close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
«Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Көңілділер
мен тапқырлар» сайысы өтті.
Биыл Қазақстан Халықтары Ассамблеясына 20 жыл!
Қазақстан Халықтары Ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан
біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия
институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100
аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап,
республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды.Ұлттардың
ұясына айналған осы бір ұйымның мерейлі мерейтойы қарсаңында
мектебімізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі 8-10
сыныптар аралығында өткен «Көңілділер мен тапқырлар» сайысы. Сайысқа
«Жас талант», «Қапкарашкалар», «Красавчики», «ЖасStars» және «ХХ ғасыр
жастары» топтары қатысып көпшілікке көтеріңкі көңіл сыйлады. Сайыс
алғашқы «Сәлемдесу» бөлімінде, топтар өздерінің құрамымен, топтың аталу
себебімен таныстырса, «Үй тапсырмасы» бөлімінде
«Ұлттар достығы»
тақырыбы бойынша дайындап келген әзіл көріністерін сахналады. Ал
«Көрермендер сұрағы» бөлімінде сайыскерлер көрермендер қойған сұраққа
ұтымды әрі қызықты жауап берді. «Биатлон» бөлімінде топбасшылары
қысқа әрі өте қызықты әзілдер ұсынып, өзара сайысқа түсті. Соңғы
«Мультимедиялық монтаж» бөлімінде де сайыскер топтар «Көп ұлтты
Қазақстан» тақырыбына сай көпке танымал мультфильмдерді монтаждап,
дыбыстады. Қазылар алқасының құрамында қалалық «Жас Отан – жастар
қанаты»
ұйымының
атқарушы хатшысы, «Қызық қуғандар» КВН
командасының мүшесі Абдурахманов Ержан Нұрланбайұлы төрешілік етті.
Әдемі әзіл мен қазыналы қалжыңға толы думанды сайыстың нәтижесі
бойынша 9 «а» сыныбының «Қапкарашкалар» тобы жеңімпаз атанды.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа