close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Мектеп жасына дейінгі
балалардың өзіндік реттелуі:
Зерттеудің алғышарттары
Issue 1 Date:12/12/2011
Егер балалар өмір бойы оқитын болса,
мыналарды үйренулері керек:
өзін өзі ынталандыра алатын
оқушы болу;
оқуға деген оң көзқарасты
дамыту;
оқушы ретінде өздеріне деген
оң қарым-қатынасты дамыту.
Issue 1 Date:12/12/2011
Зерттеулер нәтижесінде алынған дәлелдер: баланың
дербес болып қалыптасуы немесе осы қасиеттерге ие
өзіндік реттелген оқушы болып қалыптасу деңгейі,
баланың оқушы ретінде қаншалықты табысты
болатындығын анықтайтын негізгі элемент болып
табылатындығын көрсетті.
Issue 1 Date:12/12/2011
Лев Выготский
1896 - 1934
Баланы оқыту - «сыртқы реттеуден» «өзіндік
реттелуге» ілгерілеу үрдісі
Issue 1 Date:12/12/2011
Выготский және өзіндік
реттелу
• Жуық арадағы даму аймағы;
• Әлеуметтік мәнмәтінде оқыту;
• Балалардың оқуын ересектердің
қолдауы;
• Бейтараптану үдерісі
• Сыртқы реттеуден өзіндік реттелуге
өту
Issue 1 Date:12/12/2011
Issue 1 Date:12/12/2011
Әлеуметтік мәнмәтінде оқыту
Выготский бойынша барлық оқытулар
әлеуметтік мәнмәтіннен басталады.
Issue 1 Date:12/12/2011
Балалардың оқуын ересектердің қолдауы
Бала тапсырманы неғұрлым өз бетінше орындауға қабілетті
бола
бастасымен
немесе
өзіне
реттеуші
рөлдің
жауапкершілігін ала бастасымен құзырлы тәлімгер қолдау
көрсетуді тоқтатады.
Issue 1 Date:12/12/2011
Бейтараптану үдерісі:
Сыртқы реттеуден өзіндік реттелуге өту
Бала тапсырманы
мұқият талқылауға
үйренеді, соңында
абстрактілі ойлау
мен іштей сөйлеуін
пайлана отырып,
өзін толық реттей
алады.
Issue 1 Date:12/12/2011
Флейвеллдің метатану үлгісі
• Джон Флейвелл атты американдық психолог
өткен ғасырдың жетпісінші жылдары оқу мен
ойлауды дамытудың маңызды аспектісі
ретінде метатануды анықтады.
• Балалардың өзін-өзі тануы және өзін-өзі оқыту
туралы білімін жетілдірумен
айналысатындығын көрсетті.
• Флейвелл кіші жастағы балалардың нені
білетіндігін немесе тапсырманы қалай
орындайтындықтарын саналы түрде
сезінбейтіндіктерін көрсетті.
Issue 1 Date:12/12/2011
Флейвелл, Бич және Кински,
1966
Issue 1 Date:12/12/2011
Истомина: ерте метатанудың дәлелі
Мектеп жасына дейінгі балалардан шай кеші үшін
азық-түлік сатып алу үшін импровизацияланған
дүкенге баруды сұрады.
Issue 1 Date:12/12/2011
Үш жастағы Валерик өзін бақылаудың немесе еске
сақтау
тәсілдерін
қолданудың
дағдыларын
байқатпайды. Ол дүкенге келген кезде тапсырманы
мүлдем ұмытып, өзінің дүкен қожайыны бола
алатын-алмайтындығына қызығушылық танытады.
Issue 1 Date:12/12/2011
Алайда, төрт жастағы Игорь тапсырманы шешу жолында өзіндік
реттелген және неғұрлым стратегиялық ойлаушы ретінде
қалыптасудың белгілерін көрсете бастайды. Ол эксперимент
жүргізушіге мұқият қарап алып, дүкенге қарай ентелеп, заттардың
атауын ұмытып қалмағанша тез айтуға ұмтылады.
Игорь балаларды қыдыруға алып шығуға әзірлейді.
«Игорь, сен алдымен дүкенге бара аласың ба?» - деп сұрайды
эксперимент жүргізуші.
Игорь қуыршақпен әуреленуін қояды. Ол эксперимент жүргізушінің
жүзіне маңыздылықпен қарай отырып, нұсқаулықты шыдаммен
мұқият тыңдайды: сосын кәрзеңкені алуды ұмытып, орнынан атып
тұрып, жүгіре жөнеледі.
«Маған кеспе, доп, май беріңіз, сонымен болды»,- дейді ол, кіру
талонын дүкен иесіне ұсынып.
«Және тезірек беріңіз, өйткені балалар аш», - деді ол.
Issue 1 Date:12/12/2011
Бес жастағы Алла дүкенге баруға жауапкершілікпен қарады. Ол өз білімін талдай
отырып, тауарлар тізімін еске сақтауға көмектесетін бірқатар тәсілдерді
қолданады.
Алочка түскі асты әзірлеуге қызу кіріседі және эксперимент жүргізушіге бірнеше
рет тұз керек екендігін ескертті.
Дүкенге баруға кезек келгенде, ол маңызды жүзбен:«З.М., мен не сатып алуым
керек? Тұз ба?»,-деп сұрады.
Эксперимент жүргізуші оған жалғыз тұз емес, тағы да қажетті 4 зат сатып алу
керектігін түсіндірді. Алочка мұқият тыңдап, басын изеді. Ол кәрзеңкені, кіру
талонын, ақшаны алып шығып кетті, бірақ аз уақыттан соң қайта оралды.
«З. M., мен тұз, сүт тағы не сатып алуым керек еді? - деп сұрады. – Мен ұмытып
қалдым».
Эксперимент жүргізуші заттардың атауын қайтадан атады. Бұл жолы Алочка әр
сөзді эксперимент жүргізушінің соңынан сыбырлап қайталап, сенімді түрде:
«Мен не ұмытқанымды есіме түсірдім»,-деді де, шығып кетті.
Дүкенде ол дүкен қожайынына салмақты жүзбен жақындап, 4 заттың атын
әрқайсынан кейін сәл кідіріс жасап, дұрыс айтып берді.
«Тағы да бір нәрсе керек еді, бірақ мен ұмытып тұрмын», - деді ол.
Issue 1 Date:12/12/2011
Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік
реттелуінің Бронсондық үлгісі
Марта Бронсон (2000) мектеп жасына дейінгі
балалардың өзіндік реттелуінің төмендегідей үлгісін
әзірледі:
•
•
•
•
танымдық: метатану
эмоциялық: эмоциялық зият
әлеуметтік: ақыл теориясы
ынталандырушылық: шеберлікке бағытталған
Issue 1 Date:12/12/2011
Эмоциялық зият
Балаларда өз эмоциялары мен басқалардың эмоциясын түсіну
ұғымы өседі.
Issue 1 Date:12/12/2011
Әлеуметтік: ақыл теориясы
Балалар басқалардың да өздері сияқты ақылға ие
екендіктері туралы түсінікті қалыптастырады.
Issue 1 Date:12/12/2011
Ынталандырушылық: шеберлікке бағыттау
Балалар өздерінде
басқарушылық сезім
мен өз қабілеттеріне
деген сенімділікті
дамытады. Олар
тәуекелге бел
байлайды, қателесе
отырып үйренеді,
қиындықтарды сүйеді.
Issue 1 Date:12/12/2011
3-5 жастағы балалар
“3-5 жаcтағы балалар” сұрақтар топтамасының
22 сұрағы төмендегі төрт саланы қамтиды:
• танымдық
• эмоциялық
• әлеуметтік
• ынталандырушылық өзін өзі реттеу
Issue 1 Date:12/12/2011
Қорытынды
Кембридждік өз бетінше оқу жобасында сипатталған
идеяларды қуаттайтын психологиялық теориялар мен
зерттеулер бойынша жасалған осы қысқа шолу
сіздердің мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда
не нәрсенің маңызды екендігі туралы жеке
пайымдауларыңызды дамытуға көмегі болар деп
сенеміз.
Issue 1 Date:12/12/2011
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа