close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Фармакология (грек. pharmacon — дәрі және logos — ілім) — адам
организміне әр түрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін
әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды
қарастыратын ғылым. Фармакологияда организмге дәрілік заттардың әсерін
жануарларға әр түрлі әдістермен (мысалы, физиол., биохим., гистол., т.б.)
жасалынған тәжірибелер негізінде анықтайдыФармакология дәрілік
заттардың денеге сіңуі, таралуы, органдар мен тіндерде жинақталуы, өзгеруі
(фармокол. кинетика), олардың әсер етуіндегі биохим. механизмдер
(фармокол. динамика), дәрілік препараттарды клиника жағдайында зерттеу
(клиник. Фармакология), дәрілік заттардың сау және ауру организмге әсерін,
биол. тасымалдануын, органдардан шығарылуын салыстырмалы түрде
зерттеу (клиник.-кинетик. Фармокология) бағыттарында дамып келеді.
Дәрілік заттар, олардың адам тәніне тигізетін ықпалы туралы деректерді
жинақтау, топтастыру, бір жүйеге келтіру өте ерте заманнан қолға алынған.
Фармациялық
препараттар-дәрілік
формада
болатын(таблеткалар,капсулалар,еріткіштер түрінде) синтетикалық немесе
табиғи
түрдегі
заттар
немесе
олардың
қоспасы.
Фармациялық препараттар профилактика,диагностика және де емдік
мақсатта қолданылады.
Медициналық практикада қолданбас бұрын фармациялық препараттар
клиникалық зерттеуден өтіп,оларға қолдануға рұқсат беріліуі тиіс.
Классификациясы:
Фармациялық
препараттар
бірқатар
белгілері
бойынша
классификацияланады:
-Химиялық құрылысы бойынша(мысалы,фурфурол,имидазол,пиримидин
қосылыстары мен туындылары);
-шығу тегі бойынша(табиғи,синтетикалық,минералды);
- фармакологиялық тобы бойынша(препараттың адам организміне тигізетін
әсері бойынша);
-нозологиялық классификация-ауру түріне байланысты классификация
-анатомо-терапевтикалы-химиялық
классификация-препараттың
фармакологиялық тобы, химиялық табиғаты мен аурудың нозологиясы
есепке алынатын халықаралық классификация;
Фармакологиялық препараттарды алуда пайдаланылатын шикізаттар:
-өсімдіктер(жапырақтар,шөптер,тұқымдар мен тамырлар) және осы аталған
заттардың өңделген өнімдері( эфирлі майлар мен шайырлар,шырындар);
-жануарлар шикізаты-жануарлар мүшесі,талшықтар,қой жүнінің майы және
басқалары;
-пайдалы-қазбалы органикалық шикізаттар-мұнай мен оны айдау арқылы
алынған өнімдері,тас көмірді айдау арқылы алынған өнімдер;
-бейорганикалық қазбалар-минералдар мен оларды химия саласы мен
металлургия саласында өңдеу арқылы алынған өнімдер;
-барлық мүмкін болатын органикалық қосылыстар-улкен масштабты химия
саласының өнімдері;
Фармациялық препараттардың қолданылуы бойынша жіктелуі:
Қолдануына байланысты фармациялық препараттар бірнеше топқа бөлінеді.
Мысалы,
-антибиотиктер,
-антисептикалық препараттар,
-қызу басатын,
-наркоздық препараттар, т.б. Бұл жіктелуді фармакологиялық жіктелуідеп
атайды.
Бұдан басқа фармациялық препараттар
-қолдану тәсіліне байланысты (ішке, сыртқа, тамырға құйылатын, бұлшық
етке салынатын т.б.),
-шығару қалыпына байланысты (ұнтақ, таблетка, пилюля, микстура, тұнба,
тұндырма, ерітінді, паста, крем, май тәрізді т.б.), т.б. жіктеледі.
Қазіргі кезде дәрілік формалардың классификациясының төрт түрін
қолданады: агрегаттық күйі бойынша, қолдану тәсіліне немесе дозалау
әдісіне байланысты, ағзаға енгізу тәсіліне байланысты, дисперсологиялық
Қатты дәрілік формалардың классификациясы:
 Таблеткалар
 Драже
 Гранулалар
 Ұнтақтар
 Жинақтар
 Спансулдар
 Дәрілік карандаштар
Жұмсақ дәрілік формалардың классификациясы:
 Жақпамайлар
 Пластыри
 Суппозиториялар
 Пилюли
Сұйық дәрілік формалар:
 Ерітінділер
 Суспензиялар
 Эмульсиялар
 Тұнбалар
 Линиметтер
 Дәрілік сироптар
 Экстракттар
Газтәрізді дәрілік формалар:
 Аэрозольдер
Қолдану тәсілі немес дозалау әдісі бойынша классификациясы:
 Дозаланған (ұнтақтар, ерітінділер)
 Дозаланбағандар (жақпамайлар, ванналарға арнлған ұнтақтар,
присыпкалар)
Ағзаға енгізу жолдары мен
формалардың классификациясы:
 Энтеральды
 Параентеральды
тәсілдеріне
Дисперсологиялық
(дисперсті
жүйелер
классификация:
 Бос дисперсті жүйелер
 Байланысқан дисперсті жүйелер
байланысты
құрылысы
дәрілік
негізінде)
Дәрілік формаларға қойылатын талаптар:
 Дәрілік
мақсатына
сәкес
келу,
биоқолжетімділігі,
сәйкес
фармакокинетика
 Дәрілік заттардың қосымша ингридиенттерде біркелкі таралуы немесе
дозалау дәлдігі
 Жарамдылық мерзімі ішінде тұрақтылық
 Микробты контаминация нормаларына сәйкестігі, қабылдау
ыңғайлығы, жарамсыз дәмді жою мүмкіндігі
 Нормативті құжаттарда немесе МФ көрсетілген арнайы талаптарға
сәйкес келу
Фармацияның негізгі міндеті – дәрілік заттардың терапевтикалық
эффективтілігіне әсер ететін процестерді, факторларды зерттеу.
Фармацевтикалық факторлар:
1) препараттың химиялық модификациясы (тұз, қышқыл, комплексті
қосылыстар, эфирлік байланыстардың бар болуы);
2) дәрілік заттың физика-химическиялық қабілеттері (кристалдық пішіні,
бөлшектердің мөлшері, беттік қабатта зарядтың бар немесе жоқ болуы);
3) қосымша заттар, олардың табиғаты, мөлшері;
4) дәрілік формалардың түрі және енгізу жолдары;
5) фармацевтикалық технология.
Дәрілік заттардың физикалық күйі:
 Ұсатылу дәрежесі немесе дисперстілік
 Дәрілік заттардың полиморфизмі
 Агрегаттық күйі, рН, ерігіштік, оптикалық активтілік
 Дәрілік заттардың беттік қасиеттері
 Тазалық дәрежесі
Қарапайым химиялық модификация дегеніміз бір зат дәрілік зат ретінде
әртүрлі химиялық қосылыстар түрінде (қышқыл, тұз, эфир, комплексті
қосылыс) қолданылу мүмкіндігі.
Қосымша заттар шығу тегіне байланысты табиғи, синтетикалық және
жартылай синтетикалық деп бөлінеді. Оларға крахмал, глюкоза, тазартылған
су, этил спирті, вазелин, тальк, бентониттер және т.б. жатады.
Препараттарды қолдану шарттары:
Дәрі-дәрмектерді дәрігердің рұқсатымен белгілі мөлшерде тамақтану
алдында немесе кейін пайдалану керек. Бір науқасқа белгіленген Дәрідәрмекті басқа адам пайдалануға болмайды. Дәрігерді рұқсатысыз
пайдаланған Дәрі-дәрмек адам организміне зиян келтіреді. Дәрі-дәрмекті
үйде сақтағанда, балалар ала алмайтын жерге қою қажет. Пайдалану мерзімі
өткен дәріні тастау керек.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа