close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Әл-фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар
факультеті
Phd бағдарламасы бойынша
доктарант
Байжанов Марлан Мейрамбекович
Қылмыскерлерді ұстап беру ұғымының ерекшеліктері
Экономикадағы өзгерістер, нарықтық қатынастарға көшу, халықтың
көшіп-қонуының артуы халықаралық қатынастың жақсаруына, қоғамдық
өмірдің әр түрлі салаларындағы адамдардың арасындағы байланыстың
жақсаруымен қатар көптеген жағымсыз құбылыстарды да тудырды. Олардың
ішіндегі ең қауіптісі қоғам мен мемлекеттің экономикалық өмірінде, әсіресе
экономиканың маңызды салалары мен қаржы-банк құрылымына кері әсерін
тигізе отырып, қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын жымқыру,
мемлекеттік билік құрылымдарының қызметіне араласып заң шығару, атқару,
басқарушылық құрылымдарда өз мүдделерін қолдатып, өздеріне тиімді
шешімдер қабылдануын қамтамасыз етіп, экстремизм, саяси және діни
қақтығыстар тудырып отыр. Соңғы кездері көп айтылып жүрген
мемлекеттердің қауіпсіздігінің негізін құрайтын халықаралық құқықтық
тәртіпті қамтамасыз ету идеясы да жаңа мағынаға ие бола бастады.
Халықаралық құқықтық тәртіптің негізіне бірінші кезекте, трансұлттық
қылмыстар, яғни мемлекетаралық қатынастарға орасан нұқсан келтіріп
отырған халықаралық қылмыстар, соңғы кездері конвенциялық деп аталып
кеткен халықаралық сипаттағы қылмыстар мен қандай да бір шет елдік
элементпен шиеленіскен жалпы қылмыстар көп нұқсан келтіреді.
Трансұлттық және аймақтық байланысы бар тұрақты қылмыстық
топтардың санының өсуі, олардың қатысуымен жасалатын қылмыстардың
санының күн санап артуы халықаралық қауымдастық пен мемлекеттер
тарапынан қатты алаңдаушылық тудыруда. Жаһанданудың маңызды
факторларының бірі болып табылатын халықаралық қылмыспен күресудегі
мемлекетаралық қатынастардың артуы мен тереңдеуі халықаралық
қылмыстың маңызды институттарының бірі болып табылатын «экстрадиция»
институтының дамуына алып келді.
Қылмыскерлерді ұстап беру институты халықаралық құқықтың
халықаралық (халықаралық шарттар, конвенциялар) және ішкі мемлекеттік
құқықтың (Конституция, Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдары,
«ұстап беру туралы» арнайы заңдар) тоғысқан жерінде орналасқан
институттардың қатарына жатады. Осы жұмыста «экстрадиция» ұғымын
анықтауға жасалған салыстырмалы талдау көрсеткендей халықаралық
конвенцияларда, екі жақты шарттарда және ұлттық заңнамада ұстап берудің
жекелеген аспектілерін әртүрлі түсіндіру оны әртүрлі талқылауға әкеп
соғады.
Қылмыскерлерді ұстап беру институтын зерттеудің өзектілігі ең
алдымен қазіргі таңда қылмыскерлерді ұстап беру түсінігінің көптеген
анықтамалары
бар
екендігіне
байланысты.
Бірақ
Қазақстан
Республикасының, сондай-ақ ТМД елдерінің заңнамасында, Кишинев
конвенциясында, экстрадиция рәсімін реттейтін Қазақстан Республикасымен
ратификацияланған халықаралық шарттарда экстрадиция ұғымының нақты
анықтамасы жоқ. Экстрадиция институтының жекелеген аспектілерін
теориялық жағынан түсіндірген кезде зерттеушілер өздерінің тұжырымдарын
тек қана халықаралық құқық нормаларына ғана емес, сонымен қатар ұлтттық
құқықтық актілерге сүйене отырып жасаған.
Осы зерттеудің негізгі мәселелеріне кіріспес бұрын, терминология
мәселесіне тоқталу қажет. Оның маңыздылығы тек қана «филологиялық
қажеттіліктерден» емес, халықаралық қылмыспен күресу тәжірибесінде
қолданылатын мазмұны жағынан экстрадицияға ұқсас болып келетін ұстап
беру рәсімдерінен ажырату қажеттігінен туындап отыр. Халықаралық
ынтымақтастықтың мұндай механизмдері бірінші кезекте оның құқықтық
табиғатын сипаттайтын біршама әркелкілігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ көп
жағдайларда, оқулықтарда жасалған қылмысқа қатысты кінәлілігі
дәләлденбей жатып нормативтік құқықтық актілердің мәтініне де, ұстап беру
жағдайларына да сәйкес келмейтін «қылмыскерлерді ұстап беру» сияқты сөз
тіркестері көп кездеседі.
Бұл бірінші кезекте ҚР Конституциясында бекітілген кінәсіздік
презумпциясына, яғни соттың заңды күшіне енген үкімінсіз ешкім кінәлі деп
есептелмейтіндігін білдіретін сот әділдігін жүргізудің негізгі қағидасына
қайшы келеді. Сол себепті ҚР қылмыстық кодексінде қылмыс жасаған
тұлғаларды ұстап беру деген ұғым қолданылса, ҚР Конституциясында
қылмыс жасады деп айыпталған тұлғаларды ұстап беру ұғымын қолдану
құқықтық жағынан дәлірек болып есептеледі. Сондай-ақ көптеген шарттарда
жалпы ұғым ретінде қолданылатын «қылмыскер» сөзінің орнына
«айыпталушы» және «сотталған тұлғалар» сияқты қылмыстық іс-жүргізу
терминдері қолданылады.
Экстрадиция мен берудің процедурараларын ажырату мәселелерін
қарастыратын Берт Сварттың берген анықтамасына сәйкес терминологиялық
мәселелер мәні бойынша осы мәселені шешудің жасырын нысаны болып
табылады. [1]
Экстрадиция институтының мәні - «aut dedre aut judi care» - қылмыс
жасаған тұлға қылмыс жасаған мемлекетте, не ол ұсталған мемлекетте, не
жасалған қылмыс нәтижесінде неғұрлым көбірек зардап шеккен мемлекетте
қатаң жазаға тартылуы керек деген жалпы танылған қағиданы білдіреді.
Айта кетерлік жайт, осы мәселеге байланысты АҚШ, Ұлыбритания,
Голландия, Германия мемлекеттеріндегідей Қазақстан Республикасында бұл
мәселені реттейтін қылмыскерлерді ұстап беру теориясы мен тәжірибесінде
барлық даулы аспектілерді жою үшін қабылданған кейбір заң актілеріндегі
жекелеген нормаларды қоспағанда арнайы заң қабылданған жоқ. Қазақстан
Республикасы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек
көрсету туралы екі жақты шарттар жасау тәжірибесін көбірек қолданады.
А.Куркбаев атап кеткендей қылмыскерлерді ұстап беру түсінігінен бастап,
аталған құқықтық қатынастарға кеткен шығындарды қоса алғанда, өзінің
мазмұнымен экстрадицияның көп сатылы рәсімін белгілейтіндей
қылмыскерлерді ұстап беру ұғымының нақты анықтамасын бекітетін
«арнайы заң қабылдау қажет».
Әртүрлі мемлекеттердің құқықтық тәжірибесі мен заңдары бойынша
және сондай-ақ халықаралық тәжірибеде айыпталушы тұлғалар мен
сотталған тұлғаларды өкілетті қылмыстық юрисдикцияға ұстап беруге
байланысты әртүрлі ұғымдар қолданылады, атап айтсақ: «extradition»,
«transfer», «rendition», «surrender». Мысалы, Америкада «interstate relation»
ұғымы экстрадиция ұғымының баламасы ретінде бір мемлекеттің екінші
мемлекетке тұлғаны қайтару процесіне байланысты қолданылады.
Халықаралық құқықтық құжаттарда экстрадиция ұғымына қатысты
әртүрлі ұғымдар қолданылады, мысалы, 1949 жылғы Версаль шарты мен
Женева конвенцияларында «extradition» ұгымының орнына «hand over of
persons» ұғымын қолданады.
Экстрадиция ұғымының көптігіне қарамастан заңгерлер арасында бұл
мәселеге қатысты аса бір қатты пікірталас жоқ. Дегенмен ұстап беру
ұғымының бір түріне ерекше тоқталып кеткен жөн сияқты. Біз сүйенген
авторлардың көбісі экстрадиция ұғымын оны сұрап отырған тұлғаны беру
процесі ретінде қарастырады. Шын мәнінде халықаралық қылмыспен күресу
тәжірибесінде қолданылатын ынтымақтастықтың әртүрлі түрлерінің болуы
экстрадиция ұғымының анықтамасы ретінде «беру» ұғымын қолданудың
тиімді еместігін көрсетеді, себебі ол негізінен басқа заңи процедураларды
анықтау кезінде қолданылады. Атап айтсақ, халықаралық тәжірибеге сәйкес
бұл процедураны қолданудың бірнеше жолы бар: біріншіден,
айыпталушыларды беру – бұл мемлекеттердің халықаралық қылмыстық
трибуналдармен ынтымақтастығының бір нысаны ретінде; екіншіден, бас
бостандығынан айыруға сотталған тұлғаларды азаматы болып табылатын
мемлекетке жазасын өтеу үшін беру туралы айтып өткен жөн; үшіншіден,
тұлғаларды беру қамауға алудың Еуропалық ордерін қолдану аясындағы
жеке процедура ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Халықаралық
қылмыстық соттың Статутының 107 бабында жазасын өтеп болған
тұлғаларды үкімді орындаушы мемлекеттің азаматы болып табылатын
мемлекетке не оны қабылдауға келісім білдірген мемлекетке беру мәселесін
қарастырады. Жазасын өтеген тұлғалардың әлеуметтік қалпына келуінде
маңызды рөл атқаратын бұл мәселе ұлттық заңдарда да халықаралық
шарттарда да өте сирек қарастырылып реттелген. Осы себептерге
байланысты ұстап беру процедурасын тұлғаларды берудің басқа түрлерімен
араластырмау үшін экстрадицияның құрамдас элементтерін дұрыстап
анықтап алган абзал. Бұл түсінік халықаралық құқықтық құжаттарда да, заң
әдебиеттерінде де қолдау табады. Халықаралық қылмыстық соттың
Статутының 102 бабында экстрадицияны халықаралық шарт, конвенция
немесе ұлттық заң талаптарына сәйкес бір мемлекеттің екінші мемлекетке
тұлғаны жеткізіп беру деп анықтайды.
В.М.Волженкинаның ұстап беру мәселелерін зерттеуге байланысты
еңбегінде экстрадицияны қылмыстық юрисдикциясы бойынша тұлға
қудалауға ұшырап отырған мемлекеттің оны қылмыстық жауапкершілікке
тарту мақсатымен немесе үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін ол
тығылып отырған мемлекеттен сұрастырып алу процедурасы деп анықтайды.
[2]
1996 жылы халықаралық құқық Комиссиясының екінші оқылымында
қабылданған адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы қылмыстар
Кодексінің жобасында «extradite» және «extradition» терминдері
қолданылады ( 9 бап «Obligation to extradite or prosecute» 10 бап «Extradition
of alleged offenders»).
Кейбір жағдайларда «экстрадиция» және «беру» терминдерін қылмыс
жасаған тұлғаны өтініш білдіріп отырған мемлекетке жеткізіп беру процесін
білдіретін мағынада бірге қолдануын көруге болады. Трансұлттық
ұйымдасқан қылмысқа қарсы БҰҰ Конвенциясының (2000 жылы 15
қарашада Бас Ассамблеяның 55/25 қарарымен қабылданған) 16 бабының 11
тармағында қатысушы-мемлекет өзінің ішкі заңдарына сәйкес сот талқылауы
немесе сот өндірісі нәтижесінде тағайындалған жазаны өтеу үшін өз
мемлекетіне қайтарылсын деген талаппен өз азаматын беруге немесе ұстап
беруге рұқсат еткен жағдайлардың барлығында қатысушы мемлекет пен
тұлғаны беру туралы өтініш білдіріп отырған мемлекет арасындағы аталған
тәртіпте және тараптардың қалауы бойынша басқа да талаптарды сақтай
отырып беру немесе ұстап беру осы баптың 10 тармағында бекітілген
міндеттерді орындау үшін жеткілікті болып есептеледі. Егер 16 баптың 10
тармағында ұстап берілмеуі тиіс өз азаматарын қылмыстық қудалауды
жүзеге асыруға жол беретіндігін ескерсек, онда Конвенцияны
құрастырушылар 11 бөлімде әртүрлі ұғымдарды қолдана отырып қылмыстық
жазадан жалтарып жүрген қылмыскерлерді қудалаудың мемлекетаралық
ынтымақтастығының жиі қолданатын құралы - экстрадицияны көрсетсе
керек. Мұны, экстрадиция туралы конвенцияның ережелері көптеген
келісімдерде орын алған дәстүрлі ережелерге ұқсас деп көрсететін
Конвенцияға берілген Түсініктеме растайды. Сонымен қатар, екі терминнің
қатар қолданылуы кездейсоқтық емес. Біріншіден, әртүрлі мемлекеттердің
құқықтық тәжірибесінде өтініш білдіріп отырған мемлекетке тұлғаны жеткізу
процесін белгілеу үшін екі түсінікті де қатар пайдаланатынын байқауға
болады. Екіншіден, экстрадиция институтына тән құқықтық кедергілерге
қарағанда жеңілірек, халықаралық қылмыстық құқықтың дамуы үшін
маңызды жаңа «беру» деп аталатын («surrender») құқықтық процедуралардың
пайда болуын түсіндіреді. Мұндай процедураға мысал ретінде қамауға
алудың Еуропалық ордеріне сәйкес тұлғаларды беруді келтіруге болады.
Осыған байланысты, Конвенцияны құрастырушылар тікелей халықаралық
құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес тұлғаны қылмыстық қудалауды
жүзеге асыру үшін беру мен экстрадицияны қамтуға мүмкіндік беретін тиімді
жолды таңдаған.
Дегенмен әртүрлі ұғымдарды қолдану кезіндегі кейбір ерекшеліктер
«экстрадиция» терминінің, әдетте, өтініш білдіріп отырған мемлекеттің
юрисдикциясына айыпталушыны немесе сотталған тұлғаны жеткізіп берумен
байланысты мемлекетаралық ынтымақтастық процедураларын белгілеуде
қолданылуында
шешуші
рөл
атқармайды.
Мемлекетаралық
ынтымақтастықпен
салыстырғанда
халықаралық
қылмыстық
трибуналдармен ынтымақтасу тәжірибесінде тұлғаны жеткізіп беру процесін
белгілеу үшін «surrender» (беру) және «transfer» (аудару) (Бұрынғы
Югославия бойынша Халықаралық қылмыстық трибунал Жарғысының 29
бабы; Руанда бойынша Халықаралық қылмыстық трибунал Жарғысының 28
бабы) немесе «surrender» (ХҚС Статутының 102 бабы) термині қолданылады.
Халықаралық трибуналдарға тұлғаларды беру процесінің мазмұнын дәл
анықтаудың алғышарты болып табылатын ұғымдарды анықтаудың осындай
құқықтық-техникалық әдісін қолдану оны экстрадиция сияқты ұқсас
құқықтық механизмдерден ажыратуды қамтамасыз ететін маңызды құрал
болып отыр. Кейбір жағдайларда, әртүрлі ұғымдарды ретсіз қолдану іс
жүргізу механизмдерінің араласып кетуіне алып келетіндіктен, осы тұрғыдан
қарастырудың өзектілігі күмән туғызбайды. Заң әдебиеттерінде ұстап беру
(экстрадиция) анықтамасын берген кезде жекелеген авторлар: «қылмыс
жасаған тұлғалар халықаралық трибуналға ұстап берілуі мүмкін» деген сөзді
қолданады. [3]
Халықаралық қылмыстық құқық пен ұстап беру мәселелеріне арналған
заң әдебиеттерінде, атап айтсақ ұстап беруді реттейтін халықаралық және
ұлттық заң актілерінде және сондай-ақ сот органдарының шешімдерінде
экстрадиция ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген. Ұстап берудің
анықтамасына қатысты туындайтын сұрақтар қандай да бір нақты күрделі
пікірталастар тудырмайды және экстрадиция ұғымының жекелеген
анықтамалары нақты жағдайларда қолданылатын қандай да бір белгілердің
жиынтығы бойынша ғана ерекшеленеді. «Экстрадиция» ұғымының өзіне
келетін болсақ, ол тұңғыш рет 1781 жылы Франция королі Луи XVI мен
Базель ханзадасы Бишоп арасындағы жасалған шартта қолданылып, кейіннен
екі жақты және көпжақты шарттарда және ұлттық заң актілерінде жиі
қолданыла бастады.
Экстрадиция ұғымына қатысты ғылыми қайнар көздердегі әртүрлі
анықтамаларды жинақтайтын болсақ (фр. Extradition – лат. ех (из, вне) +
traditio (беру) мазмұнын халықаралық шарт не заң актілері немесе екі
жақтылық қағидасы негізінде қылмыс жасаған әдетте аумағында жүрген
мемлекеттің азаматы болып табылмайтын тұлғаларды қылмыстық
жауапкершілікке немесе жазаға тарту үшін құзіретті құқықтық юрисдикция
еліне жеткізіп беру құрайтын көпжүйелі мемлекетаралық құқықтық институт
ретінде қарастыруға болады.
Көпетеген зерттеушілер сүйенетін жалпы қабылданған классикалық
анықтама АҚШ Жоғарғы сотының Terlinden v. Ames ісі бойынша
қабылданған шешімінде көрініс тапқан. Оған сәйкес экстрадиция өз
аумағынан тыс жерде жасаған қылмысы үшін сотталған немесе айыпталған
тұлғаны аумақтық юрисдикция шегі бойынша оны жазалауға және соттауға
өкілетті тараптың талап етуі бойынша бір ұлттың екінші ұлтқа беруі.
Америкалық құқық институты жасаған кең танылған құжат
«Restatement of Foreign Relations Law of the United States» экстрадицияны
айыпталушы не жасаған қылмысы үшін сотталған тұлға бір мемлекеттің заңы
бойынша екінші мемлекетпен тұтқындалып, сот талқылалуы немесе жазалау
үшін қайтарылу жүзеге асырылатын процесс ретінде қарастырады.
Экстрадицияға арналған теориялық зерттеулерде халықаралық құқық
нормаларына сәйкес бір мемлекеттің екінші мемлекетке қылмыстық
жауапкершілікке тарту немесе қылмыстық жазаға тарту мақсатында
қылыскерді беру процесі ретінде, халықаралық шарттар мен халықаралық
құқықтың жалпы танылған қағидаларына негізделген өз аумағында
орналасқан айыпталушыны немесе сотталған тұлғаны ол қылмыс жасаған не
азаматы болып табылатындықтан оны беруді талап етіп отырған мемлекетке
немесе қылмыс нәтижесінде зиян шеккен мемлекетке қылмыстық
жауапкершілікке тарту[4] немесе үкімді орындау үшін беруден тұратын
құқықтық көмек көрсету актісі ретінде анықталады. [5]
Экстрадиция құқұықтық, ал кейбір мемлекеттерде заңды жазадан
жалтарып жүрген тұлғалар (айыпталушы немесе сотталушы) аумағынан
қашып кеткен мемлекетке ұстап беру жүзеге асырылатын әкімшілік
процедура ретінде де қарастырылады. Бұл кезде ұстап беру мемлекеттер
арасындағы экстрадициялау туралы шарттармен реттелетін формальді
процедура ретінде қарастырылады.
Ұстап беру мемлекеттің өз аумағында жүрген тұлғаны қылмыстық
жауапкершілікке тарту үшін немесе үкімді орындау үшін басқа мемлекетке
беруі ретінде де қарастырылады. [6]
В.Н.Кудрявцев экстрадицияның құқықтық табиғатын зерттеушілердің
әрқалай түсінетіндігін көрсетеді. Кейбір мамандар құқық бұзушыларды ұстап
беру көбінесе экстрадициялау туралы шешімді сот емес үкімет немесе оның
қандай да бір органы қабылдайтындықтан әкімшілік процесс деп есептейді.
Тиісінше бұл құқықтық институтты әкімшілік немесе мемлекеттік құқыққа
жатқызуға болады. Сонымен қатар экстрадицияны қылмыс жасаған тұлғаны
басқа мемлекетке беру тәртібі белгіленген процессуалдық кепілдіктер
сақталған жағдайда ғана жүзеге асырылатындықтан қылмыстық іс-жүргізу
құқығының элементі ретінде қарастыруға болады. Экстрадицияны
қылмыстық құқықтың бөлігі ретінде де қарастыруға болады. [7]
Үнді зерттеушісі Гурдип Сингх экстрадиция шарттар немесе екі
жақтылық қағидасына негізделген және оларға сәйкес бір мемлекет екінші
мемлекетке оның өтініші бойынша қылмыс жасады деп айыпталған немесе
өтініш білдіріп отырған мемлекеттің заңына қайшы қылмыстық әрекеті үшін
жазаға тартуға үкім шығарылған тұлғаларды ұстап беретін процессті
қамтиды деп есептейді. Жалпы жағдайда бұл өтініш білдіріп отырған
мемлекеттің аумағында жасалған немесе оның жалауы ілініп тұрған кемеде
немесе әуе кемесінде жасалған құқық бұзушылықтарға қатысты.
Жалпы алғанда экстрадиция күрделі құқықтық рәсімді елестетеді. Бұл
негізінен оны қолдануда, 1957 жылғы экстрадиция туралы Еуропалық
конвенцияда немесе ұстап беру туралы ұлттық заңнама сияқты актілерде
ұстап беру туралы нормалардың әртүрлі құқық салаларының ережелерін
міндетті түрде ескере отырып қолданылуымен айқындалады. Ұстап беруді
конституциялық, қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу және өзге құқықтық
салаларының нормаларынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Экстрадицияны
және осыған қатысты мәселелерді құқықтық реттеу адам құқықтары
жаһандық мәселелерінің бір бөлігі ретінде бір немесе бірнеше құқықтық
актілермен қамту мүмкін емес және тұрақты байланыстағы халықаралық
және ұлттық құқықтың әртүрлі салаларындағы нормалары мен
қағидаларының ережелерінен шығуы керек. [8]
Экстрадицияның құқықтық негізіне жасалған талдау – оның
көпжүйелілігінің айқын дәлелі. Ең алдымен айта кетерлік жайт,
экстрадицияның негізгі қағидалары конституциялық құқықта қарастырылған.
Атап айтсақ, саяси көзқарасы үшін
қудалауда жүрген тұлғаларды
экстрадициялаудан бас тарту мен саяси қылмыстар санатына жататын кейбір
әрекеттерді ескермегенде (мысалы, терроризм) өз азаматтарын ұстап
бермеуді жатқызуға болады. Тұлғаның (өз азаматтары немесе шетелдіктер
болса да) құқықтық мәртебесін реттеуге қатысты аталған қағидаларды, ұстап
беруді нормативтік реттеуді ең жоғарғы деңгейде мемлекеттік реттеу кең
таралған әдіс. Конституциялық қағидаларға негізделген конституциялық
нормалармен салыстырғанда салалық құқықтық актілердің экстрадицияны
шектеу аясы айтарлықтай кең. Мысалы, Әзірбайжан Республикасының
Конституциясы Әзірбайжан азаматтарын шет мемлекетке ұстап беруге
тыйым салады (53 бап), сонымен қатар саяси көзқарасы үшін, не
Әзірбайжанның қылмыстық заңдарына сәйкес қылмыс болып табылмайтын
кез келген әрекеті үшін тұлғаны экстрадициялаудан бас тартады (70 баптың 2
тармағы). Өз азаматтарын ұстап бермеу туралы салынған Конституциялық
тыйым Қылмыстық кодексте (13.1 бап), Қылмыстық іс-жүргізу кодексінде
(496.5.1 бап), сонымен қатар «Қылмыс жасаған тұлғаларды ұстап беру
(экстрадициялау) туралы» Әзірбайжан Республикасының Заңында (3.1.1 бап)
көрініс тапқан.
Өз азаматтарын ұстап бермеу ережесі, саяси көзқарастары үшін
қудалауға ұшыраған азаматтарды экстрадициялаудан бас тарту Қазақстан
Республикасының Конституциясында да көрініс тапқан (11 баптың 1
тармағы). Сонымен бірге, конституциялық нормамен қарастырылған,
азаматтарды ұстап беруге тыйым салудың жалпы сипаттамасы қылмыстық
заңдарда нақты реттелген. ҚР ҚК 8 бабының 1 тармағында шетелдік
мемлекетте қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары ұстап
беруге жатпайтындығы туралы айтылған. Азаматтарды экстрадициялау
туралы мәселе, әдетте, қылмыстың Қазақстан Республикасының аумағынан
тыс жерде орын алуы кезінде туындауы мүмкін, бірақ бұл кезде де ұстап
беруге абсолютті тыйым салынады. Сонымен қатар ескеретін тағы да бір
жайт, конституциялық әдістерге сәйкес, ҚР ҚІЖК 532 бабының 1 бөліміне
сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын тұлғаны ұстап
беруге жол берілмейді. Осындай мысалдарды басқа да мемлекеттердің
заңнамаларынан кездестіпуге болады, атап айтсақ: Португалия, Түркия,
Финляндия, Украина.
Салыстырмалы талдаулар көрсетіп отырғандай, ұстап беру туралы
нормалар қылмыстық іс-жүргізу заңдарында жиі кездеседі. Бұл Ресей
Федерациясы, Италия, Франция және т. б. мемлекеттердің ҚІЖК тән.
Нақтырақ айтатын болсақ, РФ ҚІЖК экстрадиция мәселелері қылмыстық сот
ісін жүргізу саласында халықаралық ынтымақтастыққа арналған 5 бөлімде
қарастырылған.
Экстрадицияның көпжүйелілігі тек қана ұлттық құқықтың әртүрлі
салаларымен реттелетігінде емес, сонымен бірге халықаралық және ұлттық
құқықтың тигізетін өзара әсері мен қарым-қатынасының даму деңгейімен
анықталатын институттар қатарына жатқызылуымен де түсіндіріледі.
Қолданылған әдебиеттер:
Нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі, 1997 жылғы 16 шiлде
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі, 13 желтоқсан
1997 ж.
5. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы заңы, 2005
жылғы 30 мамыр
Заң әдебиеттері:
1. Swart B. Arrest and Surrender // The Rome Statute of the International Criminal
Court: A Commentary / Eds. A. Cassese, P. Gaeta, John R. W. D. Jones. Oxford,
2002. Vol. II. P. 1639-1704
2. Волженкина В.М. Выдача в Российском уголовном процессе. С. 183
3. Уголовный процесс / Под ред. В. П. Божьева. 3-е изд. М., 2002. С. 665.
4. Галенская Л. Н. Международная борьба с преступностью., 1972. С.122
5. Валеева Р. М. Выдача преступников в современном международном праве:
(Некоторые вопросы теории и практики) Казань, 1976. – С. 28-29.
6. Международное право / Под ред. Г. И. Тункина. М., 1994. С. 326;
Международное право / Отв. ред. Ю. М. Колосов, В. И. Кузнецов. М., 1999.
С. 483.
7. Международное уголовное право / И. П. Блищенко, И. И. Карпец и др. М.,
1995. С. 157
8. Сафаров Н.А. Экстрадиция в международном уголовном праве: проблемы
теории и практики. Москва 2005 С. 9
Резюме
Межгосударственное сотрудничество в борьбе с преступностью трудно
представить без института экстрадиции. Эта статья посвящена проблемам
терминологии которое необходимо для разграничения различных по своему
содержанию и смежных с экстрадицией процедур передачи лиц,
применяемых в практике с международной борьбе с преступностью.
Summary
It is difficult to present interstates cooperation against criminality without
institution of extradition. This article is devoted to the problems of terminology
which is necessary in distinction, different in content and close to extradition
transfer procedures applied in practice of international struggle against criminality.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа