close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

код для вставкиСкачать
Инсектицидтер
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден,
арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін
қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану
ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп
қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр.
Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте
көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін
және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан
пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Классификациясы:
Химиялық құрамы жағынан:
1.
Органикалық
2.
Бейорганикалық
Органикалық пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
1.
Хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст)
гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар
организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады.
Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты
органикалық қосылыстар түзеді.
2.
Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос,
диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б.
Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
3.
Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі
эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал
жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
4.
Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су
қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
5.
Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема
қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан
бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І
алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де
алынған.
Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік. Олар:
гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және азолдар (ІІІ), бензой
қышқылының (IV) туындылары және т.б. Тірі организмге түскен
пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне
және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты
болады.
Химиялық препараттар ретінде: инсектицидтер, фунгицидтер,
гербицидтер және т.б. деп ажыратуға болады.
Инсектицидтердің жанасқандағы әсері-зиянды насекомдарды жанасу
кезінде жояды.
Ішектік әсер-зиянды насекомдардың ішегіне түскенде әсер етеді.
Жүйелік әсер-өсімдіктердің өткізгіштік жүйесі арқылы таралып,
насекомдарды уландырады.
Фумиганттар-насекомдардың тыныс алу органдары арқылы енетін газ
тәрізді заттар.
Гербицидтер.
Жанасқандағы әсері-арамшөптерді, жанасу кезінде жояды.
Жүйелік әсері-өсімдіктердің таралу жүйесі арқылы таралып, әсерін
тигізеді.
Топырақтық әсері. Өсімдіктердің тамырларына және өсіп келе жатқан
тұқымына әсер етеді.
Таңдамалы әсері. Белгілі бір өсімдік түрін ғана зақымдайды.
Жаппай, тұтас әсері. Барлық өсімдік түрлерін жояды.
Фунгицидтер.
Жанасқандағы әсері. Патогенді саңырауқұлақтарға қарсы күресу үшін
қолданылады.
Жүйелік әсері. Патогенді саңырауқұлақтардың тамырлар жүйесі
арқылы жылжып, оларды жояды.
Қорғаушылық әсері. Өсімдіктерді жене жануарларды патогенді
саңырауқұлақтардан қорғайды.
Емдеу әсері. Патогендді саңырауқұлақтар әсер еткен зақымдануларды
емдеуші эффект беруге қабілетті.
Инсектицидтер (лат. insectum – жәндік және caedo – жою) – зиянды
жәндіктерді құртуға арналған химиялық заттар. Организмге ену жолына
байланысты. Инсектицидтер бірнеше топқа ажыратылады.

Жанасу
Инсектицидтері –
жәндіктердің
сыртқы
тері
қабаттарымен жанасуы арқылы енеді; олар шанышқылы-сорғыш ауыз
органдары бар жәндіктерді (биттер, қандалалар) жоюға арналған.

Ішек Инсектицидтері – Инсектицидтерімен өңделген өсімдіктерді
немесе уландырылған жемдерді жеуі арқылы жәндіктердің асқазан-ішек
жолына енеді; олар кеміретін жәндіктерді (шегірткелер, қоңыздардың
дернәсілдері мен ересектері, көбелектердің жұлдызқұрттары) жоюға
арналған.
Жүйелі инсектицидтер – өсімдікке топырақтың тамыры арқылы
немесе беткі жағынан өсімдіктің сөлі мен ұлпалары арқылы еніп, жүйкеталшық жүйесі бойына тарайды.

Фумигант немесе тыныс
Инсектицидтері –
жәндіктердің
организміне бу, газ күйінде деп алу органдары арқылы енеді.
Инсектицидтердің көпшілігі органикалық заттардан тұрады, оларды
синтетика жолмен алады. Солардың ішіндегі маңызы зор болып табылатын
хлорлы органик жәнефосфор органик. Инсектицидтер Қазір күшәла мен
фтор қосылыстары бар органикалық емес Инсектицидтер қолданылмайды.
Бірқатар хлорлы органик. Инсектицидтер (альдрин, дильдрин, т.б.) мен ДДТны (химиялық препарат) пайдалануға барлық дамыған елдерде тыйым
салынған. Ауыл шаруашылығына кеңінен ендіріліп жатқан синтетика
пиретроидтардың үлестік шығын мөлшері аз (1 га-ға 25-тен 200 га-ға дейін)
және қоршаған ортаға зиянды газдарды шығаруы төмен. Оларды әр түрлі
тәсілмен
қолданады
(бүрку, себу, тозаңдату, фумигация). Инсектицидтерді қолдану ауыл
шаруашылығы мен орман шаруашалығы өнімдерінің шығынын азайтады.
БИ-58 инсектициді.
Көпшілік ауыл шаруашылық дақылдарында зиянкестермен, кенелермен
күресуге арналған, қолданылу аясы кең, тиімділігі жоғары, жүйелі
инсектоакарицид. Препараттардың қолданылу мөлшерін азайту мақсатында
пиретроидпен бірге бактық қоспада қолдану кезінде өте үйлесімді. Сорғыш
жәндіктер препаратты шашу кезінде және оны ішкенде өледі. Аса жүйелі әсер
етуіне және әсер етуші заттың өсімдік ішінде біркелкі таралуына байланысты
өсімдіктің жаңадан өсіп келе жатқан мүшелерін 14-21 күн ішінде зиянкес
жәндіктерден қорғауға мүмкіндік береді.
Әсер етуші зат: диметоат, 400 г/л.
Препараттық формасы: концентратты эмульсия.
Қолданылу аясы: дәнді, көкөніс, жеміс және жидек дақылдарында,
мақтада, қышада, рапста және жүзімде кездесетін зиянкес жәндіктерді
жояды. Шіркейге, бітелерге, пьявица қоңызына, дәнді дақыл шыбынына,
зиянды тасбақашаға, таскенеге, бүргелерге, күйеге, щитовкаға, жемір
көбелектеріне, бүргешіркейге, жапырақ ширатқыш көбелекке, жалған
щитовкаға, шегірткелерге және басқаларына қарсы қолданылады.
Препа
Арамш
ратты
Өңдеу
Препар
өп, зиянды
қолдану
Дақыл
әдісі, уақыты,
аттың атауы
организм,
мөлшері
шектеулер
аурулар
(л/т,кг/т)

1,0-1,5
БИ58 Жаңа, 40%
к.э. (диметоат,
400 г/л)
1,0
Жазды
қ бидай
Қант
қызылшасы
0,5
0,8-1,0
1,5-2,5
0,5-1,0
Темекі
Мақта
Астық
тұқымдас
шыбындары,
бүргелері,
бітелері
Өрмекші
кене
Қызыл
ша бүргелері
Шіркей,
бітелер
Кенелер,
шіркейлер
Өсіп-өну
кезеңінде
шашу
Жоңышқ
Жоңышқ
а (тұқымдық
а қандаласы
алқаптар)
Кораген.
Көптеген жәндіктерге қарсы бірегей әсер ету механизміне ие және
тиімділігі жоғары, жаңа заман инсектициді. Араларға қауіптілігі төмен, бірақ
өсімдіктерге гүлдеп тұрған кезеңде шашпаған жөн. Гүлдеп тұрған уақытта
өңдеуді жүргізу қажет болған жағдайда, желдің жылдамдығы төмен болғанда
және тозаңдандырушылардың белсенділігі аз болғанда жүргізген абзал.
Әсер етуші зат: хлорантранилипрол, 200 г/л.
Препараттық формасы: сулы негіздегі концентратты суспензия.
Қолданылу аясы: мақта көбелегіне, карадринаға, калифорния
щитовкасына қарсы әсер етеді. Картопта кездесетін колорад қоңызына,
бақшада кездесетін жемір көбелегіне және жапырақ ширатқыш көбелекке,
көкөніс дақылдарында кездесетін барлық қабыршақ қанатты зиянкестерге
қарсы қолданылады.
Ара
Препар
Өңде
мшөп,
Препаратты атты қолдану
Дақы
у әдісі,
зиянды
ң атауы
мөлшері
л
уақыты,
организм,
(л/т,кг/т)
шектеулер
аурулар
Мақ
ӨсіпКораген,
к.с.(хлопрантранил
0,15-0,2
Мақта
та
өну
ипрол, 200 г/л)
көбелегі,
кезеңінде
карадрина
шашу
Өсіп0,04Колор
Картоп
өну кезеңінде
0,05
ад қоңызы
шашу
Петра.
Репелленттік қасиетке ие, жанаспалы және ішек арқылы әсер ететін,
жүйелі емес инсектицид. Зиянкес жәндіктердің көптеген түрлерін жояды. Тез
әсер етеді және ұзақ уақыт белсенділігін сақтайды. Дәнді дақылдарда,
құлмақта, сәндік өсімдіктерде, картопта, көкөніс дақылдарында, мақтада
және басқа да алқаптарда қолданылады. Сондай-ақ денсаулық сақтау
саласында да зиянкес жәндіктермен күресу үшін қолданылады.
Әсер етуші зат: лямбда-цигалотрин, 50 г/л.
Препараттық формасы: концентратты эмульсия.
Қолданылу аясы: бидай, мақта, картоп алқаптарында, алма
бақшаларында, ағаш көшеттерінде және жүзім алқаптарында кездесетін
өсімдік шіркейімен, колорад қоңызымен, марокко және азия шегірткесімен,
итальяндық пруспен, зиянды тасбақашамен, жемір көбелекпен, жапырақ
ширатқыш көбелекпен, кенелермен, америкалық ақ көбелекпен және басқа да
зиянкестермен күресуге арналған.
Препара
Өңдеу
тты
әдісі,
Препарат.
Арамшөп, зиянды
қолдану
Дақыл
уақыты,
атауы
организм, аурулар
мөлшері
шектеуле
(л/т,кг/т)
р
Астық қоңызы,
0,2
бітелер, бүргелер,
цикада
Жаздық
Зиянды
0,1
Петра, 5%
бидай
тасбақаша, сұр астық Өсіп-өну
5
к.э.(лямбдакөбелегі
кезеңінде
цигалотрин,
шашу
0,1
Гессен және
50 г/л)
5-0,2
швед шыбыны
Мақта көбелегі,
0,5
Мақта
карадрина, шіркейлер,
өрмекші кене
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия және химиялық технология факультеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Инсектицидтер
Дисциплина: Нәзік органикалық синтездің технологиясы
Тексерген: Халменова З.Б.
Орындаған: Миралиева Бибижан
ОЗХТ-303
Алматы, 2015 жыл
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа