен
жуатын. Сол жууымен жеткілкті көріп, басына басқа су қолданбайтын», – деп
риуаят еткен.[7]
Бұл хадистің тізбегінде Шариик әл-Қоодый есімді жеткізуші бар. Ол туралы
мухаддистердің пікірлері бірауызды келісім таппаған. Біреулері сенімді көрсе,
екіншілері әлсіз деп санаған. Алайда біздің мәзһабтың ғұламалары жақсы
иснадпен жеткен Ибн Масғудтың сөзіне қaйшы келмеуі шартымен бұл хадистегі
сүннетті дәлелге алған. Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын):
«Кім сендерден, жүніп бола тұра, жалбызтікен езілген сумен жуынса,
соңыра ғұсыл құйынып жатса, басын жуғысы келсе, өз қалауы білсін», –
деген.[8]
Әбу Юсуптың көзқарасында сабын араласқан су қоюланып кетсе, онымен
дәрет алуға болмайды, ал нәзіктігі сақталса, дәретке жарамды. Сол секілді қатты
лайланған сумен де дәрет алуға болмайды.[9]
Тазартушы суға едәуір тұз төгіліп, әлі араласып үлгермесе, тазартушы
үкімін сақтайды. Ал араласып кетсе, нәжісті жуып тазартуға ғана жарайды.[10]
ә) Тазартушы суға төгілген таза сұйықтықтың әсері су құрамын
өзгертпеген болса, су дәретсіздіктен «тазартушы» үкімін жоғалтпайды. Таза
сұйықтықтардан сүт, сірке суы және қолданылған суды мысалға келтірейік. Сүт
судан дәмімен және түсімен, ал сірке суы дәмімен, түсімен, иісімен, ал
қолданылған су тек қолданылуымен ғана ерекшеленеді. Екі ғана сипаты бар сүт
немесе соған ұқсас сұйықтыққа келсек, оның бір ғана сипатының (дәмінің не
түсінің) су құрамында нақты пайда болуы, ал үш сипаты бар сірке суы секілді
сұйықтықтың екі сипаты (дәмі мен түсінің, не түсі мен иісінің, не дәмі мен
иісінің) нақты пайда болуы «тазартушы» үкімін тоқтатады. Сол секілді араласып
кеткен қолданылған судың тазартушы судан көлем тұрғысынан басым болуы да
судың «тазартушы» үкімін жояды. Яғни бұл сулар дәретке және ғұсылға жарамай
қалады. 1 ратл [11] тазартушы суға 2 ратл қолданылған су араласса, ол су
тазартушы үкімін жоғалтады. [12]
б) Тазартушы суға қаны ақпайтын шыбын, маса, шаян секілді жәндіктер
түсіп кетсе, тіпті өліп қалса да, су «таза және тазартушы» үкімінен
айырылмайды. Аллаһтың елшісі ‫ ﷺ‬:
«Біреулеріңнің ыдысына шыбын түсіп кетсе, оның түгелдей батырып
барып, алып тастасын. Расында, оның бір қанатында шипа, екінші қанатында
дерт болады», – деген. [13]
в) Суда балық секілді су жануары өлген жағдайда су «таза және
тазартушы» үкімін жоғалтпайды. Бұл үкім Аллаһ елшісінің ‫ ﷺ‬теңіз суының
үкіміне қатысты: «Теңіз суы – таза, өлімтігі – адал», – деген хадисінен алынған.
г) Тазартушы судың көп тұрып қалуы оның үкімін жоймайды.
д) Тазартушы суға түскен бақа өліп қалса, су нәжістенбейді және
тазартуға жарайды. Алайда оны ішуге болмайды, өйткені бақаның еті – харам.
Абдрахман ибн Усмаан (Аллаһ оған разы болсын):
«Бір табиб (дәрігер) Пайғамбардан ‫ ﷺ‬дәрінің құрамына қосуы үшін, бақаны
пайдалану үкімі туралы сұраған. Пайғамбар оны өлтіруге тыйым салған», –
деп айтқан. [14]
Бұл хадистің негізінде бақаны жеуге, одан дәрі дайындауға, сондай-ақ ішінде
бақа өліп қалған суды ішуге болмайды.
2. Таза және тазартушы, бірақ пайдаланылуы жеңіл мәкрүһ саналатын
сулар
Бұл – үй мысығы, боқтық аралаған тауық, жыртқыш құс, жылан және
тышқан секілді мақұлықтар ішкен су. Негізінде, сілекей еттен бөлінетін
болғандықтан, жануар етінің үкімі сілекейіне де қатысты болады. Ибн әл-Мунзир:
«Ғұламалардың ижмағы бойынша еті адал хайуандар ішкеннен қалған су –
таза. Оны ішуге және тазалануға қолдануға болады», – деп айтқан. [15]
әт-Тахауидің түсіндіруінде: мысықтың ішкенінен қалған судың мәкрүһ
болуы – етінің арамдығымен байланысты. Бұл дегеніміз мысықтан қалған судың
жыртқыш аңдар секілді нәжіске жақындығын білдіреді.
Ал әл-Карахидің пікірінде: мысық сілекейі тиген судың мәкрүһ саналауы
етіне байланысты емес, оның нәжіс нәрселерден әрдайым сақтана алмауымен
байланысты. Бұл көзқарас үкімнің жеңіл мәкрүһке сілтейтінін білдіреді.[16]
Сондай-ақ әл-Карахидің пікірі Аллаһ елшісінің :
«Расында, ол нәжіс емес. Ол сендерді көп айналушы мақұлықтардан ғой», –
деп айтқан хадисімен ұштасады. [17]
Бұл хадистегі «ол нәжіс емес» сөзі бiздің мәзһабта абсолютті үкімді
білдірмейді. Яғни мысық ішкен су абсолютті тазартушы су категориясына
жатқызылмайды. Өйткені Пайғамбарымыз «ол нәжіс емес» деген сөзбен
шектемей, «ол сендерді көп айналушы мақұлықтардан ғой», – деп себебін
баяндаған. Бұл хадисте мысықтың адамға жақын жүретін жануар екенін және
оның сілекейінің мубах екенін білдіреді. Өйткені Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы
болсын) Пайғамбардың ‫ﷺ‬:
«Мысық жалаған ыдыс бір не екі мәрте жуумен тазарады», – деп айтқанын
риуаят еткен. [18]
Сайып келгенде, тазартуға жарамды сулардың пайдалануға ең дұрысы – ең
тазарағы. Сол себепті, бізде шүбәсыз тазартушы су табылмаған жағдайда ғана
мысық ішкен суды дәрет пен ғұсыл үшін еш мәкрүһсіз пайдалануға болады.
Боқтық аралаған тауыққа келсек, нәжістен сақтана алмауы себепті оның қалдық
суы – мәкрүһ. Сол секілді боқтық шұқылаған түйе мен сиырдан қалған су да осы
үкімге ереді. [19]
Ескерту: имам Әбу Ханифаның көзқарасында арақ ішкен бетте ішілген
судың үкімі секілді, мысық тышқан жеген бетте су ішсе, ол су нәжіс саналады. Ал
біраздан кейін ішсе, нәжістенбейді, өйткені ол аузын сілекейімен жуып
үлгереді.[20]
3. Таза, бірақ тазартушы емес су
a) Қолданылған су. Қолданылған су дегеніміз – кіші немесе үлкен дәретсіздіктен
тазару барысында дене мүшелеріне тиіп ажыраған су. Дәрет алушының ниеті
дәретсіздіктен тазару болсын, сауапқа иелену ниетімен дәреті бола тұра дәретін
жаңарту болсын, тамақтану алдында қол жуу болсын, етеккір күйдегі әйел кісінің
парыз намаздары уақытында таспих айтуы үшін дәрет алуы болсын, мұндай су
қолданылған су саналады. Бұл су нәжісті кетіру үшін таза әрі жарамды
болғанымен,[21] басқа адамның дәрет пен ғұсыл үшін қолдануына жарамсыз. Әбу
Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің ‫ﷺ‬:
«Ешбіреуің жүніп күйінде ағынсыз суда жуынбасын!», – деп айтқанын
жеткізген.[22]
Кіші немесе үлкен дәретсіз адам жуынбай тұрып, ыдыстағы немесе астаудағы
суға қолын малса, су «қолданылған» болып саналмайды. Бұған Айша анамыздың
(Аллаһ оған разы болсын):
«Мен және Пайғамбар ‫ ﷺ‬бір ыдыстағы сумен жуынып, оның ішінде қолдарымыз
соғылысып қалатын», – деген сөзі дәлел. [23]
Дәрет алу үшін немесе тамақтанудың алды-артында қол жууға, сондай-ақ ауыз,
мұрын шаюға ыдыс бетінен алақан уысымен қалқып алынған су «қолданылған»
болып саналмайды.
а) Ағаш пен жеміс суы таза болғанымен «тазартушы» бола алмайды. Мысалы:
жеміс шырындары, қайың шырыны.
б) Қайнап жатқан тазартушы суға оны мөлдірлігінен айыратын бір нәрсе түсіп,
пісіп кетсе, ол «тазартушы» үкімін жоғалтады.
в) Мұндай суға араласқан қатты таза зат оны «су» атауынан «тұнба» атауына
айналдырса, ол «тазартушы» үкімін жоғалтады. Мысалы, мия тамыры ерітілген
су мия тұнбасына айналып, «тазартушы» бола алмайды.
Нәжістенген су
Негізінде, көлемі аз болсын, көп болсын, су табиғи болмысы тұрғысынан таза
саналады. Сондықтан суға нәжіс түскенін не тигенін көз көрмейінше, оның
сипаттарының бірі өзгергені нақты сезілмейінше, құр бекер судың тазалығына
қатысты сезіктенуге болмайды. Өйткені Аллаһтың елшісі ‫ﷺ‬:
«Расында, су – таза. Оны ешнәрсе арамдай алмайды», – деп айтқан. [24]
Таза суға түскен нәжіс оның үш сипатының бірін өзгертсе, нәжістенген
саналады. Нәжістенген суды тіршілікке пайдалануға, дәретсіздіктен тазару үшін,
кір жуу үшін қолдануға болмайды. [25] Бұл – барша ғұламалардың ижмағымен
бекіген үкім. Өйткені Аллаһтың елшісі ‫ﷺ‬:
«Расында, судың иісі не дәмі не түсі өзгермесе, суды ешнәрсе арамдай
алмайды», – деп айтқан хадисіне негізделген шешім. [26]
Нәжіс тиген судың қаншалықты былғанғанын не былғанбағанын белгілеу
оның ағынды және ағынсыз деп айырып танылуымен, сондай-ақ ағынсыз судың
ішінара аз су және көп су болып қарастырылуымен байланысты. Ағынды судың
нәжіс тиген орны және тиген сәті ғана ескеріледі. Өйткені сол сәттен көп ұзамай
ол судың ағысы арқылы тазарып кетеді. Сондықтан оған түскен нәжіс оны былғай
алмайды. Өйткені нәжіс ағынды судың бетінде бір орында тұрақтай алмайды әрі
жайылмайды.
Мұхаммед аш-Шайбанидің көзқарасында біреу ағынды суға шарап төксе, ал
төменгі жағында басқа біреу дәрет алуды қаласа, сөйтіп судың түсі не дәмі не иісі
өзгерсе, дәрет алуына болмайды. Ал өзгермесе, болады. Бұл үкім су құрамының
өзгергенін білген не сезген кісі үшін айтылған. Ал білмеген не сезбеген кісінің
жағдайына қатысты имам Әбу Ханифадан: «Ағынды суға біреу білместіктен кіші
қажетін өтесе, ал төменгі жағында екінші біреу дәрет алып жатса, қалай
болады?», – деп сұралғанда, ол: «Зияны жоқ. Өйткені су – ағынды», – деп жауап
берген. Өйткені нәжіс ағынды суға жайыла алмайды. Ағынды судың басында не
істеліп жатқанын білмегендіктен, төменгі жақта дәрет алып жатқан кісінің қалқып
алған суы нәжіс араласқан болуы да ықтимал, таза болуы да ықтимал. Ал таза
суға жайдан-жай нәжіс үкімін бере алмаймыз. [27]
Ағынды суға түскен нәжіс зәр секілді көзге көрінбейтін түрден болса, оны
қолдану сәтінде түсі не дәмі не иісі өзгергені сезілмейінше, былғанбаған
саналады. Ал егер тезек, өлексе секілді көзге көрінетін түрден болса, өзеннің
көлеміне қаралады. Өзен үлкен болса, дәрет өлексе не тезектің төменгі жағынан
емес, жоғарғы жағынан алынады. Егерде өзен кішкентай болса, судың былғану
көлеміне қаралады. Көп бөлігі былғанса, нәжіс, аз бөлігі былғанса, таза саналады.
Жартылай былғанса, дәрет алуға жарамды, алайда сақтық шарасы ретінде алмайақ қойған жөн. [28]
Ваннадағы не бассейндегі судың краны мен ағып шығарылатын жолы бір
мезгілде ашық болса, ағынды судың үкіміне кіреді. [29]
Ағынсыз не тоспа сулар
Ағынсыз, яғни тоспа суды Пайғамбарымыз ‫ﷺ‬: «Ешбіреуің жүніп күйінде
ағынсыз суда жуынбасын!», – деп, ағынды судан айырып танытқан. [30] Тоспа су
көлемі тұрғысынан аз және үлкен болып қарастырылады:
- Аз су. Оған нәжіс түссе, сипаттарының бірі еш өзгермесе де нәжістенеді.
[31] Аз судың нәжістенуінің ең төмен деңгейін Аллаһ елшісінің :
«Біреудің ыдысын ит жаласа, жеті мәрте жусын және бірінші мәртеде
топырақпен[32] тазартсын!», – деген хадисі белгілеген.[33] Егер мұндай жәйтті
көзбен көрмеген не су құрамынан еш өзгерісті сезбеген болсақ, оны зерттеуімізді,
жайдан-жай сұрауымызды Аллаһ тағала бізге жүктемейді.
Өйткені, сахабалардан жеткен хабарлардың бірінде:
«Умар ибн әл-Хaттaб бір топ серіктерімен жолға шыққан. Араларында
Амру ибн әл-Аас та бар еді. Олар бір хауызға[34] жетіп тоқтаған. Сол кезде Амру
ибн әл-Аас хауыздың қожайынан: «Ей, хауыздың иес, жыртықш аңдар сенің
хаузыңнан су ішуге келіп тұра ма?», – деп сұраған. Сонда Омар бірден: «Ей,
хауыздың иесі, бұл туралы бізге хабар берме! Өйткені жыртқыштар келетін
жерге біз де келеміз, біз келетін жерге олар да келеді», – деді делінген.[35]
Омардың: «бұл туралы бізге хабар берме» деген сөзі өздері үшін жағдайды
құр бекер қиындатып алмау мақсатын көздеген. Өйткені олардың ішінде нақты
жәйтті ешкім көзбен көрмеген не су құрамының өзгергенін сезбеген. Мұндай
жағдайда ол судың таза болуы да ықтимал, нәжістенген болуы да ықтимал.
Ханафилер бұл хабардағы Омардың «бізге хабар берме» деген сөзінің
мағынасын: «Егер сен бізге хабар берсең, онда жағдайымыз қиындайды,
сондықтан хабар берме. Жыртқыштар келетін жерге біз де келеміз, біз келетін
жерге олар да келеді. Нақты білмеген болсақ, олардың су басына келулелері бізге
зиян тигізбейді. Көрмеген не сезбеген нәрсе жайлы сұрау бізге міндеттелмеген»,
– деп түсіндірген. Егерде жыртқыш аңдар ішкеннен қалған су таза саналғанда
Омар хауыз иесін жауаптан тыймас еді. Сондай-ақ ол хауыз кішкентай болған.
Егер үлкен болғанда Амру ибн әл-Аас хауыз иесінен мүлде сұрамас еді. [36]
Егерде аз су жыртқыш аңдардың ішуінен нәжістенбейтін болса, Амрудың хауыз
иесіне қойған сұрағы, Омардың оны жауаптан тыйуы құр бекер болар еді. Өйткені
жыртқыш аңдардың еттері, доңыз бен ит секілді харам. Су ішкен кезде олардың
сілекейі тиіп, су былғанады. Олардың сілекейлері еттерінен бөлінуі себепті нәжіс
саналады. [37]
Тоспа судың таза күйін сақтау мақсатында Пайғамбарымыз ‫ ﷺ‬оған дәрет
сындыруға, жүніп күйде жуынуға тыйым салған. Егерде біреудің білместігінен не
басқа себептермен былғанса, ондай су ғұсылға да дәретке де жарамсыз саналады.
«Ешбіреуің жүніп күйінде ағынсыз суда жуынбасын!»[38];
«Ешбіреуің ақпайтын тоспа суға дәрет сындырмасын! Сосын онда
жуынбасын!», – деп айтқан. [39]
- Көп су. Мұхиттар, теңіздер және көлдер біздерге белгілі болмысы
тұрғысынан, көп судың ең үлкен көлемдерін білдіреді. Пайғамбарымыздың ‫ﷺ‬:
«Теңіз суы – тазартушы», – деген хадисінің негізінде түскен нәжіс оларды
арамдай алмайды.
Көп судың ең төмен көлемін белгілеу тұрғысынан фиқһ ғұламаларының
пікірлері бірауызды келісім таппаған. Имам Әбу Ханифаның фиқһында су
көлемін анықтау ісі, осындай қажеттілікке кезіккен кісінің өз шамалауына
тапсырылады. Осының негізінде мәзһаб ғұламалары көп судың ең төмен көлемін
– бір жақ бетін қозғағанда екінші беті толқымайтын су айдыны деп шамалаған.
Олардың соңғы пәтуасында, көп судың ең төмен көлемі – ені 10 шынтақ,
ұзындығы 10 шынтақ, яғни бетінің көлемі (100 шынтақ2) көлемді құраған су.
Пайғамбарымыздың : «Расында, судың иісі не дәмі не түсі өзгермесе, оны
ешнәрсе арамдай алмайды», – деген хадисіне байланысты ішіне нәжіс түскен көп
су табиғи болмысына тән сипаттарының бірі нақты өзгермейінше таза үкімін
жоғалтпайды. Мұндай судың бір бетінде нәжіс қалқып жүрсе, дәрет пен ғұсыл
басқа бетіненен алынады. Мәлики мәзһабында көп судың көлемі белгіленбеген.
Аз судың мәкрүһ көлемі дәрет немесе ғұсыл алынатын ыдыстың көлеміне
негіздейді. Аз болсын, көп болсын, су сипаттарының бірінің өзгеруі арқылы ғана
нәжістенеді.[40]
Шафиғи мен ханбали мәзһабтарында көп судың көлемі Пайғамбардың :
«Екі қулла көлемдегі суды ешнәрсе арамдай алмайды», – деген хадисіне
негізделген.[41]
Оларда 2 қулла және одан көп мөлшердегі су көп су саналады. Бұл
мөлшерден төмені аз су саналады. Бұл хадистің тізбегі мен мәтін сахих деп
қабылдау тұрғысынан үлкен қайшылық жоқ. Олай болса, неліктен ханафилер,
имам Мәлик, ханбалилерден Ибн Абдулбарр және Ибн әл-Қаййум секілді
ғұламалар хадисті дәлелге алмаған деген сұрақ туады?
Жауабы: Қулла деп арабтардың күнделікті тұрмыстарында су сақтауға және
салқындатуға пайдаланған үлкен қыш құмыраның арабша атайды. Олардың әр
ауылында қолданылған үлкен қыш құмыраларының көлемдері әртүрлі болған
және қазіргі күнге дейін тұрақты көлем белгіленбеген. Олардың тұрмыстарында
оның көлемдері 1000 ратл, 600 ратл, 500 ратл, 400 ратл, 250 ратл секілді әртүрлі
мөлшерде болған. Хадис тек қулла, яғни үлкен қыш құмыра деген мағынаны
білдіреді. ат-Тaхауи: «Бұл хадиспен сөйлемеуіміз оның екі қулланың көлемін
нақты белгілемеуімен ғана байланысты», – деген.[42]
Бұл хадисті дәлелге алған фақиһтер оның көлемін Ибн Омардан: «Һажар
қуллаларынан болған екі қулла көлемдегі суды ешнәрсе арамдай алмайды», – деп
жеткен хабардың көмегімен белгілеп, 2 һажар қулласын 500 ратл (204 л) деп
шамалаған. Мухаддистердің басым көпшілігі бұл шектеуді жақсы деп
қабылдамаған. Ибн Хажар әл-Әсқолаани: «Хадистегі «һажар қуллаларынан
болған» деген шектегіш сөз басқа риуаяттардың ешбіреуінде келмеген, тек қана
әл-Муғира ибн Сақлаабтың риуаятында айтылған. Ал бұл риуаят – сахих емес»,
– деген. [43]
Тағы бір сөзінде: «Хадистің тізбегінде әл-Муғира ибн Сақлааб деген
жеткізуші бар. Ол – хадисі қабылданбайтын жеткізуші. Сондай-ақ ән-Нуфайли:
«Оның сөзіне сеніммен қаралмайды» және Ибн Ади: «Оның хадистеріне еруге
болмайды», – деді деп айтқан.[44]
Мәзһабтар арасындағы айырмашылық: екі қулла су шафиғилер мен
ханбалилерде көп су саналады. Ал бізде ол аз суға жатады. Сондай-ақ бізде оған
нәжіс түскені көзбен көрілсе, сипаттарының бірі еш өзгермесе де нәжістенеді. Ал
мликилер аз су мен көп судың арасына парық қылмайды. Оларда су
сипаттарының бірі өзгерсе болды, нәжістенеді деп саналады.
Таза, бірақ нәжіс пен дәретсіздіктен тазарту үкімі күмәнды саналатын су
Бұл есек пен қашыр секілді жануарлар ішкен қалдық су. Бізде бұл су –
болмысы тұрғысынан таза, бірақ дәретсіздікті кетіру үшін пайдалануға күмәнды
саналады. Мұндай су өзінен көбірек көлемдегі таза сумен араласса, күмәндығы
жойылады. Бұл су дене мен киімдегі нәжісті кетіруге жарамды. Таза судың одан
басқа түрі табылмаған жағдайда дәрет алынса, сақтық шарасы үшін таяммум
атқарылады.
Негізінде, еті арам хайуанаттардың сілекейлері етінің үкіміне қияс етіліп,
нәжіс саналады. Алайда олардың ішінде қайсыбіреуін дәлелдік күші бар хабар
ерекшелеген болса не аса қажеттілік жағдай, онда оның сілекейіне нәжіс үкімінен
босатылады. Солардың бірі есек ішкеннен қалған сумен байланысты үкім. Есек
етінің харам екендігінде күмән жоқ. Анастан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен
риуаятта:
«Аллаһтың елшісі ‫ ﷺ‬Хайбарды ашқан кезде ауылдан шығып бара жатқан
есектерді олжаға түсірген едік. Оның біразынан ас та әзірледік. Сол кезде Аллаһ
елшісінің бір хабаршысы: «Біліп алыңдар, расында, Аллаһ және елшісі ‫ ﷺ‬оны
жеулеріңе тыйым салады. Расында, ол – нәжіс, шайтанның әдіс-амалынан», –
деп жариялаған. Сол кезде қазандар төңкеріліп, қайнап бұрқылдаған күйінде
ішіндегісі төгіліп тасталған», – делінген. [45]
Бұл хадистен есек етінің арам екендігі нақты айтылған. Қияс бойынша оның
сілекейі нәжіс, ал ішкенінен қалған судың үкімі нәжістенген су болуы керек. Есек
пен қашырды ауылды мекендегі адамдар жылқы секілді көлік ретінде ұстайды.
Көп пайдаланғандықтан, дене мүшелерінің, киімнің оған тимей жүруі мүмкін
емес. Бұл жағынан қарасақ, таза секілді. Ал еті тұрғысынан қарасақ, жылқыныкі –
адал, есектікі – арам. Сондай-ақ есек ішкен судың үкімін кейбір сахабалар лас
санаса, бәзбіреулері таза деп қабылдаған. Олардың іздерінен ерген табиғиндердің
де ұстанымдары қайшылық тапқан. Мысалы, Ибн Омар, Хасан, Әбу Уәиіл, Ибн
Сириир, Ибраһим, Хаммадтардың пікірлерінде есек пен қашыр ішкеннен қалған
суды пайдалануды жеккөрген. Ал Жәбир, Әбу Жағфар, Ато, Амир, Зуһри секілді
тұлғалар ондай қалдық суды пайдалануды зиянға санамаған.[46]
«Ислам ғибадаты» кітабынан
1
«әл-Әнбия» сүресі: 30.
2
«әл-Фурқан» сүресі: 48.
3
«Сунан ан-Наса٫и»: 1/198. Дәрежесі: сахих.
4
«Сунан ат-Тирмизи»: 1/100. Дәрежесі: сахих.
5
ат-Тобараани. «әл-Мужам әл-Әусат»: 4/179. Дәрежесі: сахих.
6
әл-Бұхари жеткізді
7
«Сунан Әби Дәуд»: 1/106.
әл-Һайсәми. «Мажма` аз-Зауаа٫ид»: 1/609. ат-Тообарани риуаят еткен. Дәрежесі: хасан. Сондайақ Ибн Абулбарр «Тәмһиидінде» (1/31) және Абдурраззақ «Мусаннафында» (1/264) осындай
мағынаны сөйлеген хабарды сахих тізбекпен келтірген. Абдулла әл-Жадии`. «Тахриир Улуум әлХадиис»: 3/352.
8
9
«Табийн әл-Хақаиқ шарх Канз әд-Дәқаиқ»: 1/20.
10
«әл-Фиқһ әл-Ислами уа Адиллатуһу»: 1/265.
11
1 ратл: 408г.
12
«Фиқһ әл-Ғибадат ала әл-Мәзһаб әл-Ханафи»: 1/25.
13
«Сахих әл-Бухари»: 7/140. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен.
14
«Сунан Әби Дәуд»: 4/6. Дәрежесі: сахих.
15
«әл-Аусат мин ас-Сунани уәл-Ижмағи уа әл-Ихтилафи»: 1/299.
16
«Табийн әл-Хақаиқ шарх Канз әд-Дәқаиқ»: 1/33.
17
«Сунан Әби Дәуд»: 1/29. Дәрежесі: сахих.
18
Әбу Жа`фар ат-Тохаауи. «Шарх Ма`аании әл-Әсәәр»: 1/19. Дәрежесі: тізбегі бүтін әрі сахих.
19
«Табйин әл-Хақаиқ»: 1/33
20
«Табйин әл-Хақаиқ»: 1/33.
Шафиғи мен ханбали мәзһабтарында нәжісті кетіруге де жарамсыз саналады. Мәликилерде
нәжісті кетіруге жарамды, ал басқа су болмаған жағдайда дәретсіздікті кетіру үшін пайдалануға
болады.
21
«Сахих Муслим»: 1/236. Әбу Һурайрадан: «Онда қалай істесін?», – деп сұралғанда ол: «Одан су
алып жуынсын», – деген.
22
23
«Сахих әл-Бухари»: 1/61.
24
ат-Тирмизи және ан-Насаи жеткізді. Хасан хадис.
25
Уаһба аз-Зухайли. «әл-Фиқһ әл-ислами уа Әдиллатуһу»: 1/239.
«Сунан Әби Дәуд»: 1/174. Әбу Умама әл-Бәһилиден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен.
Дәрежесі: «иісі не дәмі не түсі өзгермесе» деген сөйлемі риуаят етуші тарапынан қосылған сөз.
Сол себептен мухаддистер осы сөйлемді әлсізге шығарған. Бұл тек хадис ілімін оқыту барысында
ғана түсіндірілетін мәселе. Ал практикалық тұрғыда ислам үмбеті де, фақиһтердің барлығы да бұл
мағынаға бірауыздан келісіп қойған.
26
Алаәддин әл-Каасаани. «Бәдәә и′ ас-Сонаа и′ фи Тартииб аш-Шароо и′»: 1/71
27
28
«әл-Инааяту шарх әл-Һидаая»: 1/104.
29
«Фиқһ әл-Ғибадат ′алал-Мәзһаб әл-Ханафи»: 1/28.
«Сахих Муслим»: 1/236. Әбу Һурайрадан: «Онда қалай істесін?», – деп сұралғанда ол: «Одан су
алып жуынсын», – деген.
30
Шафиғилер мен ханбалилер де осы көзқараста. Ал мәликилерде тазартушы, бірақ қолданылуы
мәкрүһ саналады.
31
Топырақтың арнайы аталу себебі – оның құрамында көзге көрінбейтін микробтар мен
бактерияларды өлтіретін екі элемент бар екенін ғылым осы ғасырда ғана қол жеткізіп отыр. Олар:
тетраксалин (тetraxoline) және татаралит (тataralit). Топырақтың ерекшелігі ол ыдысқа иттің
сілекейі арқылы жұққан микробтарды сорып, оны өлтіреді. Аллаһ тағала жақсырақ біледі.
32
33
«Сунан Әби Дәуд»: 1/27. Дәрежесі: сахих.
34
Суат, су қоймасы.
«Муатто имам Мәлик. Риуая Мухаммад ибн әл-Хасан»: 1/97. Дәрежіс: әлсіз. Алайда төрт мәзһаб
та оның мәтінін дәлелге алады. Ал мағынасы тұрғысынан фақиһтер әртүрлі көзқараста.
35
36
Абдуррахим әл-Мубааракфури. «Тухфату әл-Ахуази бишарх Жами` ат-Тирмизи»: 1/174.
37
Алаәддин әл-Каасаани. «Бәдәә и′ ас-Сонаа и′ фи Тартииб аш-Шароо и′»: 1/64
«Сахих Муслим»: 1/236. Әбу Һурайрадан: «Онда қалай істесін?», – деп сұралғанда ол: «Одан су
алып жуынсын», – деген.
38
39
«Сахих әл-Бухари»: 1/57. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен.
40
«әл-Фиқһ әл-ислами уа Адиллатуһу»: 1/279.
«Сунан ибн Мажа»: 1/172. Абдулла ибн Омар әкесінен жеткізген. Алаһ елшісінің малдар мен
жыртқыштар ішіп, жатып кететін айдаладағы сулардың үкімі жайлы сұралғанда айтқан хадисі.
Дәрежесі: сахих.
41
42
Әбу Жа`фар ат-Тохаауи. «Шарх Ма`аании әл-Әсәәр»: 1/16.
43
Ибн Хажар әл-Асқолаани. «Талхис әл-Хабиир фи Тахрииж Әхаадиис ар-Роофи`и»: 1/ 139.
44
Ибн Хажар әл-Асқолаани. «Талхис әл-Хабиир фи Тахрииж Әхаадиис ар-Роофи`и»: 1/137.
45
«Муснад ас-Сохааба фи әл-Кутуб ат-Тис`а»: 18/468. Дәрежесі: сахих.
46
Мухаммад ибн Аууама. «Тахқииқ Мусаннаф Ибн Әби Шайба»: 1/30.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа