close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

...І ж.ж. Лаура 2014

код для вставкиСкачать
Астана қаласы №67 гимназия
Тарих пәні мұғалімі
Байкушикова Лаура Рүстемқызының
І жарты жылдық есебі
2014-2015 оқу жылы
Астана қаласы №67 гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Байкушикова Лаура
Рустемқызының І жарты жылдық есебі
 ӘБ тақырыбы: Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен іскерлігі нәтижесінде біліктілігін
арттыру, оқытудың жаңа технологияларын іс-тәжірибеге енгізу, сапалы оқыту деңгейін көтеру.
 Шығармашылық тақырыбы: Сыни тұрғыда ойлау технологиясын тарих сабағында
қолданудың тиімділігі
 Оқу жылына қойылған мақсаты: Сапалы білім беруде СТО технологияның әдіс-тәсілдерін
тиімді пайдалана отырып,оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық
қабілеттерін дамыта алады.
 Оқу жылына қойылған міндеттері:
 Оқушыны белсенді субъектіге айналдыруға қажетті жалпы білім, білік
дағдыларының деңгейін қарастыру;
 Дарынды тұлға ретінде «мен» деген пікірін қалыптастыру;
 Тұлға дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына бағыт-бағдар беру;
 Оқушыны түрлі шығармашылық байқауларға қатыстыру нәтижесінде субъектілік
белсенділігін арттыру.
 Күтілетін нәтижесі:
 Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы қалыптасады.
 Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарайды
 Танымы жоғары, интеллектісі дамыған, өз тұжырымын дәлелдей алатын тұлға
қалыптасады,
 Оқушы сараптау, өз ойын жазу, өзінің ізденуі арқылы зерттелететін тақырыптың
жаңалығын ашуға көмектеседі және өз тәжірибесін толықтыра
алады.
 Мұғалімнің білімі,санаты,соңғы рет аттестациядан өткен жылы
1
Мұғалімнің – аты жөні Байкушикова Лаура Рустемқызы
2
Туған жылы
08.08.19981 жыл
3
Мекен жайы
188 көше 14 үй 28 пәтер
4
Білімі
Жоғары. ТарМУ 2010 жыл
Тарих пәні мұғалімі
5
6
7
Санаты
Еңбек өтілі
Мұғалім жетістіктері
Екінші (2013 жыл)
4 жыл
 «Алаш мұраты- Тәуелсіз Қазақстан» қалалық байқау ІІІ орын
Грамота 2012ж.
 «Әлкей Марғұлан мұрасы- ұлттың рухани байлығы» І
республикалық конференция Сертификат 2012ж.
 «Атамекен» Қазақстан картасы «Рәміздерім мақтанышым»
қалалық байқау І орын Диплом 2012ж.
 «Үздік on-line сабақ» қалалық сайыс Сертификат 2013ж.
 «Тәуелсіздік тұғыры- білімді ұрпақ» атты қалалық ғылымитәжірибелік конференция Алғыс хат 2013ж.
 13-Ұлттық Оқу Конференциясы «Мұғалім карьерасы:
Профессионализм және Көшбасшылық» Сертификат 2013ж.
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Талантты және дарынды оқушыларды
оқыту үрдісін зерттеу» үздік шебер- сынып көрсеткені үшін
Сертификат 2013ж.
 ҮІІ Қалалық Оқу Конференциясы «Өз оқытуымыздағы
әрекетті зерттеу» Сертификат 2013ж.
 «Атамекен» Қазақстан картасы «Зерттеуші ұстаз»
номинациясы қалалық байқау Сертификат 2013ж.
 «Атамекен» Қазақстан картасы «Әлемге танытқан егемендік»
номинациясы қалалық байқау Сертификат 2013ж
 Қазақстан Республикасы « Тұңғыш Президенті Музейі» үздік
сабақ көрсеткені үшін Алғыс хат 2013ж.
 «Ұлттық тарих және «Мәңгілік ел» идеясы» Республикалық
Гумилев олимпиадасындағы ғылыми жобаға жетекшілік
жасағаны үшін Сертификат 2014ж.
 «Үздік тарихшы» қалалық байқау Сертификат 2014ж
 «Үздік тарихшы» қалалық байқау Грамота 2014ж
 «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы» Нұр
Отан Алғыс хат 2014 ж
 Білім жетілдіру курстары туралы мәлімет :
№
Атауы
Жылы
Сынақ нәтижесі
2
«Тарих пәнін заман
2012
Сертификат
талабына сай оқыту»
3
4
5
1
1
«Оқу мен жазу арқылы
Сын Тұрғысынан
Ойлауды Дамыту»
Білім беру ұйымдарында
электрондық оқыту
жүйесінде оқытуды
басқару
«Құқықтық пәндерді
оқытудың өзекті
мәселелері»
Орны
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы
2012
Куәлік
Қазақстан Оқу
Ассоциациясының президенті
2013
Сертификат
«Өрлеу» Біліктілікті
арттыру ұлттық орталығы
2014
Сертификат
«Қаржы академиясы»
акционерлік қоғамы
 Өзін-өзі тану пәнінен өткен курстары (қашан, қай жерде)
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың
2010
Сертификат
Астана қаласы Білім
ғылыми- әдістемелік және
жетілдіру институты
практикалық негіздері
2013-2014 оқу жылының басынан бастап ІІІ деңгей бойынша жұмыс жасап келемін. Үшінші
деңгейдің негізгі бағыты оқушыларға бағытталған, олардың жан-жақты білім алып, сыни
көзқарастарын дамытып, дарынды талантты балаларды анықтай алуына аса мән берілген. Осы
курс негізінде алған білімімді практикалық тұрғыда пайдаланып, жеті модульді сабақтарымда
кіріктіріп, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасай алдым деп айта аламын.
Деңгейлік курстан өту мәліметі :
Үшінші (базалық) денгей
2013
Сертификат
курсы
Астана қаласы«Өрлеу»
Біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы
2013 жылдың 25 ақпан мен 21 мамыр аралығында Астана қаласы білім жетлдіру
орталығында деңгейлік курс бағдарламасы бойынша үшінші деңгейді аяқтап келдім. 2013-2014
оқу жылының басынан бастап аталған деңгей бойынша жұмыс жасап келемін. Үшінші
деңгейдің негізгі бағыты оқушыларға бағытталған, олардың жан-жақты білім алып, сыни
көзқарастарын дамытып, дарынды талантты балаларды анықтай алуына аса мән берілген. Осы
курс негізінде алған білімімді практикалық тұрғыда пайдаланып, жеті модульді сабақтарымда
кіріктіріп, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасай алдым деп айта аламын. Мен
өзімнің сыныбымда сабақ беру барысында осы жеті модульді кіріктіріп сабақтарымды
оқушалырдың білімін көрсете алатындай тұрғыда өткізе алдым. Олар әр сабақта өздерінің
ойларын еркін жеткізіп, берілген тақырып бойынша мәліметтер жинақтап, сол бойынша
өздерінің пікірлерін білдіруге дағдыланып қалды. Дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі оқушылар
сабақта өздерін еркін сезініп, айтайын деген ойларын нақты болмаса да айтып, өз пікірлерін
білдіруге асығып отыратындықтары байқалды. Сонымен қатар сабақтарымда оқушылардың өз
беттерінше жұмыс жасауына, сол жұмысты дәлелдеп шығуларына көп мән бердім. Топта
жұмыс жасау арқылы әр оқушы өзінің ойын дәлелдеп сол арқылы өздерінің көшбасшылығын
көрсете білді.Осы тұрғыда «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің
ұйымдастыруымен өткен қалалық «Үздік сабақ» сайысына қатысып, оқушыларыммен
«Әлеммен теңескен Астана» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткіздім. Ол сабақта да
оқушыларым топқа бөлініп, сол арқылы өздерінің Отан, туған жер туралы пікірлеірн білдірді.
Сабақ жоғары нәтижеде өтті. Соның нәтижесінде «Зерттеуші ұстаз» номинациясына ие
болдым.
Осы деңгейлік бағдарлама негізінде алған білімімді түрлі іс-шараларға қатысу арқылы да
көрсетіп жүрмін. Астана қаласы«Өрлеу» «БАҰО» ұйымдастыруымен өткен қалалық «Үздік
on-linе сабақ» сайысына қатысып, сертификатты иеленсем, сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО»
АҚ «Талантты және дарынды оқушыларды оқыту үрдісін зерттеу» үздік шебер- сынып
көрсетіп Сертификат алдым.
Сәуір айында қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруы мен өткен «Үздік тарихшы»
байқауына қатыстым. Бұл жерде қаладағы деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер біздің
сабақтарымыз бен сыныптан тыс сабақтарымызды көріп өздерінің пікірлерін білдіріп кетті. Сабақ
жеті модуль бойынша жоспарланып, олардың әрқайсысын көрсете білдім.. Сабақ өте жақсы өтіп,
мұғалімдер мен оқушылардың көңілінен шықты. Сабағым үздік бағаланды
 Қалалық деңгейдегі семинарға қатысуы: тақырыбы, не үйренді?
«Әлкей Марғұлан мұрасы- ұлттың рухани байлығы» І республикалық конференцияға қатысып
Әлкей Марғұланның «Беғазы Дәндібай» мәдениетін қалай зерттегені жайлы баяндама оқыдым.
Мен үшін үлкен жетістік тарихшы Мырзатай Жолдасбеков атамыздың оқыған баяндамаға ең
үздік деп баға бергені.
«Сауаттылықтың жаңа қырлары: заманауи мұғалім талаптары » атты ҮІІІ Қалалық
Оқу Конференциясына қатысып өз ойыммен бөлістім.
«Талантты және дарынды оқушыларды оқыту үрдісін зерттеу» үздік шебер- сынып
көрсетіп талантты мен дарындыны қалай дамыту керектігі туралы көптеген мағлұмат алдым.
Баянғали Ғалымжанұлы дарынды мен талантты туа біте ме, әлде жүре пайда бола ма, деген
сұраққа өз ойын айтты. Менің де осы семинардан алғаным көп болды.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша шебер – сыныпқа қатысып, өз
ойыммен бөлістім. Сыныптағы көптен көп кездесетін проблеманың бірі бағалау болып келетінін,
айтып әр кім өз ойларын айтты. Топқа бөлініп критерий жасап, оны қорғадық. Осындай
практикалық семинарлар көптеп болса деп ойлаймын.
28 мамыр күні өзіміздің мектепте қалалық «Желілік қоғамдастықты дамытудағы
көшбасшылық және бөлінген көшбасшылықтың рөлі» атты семинар өтіп, соған қатыстым. Бұл
семинарда жалпы қала мектептері бойынша желілік қоғамдастықты дамыту мақсатында біраз іс
әрекеттер жүзеге асты. Көшбасшылықтың не үшін қажеттілігі мен қатар сол арқылы
қоғамдастықтың қалай жүзеге асатындығы туралы біраз пікірлер айтылды. Қатысқан мектептердің
арасында қоғамдастықты дамытуға арналған іс – шаралардың жүргізілуі туралы біраз ой пікірлер
тыңдалып, алдағы жылға жоспар жасалды. Осы өткен семинар ары қарай да жалғасады деген
сенімдемін.
 Мектепте өткізілген семинар, коучингтерге, шебер сыныптарға қатысуым.
Оқу жылы барысында ай сайын мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде мектеп қабырғасында
семинар коучингтер өткізіліп отырды. Олар: «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Оқыту
үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және
оқу», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану», «Талантты
және дарынды балаларды оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа
әдістер».
Бірінші коучинг«Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында өтті. Мақсаты: білім
беруде инновациялық үдерістерді қолдау және әдістемелік көмек көрсету. Семинар-коучинг
екі бөлімнен тұрды. Бірінші теориялық бөлімде мұғалімдерге білім беру жүйесіндегі әлемдік
өзгерістер мен оның маңызы жайында айтылды.
Екінші
семинар-коучинг «Оқушылардың
жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және
оқу»тақырыбына арналды. Мақсаты:мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіріп, оқушылардың жас
ерекшелігіне, ойлау қабілетіне шолу жасай отырып, заманауи түсінік беру болды. Бұл семинарда
мен оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту мен оқу туралы маңызды ақпарат алдым
Үшінші семинар-коучинг«Талантты және дарынды баланы анықтау» тақырыбында өтті.
Мақсаты: дарынды және талантты оқушыларды зерттеп, анықтап, өзіне өзі сенімді болуды, өз
ісіне баға бере алуын және ерекше қажеттіліктерінің дамуына жағдай жасай отырып дамыту.
Міндетііс әрекеттегі зерттеуді жоспарлау және жүргізу, тәжірибедегі жасалған зерттеу, талдау
нәтижесінде
оқушылардың қажеттілігін
қанағатандыру, зияткерлік,
шығармашылық,
көшбасшылық қабілеттердің дамуына жағдай туғызу, іскерлігін дамытып, таңдаған кәсіби
мамандығы бойынша қызығушылығын арттыру туралы мәліметтер алынды.
Төртінші семинар-коучинг тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау». Мақсаты: мұғалім мен
оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы түрлі жастағы топтарда қадағаланатын балалардың жауаптары
мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы дамыту
Бесінші семинар-коучинг «Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды
пайдалану». Мақсаты: күнделікті өмірде АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері негізінен тиімді оқыту
мен оқуға байланысты. Сондықтан АКТ-ны тиісті дәрежеде меңгеріп, оның мүкіндіктерін
пайдаланып, жаңа салаларын игерту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Алтыншы семинар – коучинг«Оқытуды басқару және көшбасшылық».Мақсаты: мұғалімдердің
мықты жағын анықтап, олардың қажеттілітерін білу, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату
және дамыту. «Оқытуды басқару және көшбасшылық» атты қалалық семинардан көп әсер алдым.
Мұнда әр топ тақырып бойынша берілген материалдарды талдап, саралап, әрқайсысы өз ойларын
ортаға салып, қызу талқылап, оны қорғап шықты. Мұнда мен өзіме топқа бөлу, топта хатшының,
хабарлаушының, үйлестірушінің, сыртқы сарапшының, бақылаушының, уақыт белгілеушінің
болатынын үйреніп білдім.
Жетінші семинар-тенинг «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін іс-тәжірибеге
қолдану жолдары. Мақсаты: кәсіби тәжірибесі әртүрлі мұғалімдер – бағалаудың
оқу мен
оқытудағы ықпалымен тәжірибе алмасты.
Бұл семинарлардан топқа бөлу, топтық жұмыс түрлерін, бағалау түрлерін, оның маңыздылығы
мен тиімділігін, оқу мен оқытудағы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың
әдіс-тәсілдерін үйретті. Сонымен қатар оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай бөліп, оларды
деңгейлеп оқытудың әдіс-тәсілдерін, оқушылардың қызығушылықтары мен дарындылықтарына
қарай талантты және дарынды балалармен жұмысты дұрыс ұйымдастырып, оған ыңғайлы жоспар
құру түрлерімен танысып, іс-тәжірибелерімде пайдалануға тырыстым.
Осы жеті модуль бойынша өткізілген шебер-сыныптар мен семинарлардың
барлығы мұғалімдердің сапалы сабақ беруіне бағытталған. Әр модуль туралы айтылған сайын
оның оқушы үшін беретін маңызы туралы да айтылып отырды.
№
1
 Мұғалімнің шығарылған басылымдары, тақырыптары, қандай газет-журнал,
Мақала атауы
Басылым атауы, жылы
«Әлеммен теңескен Астана»
Научно-методическое пособия. 2013ж.
2
«Кемел елдің кеменгер басшысы»
3
«Тарихты оқыту-оқушының зерттеуге
көзқарасы»
4
«Тарихты оқыту- оқушының зерттеуге
көзқарасы»
Қалалық ғылыми-практикалық конференция
жинағы. 2013ж
Ұлттық Оқу Конференциясы. Мұғалімнің
карьерасы: Профессионализм және
Көшбасшылық
Білім айнасы газеті. №1 2014ж.
 Мұғалімнің оқыту әдістемесіндегі қолданылатын технологиясы,оны пайдалануы, соған
қарай жұмысына талдау
Сабаққа кіріспес бұрын оның орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларын жасаудан бастадым.
Жоспар жасау барысында курстан алған теориялық білімімді тәжірибеге енгізсем деген ой
туындады. Таңдап алған тақырыптарым бойынша сабақты қалай, неден? бастасам деген ой мені
қатты мазалады. Алдымен орта мерзімді жоспарлаудан бастап, қысқа мерзімді жоспарға көштім.
Жоспар жазу барысындағы өзгерістерді қолдана отырып, өзімнің күнделікті жоспарыма түзетулер
енгіздім. Күнделікті жоспарға мақсатынан бастап, рефлексияға дейін барлығы жаңаша түрде
жазылды. Осылайша сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін
тапсырмаларды таңдап
алуға тырыстым. Сабағымды бастамас бұрын оқушыларыма тренинг
өткізіп отырдым. Тренингтерді өткізудегі мақсатым балалардың бір-біріне деген көзқарасын
жақсарту сол арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру болатын. Ол сабақ барысында
іске асырылып отырды. Сабақта оқушыларымды өздерін еркін ұстап, пікрілерін еркін
жеткізулеріне толық болатынын айтып, сыныптағы «алтын ереже» құрастырылды. Содан
оқушыларым да еркіндікті сезіне бастады. Бұрынғыдай емес сабақта еркін отыруға, өз ойларын
асықпай жеткізуге тырысты. Мен де ойларын ашық айтсын, еркін сөйлесін өздерінің белгілі бір
пікірлерін дәлелдесін деген оймен оларға тым қаталдық танытпай, ашық жарқын сөйлеп, өзіме
тарта бастадым. Бұдан бір байқағаным оқушыларымның ішінде бұрынғыдай емес маған ақырын
ішкі ойларын айтып: «Апай, осылай жасасақ қалай болар екен? деп өз пікірлерін білдіргендері де
болды. Одан әрі оқушыларыма қандай тың мәліметтер бере аламын деген ойлар мені мазалай
бастады. Олардың сенімінен шыға аламын ба деп өзімді одан әрі басқа қырымнан көрсетуге
тырыстым. Сөйтіп, сабақты әрі қарай жүргізе бердім. Сабақтар барысында мен оқушыларымның
да айтарлықтай өзгеріске ұшырағандарын байқадым. Соның ішінде сабақтарымда оқушылардың
сыни ойлауын дамыту үшін оларға белгілі бір тақырып бойынша өздерінің ізденулеріне жағдай
туғызып отырдым. Ол арқылы мен оқушыларымның еңбектеніп, өзіндік іздену қабілеттерін ашуға
көмектестім. Олар ғаламтор арқылы немесе әдеби кітаптардан болсын мәліметтерді көптеп алып,
сол туралы ойларын нақтылай білді. Сонымен қатар оқушыларға түрлі сұрақтар қою арқылы алға
жетелей отырып, логикалық ойлау қабілеттерінің шыңдалуына жағдай жасадым деп ойлаймын.
Одан әрі сабақ барысында презентацияларды қолдана отырып, оқушыларымның дүниетанымы
мен ынтасын арттыруға арналған тапсырмалар орындатып отырдым. Тіптен оқушыларым өздері
үйлерінен презентация дайындап әкелгендері де болды. Сонымен қатар сабақта түрлі сергіту
сәттері арқылы оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, қимыл әрекеттерін
дамытуға үлесімді қосып отырдым. Сонымен қатар бағалауда да бірқатар өзгертулер арқылы
оқушыларымның сабаққа деген белсенділіктерін арттыра білдім деп ойлаймын. Атап айтар
болсам, бұрын сабақта мен өзім, кейде оқушылар өздерін-өздері бағалайтын еді. Қазіргі
сабақтарымда мен оқушыларымды топ басшыларына берілген критерийлерді қолдана отырып,
өздерін бағалатуды ұсындым. Оның кейбір түсініспеушілік тұстары да болды. Тимур деген
оқушым: «Апай, мен бүгін жақсы жауап бердім, бірақ маған топ басшысы Айзат төрт қойды» деп
өзінің наразылығын білдірді. Мен Айзат не себепті төрт қойғаныңды түсіндіріп бер деген жоқпын
ол өзі орнынан тұрып: «Тимур сабақта жақсы жауап бергенімен, қойылған сұрақтың тек біреуіне
ғана толық жауап берді. Қосымша тапсырманы орындауда өз пікірін білдірмеді»,-деп өзінің
бағасын нақты түсіндіріп берді. Солардың берген бағасы арқылы мен өз бағамды шығарып, қойып
беріп отырдым. Бірақ, сол арқылы мен оқушыларымның бір-біріне деген сенімсіздігінің
жойылуына, жақсы қарым-қатынаспен қарауына ықпал ете алдым деп айта аламын. Сонымен
қатар жеті модульді сабақта қолдануды меңгердім. Бұл жеті модуль сабақтың бойында күнделікті
орын алып отырса ол сабақтан балалар білім алмай шықпауы мүмкін емес нәрсе деген ой түйдім.
Осы модульдерді қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, ақпараттық құралдарды
пайдаланып, сыни тұрғыдан ойлата отырып, оқушылардың таланты мен көшбасшылығын
анықтап, оларды нақты бағалауым мен үшін жоғары жетістік деп білемін. Бұрындары ақпараттық
құралдарды аз, кей сабақтарда ғана қолданып жүрсем, енді оны үнемі сабақтарымда қолдануым
оқушылардың сабаққа қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыруға көп көмегін тигізетініне
сенімдімін. Орыстың ұлы ғұламасы К. Д. Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ған мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген екен
Сондықтан мұғалім үнемі ізденіс үстінде болып, айналасындағылардың пікірін тыңдап, ой бөлісіп
отырғанда ғана өз мақсатына жете алды деп ойлаймын. Ал оқушыларымның бойында
ізденімпаздық қабілеті дамыды, сыни көзқараспен қарауды үйренді, өз ойын еркін жеткізіп
сөйлеуге дағдыланды, өз пікірін көпшіліктің алдына айта білу шеберлігі айқындалды, бір-бірін
құрметтеуге үйренді, топта, жұпта, жеке жұмыс жасау қабілеттері анық көріне бастады. Осындай
жасалған жұмыстардың нәтижесінде қалалық «Тәуелсіздік тұғыры- білімді ұрпақ» атты қалалық
ғылыми- тәжірибелік конференцияда Серікбай Мөлдір Сертификат 2013ж., Ескендірова Дина
«Тәуелсіздік сарайы» Тәуелсіздік. Елбасы. Астана» атты ғылыми жарыс-байқауы ІІІ дәрежелі
Диплом 2013ж., Серікбай Мөлдір «Тәуелсіздік сарайы»
Тәуелсіздік. Елбасы. Астана» атты
ғылыми жарыс-байқауы Сертификат 2013ж. Қалықова Аида
халықаралық «Алтын тұғыр»
олимпиадасы І дәрежелі Диплом 2014ж иеленді. .Егер оқушыларым осы қарқында жұмыс жасай
берсе одан да жақсы жетістіктерге қол жеткізуге болады деп сенемін.
 Жыл көлемінде өткізген ашық сабақтарына талдау жасау
Жалпы 2014-2015 оқу жылы бойынша ашық сабақтарды 8 сыныппен өткіздім. Алғашқы
сабағым «Атамекен» этно-мемориалды кешенінің ұйымдастыруымен өткен қалалық «Үздік сабақ»
сайысына апарған «Әлеммен теңескен Астана» атты сыныптан тыс сабақ болды. Бұл сабағымда
мен оқушыларды Астанадағы әсем ғимараттарын зерттеу арқылы
жұмыстар жасадым. Сабақ
барысында туған жер туралы бейнефильм көрсетілді. Оқушылар өздерінің зертеген ғимараттарын
басқа әлемдегі ғимараттармен салыстыра отырып ойларын білдіріп, дәлелдеп шықты. Сонымен
қатар әр тілде өз зерттеу жобаларын қорғады, біздің көпұлтты мемлекет екенімізге де тоқталып
өттік. Сабақ соңында оқушылар шарларға тілектерін жазып, оны өз қолдарымен ұшырды. Жалпы
«Атамекен» этно-мемориалды кешенінің сабаққа қатысқан қызметкерлерінің айтуы бойынша
сабақ өте жақсы деңгейде өтті. Соның нәтижесінде «Зерттеуші ұстаз» номинациясын иелендім.
Қоғамдық пәндердің биылғы онкүндігінде және қалалық семинарда Қазақстан тарихы пәні
бойынша «Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі» тақырыбында ашық сабақ
өткіздім.
Сынып
Пәні
Сабақтың тақырыбы
Түрі
Әдісі
Мақсаты
Міндеті
Күтілетін нәтиже
Сілтеме көздері
8 «В»
Күні
10.12.2014
Қазақстан тарихы
Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі
Ізденіс сабақ
Жаңа білімді меңгерту
АКТ ,оза оқыту , диалогті оқыту, Сыни ойлау, пікір-сайыс
Жәңір ханның ағартушылық саладағы қызметімен танысады,
реформаторлық қызметінің маңызын ашады;
Оқушылардың білімдерін тереңдету, ой еркіндігін ояту, шығармашылық
белсенділігін шыңдау
 Жәңгір ханның жеке тұлға ретінде қасиеттерін ашады;
 Жәңгір ханның әлеуметтік, экономикалық, саяси реформаларын
талдайды;
 Жәңгір ханның реформаларының өміршеңдігін дәлелдейді;
 Жеке оқиды, топта талқылайды, ой алмасады;
 Өзіндік қорытынды шығарады;
8 сынып « Қазақстан тарихы» оқулық,«Қазақстан тарихы» 3 том,
«Жалпы тарих және құқықтану мектепте» әдістемелік журналы ,«Ұлы
дала мемлекеттері», ғаламтор көздері «Нуркз» сайты материалдары
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыу
2.Қызығушылықты ояту
3.Мағынаны ашу
4. Ой толғаныс
5. Бағалау
1мин
5 мин
20 мин
15 мин
4 мин
Мағынаны ашу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
 Оқушы білгісі келген сұрақтарға жауап
алады
Өткен сабақтағы кері байланыс парағындағы
оқушылардың білгісі келген сұрақтарынан басталады
Қызығушылығының ояту: ақын Ғайса-Ғали
Сейтақтың «Жәңгір- ағартушы саясаткер» өлеңінен
үзінді тыңдайды. Осы оқылған өлеңнің мазмұнына
көңіл бөле отырып, сол кезеңге тарихи сипаттама
беріңіздер. Неліктен ақын өлеңі риторикалық сұрақ
арқылы аяқталған? Кім, қалай дәлелдейді?
Қызығушылығы оянады:
 Оқушылар назарын сабаққа аударады.
 Бұрынғы білімін еске түсіреді,
қайталайды
 Ойларын айтады, түрлі пікірлер
туындайды, дәлелдейді
Мағынаны тану:
І тапсырма. (Тұлғаны жан-жақты бөліп қарастыру)
І топ
1.Шыққан тегі
2. Жеке басының қасиеттері
3.Жәңгір ханның жеке тұлға ретінде қалыптасуына
әсер еткен орта және адамдар
Мағынаны тануда:
ІІ топ.
1. Жәңгір ханның әлеуметтік-экономикалық
реформалары
2. Мәдени-ағарту саласындағы қызметі
3.Басқару тәртібі
 Тапсырманы орындауда оқиды,
ізденеді, талқылайды, ойланады,
салыстырады, кесте құрады
 Алған білімдерін талдайды, өз ойларын
ортаға салады
ІІІ топ.
1.Жерге меншік құқығы
2. Отырықшылыққа көшу себептері
3. Сауданың дамуы
4. Ауыл шаруашылығына жаңаша ғылыми көзқарас
ІҮ топ.
1. Мұрағат, іс – қағаздарын жүргізу
2. Діни және зайырлы білім беру
3. Денсаулық сақтау саласыдағы жаңалықтары
4. Табиғатты қорғау
Ой толғаныс
І-ІІ топ- Пікір-сайыс. Жәңгір хан саяси қайраткер.
(жағымды, жағымсыз жақтары)
ІІІ-топ -Жәңгір ханның реформаларының
өміршеңдігін дәлелдейді.
ІҮ топ-Диологтік оқыту арқылы топта бір-біріне
бетпе-бет ашық және жабық сұрақтарды талдайды.
 Түрлі пікірлер мен көзқарастар
шешіледі
 Рейтингілейді, салыстырады
 Пікірталас
 Диалогқа түседі
 Ашық және жабық сұрақтарды
(6 сұрақ)
талдайды
 Жәңгір ханның реформаларының
өміршеңдігін дәлелдейді
Үй тапсырмасы
«Жәңгір хан» қосымша кітаптардан оқу арқылы
тұлғаны зерттеу. 14 параг. оқу
Формативті бағалау
Бағалау
1.
критериалды бағалау
2. «Екі жұлдыз бір тілек»
Кері байланыс
Сабақта не сәтті өтті?
Сабақта не сәтсіз өтті?
Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылар өз ойын еркін
айтты. Қызу пікір – талас болды. Мағынаны тану кезеңінде 4
топта өздеріне берілген тапсырманы толық орындады.
Мәтінге сүйене отырып, сызбанұсқа, кесте, карта жасады. Ой
толғаныс кезеңіде шығармашылық тапсырманы орындау
барысында әр топқа түрлі тапсырмалар беріліп, Жәңгір
ханның реформаларының өміршеңдігін оқушылар қызу
дәлелдеп , пікірлерін білдірді. Топ басшылары өз тобындағы
оқушыларды бағалауда олардың үйреніп қалғандығы
көрінді.
Үлгерімі орташа оқушылар тапсырманы орындағанымен,
тақтаға шығып сөйлемеді. Уақыт тапшы болды.
Нургалие Т. Баянова А. деген оқушылармен қосымша жасау
қажет. Сыныптан бөлек тапсырмалар дайындап келу қажет.
Келесі сабақта нені
ескеру қажет?
Сабаққ әр облыстардан келген мектеп директорлары және тарих пәні мұғалімдері
Махметова Базарша, Досова Нұрсұлу қатысты. Бұл сабақта да оқушыларды топқа бөліп, әр топқа
түрлі тапсырмалар беру арқылы өткіздім. Балалардың талдауға шеберліктерін, сабаққа қатысу
белсенділіктерін, түрлі әдіс-тәсілдер мен қолданылған СТО технологиясын АКТ-ны пайдаланудың
тиімділігін бағалады. Сабақ өз дәрежесінде өтті. Қатысқан ұстаздар тарапынан жақсы пікірлер
айтылды.
 Мұғалімнің І жарты жылдық бойына оқу-әдістемелік жүргізген жұмыстарына өзіндік
бағасы, сыни көзқарасы
Өзімнің І жарты жылдық бойы жасаған жұмыстарыма баға берер болсам «өте жақсы» деп
бағалар едім. Себебі, жыл басынан бері сыныппен деңгейлік бағдарламаның үшінші деңгейі
бойынша сабақтар беріп, оқушыларымның бойынан сенімділікті байқау мен үшін ең жоғары баға
болды. Себебі, әр сабақта олардың «Апай, бүгінгі сабақ күшті болды, ертең де осындай сабақ
өтейікші» деп ұсыныс жасаулары, олардың күнделікті сабақта жазған кері байланыстарынан өзіме
көп нәрсені алып, түсінгендей бодым. Оның өзі мен үшін үлкен жетістік деп білемін.
Оқушыларымның бойынан осындай сенімді көргеннен кейін жұмыс жасамау мүмкін емес еді.
Оларға күнделікті мен не бере аламын деп, ізденіс үстінде боламын. Сол арқылы олардың өздеріне
де түрлі тапсырмалар беріп отырдым.
Күшті
Ақпарттық коммуникациялық құралдарды
тиімді пайдалана алуым. (интербелсенді
тақта, ғаламтор)
Сабақтарды түрлендіріп, түрлі әдіс –
тәсілдерді пайдаланып өткізе аламын.
Әлсіз
Оқушыларыма психологиялық жағынан
байқау жасай алмауым. Себебі, мектеп
психологымен жұмыс жасамауым.
Өзгелердің айтқан ұсыныстарына көңіл
бөлмеуім.
Мүмкіндік
Сабақтарымды әлі де болса тиімді етіп
өткізуге болатынын білемін.
Әрқашанда
ізденіп,
айналаңдағы
адамдардың пікірімен санасу керек.
Өзіндік есепті күнделікті жазу.
Қауіптену
 Ақпараттық
коммуникациялық
технологияларға қатты арқа сүйеп,
жазба
жұмыстарына
көп
оқушылардың немқұрайлы қарауы .
 Жалқаулыққа
салынудан
қауіптенемін.
 Еріншектік басым болып кетеді.
Болашақта осы күшті жағымды әрі қарай дамытып, әлсіз жағыммен күресіп, мектептің
психологымен бірігіп жұмыс жасауым керек деген ой түйдім. Қолдан келетін мүмкіндікті
қалт жібермей күнделікті қолданып отыру, жалқаулыққа салынбай, ерінбей еңбек ету. Өз
бойымдағы кері әсерлерді жойып, алға ұмтылу.
Келесі оқу жылына оқытумен оқу сапасын жақсартуда қандай іс тәжірибесін
ұсына алады?
Деңгейлік курс бағдарламасының жеті модулі бойынша жұмыс жасау. Өзімнің
әдістемеме өзгерістер енгізу. «Қазақстан тарихы тест» 5-8 сыныптарға арналған тест жинақ
жобасын жасау. Алдағы оқу жылында аталған жетісіктерден де жақсы көрсеткіш көрсету.
Түрлі әдістемелік іс-шараларға қатысу.
 Даму перспективасының 2014-5015 оқу жылына арналған жоспар?
1. Жеті модуль бойынша жұмыс жасап, білім сапасын көтеру.
2. Үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыс жүргізу;
3. Дарынды және талантты оқушыларды анықтап, олардың қабілеттерінің дамуына жағдай
жасау.
4. Оқушыларды ғылыми жоба жұмыстарына көбірек қамту
5. Келесі оқу жылында осы жоғарыда аталған курстарды әрі қарай жалғастырсақ, болашақта
оқушылардың білім деңгейлерінің одан әрі дамығанын байқар едік.
Келесі жарты жылдыққа ұсыныстар:
 Жеті модульді сабақтарға тиімді пайдаланып жүйелі жұмыс жасап, білім сапасын көтеру.
 Сабақ беруші әр ұстаз, өз сабақтарында жеті модульді қолдана отырып, сабақ соңында
өзіне талдау жасап отырса, бүгінгі сабақта іске аспай қалғанын, келесі сабақта іске асырып
отыру.
 Әр оқушыға терең үңіле отырып, баланың еркін дамуына жол ашу;
 Сабақ беру кезінде әр баланың ойын тыңдай біліп, оларға шектеу қоймай , олардың ойымен
санасып отыру.
 Оқушылардың бойында ізденгіштік, танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ел тізгінін
берік ұстайтын білімді ұрпақ тәрбиелеу.
 Оқушыларға білімді бірден өзіміз бере салмай, оларға сыни сұрақтар қойып, ізденетіндей
тапсырмалар беріп, ғылыми жобаларға қатыстарып, өз ойындағы қиялын жоба арқылы іске
асыруына бағыт- бағдар беру.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа